Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың құрылуы және дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:08, реферат

Описание работы

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.

Содержание

Кіріспе
Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың құрылуы және дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

Работа содержит 1 файл

банк иси.doc

— 175.00 Кб (Скачать)

2-кезең. 1997-1998жж. 1997 жылдың қаңтары ман қыркүйек арасындағы кезең ішіндегі Қазақстандағы депозиттік рынокты талдай отырып, біз банктік жүйеде депозиттік проценттік ставкалардың осы мерзім де әлеуетті салымшылар үшін оң және жеткілікті түрде тартымды болғандығын көреміз. Сонымен бірге проценттік ставкалар қаржы рыногындағы басқа индикаторлар тәрізді өзгерістерге ұшырап, олар тұрақты төмендеп отырды.

1997 жыл депозиттік рыноктың нығайа түскен жыл болғанын атап көрсеткен жөн. Дәл 1997 жыл банктерге аздап болса да банк жүйесінің бұрынғы абыройын банктердің жоғары сенімділігіне (басқа қаржы органдарымен салыстырғанда) және басқа салым түрлеріне қарағанда проценттік ставкалардың бәсекелес бола алатындығының арқасында қалпына келтірді. Дәл 1997 жылы банктер арасында әлеуетті депозиторлар үшін бәсекелестік элементі байқалып, ол жарнаманы белсенді қолдануда және банктің мүмкіншілігіне байланысты депозиттер бойынша проценттік ставкаларды көтере бастауынан айқын көрініс тапты.

Нақты проценттік ставкаларды талдау коммерциялық банктердің жылдың көп бөлігінде едәуір дәрежеде қайта қаржыландыру ставкасының деңгейін бағытқа алғандығын көрсетсе, бірақ жыл соңына қарай біршама дербес проценттік ставкалар құра бастады. Бұл депозиттік және банкаралық рыноктарда ресурстар құнының әртүрлілігімен расталады. Депозиторлардың қаражаттарын банкаралық рынокқа қарағанда төмендеу проценттік ставкалармен тартып банктер біздің пікірімізше ролі тұрақты ұлғайып отыратын жеткілікті түрде сыйымды және аса қымбат емес ресурстар рыногын құрады. Жақын арада банктердің міндеттемелер портфелінде заңды және жеке тұлғалардың жинақ ақшалары  (есепайырысу және ағымдағы есепшоттарымен қоса) басымдылыққа ие болады.

Депозиттік рыноктың талдауы 1997 жылы қаржы рыногының бұл сегменті жоғары бәсекелестік жағдайларына өте жақын болғандығын көрсетеді, мүмкін сондықтан болу керек банктердің проценттік күресі ең сапалы, сенімді және диверсификацияланған банк атағы үшін бәсекеге көшті.  

Осы жылдың басқа жаңалығы депозиттер бойынша проценттік ставкалардың аймақтық диверсификациялануы болып табылды, бұл аймақтардың әртүрлі экономикалық жағдайларының көрініс табуы болатын. Жоғары көтеріліп жатқан аймақтардың келешекте табыс беретіні байқалып, әдетте ресурстарға жоғары ставкалар құрады.

Енді осы кезеңдегі отандық коммерциялық банктердің депозиттері бойынша ставкаларды егжей-тегжейлі қарастыруға болады. Бұл үшін ең мықты сегіз коммерциялық банктерді таңдап алйық: Халық банкі, Казкоммерцбанк, ТұранӘлем банкі, Центркредит банкі, Жилстрой банкі, «Каспийский» банкі, АТФ банкі және Темірбанк. Бұл банктер клиенттердің әртүрлі топтарын бағдарға алып және депозиттік рынокта әртүрлі саясаттары бар. Бірақ депозиттік рынокта барлығына жалпы бірдей үрдіс мыналар болып табылады:

• Қайта қаржыландыру ставкасының (ҚРҰБ деректері бойынша қайта қаржыландыру ставкасы жыл басынан 17 пунктке төмендеді және 1997 жылдың қарашасынан бастап 18,5% болды) артынша проценттік ставкалардың жалғасын тапқан төмендеуі;

• ірі банктердің жеке ұсақ салымшыларға қызығушылығының біршама төмендеуі. Банктердің депозиторларға назар аудармауы, атап айтқанда олар ұсынған қызмет тізімінің азаюынан байқалды. Сегіз бантің ішінен тек Халық банкі «қызметтік борышы бойынша» депозиттердің әртүрлі болуы туралы ойланып және сол кездің өзінде клиенттерге ақша салудың 16 түрін ұсынды;

• Проценттерді төлеу талаптарында елеусіз өзгерістер болды.

Шынтуайтқа келгенде ұсақ салымшылар үшін салым бойынша проценттерді ай сайын, тоқсан сайын немесе салым мерзімі аяқталғаннан соң алады ма ол жағы олар үшін маңызды емес. Дегенмен, егер осы кезге дейін барлық банктер проценттерді төлеудің нақты мерзімін көрсетіп келсе, қазіргі кезде олардың көпшілігі клиенттерге қолайлы қайта қаржыландыру талаптарын өз қалаулары бойынша таңдау құқығын ұсынады.

Сонымен қатар, сегіз банктің ішінде кем дегенде екі банк тек ірі салымшыларды бағдарға алғандығын атап өткен жөн. «Каспийский» банкінде ең төменгі салым сомасы – 70 мың теңге, АТФ банкінде – 100 мың теңге болды, бірақ бұл жағдай банктердің проценттік ставкаларының мөлшерінде ешқандай көрініс таппады.   

Банктердің экономикалық дамуының негіздері олардың жоғары дәрежедегі дербестігі және кредиттік саясатты жүргізудегі серпінділігі, оның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтерінде банктердің жеке қаражатын пайдаланғаны үшін проценттік ставкалар белгілеуі болып табылады. Осыны ескере отырып банктердің алдында олар шешуге қажетті екі мәселе тұр.

Олардың біріншісі – банктердің жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражатын жұмылдыруы.  Мұндай жұмылдырудың әсіресе банктер арасындағы әлеуетті депозиторлардың ақша қаражатын тарту үшін бәсекелестіктің бірденнен күшейе түсуі кезеңіндегі коммерциялық банктердің есепайырысу және жинақ операцияларымен байланысты құралдарын жасау.

Екінші міндет – коммерциялық банктердің келешекке дербес депозиттік саясатын әзірлеу және оның нәтижелерін алу тұрғысынан қызметтерін талдау. Бұл міндеттің сол уақыттағы маңыздылығы отандық коммерциялық банктердің келешекке дербес депозиттік саясатты әзірлеу және нәтижелеріне қол жеткізу тұрғысынан өз қызметтерін толығымен бағалай алмауына және қазақстандық банктердің депозиттік операцияларды жүргізу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты өсе түсті. Бұл міндеттерді егжей-тегжейлі қарастырайық. Сонымен, бірінші міндет - банктердің бос ақша қаражатын жұмылдыруы – отандық банктерде депозиттік саясатта жүзеге асырылады, себебі депозиттік операциялардың негізінде банктің кредиттік ресурстарының үлкен бөлігі құралады.

Банктердің депозиттік саясатын зерттеу қиындықтары біздің республикамызда тауарлар мен қызметтер рыногының, сондай-ақ ақша-кредит және қаржы рыноктарының жақсы дамымағандығымен ұлғая түсті. Отандық коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау депозиттік саясатты жүргізуде дәл математикалық есептеулерді қолдану қажетті екендігін көрсетті. Мысалы, теңге салымдарының орташа сақтау мерзімін және салымдарға түскен қаражаттың орнығу деңгейінің есептеу маңызды. Теңге салымының орташа мерзімі салымдар серпінділігінің тұрақтылығын көрсетеді, бұл салымдарды қысқа мерзімді кредиттеу ретінде бағалау үшін өте маңызды болады.

Отандық коммерциялық банктер 1 жылға дейінгі депозиттер ретінде тартатын қаражаттар белгілі экономикалық шеңберде тек қысқа мерзімдік несиелер беру үшін ғана пайдаланылмай, сонымен қатар оларды ұзақтау мерзімдерге беру үшін де пайдалануға болады. Қысқа мерзімді ресурстардың ұзақ мерзімдік және орта мерзімдік инвестицияларға бағыттау мүмкіндігінің шегін белгілеу үшін банкке қысқа мерзімдік ресурстардың ұзақ мерзімдіге ауысу коэффициентін есептеу қажет. Есептеу базасы ретінде банк мекемесінің баланстық және баланстан тыс есепшоттары бойынша айналым балансының немесе жылдық бухгалтерлік баланс деректерін алуға болады. 

Депозиттік саясаттың маңызды құралы банк тартылған ресурстар үшін салымшыларға төлейтін процент болып табылады. Депозиттік есепшоттар бойынша проценттерді төлеу – банктің операциялық шығыстарының негізгі бөлігі. Демек, банк аса жоғары проценттік ставка деңгейіне қызығушылық таныта қоймайды. Сонымен қатар ол оның клиенттер үшін тартымды болатын деңгейін ұстануға мәжбүр. Процент көлеміне депозиттің мерзімі және сомасы әсер етеді. Пассивтер неғұрлым сенімді болса, яғни олардың мерзімдері ұзақ болған сайын банк жоғары деңгейде кепілдік береді.

Коммерциялық банктер депозиттік саясат құралдарын жетілдіреді, ал бұл біздің тәжірибеміз үшін ақша қаражатын тарту механизмдерін жасауда көрініс табады. Банкке салынған қаражат және ол бойынша келісілген проценттер беретін белгілі иелену құқығы болып табылатын құжат депозиттік сертификат болып табылады. Сонымен қатар, егер депозиттік сертификат ұсынушыға берілсе ол рынокта басқа бағалы қағаздар тәрізді айналымға жіберіле алады.

Коммерциялық банктер қолданатын мұндай операциялар белгілі жағдайларда әлеуетті сатып алушылар үшін мынадай себептерге байланысты тартымды бола алады:

1. Депозиттік сертификаттар депозиттік саясаттың басқа құралдарына қарағанда биржа ойынының заты болып табылады және осыған байланысты сатып алушы рынок конъюнктурасының қолайлы өзгеруінің нәтижесінде қосымша табыс ала алады.

2. Үкімет кәсіпорындардың депозиттерін жұмсамау ниетін жүзеге асырған жағдайда рыноктағы бос жүрген сертификаттарды  сатып алу олардың иелеріне біршама еркін қимылдауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда сертификат айналым мен төлемнің бара-бар құралы болады.

Отандық коммерциялық банктер депозиттік саясаттың бұл құралдарын белсенді қолдана бастағанын атап айтуымыз қажет. Мүмкін, әзірше бұл құралдар жетілмеген де болар, бірақ ең бастысы – біздің коммерциялық банктер оларды қолдану және ары қарай жетілдіру қажеттігін түсінді.

Екінші міндет, жоғарыда аталғандай, коммерциялық банктердің дербес депозиттік саясатты әзірлеу және оның нәтижелеріне қол жеткізу тұрғысынан қызметтерін талдауға арналған. Банктердің депозиттік қызметін талдау оның табыстылығы тұрғысынан банк басшылығына тиісті депозиттік саясатты құруға мүмкіндік береді, осал тұстарын анықтап және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

ҚРҰБ деректері бойынша 1998 жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері теңгелік баламасында 20,7 млрд. теңге, валютада – 9,1 млрд. теңге, оның ішінде депозиттердің жалпы көлемі – 16,3 млрд. теңге болды.

1997-1998 жылдарда жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі 21300 млн. теңгеден 32135 млн. теңгеге ұлғайды және заңды тұлғалардың депозиттері 54566 млн. теңгеден 48599 млн. теңгеге дейін азайды. Бұл факт халықтың банктерге сенімін көрсетсе, кәсіпорындар мен ұйымдар жөнінде бұлай дей алмаймыз.

1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ұлттық валютадағы депозиттер мен салымдардың негізгі бөлігін талап етуге дейінгі депозиттер – 40,9 млрд. теңге немесе ұлттық валютадағы депозиттер сомасының 74,6%-ін құрайды. Осындай жағдай заңды тұлғалардың депозиттерінің құрылымында да - 56,1% қалыптасты. Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттері 17,1 млрд. теңге болды.

Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 1998 жылдың 1 қарашасында 77,0 млрд. теңгеге жетті, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері (банктерді қоспағанда) – 45,7 млрд. теңге және жеке тұлғалардың депозиттері – шамамен 2,0 млрд. доллар, ай ішінде 11,3%-ке ұлғайды (ағымдағы жылдың басынан бастап – 65,6%-ке).

Депозиттердің мерзімдері бойынша құрылымында елеулі өзгерістер болмады: мерзімдік депозиттердің үлес салмағы бұрынғы деңгейде қалды (4,9% шамасында). Халықтың банк жүйесіне сенімінің нығаюы халықтың банктердегі салымдарының жалпы көлемінің өсе түсуімен расталады. Халықтың депозиттері (резидент еместердің депозиттерін ескере отырып) қазан айында – 3,3%-ке, 2000 жылдың 10 айының ішінде – 47,9%-ке 81,3 млрд. теңгеге дейін (570,1 млн. доллар) өсті.

Қазан айында жеке тұлғалардың мерзімдік теңгелік депозиттері бойынша орташа алғандағы сыйақы ставкасы 15,5% (қыркүйекте – 16,2%), валютадағы депозиттер бойынша – 8,6% (қыркүйекте – 7,9%) болды. Сонымен қатар ұзақмерзімді депозиттер бойынша ставкалар біртіндеп өсе бастағанда, қысқа мерзімдік депозиттер бойынша ставкалар төмендеді. Бұл банктердің ұзақмерзімдік ресурстарды тартуы жөніндегі саясатымен түсіндіріледі.

  2001 жылғы депозиттік рыноктың жағдайы. 

2001 жылдың 9 қаңтарында депозиттік рынок елдің қаржы рыногының ең жоғары қарқынмен дамып келе жатқан сегменттерінің қатарында қалып отырды. Ұлттық валютаның тұрақтануы, банк жүйесінің дамуы, көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайының жақсаруы және азаматтардың табыстарының біртіндеп өсуі банк секторына депозиттер түріндегі капиталдың келуіне жағдай туғызды. Ағымдағы жылдың 11 айының ішінде резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттері 286,9 млрд. теңгеге дейін өсті, 68,4%-ке ұлғайды. Нақты сектордың негізгі кредиттеу көзі болып табылатын мерзімді депозиттер 2,3 есе ұлғайды және 153,3 млрд. теңге болды, талап етуге дейінгі депозиттер – 29,2%-ке өсіп 133,6 млрд. теңген болды. Нәтижесінде мерзімдік депозиттердің үлес салмағы 39,3%-тен 53,4%-ке дейін өсті.

Шетел валютасындағы депозиттер 86,8%-ке өсіп, 152 млрд. теңге немесе 1 млрд. доллардан астам болды, ал теңгелік депозиттер 51,5%-ке ұлғайып 134,9 млрд. теңге болды.

Жеке тұлғалардың салымдарын қорғау жүйесінің қызмет етуі жағдайында (үшінші тарауда қарастырылады) халықтың банк жүйесіне сенімі жоғарылады. Тек 11 айдың ішінде халықтың депозиттері (резидент еместердің депозиттерін ескере отырып) банк жүйесінде 55,3%-ке өсіп 85,4 млрд. теңге болды (валютадағы баламасы – 593 млн. доллар).

2.3. 3-кезең. 1999-2001 жж.

1999-2001 жылдардағы қарастырылған кезең банк жүйесінің тұрақтылығымен және салынған қаражаттың көлемінің ұлғаю үрдісімен сипатталады.

Маусым айында резиденттердің депозиттері едәуір өсті (14,9%-ке 222,2 млрд. теңгеге, бұл 1,5 млрд. доллардан астам).

Шетел валютасындағы депозиттердің өсу қарқыны теңгелік депозиттердің өсу қарқынынан едәуір алда болды, соның нәтижесінде валютадағы депозиттердің үлес салмағы 53,8%-тен 56,7%-ке дейін өсті.

           1999-2001 жылдардағы депозиттік рынок жағдайы. 

2 - диаграмма

*Мәлімет көзі: ҚРҰБ статистикалық  бюллетені

 

Депозиттердің өсуі негізінен банктердің ресурстық базаларының негізгі көзі болып табылатын мерзімдік депозиттердің ұлғаюы есебінен жүрді. Мерзімдік депозиттер есепшоттарындағы ақша көлемі 22%-ке ұлғайып 111,9 млрд теңге болды.

Халық салымдарының өсуі әлі де жалғасуда (резидент еместердің депозиттерін ескере отырып). Маусым айының соңында олар 70,1 млрд. теңге болды (492 млн. доллар шамасында), ай ішінде 5,5%-ке ұлғайды, бұл ағымдағы жылдың жоғарғы көрсеткіштерінің бірі болып табылды. Жылдың басынан бастап халық салымдары 27,6%-ке немесе 15,2 млрд. теңгеге өсті (94,1 млн. доллар).

Ағымдағы жылдың қазанында банктердің ресурстық базаларының едәуір нығайды, мұны кәсіпорындар мен халықтың банктердегі депозиттерге түскен ақшалары растайды. Қазан айының соңында резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 282,2 млрд теңге болды.

Информация о работе Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың құрылуы және дамуы