Шағын және орта бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 17:38, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысты зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі -шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми енбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен бағыттары
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері
Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибені Қазақстанда қолдану
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНРУДІ ТАЛДАУ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
Ақмола облысы бойынша екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру
Шағын және орта бизнесті лизингтік несиелендірудің қазіргі жағдайын талдау
Шағын және орта бизнес субектілеріне салық салу саясаты және оны талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді тиімді дамыту жолдары және оның проблемалары
Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру және көрсетілген бағдарламалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ

Работа содержит 1 файл

шагин орта бизнес.doc

— 239.50 Кб (Скачать)

                        МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

4

1

 

 

1.1

 

1.2

 

1.3   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны  мен бағыттары

Қазақстан Республикасының  екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру  түрлері

Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибені Қазақстанда қолдану

 

 

 

 

8

 

9

 

 

11

2

 

 

2.1

 

2.2

 

2.3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ  МЫСАЛЫНДА)

Ақмола облысы бойынша екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру

Шағын және орта бизнесті лизингтік несиелендірудің  қазіргі жағдайын талдау

Шағын және орта бизнес субектілеріне салық салу саясаты және оны талдау

 

 

 

 

13

 

16

 

18

3

 

 

3.1

 

 

3.2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ  МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 

Қазақстан Республикасында  екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді тиімді дамыту жолдары және оның проблемалары

Қазақстанда шағын  және орта бизнесті несиелендіруді мемлекеттік  қолдауды жетілдіру және көрсетілген  бағдарламалары

 

 

 

 

 

20

 

 

21

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

       26

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

       29


 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбынын өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салапардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуынын бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканын нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі - ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердін аткаратын өзінін қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканыц ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.

Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің  артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен катар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қыска мерзімді, айналым капиталыньщ толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін типзеді. Банктер ездерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудын әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелеидіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік кабілетгіліктерін анықтауда қолдануы қажет.

Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несислеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын кұрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылыгын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.

Банк  саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бірі болып табылады. Бүгінгі күні шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестің жоғары деңгейде қызмет етуін ұйымдастыру үшін конструктивтік бизнес-идея, тиімді басқару (менеджмент) және каржының жеткілікті болуы шартты жағдай.

Осыған  байланысты кейбір кәсіпкерлерде өз бизнесін ұйымдастыруына кажетті қаражаттың жетіспеушілік мәселесі туындап отыр. Әлемдік тәжірибеде мұндай мәселелер әр түрлі жолдармен шешіледі. Сондықтан, ақшалай каражаттарға иелік ететін инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан іс ұйымдастырушы кәсіпкерлермен біріге отырып, олардың тауарларды өндіру мен қызмет көрсетулерін қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшін жоғары табыс алу

мүмкіндігі тұрса, ал мемлекет үшін жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтік мәнін арттырудьш мүмкіндігі туындайды.

Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы  банк жүйесінің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.

Такырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шағын жәнс орта бизнес субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереннен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен колданылды. Атап айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К. Кондратьев, А.В. Чаянов, Й. Шумпетер, П.С. Роуз, М.А. Гольцберг, Дж. Р. Брик, Э.Дж. Долан. Сонымен катар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі зерттеушілерінін еңбектері, оның ішінде Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И. Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ- Мамыров, Ғ.С. Сейітқасымов, М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов сиякты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.

Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің  әдістері мен тәсілдері бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты шағын және орта бизнесті несиелеу мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда терең негіздеуді талап етеді.

Зерттеудін мақсаты меи міндеттері. Зерттеудің мақсаты -Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау, несиелеу үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар несиелеу үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын карым-қатынастарды карастыру, сараптау және зерттеу болып табыладьь

Аталған мақсаттарга  жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:

  • шағын және орта бизнестің экономикалық дамудағы алатын рөлін көрсету және оның мазмұнын ашу;
  • бизнесті дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін каржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін неснелеудін тәжірибелік мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
  • шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің тәжірибелік мәліметтеріне сүйене отырып шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуге зерттеулер жүргізу;
  • бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.

Зерттеу пәні ретінде казіргі кезде коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді іске асыру барысындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы қарастырылады.

Зерттеу объектісі - Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеу.

Курстық жұмысты зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі -шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары,   ғылыми енбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  • шағын және орта бизнесті несиелеу сияқты экономикалық   терминдердің   ұғымдары зерттеліп және олар бойынша авторлық көзқарастар ұсынылды;
  • Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту факторлары құрастырылып, бір жүйеге келтірілді;
  • шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан каржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары ұсынылды;
  • республикадағы шағын және орта бизнесті дамытуды тежейтін және несиелеуге кедергі болып отырған негізгі факторлар және олармен күресудің 
    іс-шаралары анықталды;
  • коммерциялық банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілді.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар. Тақырыпты зерттеу барысында жаңа көзқарастар, ұсыныстар мен тұжырымдар жасалған, оның ішінде манызды дегендері төмендегілер:

  • «шағын   және   орта   бизнесті   несиелеу»   анықтамасы оның даму ерекшеліктері;
  • Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту мен оны несиелеудегі кедергі болып отырған негізгі факторлар;
  • мемлекеттің шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік және ивестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары;
  • екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жүргізу барысындағы алынған жұмыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер, сонымен бірге қаржы-несие саласында қызмет аткаратын қаржылық институттардың қызмет етуінде және экономикалық оқу орындарының, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.

Жұмыстың негізгі нәтижелерінің  қолданылуы. Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми- тәжірибелік конференцияларда баяндалып талқыланды. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: Ұлттық экономика жаһандану жағдайында. Экономикалық, саяси және әлеуметтік жаңару жағдайында Қазақстан қоғамының дамуын жеделдету: инновациялық серпіліс стратегиясы.

Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 10 кесте, 4 сурет келтірілген.

 

1 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА  БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен бағыттары.

 

Қазақстан Республикасының  қазіргі таңдағы даму барысындағы  өзекті мәселелердің бірі болып тұрақты  әлеуметтік-экономикалық даму арқылы халықтың тұрмыс деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету болып табылады. «Қазақстан – 2030» стратегиясы, 2015 жылға дейінгі индустриялдық-инновациялық даму стратегиясы мен Елбасының Қазақстан халына арналған Жолдауында кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне, оның ішінде ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда шағын және орта бизнеске жетекші орын беріліп отыр. Осыған байланысты еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – осы аталмыш саланы одан әрі жетілдіріп, өркендету [2].  

Шағын және орта бизнес - жеке және занды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының белгілі бір мақсаттарды - жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой-пікір сиякты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендігін көрсетеді. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы, оның индустриялық кезіне дейін калай аталғанына қарамастан, ерекше пікірлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбір азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға кұқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерінің кез-келгенінің қолынан келе бермейді. Сондықтан, кәсіпкерліктің шын, накты субъектісі - бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құдығы бар субъектілер жатады.

Кәсіпкерліктің  сонғы нәтижесі өндірілген өнім мен  көрсетілген қызмет және ең бастысы - әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне, осы себептен кәсіпкерлердің басты мақсаты - өз кәсіпорынының пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсіпкердің табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын іздейді, яғни, бұл кәсіпкерліктің ең басты мәселесі.

Бірқатар  авторлар шағын және орта бизнес монополияланғаң  экономика жағдайында маңызы ерекше бәсекелестік ортаны кұрайды деп  пайымдайды. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, шағын және орта бизнес өзінің табиғаты жағынан монополияға қарсы, ол оның қызметінің әртүрлі жақтарында көрінеді. Бір жағынан ол, монополияны қалыптастырушы элементтердін сирек және қозғалыс жылдамдығының жоғары деңгейде болатындығынан монополиялауға аз ұшырайды. Екінші жағынан. тар мамандану және жаңа техниканы пайдалану барысында шағын және орта бизнес ірі қорпорациялардың монополистік позицияларын бұзатын, қауіпті бәсекелес ретінде болады.

Шағын кәсіпкерліктің басқа артықшылықтарынан, автолар айналымдылықтың жоғары жылдамдығымен, құрылыс мерзімдерінің қысқартылуымен, негізгі  қорлардың жалпы  құнындағы белсенді бөлігінің жоғарлауымен, басқару персоналдарын ұстау шығындарының төмендігімен, ірі капиталды тарту қажеттігінің жоқтығымен қамтылған күрделі және ағымдағы шығындардың тиімді қолданылуынан көреді.

Сонымен, кәсіпкерліктің ұсынылған тұжырымының  және шағын және орта бизнестің қолдағы бар тұжырымдарын талдау негізінде, шағын және орта бизнес және шағын және орта бизнесті несиелеу терминдерінің келесі авторлық анықтамаларын көрсетуге болады:

Информация о работе Шағын және орта бизнес