Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 21:50, реферат
Осы Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рәсімдерді белгілеуден тұрады. Егер активтің баланстық құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, және Стандарт құнсызданудан болған залалды ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған залалды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, және ақпаратты ашып көрсету тәртібі белгіленеді.
Егер сату туралы міндетті күші бар шарт болмаса, бірақ актив белсенді нарықта сатылатын болса, онда шығаруға шыққан шығындар шегерілген оның нарықтық бағасы оны сатуға шыққан шығындар шегерілген активтің әділ құны болып табылады. Сатып алушының ағымдағы бағасы әдетте тиісті нарықтық баға болып табылады. Сатып алушының ағымдағы бағасы болмаған жағдайда, сатуға шыққан шығындар шегерілген әділ құнды бағалау үшін, осы мәміленің күні мен бағалау күні арасындағы кезеңде экономикалық жағдайларда елеулі өзгерістер болмаған жағдайда, ең соңғы мәміленің бағасы негіз бола алады.
Сату туралы міндетті күші бар шарт немесе активке арналған белсенді нарық болмаған жағдайда, сатуға шыққан шығындар шегерілген әділ құнды анықтау үшін ұйым есепті күні жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін және бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәміле жасау кезінде шығарылу шығындары шегерілген активті шығарудан алуға болатын соманы неғұрлым анық көрсететін ақпарат негіз болады. Ұйым осы соманы анықтау кезінде тап сол саланың шеңберіндегі осындай активтермен жасалған соңғы операцияның нәтижесін ескереді. Ұйым басшылығы шұғыл түрде сатуға мәжбүр болған жағдайларды қоспағанда, сатуға шыққан шығындар шегерілген әділ құн мәжбүрлеп сатуды көрсетпейді.
Міндеттемелер ретінде танылатындардан өзгеше шығаруға шыққан шығындар әділ құнды анықтаған кезде сатуға шығындар шегеріліп шығарылады. Ондай шығындардың қатарына заң қызметін көрсету шығындары, мөр алымдары және операциялар бойынша осындай салықтар, активтік бөлшектеу шығындары және активті сатуға алдын-ала дайындаудың тікелей қосымша шығындары жатады. Алайда жұмыстан босату жәрдемақылары (19-“Қызметкерлерге берілетін сыйақылар” IAS Халықаралық стандартындағы анықтамаға сәйкес) және қысқартуға немесе актив шығып қалғаннан кейін кәсіпорынды қайта ұйымдастыруға байланысты шығындар активті шығаруға тікелей қосымша шығындар болып табылмайды.
Кейде активтің шығып қалуы сатып алушының өзіне міндеттеме қабылдауын талап етеді, сондықтан актив үшін де, міндеттеме үшін де сатуға шығын шегерілген әділ құнның бір ғана маңызы бар. 78-параграфта осындай жағдайларда не істеу керек екендігі түсіндіріледі.
Активті пайдалану құндылығын есептеу кезінде мынадай элементтерді көрсету керек:
(а) ұйым актив алуды күтетін ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарын бағалау;
(b) ақшалай қаражаттардың осы тасқындарының келіп түсу мөлшері мен мерзімдеріндегі мүмкін болатын түрлендірмелерге қатысты күтілімдер;
(с) ағымдағы нарықтық тәуекелсіз пайыздық ставка ұсынған ақшаның уақытша құны;
(d) осы активке тән белгісіздік үшін үстеме ақы;
және
(е) ұйым активтен алуды күтіп отырған ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының өлшемін белгілеген кезде нарыққа қатысушылар көрсеткен өтемсіздік сияқты басқа да факторлар.
Активті пайдалану құндылығын бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:
(а) активті пайдалануды жалғастыруға және оның біржола шығып қалуына байланысты болашақ түсімдерді бағалау және ақшалай қаражаттардың жылыстауы;
және
(b) ақшалай қаражаттардың осы болашақ тасқындарына дисконттың тиісті ставкасын қолдану.
30(b), (d) және (е) параграфта көрсетілген элементтер не ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарын түзету, не дисконт ставкасын түзету ретінде көрсетілуі мүмкін. Ұйым ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының мүмкін болатын өлшем түрлері мен мерзімдерін көрсету үшін қандай тәсілдеме қолданатынына қарамастан, нәтиже ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының күтілетін дисконтталған құнын көрсету, яғни мүмкін болатын барлық нәтижелерден орташа өлшенген нәтиже болып табылады. А Қосымшада активті пайдалану құндылығын анықтау кезінде дисконтталған құнның негізінде бағалау әдісін пайдалануға қатысты қосымша ұсынымдар келтіріледі.
Ақшалай
қаражаттардың болашақ
Пайдалану құндылығын анықтау кезінде ұйым:
(а) басшылықтың активтің пайдалы қызметінің қалған мерзімі ішінде болатын экономикалық жағдайлар жиынына қатысты барынша жақсы бағалауын білдіретін ұйғарынның негізді және бекітілген дәлелдемелеріне сүйене отырып, ақшалай қаражаттар тасқындарын болжауға міндетті. Сыртқы көздерден алынған деректерге үлкен мән берілуге тиіс;
(b) басшылық бекіткен ең соңғы қаржы сметаларына/болжамды бағалауларға сүйене отырып, бірақ, күтілуіне сәйкес, болашақ қайта құрылымдауға немесе активтің өнімділігін жақсарту немесе арттыру жөніндегі шараларға байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттардың кез келген болашақ түсімдерін немесе жылыстауларын болғызбай, ақшалай қаражаттар тасқындарын болжауға. Осы сметаларға/болжау бағаларына негізделген болжамдар, неғұрлым ұзақ кезең ақталатын жағдайларды қоспағанда, ең көп ұзақтығы бес жыл болатын кезеңді қамтуға тиіс;
(с) ең соңғы сметалармен/болжау бағаларымен қамтылған кезең шегінен тысқары шығарылатын ақшалай қаражаттар тасқындарының болжамдары, көтеріліп келе жатқан өсу қарқыны ақталуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, келесі жылдарға арналған тұрақты немесе төмендейтін өсу қарқынының көмегімен, сметаларға/болжау бағаларына негізделген болжамдарды экстраполяциялау жолымен бағалануға тиіс. Неғұрлым жоғары қарқын ақталуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, осы өсу қарқыны тауарлар, салалар, ел немесе ұйым өз қызметін жүзеге асыратын елдер үшін немесе актив пайдаланылатын нарық үшін ұзақ мерзімі өсу қарқынынан аспауға тиіс.
Ұйым басшылығы ақшалай қаражаттар тасқындарының ағымдағы болжаулары негізделген ұйғарынның негізділігін ақшалай қаражаттар тасқындарының бұрынғы болжауларының ақшалай қаражаттардың нақты болжауларымен сәйкес келмейтінін білдіретін себептерді зерделеу арқылы бағалайды. Ұйым басшылығы ақшалай қаражаттар тасқындарының ағымдағы болжаулары негізделген ұйғарынның негізділігін ақшалай қаражаттар тасқындарының өткен кезеңдердегі нақты нәтижелермен сәйкес келуін, бұл ақшалай қаражаттардың осы нақты тасқындары пайда болған кезде әлі жасалмаған одан арғы оқиғалардың немесе мән-жайлардың салдарларымен келісілген жағдайда, қамтамасыз етуге тиіс.
Ұзақтығы бес
Активтің пайдалы қызмет мерзімінің соңына дейінгі ақшалай қаражаттар тасқындарының болжамдары келесі жылдар үшін өсу қарқындарын пайдаланатын қаржылық сметаларға/болжау бағаларына негізделген ақшалай қаражаттар болжамдарын сыртқа шығару арқылы бағаланады. Осы қарқын, егер өсу қарқыны өнімнің және саланың жұмыс істеу циклінің кестесі туралы шынайы ақпаратқа сәйкес келмесе ғана, орнықты немесе төмендеген болып табылады. Егер осы орынды болса, өсу қарқыны нөлге тең немесе оның теріс өлшемі болады.
Қолайлы жағдайлар болған кезде бәсекелестердің нарыққа еніп кету ықтималдығы болады, бұл өсуді шектейді. Сөйтіп, ұйым тауарлар, салалар немесе ел, немесе ұйым жұмыс істейтін елдер, немесе актив пайдаланылатын нарықтар үшін ұзақ кезең бойына (жиырма жыл делік) орташа тарихи өсу қарқынының артуында қиындықтарға тап болады.
Қаржылық
Ақшалай
қаражаттардың болашақ
Ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарын бағалау мыналарды қамтуға тиіс:
(а) активті одан әрі пайдаланудан ақшалай қаражаттар түсімдерінің болжамдары;
және
(с) активтің пайдалы қызмет мерзімінің соңында жойған кезде алу (немесе төлеу) көзделіп отырған ақшалай қаражаттардың таза тасқындары (егер осындайлар бар болса).
Ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындары және дисконт ставкасы жалпы инфляциядан туындаған бағалардың өсуіне қатысты жүйелі ұйғарындарды көрсетеді. Сөйтіп, егер дисконт ставкасы жалпы инфляциядан туындаған бағалардың өсу әсерін қамтитын болса, онда ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындары атаулы құнымен бағаланады. Егер дисконт ставкасы жалпы инфляциядан туындаған бағалардың өсу әсерін қамтымайтын болса, онда ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындары нақты көрсетумен бағаланады (бірақ бағалардың ерекше өсуі мен кемуін қамтиды).
Ақшалай қаражаттар тасқындарының болжамдары активке күнделікті қызмет көрсетуге талап етілетін ақшалай қаражаттарды, сондай-ақ активті пайдалануға тікелей жатқызылуы немесе негізді және жүйелі түрде бөлінуі мүмкін болашақ үстеме шығыстарды қамтиды.
Активтің
Қосарлап
(а) қаралып отырған активтен (мысалы, дебиторлық берешек сияқты қаржылық активтер) ақшалай қаражаттар түсімдерінен көп дәрежеде тәуелсіз, ақшалай қаражаттар түсімдерін қозғалысқа келтіретін активтен ақшалай қаражаттардың түсуін;
және
(b) міндеттеме ретінде танылған (мысалы, кредиторлық берешек, зейнетақылар немесе бағалау міндеттемелері) берешекке қатысты ақшалай қаражаттардың жылыстауын.
Ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындары актив үшін оның ағымдағы жағдайында бағалануға тиіс. Ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарын бағалау мыналардан туындауы күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ түсімі мен жылыстауын қамти алмайды:
(а) кәсіпорын әлі кіріспеген болашақ қайта құрылымдаудан;
немесе
(b) активтің өнімділігін жақсартудан немесе арттырудан.
Ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындары актив үшін оның ағымдағы жай-күйіне қатысты бағаланатын болғандықтан, пайдалану құндылығы мыналарды көрсетпейді:
(а) ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауын немесе шығындарды тиісті үнемдеуді (мысалы, қызметкерлерге жұмсалатын шығындарды қысқарту) немесе туындауы ұйым әлі кіріспеген болашақ қайта құрылымдаудан күтілетін пайданы; немесе
(b) активтің өнімділігін жақсартатын немесе арттыратын ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауларын немесе осындай жылыстауларға байланысты туындауы күтілетін ақшалай қаражаттардың тиісті түсімдерін.
Қайта құрылымдау – бұл басшылық жоспарлайтын және бақылайтын және, не ұйымның қызмет саласын не іс жүргізу тәсілін елеулі түрде өзгертетін бағдарлама. 37-"Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер" IAS Халықаралық стандартында ұйым қайта құрылымдауды қашан жүргізуге тиіс екендігін түсіндіретін ұсыныстар бар.