Саясаттану пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:41, доклад

Описание работы

Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.
“Саясаттану” пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.doc

— 696.00 Кб (Скачать)

52. Саясатқа қатысу қандай деңгейде  жүргізілуі қажет деп ойлайсыз?

53. Саяси мәдениет пен жәй  мәдениеттің арасындағы ұқсастық  пен айырмашылықты атаңыз.

54. Саяси мәдениеттің негізгі  элементтеріне не жатады?

55. Саяси әлеуметтену дегеніміз  не? Ол адам бойында қалай жүреді?

56. Қазақстандық қоғамдағы саяси  мәдениет пен әлеуметтенудің  ерекшелігін көрсетіңіз.

57. Әлемдік саясат, халықаралық қатынастар, геосаясат ұғымдарының айырмашылықтары мен ұқсастықтарына тоқталыңыз.

58. Қазақстан қай елдермен қарым-қатынас  жасайды және қандай халықаралық  ұйымдарға мүше?

59. ҚР халықаралық беделінің  өсуіндегі президент рөлі.

60. Саяси билік, саяси жүйе, саяси үрдіс ұғымдарының өзара қатынасын ашыңыз. Оларды бір-бірінен қалай айыра аламыз?

61. Саяси модернизация дегеніміз  не?

62. Ұлттық мүдде мен жаһандану  үрдісінің арасында қандай байланыс  жатыр?

Реферат тақырыптарының үлгісі

    1. Саясаттанудың әлеуметтік- гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.
    2. Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар: Әл-Фараби, Низами, Әлішер Науаи.
    3. Қазақстандағы саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы.
    4. Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың рөлі.
    5. Саясат өнер ретінде.
    6. Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғарғы формасы ретінде.
    7. Саяси биліктің легитимдік типтері.
    8. Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде.
    9. Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық- саяси институт ретінде.
    10. Қазақстан көп конфессионалды қоғам ретінде.
    11. Қазақстандық конфессия аралық келісім тәжірибесі.
    12. Қазіргі саяси жүйелер.
    13. Мемлекеттің мәні және оның шығуы.
    14. Мемлкеттің белгілері, оның функциялары мен мақсаттары.
    15. Мемлкеттік жүйелердің типологиясы.
    16. Қазіргі мемлкет және оның ерекшелікті белгілері.
    17. Азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.
    18. Әлеуметтік мемлкеттің функциялары.
    19. Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы.
    20. Қысымшы топтар. Лоббизм саяси феномен ретінде.
    21. Қазақстандық демократия моделінің ерекшеліктері.
    22. Саяси паритиялар генезисінің  кезеңдері: аристократиялық котерилер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар.
    23. Партиялар типологиясы.
    24. Партияларды типтеудің өлшемдері (критерийлері).
    25. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық.
    26. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі.
    27. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым- қатынас проблемалары.
    28. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен түрлері.
    29. Тоталитарлық режимнің саяси практикасы.
    30. Авторитаризм саяси режим формасы ретінде.
    31. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары.
    32. Саяси мәдениет тұжырымдамалары.
    33. Қазіргі элита теориялары.
    34. Бюрократизм саяси феномен ретінде.
    35. Элиталар мен көшбасшылар саясаттың субъектілері ретінде.
    36. Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлігі ретінде.
    37. Халықаралық қатынастардың себептері,  олардың түрлері, салдарлары, ескерту және шешу тәсілдері.
    38. Адамзаттың XXI ғасырдағы әлеуметтік- саяси дамуының болжамы.
    39. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективтік негізі және негізгі міндеттері.
    40. Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңіндегі тенденция тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.

 

1.11. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУДАҒЫ  ЖЕТІСТІКТЕРІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУҒА  АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Қазіргі адамның қажеттілігін  және сонымен бірге талап-тілегін орындауға жағдай жасайтын не?

А) Қоғам;

В) Саясат;

С) Саяси мәдениет;

Д) Партия;

Е) Демократия.

2. Жасырынған сөзді табыңыз:  «.... құлы болған жағдайда ғана  адам еркін бола алады» Цицерон.

А) Мемлекеттің;

В) Заңның;

С) Халықтың;

Д) Құқықтың;

Е) Демократияның.

3. Демократия толқындары туралы  айтқанда қандай негізгі идея  бағыт бола алады?

А) Мемлекеттердің болашағы – демократиялық  дамуға тығыз байланысты;

В) Демократияның басты жетістігі  – оның дамыған саяси жүйе екендігі;

С) Демократияның басты кемшілігі – оның дамымаған саяси жүйе екендігі;

Д) Демократия – қазіргі таңдағы  ең тиімді басқару түрі;

Е) Демократия – қазіргі таңдағы  ең қауіпті басқару түрі.

4. Парадигма ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғылыми әдебиетке  алғаш енгізген американ философы - ...

А) Л. Фон Борталанфи;

В) Г. Кун;

С) Т. Парсонс;

Д) Д. Истон;

Е) Г. Алмонд.

5. Қоғамның саяси жүйесі «...........»  және «..........» жағдайында жұмыс  жасайды.

6. Саяси билікті жүзеге асыруға  жағдай жасайтын саяси механизмдер  және институттар жиынтығы қалай аталады?

А) Саяси режим;

В) Саяси жүйе;

С) Саяси үрдіс;

Д) Саяси мәдениет;

Е) Мемлекет.

7. «Саясат – қоғамдағы құндылықтарды  билік арқылы реттеу» Авторы  кім?

А) Д. Истон;

В) А. Бирс;

С) В. И. Ленин;

Д) К. Фримен;

Е) Г. Лассуэл.

8. Бихевиоризмнің негізін қалаушы кім?

А) Р. Михельс;

В) М. Вебер;

С) Ш. Л. Монтескье;

Д) Г. Алмонд;

Е) Г. Лассуэл.

9. Саяси ілім тарихында алғаш  рет қай ойшыл мемлекеттік  басқару түрлерін жіктеді?

А) Сиддартха Гаутама;

В) Конфуций;

С) Лао-цзы;

Д) Платон;

Е) Аристотель.

10. Ж. Ж. Руссоның пікірінше  адами құндылықтар тек не пайда  болғаннан кейін қалыптасқан?

А) Мемлекет;

В) Саясат;

С) Демократия;

Д) Билік;

Е) Қоғам.

11. Ең алғаш қай ойшыл адамгершілікті  саясаттан бөліп қарастырған?

А) Ф. Аквинский;

В) Әбу Насыр Әл-Фараби;

С) Н. Макиавелли;

Д) Абай;

Е) Ж.Ж. Руссо.

12. Динамикалық саяси тұрақтылық нені білдіреді?

А) Мемлекеттің маңыздылығын;

В) Халықтың маңыздылығын;

С) Мемлекет пен халықтың бірлігін;

Д) Демократияның маңыздылығын;

Е) Қоғамның үздіксіз дамуын.

13. Экстрозаңды тұрақсыздық қай тарапта пайда болады?

А) Сыртқы саясатта;

В) Ішкі саясатта;

С) Сайлау кезінде;

Д) Соғыс кезінде;

Е) Реформа кезінде.

14. Қоғамда қандай саяси режим  екенін қандай параметрлер арқылы  анықтауға болдады?

А) Билік үшін күрес, саясатқа көпшіліктің қатысуы және саяси құндылықтар;

В) Билік үшін күрес, саяси идеология  және плюрализм;

С) Билік үшін күрес, саяси жүйе және саяси үрдіс түрі;

Д) Билік үшін күрес, сөз бостандығы және азаматтық қоғам жағдайы;

Е) Билік үшін күрес, сайлау және адамның  құқығы мен бостандығы.

15. «Демократияның үшінші толқыны»  тұжырымдамасының авторы кім?

А) Ә. Кекілбаев;

В) Н. Ә. Назарбаев;

С) А. де Токвиль;

Д) С. Хантингтон;

Е) К. Хаусхофер;

16. ҚР Президентінің 2005 жылғы  Халыққа Жолдауында көтерген  ерекше идея не?

А) «Демокартия біздің даму жолымыз емес, мақсатымыз»;

В) Қазақстанның Орталық Азия барысына айналуы;

С) Орталық Азия ұйымын құру;

Д) Мемлекетке қауіп тудыратын терроризммен, экстремизммен және наркотрафикпен күрес;

Е) Жастарға байланысты «Жасыл ел»  бағдарламасын құру.

17. Төмендегі көрсетілген нұсқалардың  қайсысы саясаттанудың қызметіне  жатпайды?

А) Гносеологиялық;

В) Саяси жүйені рационализациялау;

С) Танымдық қызметі;

Д) Саяси әлеуметтендіру;

Е) Болжам жасау қызметі.

18. Тоталитаризмнің негізгі түрлері:

А) Коммунизм, социализм;

В) Коммунизм, фашизм, диктатура;

С) Коммунизм, фашизм, национал-социализм;

Д) Фашизм, социализм, сталинизм;

Е) Фашизм, национал-социализм, сталинизм.

19. Саясаттану қай ғылымдар жүйесіне  жатады?

А) Гуманитарлық;

В) Қоғамдық;

С) Жаратылыстану;

Д) Халықаралық;

Е) Жас ғылым.

20. Билік пен саясатты ерекше  рух (күш) жаратқан деп түсіндіретін  қай парадигма?

А) Әлеуметтік;

В) Рухани;

С) Теологиялық;

Д) Геосаяси;

Е) Психологиялық.

21. Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік  жағдайы мен оның саясатқа  әсер етуін зерттейтін әдіс қалай аталады?

А) Әлеуметтанулық;

В) Антропологиялық;

С) Психологиялық;

Д) Салыстырмалы;

Е) Бихевиористтік.

22. Қазақстанда саясаттану қай  жылдан бастап оқытыла бастады?

А) 1989 ж.;

В) 1990 ж.;

С) 1991 ж.;

Д) 1992 ж.;

Е) 1993 ж.;

23. Билік дегеніміз не?

А) Әсер ету;

В) Ықпал ету;

С) Мәжбүр ету;

Д) Пайдалану;

Е) Қорғау.

24. Биліктің объектісі мен субъектісі  қай жағдайда орын ауыстырады?

А) Билік ауысқанда;

В) Саяси шешімдер қабылданғанда;

С) Саяси режим ауысқанда;

Д) Демократия кезінде;

Е) Ешқашанда

25. Ежелгі Үндістанда еркін еңбекшілерді  қалай атаған?

А) Шудралар;

В) Кшатрийлер;

С) Вайшийлер;

Д) Брахмандар;

Е) Ведалар.

26. Анархизмнің негізін қалаған  кім?

А) Сиддхартха Гаутама;

В) Конфуций;

С) Лао-цзы;

Д) Платон;

Е) Аристотель.

27. Ф. Аквинский құқықты қандай түрлерге бөлген?

А) Позитивті, діни, саяси;

В) Позитивті, мәңгілік, діни;

С) Позитивті, мәңгілік, табиғи;

Д) Мәңгілік, табиғи, қоғамдық;

Е) Қоғамдық, саяси, табиғи.

28. Ең алғаш қай ойшыл мемлекеттік  биліктің тармақтарын көрсеткен?

А) Дж. Локк;

В) Н. Макиавелли;

С) Т. Гоббс;

Д) Ж.Ж. Руссо;

Е) Ш. Л. Монтескье.

29. Саясатты бір жағынан әділеттілік  деп, екінші жағынан келіспеушілік  деп атаған ойшылды табыңыз.

А) К. Фримен;

В) А. Бирс;

С) Г. Моска;

Д) М. Дюверже;

Е) Н. Макиавелли.

30. Демократия гректің ...........  және ........... сөздерінен шыққан.

31. Қоғамның барлық салаларын  толығымен қамтамасыз етіп, билік  жүргізеді...

А) Тоталитаризм;

В) Авторитаризм;

С) Демократия;

Д) Монархия;

Е) Діни мемлекет.

32. Элитаның басты ерекшеліктері  - ...

А) Байлық, билік, танымалдық;

В) Байлық, билік, білімділік;

С) Билік, танымалдық, білімділік;

Д) Билік, байлық, көсемділік;

Е) Даналық, байлық, билік.

33. Саяси себептермен жеке адамдарды,  көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы  қылмыстық әрекет - ...

А) Экстремизм;

В) Соғыс;

С) Терроризм;

Д) Революция;

Е) Трайбализм.

34. .......... – көп ұлтты мемлекетте  аз ұлт өкілдерінің бөлек мемлекет  болып бөлініп шығуға немесе  автономия құруға ұмтылуы.

35. Мемлекеттің негізгі қызметі  заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған түрі:

А) Құқықтық мемлекет;

В) Әлеуметтік мемлекет;

С) Конституциялық монархия;

Д) Республика;

Е) Демократиялық мемлекет.

36. Мемлекеттердің және басқа  халықаралық субъектілердің әлемдік  сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығы  қалай аталады?

А) Халықаралық қатынастар;

В) Халықаралық саясат;

С) Әлемдік саясат;

Д) Жаһандастыру;

Е) Әлемдік даму.

37. Өз халқының, мемлекетінің мақсат-мүддесін  сезініп, біліп, оны іске асыруға  тырысушылықты   .............     ............   деп атаймыз.

38. Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің негізгі төрт қыры бары сізге мәлім. Төмендегі нұсқалардан сол қырларға жатпайтын нұсқаны табыңыз.

А) Құрылымдық бейімделу;

В) Азаматтық;

С) Саяси қатынасу;

Д) Жаңашыл адам;

Е) Қазіргі адам.

39. Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келу қалай аталады?

А) Компромисс;

В) Келісім;

С) Мәмілелік;

Д) Консенсус;

Е) Татуласу.

40. Бөлік деген қай саяси терминнің  негізінде жатыр?

Информация о работе Саясаттану пәні