Өмірлік аннуитет

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 22:56, реферат

Описание работы

Аннуитет жыл сайынғы төлемақы, тұрақты түсім. Мерзімді мемлекеттік қарыз түрі, ол бойынша жыл сайын пайыз төленіп тұрады жєне соманың бір бөлігі өтеледі, алынған қарызды, несиені өтеу, пайыз төлеу есебінен белгілі бір уақыт аралығында төленетін тең шамадағы ақшалай төлем, жеке тұлға.Аннуитет - ренталар мен зейнет ақыларды сақтандырудың барлық түрлері үшін жалпылама түсінік. Сақтанушы сақтандыру мекемесіне бірден немесе бөліп-бөліп белгілі бір мөлшерде ақша төлейді, одан кейін бірнеше жыл бойы немесе өмір бойына жүйелі түрде кіріс алып отырады. Аннуитет бұрынғы кезде жылдық рента телеу болып есептелген. Ерекше аннуитетте кіріс сақтанушыға белгілі бір мерзімде немесе онын туыстарына сақтанушының көрсетілген мерзімінің аяқталуына шейін, қайтыс болуына қарамастан төленеді. Егер сақтандыру шартында сақтанушы қайтыс болған жағдайда жарнасын қайтару қарастырылса немесе керісінше қарастырылмаған болса, аннуитет қайтарылатын немесе қайтарылмайтын да болуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

Өмірлік аннуитет.docx

— 23.49 Кб (Скачать)

Өмірлік аннуитет

Аннуитет жыл сайынғы төлемақы, тұрақты түсім. Мерзімді мемлекеттік қарыз түрі, ол бойынша жыл сайын пайыз төленіп тұрады жєне соманың бір бөлігі өтеледі, алынған қарызды, несиені өтеу, пайыз төлеу есебінен белгілі бір уақыт аралығында төленетін тең шамадағы ақшалай төлем, жеке тұлға.Аннуитет - ренталар мен зейнет ақыларды сақтандырудың барлық түрлері үшін жалпылама түсінік. Сақтанушы сақтандыру мекемесіне бірден немесе бөліп-бөліп белгілі бір мөлшерде ақша төлейді, одан кейін бірнеше жыл бойы немесе өмір бойына жүйелі түрде кіріс алып отырады. Аннуитет бұрынғы кезде жылдық рента телеу болып есептелген. Ерекше аннуитетте кіріс сақтанушыға белгілі бір мерзімде немесе онын туыстарына сақтанушының көрсетілген мерзімінің аяқталуына шейін, қайтыс болуына қарамастан төленеді. Егер сақтандыру шартында сақтанушы қайтыс болған жағдайда жарнасын қайтару қарастырылса немесе керісінше қарастырылмаған болса, аннуитет қайтарылатын немесе қайтарылмайтын да болуы мүмкін.

Аннуитет  коэфиценті:

K = \frac{i \cdot (1+i)^n}{(1+i)^n -1} ға тиянақты соманы ұдайы, көбінесе өмір бойы алып тұру

Аннуитет  түрлері:

1. Қарапайым өмірлік аннуитет – сақтанушының өмір бойына жүргізілетін жүйелі түрдегі төлемдердің белгіленген мөлшердегі аннуитеті.

2. Кепілдендірілген төлем мерзіміндегі өмірлік аннуитет – сақтанушының тірі не қайтыс болуына байланыссыз кепілдендірілген мерзім аралығына белгіленген аннуитет. Егер сақтанушы кепілдендірілген мерзімнен артық жасаса, онда оның өмірінің соңына дейін төлем жүргізіледі.

3. Кепілдендірілген төлем мерізіміндегі мерзімді аннуитет

– сақтанушының тірі не қайтыс болуына байланыссыз кепіл- дендірілген мерзім аралығына белгіленген аннуитет.

Егер сақтанушы кепілдендірілген мерзімнен артық жасаса, онда төлем аннуитет шартының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін жүргізіледі.

4. Қайтарып алынатын сомадағы өмірлік аннуитет

– сақтанушының өмір бойына жүргізілетін төлемдер және қайтыс болу сәтіне жүргізілетін, бастапқы сыйлықақы мен сақтанушының өліміне дейін жүргізіліп келген жай соманың айырмасына тең қосымша төлемдер аннуитеті, егер бұл айыр- ма пайдалы болса (шарттың қолданылу мерзімі

аралығындағы инвестициялық кіріс қосымша төлем мөлшерінің есебін жүргізуде ескерілмейді).

5. Бірлескен өмірлік аннуитет – сақтанушының жұбайынан бұрын қайтыс болу жағдайында, сақтанушының жұбайына жүргізілетін төлем аннуитеті. Сақтанушының өлімінен кейін оның жұбайына жүргізілетін төлем мөлшері негіз- гі сақтанушының алып жүрген төлем мөлшеріне тең немесе одан төмен болуы мүмкін.

6. Құнсыздануды ескеретін өмірлік аннуитет.

7.Тұрақсыз  аннуитет – төлем мөлшері сақтанушымен таңдалған инвестициялық жинақтың (акцияның, облигацияның және басқа да қаржы құралдарының) нақты кірісіне байланы- сты болып келетін аннуитет. Сақтанушы кіріс төлемдерінің әдеттегі аннуитетті кіріс төлемімен салыстырғанда, са- тып алу қабілеттілігіндегі тұрақтылыққа үміт арта оты- рып, инвестициялық тәуекелге бел буады, сақтандырушы болса, өз кезегінде шығыстар мен актуарлы тәуекелді (немесе аз мөлшерде кепілдендірілген кірістілікті) ғана қабылдайды, алайда төмен кепілдік мөлшері жоғары емес. Бұл инвестицияның тәуекелді жинағының барынша жоғары өсімді-кему өзгерістілігіне негізделеді.

Зейнетақы аннуитетінің артықшылығы:

Әдеттегі зейнетақы жинақ жүйесімен салыстырғандағы аннуитетті сақтандырудың артықшылығына:

• 55 жастан бастап өз зейнетақы жинағынан төлем алу мүмкіндігін;

• зейнетақы төлемдерінің өмірлік қамтамасыздығын, яғни өз қаражатынан артық өмір сүру тәуекелінде қамтама- сыздықтың сақтандырушыға ауысатынын;

• бірнеше мұрагердің қатысуымен төлем жасаудың жеке жоспарын құру мүмкіндігін;

• төлем есебінің икемді жүйесін – мысалы, зейнетақы жинағы көбірек болған сайын, зейнетақы төлемі де жоғарырақ;

• жыл сайынғы аннуитет төлемінің құнсыздану деңгейіне индекстелетіндігін жатқызуға болады.

Зейнетақы сомаларын мұраға қалдыру:

Кепілді мерзіммен (5,10,15 жас) өмірлік аннуитет таңдалған болса, онда төлемдер шарт жасаған тұтынушының тірі, не өлі болуына байланыссыз жүргізіледі. Яғни, қандай болған жағдайда да, төлем өтініште көрсетілген пайда алушының (мұрагердің) қатысында жүргізілетін болады. Мысалға, егер шартта көзделген кепілді мерзім 15 жылды құрап, ал тұтынушы 3 жылдан кейін қайтыс болып кетсе, онда қалған 12 жыл бойы оның шартта көрсетілген мұрагерлері төлемді алып тұратын болады. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда, аннуитетті сақтандыру төлемі жүргізілетін шот жабылады.

Өмірлік мерзім:

Зейнетақы аннуитеті бағасын есептеу үшін пайдаланы- латын еліміздегі өмір сүру ұзақтығының орташа деңгейінің кестесі ішінара заңнамамен реттеледі, себебі сақтандыру мерзімінен ұзақ өмір сүру тәуекелін компания өз бетінше жүргізеді. Зейнетақы аннуитетінің шартын жасау кезінде аннуитет бойынша ай сайын жүргізілетін төлемнің оның жүргізілу кезіндегі зейнетақының ең төменгі сомасынан кем болмау керектігі заңнамамен көзделген.Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымының сақтанушыға төлеп беруге тиісті қаржысы төлем жүргізу кезеңінде жетпей қалған болса, ондай жағдайда ол сақтандырушының өз қаржысы есебінен жүргізіледі.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасау кезіндегі зейнетақы есебі

Компанияға байланысты, зейнетақы аннуитеті төлемінің есебіне кепілдендірілген инвестициялық кірістің 3-5%-ы салынады. Оның үстіне, сақтандыру компаниясымен шарт жасау және әдетте өмірді сақтандыру компанияларында ерекшеленетін төлемін жүргізу кезінде ескерілген шығыстары да есепке алынады. Сондықтан өмірді сақтандыратын түрлі компаниялардағы аннуитет құны компаниямен қандай инвес- тициялық кірістің салынатындығына және оның қандай шығыстарды көтеретіндігіне байланысты бір-бірінен бірша- ма өзге болып келеді. Айтпақшы, адам жынысының өзгешелігіне байланысты да аннуитет құны түрлі болып келеді. Бұл ерлер мен әйелдер арасындағы өлім статис- тикасының ажыратылатындығына байланысты. Яғни, өмірді сақтандыратын сақтандыру компанияларының зейнетақы төлемдері сіздің жынысыңызға, жас мөлшеріңізге және жинағыңызға байланысты болып келеді.

Зейнетақылар, аннуитеттер және ұқсас төлемдер

 1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін зейнетақыларға және ұқсас төлемдерге немесе аннуитеттерге тек осы Мемлекетте салық салынады.

2. Жоғарыда келтірілген 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын жеке тұлғаның басқа Уағдаласушы Мемлекетте міндетті әлеуметтік сақтандырудың қорларынан алған төлемдеріне тек осы Мемлекетте салық салынады.

3. Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе оның саяси-әкімшілік бөлімшелерінің басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлғаға соғыстың немесе саяси қудалаудың немесе әскери немесе азаматтық қызметтің (өтемақы төлемдерін қоса алғанда) себептерінен болған зиян үшін қайталанатын немесе бір мәртелік төлемдеріне тек бірінші айтылған Мемлекетте салық салынады.

4. "Аннуитет" термині ақшамен немесе ақшаға шаққандағы баламалы және толық өтемақының орнына осындай төлемдер қабылданған міндеттемеге сәйкес бүкіл өмір бойы немесе айқындалған немесе белгіленетін кезеңге белгіленген уақытта мерзімді төленіп тұратын белгіленген соманы білдіреді.

5. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлеген күтім төлемдері осы басқа Мемлекетте салықтан босатылады. Егер, бірінші айтылған Мемлекетте төлеушінің салық салынатын табысын есептегенде мұндай күтім төлемдері шығарылып тасталса, бұл ереже қолданылмайды.

Информация о работе Өмірлік аннуитет