Баскару шешими

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 18:12, реферат

Описание работы

Басқару шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң логикалық құрылымы болады, әрі қабылданатын шешімге қарай айқын бірізділікті қажет етеді. Кез келген жағдайда, бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытынды кезеңдерге бөлінеді. Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастау керек. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.

Работа содержит 1 файл

каржы.docx

— 46.76 Кб (Скачать)

 

Қазақстанның  коммерциялық банктері несиелік қызметтердің барысында несиелік ресурстардың қайтпауы мәслесімен жиі соқтығысады және осыдан қорғана отырып, олар көптеген клиенттерге қатысты консервативті  саясат жүргізеді. Коммерциялық банктердегі  активті операцияларының ішіндегі ең тәуекелді бабы болса да, қазіргі  қоғамда банктік жүйе елдің өндірістік саласымен тығыз байланысты екені  дәлелденген.  Кәсіпорындар банктік саланың көмегінсіз өз өнімінің бәсекеқабілаттілігін арттыра алмайды және де қазіргі банктермен меңгерілген несиелік үрдістер мен ақша ресурстарын қолданбай олар қайта құрылым жасай алмайды.

 

Мемлекет  банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне  араласпайды. Ағымды жағдайда банктер  банк депозиторларының мүдделерін барынша  қорғалатындай етіп активтер мен  пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі  дамуына ықпал ететін жүйе құраушы  банктерге қатысты тұрақтандырушылық  бастамаларымен шығады.

 

Сондықтан қазіргі таңда еліміздің банк саласында мемлекеттік қадағалаудың болғаны абзал, сонымен қатар  қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің бір ерекшелігі – мемлекеттік  әсер ету тетігінің өз деңгейінде болуы. Мұндай жағдайда мемлекет қаншалықты билікті қажет етсе, соншалықты билікті  өз қолына алуы керек. Мемлекет тиесілі  заңнамалық актілерді қабылдау арқылы ғана банктерге белгілі бір деңгейде әсер ете алады. Сондықтан мемлекет бұл саладағы барлық мәселелерді  қамтитын Қаржы кодексін қабылдаса  жөн болар еді. Бұдан басқа  мемлекеттің ықпал ету тетігі жоқ, өйткені мемлекеттегі екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік жеке меншік негізде қызмет етіп келеді.

Коммерциялық банктердін негізгі атқаратын қызметтері: 
•    ақша қаражатын шоғырландыру және тарту; 
•    несие беру; 
•    шаруашылықтармен    есеп    және    төлем    жұмыстарын жүргізу; 
•    төлем құралдарын шығару; 
•   бағалы  қағаздарды   шығаруды   және   орналастыруын ұйымдастыру; 
• сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст операциясын жүргізу); 
•    клиенттерге кеңес беру. 
   Уақытша    бос    ақша    қаражатын    шоғырландырып оны капиталға айналдыру – банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің  бірі.   Заңды  және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын  жүргізуіне  негіз  қалайды.   Шоғырланғап  жинақ   ақша   әр   түрлі   экономикалық   және   әлеуметтік   қажеттіктерге  жұмсалуы   мүмкін.   Тек  банктің  делдалдық  етуімен ақша каражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады. 
     Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан   есеп   және   төлем   жұмыстарын   жургізуде   банктердің ролі зор. Кәсіпорындар  арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолмақол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді. 
     Инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі жетілдірілуін талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға қатысушы банктердің арасындағы клиринг жүйесі немесе жиро жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент-банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерде төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық жүйесі енгізілуде.  
     Коммерциялық банктердің ерекше кызметі төлем құралдарын  шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар   айналымдағы   ақша   массасының   көлеміне   әр түрлі әсер етеді. Мысалы, егер клиент банкке 10 мың долл. Салып, оны талап бойынша алынатын шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк балансының активінде кассалық қалдық 10 мың долл. өседі, ал пассивінде депозиттер де осы сомаға артады. Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі өзгермейді, себебі ақша қолма-қол формасынан қолма-қол емес формасына ауысты. Келесі мысал, Банк қарыздарға 10 мың долл. Сомаға несие беріп, оны депозиттік шотқа есептеді делік. Онда шаруашылыктағы ақшаның жалпы көлемі 10 мың долл. өседі, себебі банк өзінің несиелеу операциясымен жаңа төлем құралын, яғни чек шығарды. Осы депозит сомасына ақша массасы артты. 
       Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын) ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді. 
     Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы кағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. ¥зақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында  кәсіпорындар  акция   және  облигациялар  шығарады.   Бұл  жағдайда  кәсіпорындардың  тапсырысы    бойынша    банктер    бағалы    қағаздардың    көлемін, шығару жағдайы мен  эмиссия мерзімін  анықтауды,  олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет   айналысқа   түсіру   міндетін   өзіне   алады.   Шығарылған бағалы   қағаздарды   сатып   алуға   кепілдік   береді.   Ол   үшін БАҒАЛЫ кағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.  
      Сол   сияқты   банктер   мемлекеттік   облигацияларды   белсенді түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді.  Мемлекеттік облигацияларды  қайта сатуда делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады. Бұл нарықтағы операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса көп пайданы өзіне алып, оларды аса ірі банктер тобы  монополды түрде жүргізеді. Мысалы, АҚШ-та онымен  6 коммерциялық және  13  инвестициялық      банктер шұғылданады. 
     Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың (бойдақ-жесірлердің, жасы толмағандардың) мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу); құндылықтарды сейфте сақтау және т.б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды   және   трансфертті  тіркеу   үшін   (яғни   атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. кызметтер атқаруы мүмкін.


Информация о работе Баскару шешими