Өзенмұнайгаз қаржылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:16, дипломная работа

Описание работы

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қызметінің қаржылық нәтижелерінің қалыптасуының есебі мен талдауын, пайданы бөлуді есептеу және оқып зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттер қойылады:
ұйымның қаржылық нәтижелер есебінің мәні мен маңызын ашу;
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ мысалында қаржылық нәтижелерінің бақылауын ұйымдастыру;
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы мен есеп жұмысының ұйымдастырылуын оқып зерттеу;
ұйымның жылдық есебін қаржылық талдау;
қаржылық нәтижелерге басқарушылық талдау;
пайданы бөлудің тәртібін зерттеу;
қаржылық нәтижелер есебін ХҚЕС-на көшуге байланысты жетілдіру;
шешімдер қабылдап, ұсыныстар енгізу.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………...................3

І Қаржылық нәтижелер қалыптасуы есебінің экономикалық мәні
мен есебі
1.1. Қаржылық нәтижелердің мәні, қалыптасуының тәртібі мен құрылымы...........................................................................................................5
1.2. Ұйымның қаржылық нәтижелері элементтерінің есебі........................10
1.3. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық-экономикалық сипаттамасы және кәсіпорынның есеп саясаты..............................................................................21
1.4. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржы есеп жұмысын ұйымдастыру..................28

ІІ «ӨзенМұнайГаз» ӨФ қаржылық нәтижелерін талдау және аудиті
Ұйымның жылдық есебін қаржылық талдау..........................................38
Қаржылық қорытынды элементтерін аудиттеу......................................48
Пайданы бөлу және қолданылу тәртібі...................................................57


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

dip_2003.doc

— 608.50 Кб (Скачать)

 

      Алғашқы құжаттарды және есеп кестелерін тексеру.

Аудит барысында бухгалтерлік есеп кестесін тексеру жұмысының  алатын орны ерекше. Себебі, есеп көрсеткіштері  сол есеп кестелері арқылы жүйеге келтіреді. Есеп кестелерінің түрі, мазмұны есеп түрлеріне сәйкес әр түрлі болады. Шаруашылық  субъектілеріндегі есеп нысандары әр түрлі. Қазіргі кезде компьютерлік есеп жүргізу көп қолданылғанмен, алғашқы есеп құжаттарын жүйеге келтіру үшін есеп кестелері, кітап, ведомосттар қолданылып отыр. Ондағы мақсат сол есеп кестелері арқылы бухгалтерлік есеп мәліметтерін бір жүйеге келтіру, олардың мазмұны  – мағыналарын есеп жүргізу талабына сәйкес келтіру, заң талабына сәйкес есеп мәліметтерін топтау. Сондай жүйеге келтірілген есеп кестелері есептілік, оперативтік талдау жасауға, әр жүйедегі мәлімет көрсеткіштерінің арасындағы байланысты анықтауға тиімді құралы болады. Аудит барысында тиімді есеп кестелері үлкен қызмет көрсетеді. Дұрыс жүргізілген есеп кестелері арқылы аудиттік тексеру жүргізіп қорытынды жасауға болады. Аудит барысында алғашқы есеп құжаттарымен жұмыс істеу өте күрделі. Себебі, есеп құжаттары барлық мәлімет көзі, қандай мәлімет болса да ол тек бухгалтерлік құжат арқылы ғана дәлелденеді. Сол  бухгалтерлік құжаттардың өзінде түрлі қателер немесе қылмыстық мақсатпен жөндеулер, заңсыз жөндеу немесе санды түзету,қол қоюдың жасамдылығы, арифметикалық қате жіберілуі тағы сол сияқты көптеген кездейсоқ жағдайлар кездесуі мүмкін. Сондықтан, аудитор алғашқы есеп құжатын тексеруге ерекше мұқият, ынталы, ерекше талапталып қарауы қажет. Ақша әрекетінің бухгалтерлік құжаттары ерекше мұқияттылықпен таралады, онда қате жіберілген жағдайда ондай құжаттарда түзету жасауға болмайды. Ақша құжаттары тәртіп бойынша арнайы тіркеуден өткізіледі, сондықтан да бухгалтерлік құжатта қате жіберілген болса, ондай ақша құжаттары жойылмай сақтауға алынуға тиісті. Ондай құжаттарға «күші жойылған» деп қызыл сиямен жазылып сақтауға алынады. Касса әрекетін жүргізу ережесі бойынша кіріс және шығыс касса ордерлерін үшінші қызметкер толтыруы қажет. Касса ордерін толтыруға кассирдің де, бас есепшілігінің де құқығы жоқ. Касса әрекетінде қате немесе қылмыскершілік жіберілсе, ондай фактілер касса түгелдеу, тексеру жасаған кезде анықталады. Ондағы қолданылатын ең сенімді әдісі ол  қарама – қарсы құжаттарды салыстыру әдісі. Материалдық алғашқы бухгалтерлік есебін құжаттау барысы да өте күрделі. Бұл тексеру материалға жауапкершіліктегі жұмысшылар есебін тексеру арқылы анықталады. Материалды кіріске алу есебінде алғашқы құжаттарды тексеру үшін жабдықтаушылармен есеп айырысу журнал – ордері арқылы тексеру ерекше орын алады. Себебі, материалды кіріске алу, ол үшін төлем жасау қарама – қарсы тексеру жолын қамтамасыз етеді. Материалды шығысқа шығару есебінің құжаттарын тексеру, материалды кіріске алған цехтардағы есеп арқылы қарама-қарсы тексеріледі.

Кәсіпорынның қаржылық есептемесі аудиті кезінде аудитор жүргізілетін жұмыстардың ретін және әдістерін  өзі таңдайды.

Аудит барысында мынадай  нақты кезеңдерді бөлуге болады:

  • кәсіпорынмен танысу – есептілігі, құрылтайшы құжаттары, бухгалтерлік есептің күй – жайы және кәсіпорын қызметінің бағыттарымен танысу;
  • аудитті жүргізуге келісім – шарт жасау;
  • аудиттің бағдарламасы мен жоспарын құру;
  • құрылтайшы құжаттарды қарастыру – тіркелу уақытын, меншік түрін, құрылтайшылары, жарғылық капиталды қалыптастыру реті;
  • басқа да құжаттарды қарастыру;
  • кәсіпорынның есептілігін қарастыру.

Аудит бухгалтерлік есептілік түрлерін жалпы танысумен басталады. Бұл  жерде есептілікті толтыруға  аса көңіл аударылады. Есептілікте  құрылтайшы құжаттармен сәйкес кәсіпорынның толық атауы көрсетілуі тиіс. Кәсіпорын қызметінің түрі оның жарғысына сай болуы тиіс, ал бұл қызмет лицензияланған жағдайда кәсіпорынның лицензиясының бар екенін тексеру қажет. Кәсіпорын қызметінің түрін анықтау оның негізгі және негізгі емес қызметтерінен түскен табыстары мен шығындарын дұрыс бөлу және қарастыру үшін қажет. Келесі кезеңде қаржылық есептеменің нысандары бойынша дұрыс толтырылғаны тексеріледі және аудиторлық қауіп – қатері бар, яғни қателіктер кездеседі деген учаскелер анықталады. Кейін есептеу тексеруі жүргізіледі, яғни қаржылық есептеме нысандарында көрініс тапқан көрсеткіштер салыстырылып, олардың бір – бірімен байланысы анықталады. Кәсіпорын балансын құру дұрыстығының аудиті мынадай мәліметтерге негізделеді.

-  кезең басындағы баланс баптары туралы мәліметтер өткен кезең баланс мәліметтеріне сәйкес болуы тиіс. Жыл басындағы баланс өзгертілген жағдайда, оған тиісінше түсініктемелер болуы қажет;

-  есепті кезең соңындағы баланс мәліметтері инвентаризациялау нәтижелерімен негізделуі тиіс,

     -  қаржы және салық органдары, банктермен есептеулер бойынша баланс баптарының сомалары олармен келісілуі тиіс;

- қорытынды баланс мәліметтері бухгалтерлік есеп бас кітабының шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарға сәйкес болуы тиіс;

-  жыл басы мен аяғындағы баланстар мәліметтері салыстырмалы болуы тиіс. Кез келген ауытқулар бойынша түсініктемелер болуы тиіс.

Кәсіпорын балансындағы активтер аудиті.

Кәсіпорын балансындағы активтер – ұзақ мерзімді және ағымдағы болып екі ірі топқа бөлінеді.

          Ұзақ мерзімді активтерге мыналар жатады:

    • Негізгі құрал;
    • Материалды емес активтер;
    • Инвестициялар;

       Кез - келген қызметті жүзеге асыру үшін  шаруашылық субъектісінің материалдық – техникалық базасы болуы қажет. Оның негізін негізгі құралдар қалыптастырады. Бухгалтерлік есептің №6 «Негізгі құралдар есебі» стандартына сай негізгі құралдарға ұзақ мерзім ішінде қолданылатын материалдық активтер жатқызылады. Олар жер, ғимарттар, машиналар мен механизмдер, көлік құралдары, басқа да құралдар.

  Негізгі құралдардың ерекшеліктері:

-  шаруашылық қызметке бірнеше рет қатысулары;

-  натуралды нысандарын сақтаулары;

-  өз құндарын дайын өнімге бөліп – бөліп аударулары.

Негізгі құралдар аудитінің  мақсаты – негізгі құралдар қозғалысы есебінің құрамын, толықтығын және нақтылығын анықтау және тексеру.

Негізгі құралдар аудиті мынадай кезеңдерден тұрады:

-  негізгі құралдар  бухгалтерлік есебінің күй –  жайын анықтау;

- шаруашылық субъектісінің есеп саясатымен танысу, оның ішінде негізгі құралдар қалай бағаланады, қызмет ету мерзімін кім және қалай анықталды, жауапкершілік кімге бекітілген, есептілік мерзімділігі қандай;

- баланс бойынша негізгі құралдар қалдығының дұрыстығы анықталады;

- инвенторлық карточкаларға жазылымдардың уақыты және нақтылығы тексеру және т.б.

Материалдық емес активтер – ұзақ мерзімде қолданылатын физикалық  негізі жоқ ақшалай емес активтер.

Материалдық емес активтер аудиті кезінде аудитор мынадай 

іс - әрекеттер жасайды:

- баланс бойынша «Материалдық емес активтер» бабын анықтайды;

- Бас кітап бойынша материалдық емес активтердің қалдығын анықтайды;

- Aналитикалық есеп бойынша материалдық емес активтердің құнын және санын анықтайды;

- Нақтылығын анықтау және бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру үшін материалдық емес активтерге түгендеу жасайды.

Қаржылық инвестициялар дегеніміз  субъект табыс көру мақсатында қолданатын активтер.

Бухгалтерлік есептің №8 «Қаржылық  инвестициялар есебі» стандартына  сәйкес олар мынадай сатыларда қарастырылады:

    1. қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар – бір жылға дейін;
    2. ұзақ мерзімді    қаржылық инвестициялар – бір жылдан жоғары.

Инвестициялар есебі 1100«Қысқа мерзімді қаржы инвистициялары» және 2000  «Ұзақ мерзімді қаржылық инвистициялар »тарауында жүргізіледі.

Қаржылық инвестициялар  аудиті мынадай кезеңдерден тұрады:

                             - кәсіпорын балансында «Ұзақ мерзімді инвестициялар», «Қысқа мерзімді инвестициялар» баптарын анықтау;

  • Бас кітап бойынша инвестицияладың қалдығын анықтау;
  • инвестициялардың саны мен сомаларын анықтау;
  • инвестицияларды түгелдеу.

Ағымдағы активтер ретінде  мыналарды қарастыруға болады:

    • тауарлы – материалдық қорлар;
    • дебиторлық қарыз;
    • ақшалай қаражаттар.

Тауарлы – материалдық  қорларға мына активтер жатады: шикізат  пен материалдар, жартылай фабрикаттар  мен қосалқы бұйымдар, отын, қор бөлшектері; аяқталмаған өндіріс; дайын өнім, сатуға арналған тауарлар.

Тауарлы – материалдық  қорларды анықтау үшін аудитор:

    • баланстан «ТМҚ»  бабын анықтайды;
  • 1310 «Шикізат және материалдар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1330 «Сатып алынған тауарлар» шоттары бойынша «Тауарлы Материалдық Қорлардың» қалдықтарын анықтайды;
  • аналитикалық есеп кітабы бойынша «Тауарлы Материалдық Қорлар» сомасы мен санын және материалдық жауапты тұлғаларды анықтайды;
  • «Тауарлы Материалдық Қорлардың»   түгендеуін жүргізеді;
  • «Жолдағы тауарлар» бабына ерекше талдау жүргізеді.

          Осыларды жүзеге асыру үшін  аудитор:

  • кәсіпорын балансындағы «Тауарлы Материалдық Қорларға» - бухгалтериядан заңды негіздемелер іздестіреді, яғни сату – сатып алу, беру келісім – шарттарының болуын анықтайды. Бұл мәліметтер бухгалтерлік құжаттармен (шот – фактуралар, ілеспе құжаттар, актілер) бекітілуі керек;
  • баланстан тыс шоттар мен материалдарға сақтау және өткізу туралы келісім – шарттар болуы тиіс, аудитор сол құжаттардың бар екенін анықтайды;
  • билік етуі шектелген тауарлар мен материалдарға соттың немесе басқа мемлекеттік органның, банктің шешімі болуы тиіс;
  • жолдағы тауарлар үшін жеткізу келісімдері болуы қажет.

Дебиторлық қарыз – сатып  алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыз міндеттемелері. Оларға: алынуға жататын шоттар – бұл сатып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін болашақта төлем жасау туралы сатып алушылардың міндеттемелері. Ақшалай қаражаттары дегеніміз кассадағы және банк шоттарындағы қолма – қол ақша.баланс бойынша  «Ақшалай қаражаттар» бабын анықтайды; бас кітап бойынша ақшалай қаражаттар қалдығын аңықтайды; – 1020 «Жолдағы ақша қаражаттары»; 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»; 1040 «Карт-шоттардағы ақша қаражаттары»; 1050  «Жинақтау шоттарындағы ақша қаражаты»1060 «Өзге де ақша қаражаттары» аналитикалық есеп кітабы  бойынша жауапты тұлғалар бойынша ақшалай қаражаттар қалдықтарын аңықтайды; ақша қаражаттарға түгендеу жүргізеді; Ақшалай қаражатар аудиті кезінде міндетті түрде мыналар тексеріледі;

- баланстағы, бухгалтерлік  есеп регистірларындағы және  бас кітабындағы қалдықтардың  сәйкестігі; -  аудит кезіндегі  ақшаның болуы, түгендеу мерзімділігі, түгендеу нәтижелері; -  құжат  айналылымының кестесі; -  касса  операциялар есебін ұйымдастыру; - кассалық ордерлерді журналға тіркеудің толықтығы және мерзімділігі; - кассалық есептемелер; - бухгалтерлік есп регисторларын жүргізудің күй-жайы.

Кәсіпорын балансындағы пассивтер  аудиті.

Кәсіпорын балансындағы пассивтерге меншікті капитал және міндеттемелерді жатқызуға болады. Меншікті капитал жарғылық капитал, басқа да капитал, бөлінбеген табыстан тұрады. Меншікті капитал мынадай 2 көздер есебінен қалыптасады: Сыртқы көздер – жарғылық капиталға құрылтайшылар жарнамалары. Олар ақша, тауарлы материалдық қорлар және материалдық емес активтер түрінде енгізілуі мүмкін; Ішкі көздер – шаруашылық қызметтің нәтежиесі болып табылатын бөлінбеген табыс. Меншікті капитал – ол активтер мен міндеттемелер арасындағы айырма. Капитал = Активтер – Міндеттемелер. Сондықтан, меншікті капиталдың мөлшері субъект міндеттемелері мен активтерінің өзгеруінен тәуелді болады. Сонымен қатар, капиталдың жоғары да аталған екінші көзі капитал мөлшеріне маңызды әсер тигізеді. Жарғылық капитал аудиті баланста «Меншікті капитал» тарауын қарастырудан  басталады. Біріншіден, баланстағы жарғылық капиталының сомасы жарғыда бекітілген мөлшерімен салыстырылады. Құрылтай келісімі бойынша құрылтайшылар құралы, олардың үлесі аңықталады. Бухгалтерлік жазылымдар бойынша бойынша құрылтайшылардың нақты жарналары расталады және құрылтай келісіммен салыстырылады. Жарғылық капиталды толықтыру мерзімінде қарастырылады. «Жарғылық капитал» және «Төленбеген каитал» арасындағы айырма жарғылық капиталдың нақты мөлшері туралы мәлімет береді. Кейін, «Бас кітап» бойынша капиталды түрлеріне байланысты шоттағы қалдықтар аңықталады. (5000 «Жарғылық капитал»,  5100 «Төленбеген капитал» 5200 « Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»; 5300 «Эмиссиялық кіріс»; 5400 «Резервтер»). Аналитикалық  есеп     регисторлар  бойынша құрылтайшылар  есеп  -айырысу  нақтылығы аңықталады және олардың сенімділік  бухгалтерлік құжаттары мен бекітіледі. Капитал түрлері көлемінің нақтылығын растау үшін аудитор есептеу алгоритімін дұрыстығын тексереді. Нәтежиелері есепті және нақты мәліметтерді салыстыру кезінде салыстырады. Жарғылық   капитал аудитінің мақсаттары; жарғылық капиталдың дер кезінде толықтырылуын; жарғылық капитал азайтылуының негіздемелерін аңықтау болып табылады.

Кәсіпорындарда жарғылық капитал  басқа түрлері де қалыптастырылады. Олардың бірі болып резерв капиталы табылады. Ол залалмен аяқталған жыл ішінде  айырмашылығы  бар акциялар бойынша дивиденттерді төлеу үшін қалыптасады. Резерв капиталының ең төменгі мөлшері  жарғылық капиталының 15% -нен кем болмайды және екі жл ішінде қалыптасуы қажет.

Информация о работе Өзенмұнайгаз қаржылық талдау