Ұлттық банк

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 19:08, курсовая работа

Описание работы

1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12 –ші шақырылған 10 – шы сессиясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Нарықтық қатынастардың одан ары дамуының біріңғай несие саясатын соның ішінде банк заңдылығын жетілдіруді талап етті.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………...3

I ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
1.Орталық банк қызметінің ерекшеліктері ……………………………..5
2.Экономиканы ақша-несиелік реттеу…………………………………..6
3.Ақша- несие саясатының құралдары…………………………………..8


II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
1.Қазақстан Республикасының Ұлттық банк
қызметінің заңдылық негіздері ……………………………………..15
2.Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары………………....18
3.Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкінің қызметтері мен операциялары……………………………....21
4.Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты…………………....22


III КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ
БАНКІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
• Шетелдік орталық банктердің қызмет ету тәжірибесі……………….25

3.2 Ақша- несие саясатын жетілдіру жолдары…………………………....28

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………....31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………...33

ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

НацБанк.doc

— 279.50 Кб (Скачать)

    Ақша-несие  саясатының түрлері. Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

    1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты. Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

    2) экспанциялық ақша-несие саясаты. Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты – инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

    Ақша-несие  саясатының мақсаты  және құралдары.

    Ақша  саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:

    а) экономиканың өсуі;

    ә) толық жұмысбастылық;

    б) бағаны тұрақтандыру;

    в) төлем балансын тұрақтаңдыру.

      Аралық мақсат:

    а) ақша жиыны;

    ә) пайыз мөлшерлемесі;

    б) айырбас курсы.

    Құралдары:

    а)  несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

    ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

    б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;

    в) ашық нарықтағы операциялар.

    Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

    Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

    Аралық  мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

    Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

    • қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
    • ҚҰБ-те  (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
    • мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
    • банктерге және үкіметке несие беру;
    • валюталық нарықтағы басқыншылық;
    • кейбір   жағдайларда   несиелік   операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
    • ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі .
 

     Қорыта  келгенде, ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және   алдыңғы   қатардағы   шетел    валюталарына   катысты бағамын   қамтамасыз   ету  болып   табылады.   Оның   негізгі құралдары:  пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция.  
 
 
 
 

III КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 

     3.1 Шетелдік орталық банктердің қызмет ету тәжірибесі 

          Әрбір елдің, өзінің ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсаттарына байланысты төлем механизмі болады, яғни әрбір елдің есеп-айырысу  төлем механизмі  экономиканың  қажеттілігін қамтамасыз    етуі    қажет.     Сондықтан    да Қазақстанда есеп-айырысу төлем механизмін қалыптастыру барысында еліміздің ерекшеліктеріне сай келетіндей шетел тәжірибесін есепке алу керек.   Қандай   да   болмасын      елдің қалыптасқан дәстүріне, әдет-ғұрыпына, банктің қызмет ету ерекшеліктеріне қарай есеп айырысу қызметі ұйымдастырылады.  Мысалы,  АҚШ, Канада, Ұлыбритания  және  Франция  елдері дебеттік аудармының құралдары арқылы есеп айырысуды     жүзеге      асырса,      Германия, Нидерландия, Швеция, Бельгия, Жапония елдері есеп айырысу барысында кредиттік аударымның құралдарын   қолданады.   Сондықтанда   есеп айырысу операциясын жетілдіру және дамыту барысындағы маңызды аспект - есеп айырысу қызметі аясындағы шетел тәжірибесіне талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып өзімізге керегін қолдану.

    Ресейдің  ақшалай аударымдары  мен төлем жүйесі. Ресейдің Орталық Банкі есеп айрысу және төлем қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады, есеп айрысу қызметіне қатысты ережелерін бекітеді және өзге де жұмыстарды орындайды. Қолма - қолсыз есеп айрысудын құралдары Азаматтық Кодексте анықталған.

    Ресейдің  орталық банкінің мәліметтері бойынша  қолма-қолсыз есеп айырысу барысында  кеңінен қолданылатын есеп айрысу формасы-төлем  тапсырмасы болып табылады (барлық қолма-қолсыз төлемдердің - 95% құрайды). Төлем талап тапсырмасы және инкассалық өкім арқылы жасалатын төлемдер шамамен - 4% құрайды. Банктік карточкалар арқылы тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін төлемдер - 7 млн. асады. Чектік төлемдердің үлесі барлық төлем операцияларының 1-2 % -ын құрайды.

    Қолма-қолсыз ақшалай төлемдер мынадай шоттар бойынша жүзеге асырылады

    1)   Ресейдің  орталық  банкінде   ашылған біріңғай корреспондеттік  шот арқылы;

    1. Банктердің бір - бірінде ашқан тікелей корреспонденттік шот арқылы;
    2. Банктік   емес   несиелік   мекемелерде ашылған шот арқылы;
    3. Филиал   аралық   айналым   шоттары бойынша ішкі банктік   есеп айырысу жүйесі арқылы Жапониядағы есеп айырысу және төлем қитынастары. Қазіргі компьютерлік технологияға негізделген, дамыған төлем жүйесі бар. Халықтар арасында чек танымалы болғанына қарамастан, компаниялар кең қолданбайды. Қолма-қол ақшаға сұранысты қанағаттандыру үшін банк автоматтарын және кассаны қолданады. Тікелей дебеттеу және кредиттеу жүйесі кенінен қолданылады. Зайнетақыны, дивидендті, еңбек ақыны аудару үшін тікелей кредиттеу жүйесі қолданылады. Коммуналдық қызметтер және тағы да басқа қызметтер үшін төлемдер тікелей дебеттеу жүйесі арқылы орындалады. Төлем жүйесінде мемлекеттік сектордың және пошта қызметінің рөлі жоғары. Төлемдерді жасау саласында пошта қызметі банктік секторлармен бәсекелестікке түседі.

    Жапонияда есеп айырысуға қатысты бірнеше жүйе бар. Атап айтатын болсақ чек және вексель бойынша клирлингтік жүйе (ВССS) - жеке секторға жатады және бір ауданда орналасқан банктер үшін қағаз түріндегі дебеттік құрал бойынша төлем қаражаттар арқылы жүзеге асырылады. «Zengin» электрондық жүйесінің қатысушылары: ұлттық банктер және Жапония елінде тіркелген шетел банктері жатады. Бұл жүйе банкаралық есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қолданылады. Клирингтік есеп айырысу жүйесінің (FEYCS) қатысушылары: барлық банктер мен шетел банктері жатады. ҒЕYCS жүйесі арқылы халықаралық операциялар бойынша төлемдер жүргізіледі. Барлық төлемдер "ВОJ-NЕТ" (Жапония банкісінің қаржылық ақпараттар жүйесі) арқылы электрондық тәсілде жүргізіледі, бұл жүйе оn–linе режимінде орындалады. Осы жүйенің ерекшелігі қағаз түріндегі төлем құжаттарын өңдеуге кеткен шығындардың азаюын айтуға болады.

    АҚШ-тың  есеп айырысу қызметі. АҚШ-тың есеп айырысу төлем қатынастарының ерекшелігі, шаруашылық аралық есеп айырысу саласында және халықтар арасында қолма-қол ақша айналымы шектеулі. Банктік карточкалар және чек арқылы жасалатын төлемдердің үлесі, есеп айырысудың басқа құралдарына қарағанда жоғары болып келеді.

    АҚШ-тағы автоматтандырылған төлем жүйесі мынадай  түрлерге бөлінеді:

    1. Электрондық есеп  айырысудың ұсақ  төлемдер жүйесі;

    2.  Банкаралық ақшалай  аударымдар жүйесі;

    3.   Ішкі банкаралық  компьютерлік төлемдер  жүйесі.

      Банк клиентеріне қызмет көрсетумен байланысты электрондық есеп айырысудың ұсақ төлемдер жүйесі осындай түрлерге бөлінеді:

    1.  Автоматтандырыдған есеп айырысу  палатасы;

    2.   Банктік автоматтар;

    3.   Сауда орындарындағы терминалдар;

    4.   Телефон байланысы арқылы шотты төлеу.

    Ұлыбританияда  автоматтандырылған   есеп айырысу жүйесі екі бағытта қолдаланады:

    1. Банктік  автоматтандырылған  клирингтік қызмет  көрсету (ВАСS – Ваnker,s Аutоmated Рауment Sегvісеs). Автоматты төлемдер жүйесінің клирингтік үйлері (СНАРS - С1еагіng Ноusе Automated Payment Sustem).

    Банктік автоматтандырылған клирингтік қызмет көрсету ұйымдары барлық құралдар бойынша  дебеттік және кредиттік аударымдар жүзеге асырылады, бұл ұйымның көмегімен  чектер және басқа да бағалы қағаздарды өндеу жұмыстары жүргізіледі.

    Автоматты төлем жүйесінің клирингтік үйлері арқылы беедел түрдегі ірі төлемдер жүзеге асырылады.

    Қаражаттарды  өзара есепке алу және автоматтандырылған есеп айырысу қызметі дамыған  елдерде кеңінен тараған.

    2.  Банктік  автоматтар  арқылы  мынадай  операциялар орындалады:

    • қолма-қол ақшаны алу;
    • клиент өзінің шотының жағдайы туралы көшірмені кез келген уақытта алу мүмкіндігі;
    • белгіленген лимит шеңберінде ссуданы алу;
    • бір шоттан екінші бір шотқа қаражатты аудару;
    • шетел валютасын жергілікті валютаға айналдыру.

    Еуропа елдерінде, яғни Австрия, Бельгия, Венгрия, Голландия, Италия, Германия, Франция және Швейцарияда "жиро" арқылы есеп айырысу қызметі кеңінен қолданылады. Төлеушінің шотынан алушының шотына қаражатты аудару туралы тапсырмасы (жазбаша өкім, жиро бұйрық) негізінде ақшалай қаражатты тұрақты түрде аудару арқылы жүргізілетін қолма-қолсыз төлемдердің түрлерін "жиро" арқылы есеп айырысу дейміз. Дебеттік аударымдарды коммуникация саласында қызмет көрсететін ірі кәсіпорындар жүргізеді. «Жиро» арқылы есеп айырысу қызметі сипаты жағынан Канада, АҚШ-та, Ұлыбританияда есеп айырысудың чектік формасымен ұқсас болып келеді. Дегенмен де өзара айырмашылықтары болады, яғни құжат айналымның тәртібі, қызмет ету саласы төлем құралдары және шотты пайдалануы жағынан. "Жиро" айналымына қызмет ететін шот- "жиро" айналымына қызмет ететін шот - "жиро" шот. "Жиро" грек тілінен аударғанда (шеңбер), (айналым) деген мағынаны білдіреді. Ал чектік айналымға қызмет ететін шот ағымдық және чектік шот болып табылады. Кредиттік аударымның жүзеге асыру құралы болып "жиро" арқылы есеп айырысу табылады, ал дебеттік аударымның құралы-чек арқылы есеп айырысу.

    Франция. Францияда ірі төлемдерді жүзеге асыру үшін (САЖИТТЕР) жүйесін (Sagittaire - халықаралық есеп айырысу барысында сомаларды есепке алу негізінде мәліметтерді табыстау желісі арқылы операцияларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі) қолданады. Бұл жүйе клирингтік қағида бойынша жұмыс жасайды және Франция банкі арқылы басқарылып отырады.САЖИТТЕР жүйесінің қатысушылары. Франция территориясында орналасқан несиелік мекемелер және (SWIFT) жүйесіне мүше банктер мен ұйымдар. Мынадай мақсаттарды төлем қызметінің құнын төмендетуді, электрондық тәсілдегі төлем құжаттарын толық аударуды, банкаралық операцияларды өңдеуді, азайтуды және төлем жүйесін жетілдіруді негізге ала отырып, Франция банкісінің инициативасы бойынша банкаралық қашықтан есеп айырысудың жүйесі (SІТ) әзірленіп, енгізілген болатын. Өтімділік тәуекелін азайту үшін төлемдер клирингтік база арқылы емес таза позиция негізінде жүргізіледі .

    Қазақстанда есеп айырысу және төлем қатынастары дамыған, бірақ жетілген, жете дамыған деп айтуға болмайды. Дамыған елдердің төлем механизмінің артықшылықтарын негізге алған есеп айырысу төлем қатынасының елімізде өсу потенциалы байқалады. Жоғары қарастырылған елдердің, яғни АҚШ-тың, Жапонияның және Еуропа елдерінің есеп айырысу төлем қатынастарының біршама дамығанын, жетілгенін айтуға болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Информация о работе Ұлттық банк