ҚР-ның салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:45, реферат

Описание работы

Жалпы алғашқы салықтардың пайда болуының күнiн анықтау мүмкiн емес. Салықтардың прототипi адамзат қоғамымен басқарудың ең алғашқы формаларымен бiрге пайда болған.
Алғашқы қауымдастықтың өзiнде, қоршаған ортаның қатаң шарттарына амалсыз бейiмделуге, сыртқы жаудан қорғау үшiн, сонымен қатар ашаршылық жағдайна азық- тұлiк қоғамдық запастарын сақтау үшiн, бiрнеше адамдардың қолдауын тұсiнген.

Содержание

КІРІСПЕ
Салықтардың пайда болуы


НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
Салық жүйесінің басты қағидаттары

Салық- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Работа содержит 1 файл

ҚР-ң салық жүйесі.doc

— 70.50 Кб (Скачать)


 

 

 

 

                            Ж О С П А Р

 

 

КІРІСПЕ 

                                          Салықтардың пайда болуы

 

 

НЕГІЗІГІ БӨЛІМ

                                          Салық жүйесінің басты қағидаттары

 

Салық- ұлттық табысты қайта бөлудің басты                  қаржылық құралы

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

                                          Қазақстан Республикасының салық жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы алғашқы салықтардың пайда болуының күнiн анықтау мүмкiн емес. Салықтардың прототипi адамзат қоғамымен басқарудың ең алғашқы формаларымен бiрге пайда болған.

Алғашқы қауымдастықтың өзiнде, қоршаған ортаның қатаң шарттарына амалсыз бейiмделуге, сыртқы жаудан қорғау үшiн, сонымен қатар ашаршылық жағдайна азық- тұлiк қоғамдық запастарын сақтау үшiн, бiрнеше адамдардың қолдауын тұсiнген.

Осыдан келiп, мынаны айтуға болады, салықтардың алғашқы пайда болуына қоғамның осы немесе басқа да қызығушылықтардың қанағаттандырылуының ұжымдық тұтынуы болды. Байлар өздерiн адал әрi байыту үшiн кедейлерден салықтарды ұстайтынын ұмытпау керек. Бұл тұрде салықтар ұзақ уақыт бойы әрекет еттi және де қоғам бұны объективтi қажеттiлiк ретiнде тұсiндi.

Тек XV ғасырдан бастап қана, ғалымдар ақшалай қатынастар жүйесiн, сонымен қатар мемлекеттiң экономикалық негiзi мен экономикалық функцияларын зерттей бастағаннан кейiн, салықтардың қайта маңыздылығының алғашқы әрекеттерi пайда болды.

Салықтардың даму тарихын мыңжылдықтармен өлшеуге болады. Салықтардың ең алғаш пайда болуы -мемлекет пен қоғамның әр түрін кластарға бөлiнуiмен бiрге пайда болды. Салық салудың қалыпты теориялық негiздерiнiң пайда болу тарихы көне ғылым түріне жатпайды. XVII ғасырға дейiн салықтар жайлы барлық көзқарастар кездейсоқ сипатта болды, яғни ғылымдардың, ешқандай салаларында ешкiм өзiнше ғылым ретiнде мойындамады.

Қаржы дағдарысының ел экономикасының әсерiн кемiтуiне қол жеткiзетiн қимыл, жинақталып қалған мәселелердi шешудi қамтамасыз ету үшiн кешендi шаралар қажет. Салық салу осы мәселенi ретке келтiру үшiн мемлекеттiң қолданатын аспаптарының бiрi

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

              Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

              Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып саналады. Мемлекет қанша ғасыр өмір сүрсе, салықтар соншама ғасыр өмір сүреді және мемлекет соншама оңтайлы салық салудың қағидаттары мен әдістерін, яғни салық төлеушілер салық төлеу үщін, ал қазына көптен-көп кіріс алу үшін салық жинауды қалай қалай ұйымдастыру керектігін іздестіреді.

              Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекетттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, жетілдірілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуына бейімделді. Салықтар тауар-ақшалай қатынастардың ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Бұл К. Маркске сол кездегі капиталистік қоғам салықтарының мәнін былайша білдіруге негіздеме берді: «Салық- бұл меншікпен, отбасымен, тәртіппен және дінмен қатар бесінші құдай»; одан ары: «Салықтарда мемлекеттің экономикалық тұрғыдан айтылған өмір сүруі жүзеге асады». Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

              Салықтар мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу- әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған.

              Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар бөлу жүйесінде пайда болатын жаңылыстарды «өшіруді» және экономикалық субъектілер қызметін ынталандыруды немесе тежеуді талап етеді.

              Салықтарда ежелден салық-жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:

1.      пайда (алынған игіліктер) қағидаты

2.      «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты

Бірінші жағдайда салық субъектілері салықтарды мемлекеттен алатын пайдалаларға үйлесімді түрде төлеуі тиіс, яғни кімде-кім  едәуір пайда алған болса, осы пайданы жасауды қаржыландыруға қажетті салықтар төлеуі тиіс деп топшыланады. Мысалы, кім жақсы жолдарды пайдаланғысы келсе, ол бұл жолдарды қолдап, ұстауға жұмсалынған шығындарды төлеуі тиіс.

Сонымен бірге бұл тұжырымдаманы жалпылама қолдану белгілі бір қиыншылықтармен байланысты: мемлекеттің ұлттық қорғанысқа, ақысыз денсаулыққа, білім беруге және т.б. жұмсаған шығындарынан әрбір салық төлеуші іс жүзінде қандай жеке пайда немесе қандай мөлшерде алатынын дәл анықтау мүмкін емес. Оның үстіне бұл тұжырымдамаға ілессек, онда тұрмысы төмендерге, жұмыссыздарға олардың жәрдемақыларын төлеуді қаржыландыру үшін салық салу қажет болар еді, бұлай етудің мағынасы болмайды.

Екінші қағидатқа сәйкес «қайыр көрсету» субъектілер үшін қолайлы болатындай етіп оларға салық салынуы тиіс, яғни салық ауыртпалығы нақты табыс пен әл-ауқатқа байланысты болуы тиіс. Бұл қағидат мынаны білдіреді: жоғары табыстары бар жекелеген адамдар, кәсіпкерлер және кәсіпорындар табыстары аздарға қарағанда абсолюттік, сондай-ақ салыстырмалы тұлғалауда неғұрлым жоғары салықтар төлейді. Сөйтіп, салықтарға ұшырататын табыстар алу кезіндегі нұқсанды теңгеру үшін алынатын табыстардың мөлшеріне сәйкес салықтардың бөліну мүмкіндігі қарастырылады, яғни бұл тұжырымдамаға сәйкес заңи және жеке тұлғалар алынған табыстың тура мөлшеріне қарай салықтар төлеулері тиіс. Сән-салтанат заттарына жұмсалатын қажетті шығыстардан төленетін салық пен ең қажетті заттарға жұмсалатын болжамды шығыстардан ұсталатын салықтың арасында айырмашылық болатындықтан, әрине, бұл тұжырымдама үлкен ұтымдылығымен және әділділігімен ерекшеленеді.

Алайда бұл тұжырымдаманы да енгізгенде іс жүзінде ең алдымен тұлғаның салықтарды төлеу мүмкінідгін өлшеуге қатаң ғылыми тәсілдеменің жоқтығына байланысты белгілі бір проблемалар пайда болады. Тек орташа тұтынушы ғана әрқашан ұтымды іс-әрекет ететіндігі анық, яғни бірінші кезекте өзінің табыстарын ең қажетті тауарлар мен қызметтерге, тек сонан кейін онша маңызды емес игіліктерге жұмсайды.

Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.

Шотланд экономисі және философы А.Смит кез келген экономикалық жүйеге  қажет салық салудың төрт негіз қалаушы (классикалық болған) қағидаттарын тұжырымдаған еді, олар мыналар: 1) салық салу төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты); 2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты); 3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты); 4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).

Бұдан басқа салықты төлеудің тәсілі салық төлеушінің ұғуы үшін түсінікті болуы тиіс, ал салық объектінің қос салық салудан қорғанышы болуы тиіс.

Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл үрдіске регламенттеуді енгізді және А. Смитке «...салықтар оларды төлейтіндерге құлшылықтың нысаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары нақтыланды, толықтырылды.

Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды.

1. салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады: а) «деңгейлес теңдікке» жету салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салуды талап етеді. ә) «сатылас теңдікті» сақтау жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.

2. қарапайымдылық қағидаты. Салықтық механизм салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.

3. салықтардың анықтылығы- алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.

4. жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды. Белгілі бір өнімдерді, қызметтерді, тіршілікті немесе әлеуметтік топтарды салықтан беталды босатудан қашқақтау керек. Әлеуметтік саясатты, денсаулық пен мәдениетті дамытуды қаржыландыруға қажетті қаражаттарды салықтардың мөлшерлемелерімен айла-шарғы жасау жолымен алуға болмайды.Салық төлеушілердің жекелеген топтары тарапынан қысымға саяси билік берілмеуі тиіс. Бұл қағидат сондай-ақ рыноктық экономика тұрғысынан да маңызды. Нағыз бағаларсыз рынок болмайды. Беталды салық жеңілдіктері бағалар жүйесінде көрінеді және әрбір өнімнің нақтылы бағасы туралы анық түсінік бермейді.

5. салық салудың экономикалық қолайлылығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс. Жұмысты көп істейтіндерге прогрессивті салық салуға болмайды. Өнімділікке, өндіріске және күрделі жұмсалымдарға салықтардың нәтижесі қалай болатынын есепке алған жөн. Егер нәтиже бұл жағдайлардың біреуінде теріс болған жағдайда мұндай салықты қолданбаған дұрыс.

6. экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалылығы.

Қазақстанның салық заңнамасында сонымен қатар салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялығы қағидаттарына негізделеді.

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетке алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды.

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 14-інде Қазақстан Республикасы Презмдентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сында №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Салықтардың, олардың төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша былайша жіктеледі:

Салық салу объектілері бойынша;

Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;

Пайдалану тәртібі бойынша;

Объектінің экономикалық белгісі бойынша.

Салықты алатыын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.

Информация о работе ҚР-ның салық жүйесі