Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 15:55, реферат

Описание работы

Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды. Бюджет тапшылығы сөз жок, инфляция, дағдарыс, жұмыссыздық сияқты «жағымсыз экономикалық категориялар» деп аталатындарға жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтері болып табылады. Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына тепе-теңдігіне жету болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Бюджет Тапшылығы.docx

— 28.66 Кб (Скачать)

2.Циклдік негізде баланстандырылатын бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдын. барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі ерлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.

3.Қаржының  функциялық тұжырымдамасының  максаты макроэкономикалық тұрактылыққа, инфляциялық емес толық камтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтариА мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бүдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айлашарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады. 

Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында теңгерілетін бюджеттің түжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді. 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиет

  Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет

Информация о работе Бюджет тапшылығы, оның сыныптамасы