Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың құрылуы және дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:08, реферат

Описание работы

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.

Содержание

Кіріспе
Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың құрылуы және дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

Работа содержит 1 файл

банк иси.doc

— 175.00 Кб (Скачать)

*Мәлімет көзі:  ҚРҰБ статистикалық  бюллетені

Салымдардың үлкен бөлігі (38%) Халық банкі мекемелерінде орналастырылды. Бұл айғақ Халық банкі филиалдары желісінің кең ауқымды екендігімен түсіндіріледі. 1994 жылы шет аудандарда Халық банкі халықтың жинақ ақшасын банк жүйесіне жинақтаудағы бірден-бір банк болып табылғандығын атап өткен жөн. Тұранбанк 10,2%-пен екінші орынды иеленді. Бұл Тұранбанктің депозиттік рыноктағы жеткілікті түрде кең сегментіне ие болғандығын көрсетеді.

1995 жылғы банктік депозиттер.

1995 жылдың ішінде банктік жүйедегі депозиттік процент ставкалары әлеуетті салымшылар үшін оң және аса тартымды болды. Ол жөнінде 1995 жылдың 1 қаңтарындағы 7,7 млрд. теңгеден 1995 жылдың 1 қарашасындағы 18,15 млрд. теңгеге дейін депозиттердің ұлғаюы дәлел болады. Проценттік ставкалар қаржы рыногындағы басқа индикаторлар тәрізді өзгерістерге душар болды. Проценттік ставкалардың тұрақты төмендеуі жүріп отырды. Бұл жөнінде төменде келтірілген кесте дәлел болады.

 

 

 

 

 

 

2-кесте.

1995 жыл ішінде депозиттер бойынша проценттік ставкалардың өзгеруі

Банктер

1995 ж. 1-тоқсаны

1995 ж. 2-тоқсаны

1995 ж. 3-тоқсаны

1995 ж. 4-тоқсаны

талап ет. дейін

3 ай

6

12

талап ет. дейін

3 ай

6

12

талап ет. дейін

3 ай

6

12

талап ет. дейін

3 ай

6

12

Тұранбанк

0

50

70

10

0

0

00

20

0

5

5

0

0

5

5

0

Крамдсбанк

 

 

 

 

0

0

00

30

0

 

 

0

5

0

 

0

ККБ

 

 

 

 

5

00

15

45

 

 

 

 

5

5

7

3

Халық банкі

 

 

 

 

0

 

 

0

 

 

 

 

 

 

 

 

Казтрансбанк

 

 

 

 

0

00

20

50

 

 

 

 

5

 

5

 

* Мәлімет көзі: ҚРҰБ статистикалық  бюллетені

 

Мемстаткомның деректері бойынша 1995 жылғы инфляцияның жалпы деңгейі 160,4% болды. Республика бойынша орташа алғанда жыл бойына инфляция деңгейі алдыңғы айға процентпен алғанда мынадай болды:

 

Қаңтар

- 108,9

шілде

- 102,9

Ақпан

- 106,7

тамыз

- 102,1

Наурыз

- 105,1

қыркүйек

- 102,4

Сәуір

- 103,2

қазан

- 104,1

Мамыр

- 102,7

қараша

- 104,4

Маусым

- 102,3

желтоқсан

- 103,6

 

Келтірілген деректерден инфляцияның ең жоғарғы деңгейі 108,9% - қаңтарда және 106,7% - ақпанда, ең азы 102,1% - тамызда және 102,4% - қыркүйекте байқалды. Бұл депозиттік рыноктағы біршама тұрақтанудың болғанын байқатып және ұзақ мерзімде банк қызмтерін енгізуге жағдай туғызғанын көрсетеді. Банктерге салымшылардың қаражаттарын ұзақтау кезеңге тартуға мүмкіндік беретін көптеген банктердің қандай-да бір жинақтаушы, жинақтық  және басқа да осындай жобаларды ұсына бастауы қисынға келеді. Осы уақыт ішінде банктердің депозиттік портфельдерінде талап етуге дейінгі салымдар және қысқа мерзімді депозиттер елеулі үлесті құрады. Пассивтер мен активтердің құрылымын бірқалыпты инфляция деңгейінде сәйкестендіру қажеттілігі депозиттік рынокта банктерді белсенді позиция ұстануға мәжбүр етеді.

Инфляция деңгейіне орай 3 айлық салымдар бойынша проценттік ставка 1-тоқсанда 88,5%-тен, 2-тоқсанда – 33,7%-тен, 3-тоқсанда - 30%-тен, 4-тоқсанда - 50%-тен астам болуы тиіс еді.

Яғни бірінші, екінші және үшінші тоқсандарда банктердің депозиттік ставкалары инфляция барысын ескере отырып және инфляция деңгейінен едәуір асып түсіп оң үрдіс танытты.

1996 жылы инфляция деңгейі 26-28% шегінде болды. Салымдардың ең жоғарғы өсімі инфляцияның жылдық қарқынына тең болуы тиіс екенін ескере отырып депозиттер бойынша айлық проценттік ставканы есептеп шығуға болады (І):

128 = (1+I/100)^12*100, I = 2,2104:

3 айлық депозит бойынша жылдық ставка 27,1% шамасында болады және бағалардың деңгейінің өсуіне байланысты салымшылардың қаражаттарын құнын жоғалтудан қорғап қалады. Инфляциядан қорғаумен қатар банк өзінің депозиторлары үшін оның қаражатын пайдаланғанына сыйақы төлеуді қарастырады.

Банктің депозиттер бойынша проценттік ставкасы екі шамадан құралады: инфляция деңгейін жабатын процент және депозитордың қаражатын пайдаланғанына төленетін процент. Екінші шаманың мөлшері депозиттің мерзіміне және депозит мөлшеріне байланысты болады әрі жеңіл анықталады. Бірінші шаманың жағдайы басқаша: инфляция деңгейін жабатын процентті анықтау қиын, өйткені ол бірнеше факторларға қатысты. Дәл осы міндетті шешу банктерге нарықтық объективті проценттік ставкаларды жасауға мүмкіндік береді.

1995 жыл депозиттық рыноктың тұрақталуы және кеңейе түсуі болды деп сеніммен айтуға болады. Дәл осы жылы банктер аздап болса да банк жүйесінің бұрынғы абыройын банктердің жоғары сенімділігіне (басқа қаржы органдарымен салыстырғанда) және басқа салым түрлеріне қарағанда проценттік ставкалардың бәсекелес бола алатындығының арқасында қалпына келтірді. Банктер арасында әлеуетті депозиторлар үшін бәсекелестік элементі байқалып, ол жарнаманы белсенді қолдануда және банктің мүмкіншілігіне байланысты депозиттер бойынша проценттік ставкаларды көтере бастауда айқын көрініс тапты.

Нақты проценттік ставкаларды талдау коммерциялық банктердің жылдың көп бөлігінде едәуір дәрежеде қайта қаржыландыру ставкасының деңгейін бағытқа алғандығын көрсетсе, бірақ жыл соңына қарай біршама дербес проценттік ставкалар құра бастады. Бұл депозиттік және банкаралық рыноктарда ресурстар құнының әртүрлілігімен расталады. Депозиторлардың қаражаттарын банкаралық рыноктағыға қарағанда төмендеу проценттік ставкалармен тартып банктер біздің пікірімізше ролі тұрақты ұлғайып отыратын жеткілікті түрде сыйымды және аса қымбат емес ресурстар рыногын құрады. Жақын арада банктердің міндеттемелер портфелінде заңды және жеке тұлғалардың жинақ ақшалары  (есепайырысу және ағымдағы есепшоттарымен қоса) басымдылыққа ие болады.

Депозиттік рыноктың талдауы 1995 жылы қаржы рыногының бұл сегменті жоғары бәсекелестік жағдайларына өте жақын болғандығын көрсетеді, мүмкін сондықтан болу керек банктердің проценттік күресі ең сапалы, сенімді және диверсификацияланған банк атағы үшін бәсекеге ауысты.  

Осы жылдың басқа жаңалығы депозиттер бойынша проценттік ставкалардың аймақтық диверсификациялануы болып табылды, бұл аймақтардың әртүрлі экономикалық жағдайларының көрініс табуы болатын. Жоғары көтеріліп жатқан аймақтардың келешекте табыс беретіні байқалып, әдетте ресурстарға жоғары ставкалар құрады.

1996 жылғы депозиттік рыноктың жағдайы. 

Қайта қаржыландыру ставкаларының төмендеуі екінші деңгейдегі банктерде теңгедегі депозиттері бойынша проценттік ставкалардың төмендеуіне алып келді. Проценттік ставкалардың төмендеуі тоқсан ішінде бірқалыпты жүрді.

Бұл банктердің арасындағы бәсекелестіктің күшейгендігі жөніндегі болжамды толығымен растайтынын аңғартады. Банктер жоғары проценттік ставка деңгейіне төтеп бере отырып депозиттік рынокта әртүрлі салымшылардың назарын аудару үшін қызметтерін тұрақты диверсификациялап отырды. Бұл жөнінде «айырбас» депозитті енгізу айқын куә бола алады. Бірнеше банктер бір мезгілде жаңа жүз долларлық купюралардың пайда болуын депозиттерді тартудың ұлғайуымен байланыстыруға тырысып бақты.

3-кесте.

1996 жылдың басындағы депозиттер бойынша ставкалар

Банктердің атауы

Талап етілгенге дейінгі салымдар

Мерзімдік депозиттер

3 ай

6 ай

1995ж.  желтоқсан

 

 

 

Кредсоцбанк

25

 

 

Крамдсбанк

20

40

 

Игілікбанк

31

43

 

Халық банкі

 

 

 

Каздорбанк

20

45

 

ККБ

15

47

47

 

 

 

 

1996 ж. қаңтар

 

 

 

Крамдсбанк

15

45

47

Игілікбанк

37

45

30

Халық банкі

10

 

50

ККБ

20

45

 

Жилстройбанк

20

25

 

Агропромбанк

25

40

 

Темірбанк

50

 

 

 

 

 

 

1996 ж. ақпан

 

 

 

Халық банкі

6

 

 

ККБ

15

45

47

Игілікбанк

24

42

47

Әлембанк

25

 

 

            *Мәлімет көзі: ҚРҰБ статистикалық  бюллетені

1-тоқсанның соңында теңгедегі депозиттер бойынша табыс деңгейі  валютадағы депозиттердің табысымен (инфляцияны ескере отырып) бірдей болды. Бұл бірдей табыс кезінде салымшылар үшін қолайсыз айырбас бағамының өзгеру тәуекелінің жоқтығынан валютадағы депозиттер тартымды болатынына алып келуі мүмкін.

Банктер әлеуетті салымшылардың сұранымдарын көрсететін салымдардың жаңа түрлерін ұсынады.

Банктердің қызметінде депозиттік рынокта банк карточкаларын енгізу өте жақсы және келешегі бар бағыт болып табылады. Бірнеше ірі банктер рынокта өздерінің карточка технологияларын дамытумен белсенді түрде айналысуда. Тартымдылығын көтеру үшін банктер карточкалардың қалдықтары бойынша жоғары проценттік ставкалар қойып, транзакциялар бойынша жеңілдігі бар қызметті ұсынуда.

Депозиттік рынокта негізгі міндеті азаматтардың банк жүйесіне қаражаттарын салудың қауіпсіздігін арттыра түсу болып табылатын банктердегі азаматтар салымын бірлесе қорғау қорын құруға байланысты өзгерістер күтілуде болатын.

Банк үшін депозиттерді тарту кезінде экономикалық тұрғыдан қолайлы, яғни осы операцияны рентабельді ететін проценттік ставкаларды қою маңызды болып табылады.

1995 жылдың мамыр айынан бастап 20%-ке теңескен резервтеу нормасы жөнінде бірауыз сөз айтып өтейік. 1996 жылы мұндай инфляция деңгейінде (26-28%) 20%-ік резервтеу нормасы депозиттік рынокта (қайта қаржыландыру ставкасының деңгейінен төмен 25% сыйақыны ескере отырып) банктердің жұмыстарын едәуір дәрежеде қиындатар еді. Сондықтан Ұлттық банктің резервтеу нормасын 15%-ке дейін түсіру және сыйақыны 50%-ке дейін жоғарылату шешімін қабылдауы орынды болды.

Ресми органдардың деректері 1994 жылғы депозиттік рыноктың қалыптасуы туралы болжамдарды растайды. ҚР Мемстаткомның деректеріне сай тек 1994 жылы Қазақстан бойынша заңды және жеке тұлғалардың депозиттері 8,8 есе өсіп 1995 жылдың 1 қаңтарында 7,7 млрд. теңге, 1995 жылдың 1 қарашасына - 18,15 млрд. теңге, 1996 жылдың 1 қаңтарында – 21,2 млрд. теңге, 1996 жылдың 1 қыркүйегінде  - 35 млрд. теңге болды. Бұл деректер қазіргі уақытта депозиттік рыноктың басқа ресурстар көздерімен салыстырғанда жылдам өсіп бара жатқандығын және сыйымды екенін аңғартады. Депозиттік рыноктың сыйымдылығы және банктер үшін депозиттер бойынша қолайлы проценттердің келешегі мол екенін байқатады.

Осылайша, 1994 – 1996 ж. кезеңі Қазақстанның депозиттік рыногының құрылуының бастапқы сатысы және оның келешекте жоғары дамуының бастамасы болды деп айтуымызға болады. Осы уақытта банктердің уақытша бос ақша қаржыларын тарту саясатын жүргізуде алғашқы тәжірибелер пайда бола бастады.

Информация о работе Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың құрылуы және дамуы