Саясаттану пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:41, доклад

Описание работы

Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.
“Саясаттану” пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.doc

— 696.00 Кб (Скачать)

Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп  өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.

Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі  асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын  кейде ұмытып, бар билікті өзуысында  ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам  өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.

Адамның өзі дүниеге келтірген  саяси күш – мемлекет бірте-бірте оның өзіне ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға күш салды.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны  дамытуды мемлекет атаулыны жұтып қою немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен айтқанда, құқытық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген сөз.

Көпшілік арасында азаматтық қоғам  мен ұлттық мемлекетті бір біріне қарсы қойып, оларды бірін бірі теріске шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну кеңінен етек алып отыр. Бұл әрине дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, керісінше ол құқытық мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.

Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен шалыс қадамы жазаланып отырылады. Төрт-бес күнге көршілес елге барып қайту үшін де мемлекеттен

рұқсат сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет өз үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына да қол сұғып, жөн-жосықсыз араласудан біржола

арыла алмайды. Мұны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ қабылданған  заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық мемлекеттің қызметі.

Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне  қарсы әрекет етпейді. Керісінше, адам құқығын қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет деген ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы  аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны ажырата білген абзал.

Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі мен өзара қатынасы

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің  қалыптасуы бір бірімен өзара  тығыз байланысты.

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен  өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.

Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму дәрежесімен ғана өлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз үшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тұрғаны белгілі. Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде – алда тұрған жаңа белес.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.

Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, қоғамның әрбір мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей қызмет етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын, жариялылықты қорғауға тиісті. Құқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан, әділдіктен жалтарудан аулақ болуға тиіс.

Азаматтық қоғам адамдардың өздерін  еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын  қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық жүзеге асырылады.  Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.

Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық  қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым.

Құқықтық мемлекетті орнықтыру  да адамдардың ежелгі арманы болатын. Құқықтық мемлекетте заң емес, құқық  қалай жүзеге асырылатыны арқылы саяси институттар мен олардың  әрекеттеріне баға беріледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің ара-жігін ажыратып, оларды даралауға тікелей байланысты болмақ.

Құқықтық мемлекет  - адам қоғамының  өмір сүру формасының ең жетілген жоғары, биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік құрылым өз бетімен  келмейді.

Ол көп шарттарға байланысты. Құқық жүйесі – қондырма, базистің өзгеруімен бірге ол да жаңа сипат алады. Заңды адамдар жазады, бірақ бұл олардың ойына келгенін қағазға түсіреді деген сөз емес. Заң қоғамдық құбылыстардың дамуын қамтамасыз ететін шынайы ішкі байланыстарды бейнелейді.

Халық ежелден еркіндікке, бостандыққа  ұмтылған. Осы жолда небір тар  жол, тайғақ кешулерді бастан кешірген. 

 

9- т а қ ы р ы п 

САЯСАТТАҒЫ ДАУ-ЖАНЖАЛ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫС

Ж о с п а р ы:

Саяси дау-жанжал және дағдарыс

Этносаяси дау-жанжалдарды шешу жодары

 

Саяси дау-жанжал және дағдарыс

Жанжал деп әрбір қарсы жақты  қолайсыздықта ұшыратып, істі насырға  шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы  келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір  таласты айтамыз.

Саяси жанжалдар өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңде кмкілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән бермесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс түсініп, өз ерістерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы элитаның  қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға деген сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсылықтар, қақтығыстар болады. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетті түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады.

Этносаяси дау-жанжалдарды  шешу жолдары

Сондықтан қазір көбіне шиеленістерді  дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар:

Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара  кешірімділік жасасып, ортақ келісімге  келеді.

Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған  түрі – кліссөздер. Ол арқылы қарсы  жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады.

Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология  немесе қозғалыс ретінде көрініс  беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі  үш мақсатты алға қояды:

автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;

белгілі бір жерге, аумаққа иелік  ету құқығын алу;

өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен  бірдей мәртебеге жеткізу.

 

10- т а қ ы р ы п 

САЯСИ ПАРТИЯЛАР, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР  МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ  ҚР-дағы ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Ж о с п а р ы:

Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар  мәні, түрлері, ерекшеліктері

Партиялық және сайлау жүйелерінің  ерекшеліктері

 

Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері

«Партия» деген ұғым латын тілінен  аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған. Жалпы партиялардың даму кезеңдері:

аристократиялық котерийлер (үйірмелер);

саяси клубтар;

көпшілік партиялар.

Саяси партиялардың түрлері өте  көп. Мысалға: кадрлық, көпшілік, консерваторлық, реформаторлық, революциялық, заңды, заңсыз, басқарушы, оппозициялық, оңшыл, солшыл, орталық, парламенттік және антипарламенттік болып бөлінеді. Бұл партиялардың идеяларында, бағдарламаларында ерекшеліктері көрсетілген.

Қоғамдағы партиялардың санына байланысты, бірпартиялық, қоспартиялық және көппартиялық жүйелер қалыптасады.

Партиялардың негізгі қызметтері:

жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге көтеру;

басқа партиялармен бәсекелестікте болу;

белсенді мүшелерін саяси элитаға енгізу;

мемлекет пен азаматтық қоғам  арасындағы байланысты тұрақты ету, дамыту;

қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару.

Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы, олардың басты мақсаты  – мемлекеттік билікке ұмтылу, ал қоғамдық ұйымдар билікке ұмтылмайды, тек өзінің алдына қойған жалғыз мәселесін шешуге тырысады.

Қазақстандағы саяси партиялар  мен қоғамдық ұйымдар көп. Олардың  бағдарламалары, алдарына қойған мақсаттары анық көрсетілген. Партиялардың демократиялық  қоғамды орнатуда маңызы өте зор. Қазақстандық партиялар әлі қалыптасу үстінде деп айтуға болады.

 

Партиялық және сайлау жүйелерінің  ерекшеліктері

Мемлекеттің саяси жүйесіндегі  маңызды буыны – сайлау. Оның сипаты өкіметтің сайланбалы органдары  құрамына әсер ететіні сөзсіз.

Сайлау жүйесі дегеніміз - өкімет органдарына  ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібін айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Оның негізгі құрамдас бөліктері  төмендегідей:

берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында алып қарағанда, сайлаудың саяси ұйымдастырылуы бейнеленеді;

сайлау процесі сайлаудың тікелей  ұйымдастрыу жағын көрсетеді.

Сайлаушылардың берген даусын санау  тәсілі мен депутаттық мандат беру ретіндегі сайлау жүйесі дамыған  шетелдерде абсолютті көпшілікті мажоритарлық жүйе (Франция), пропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Франция), аралас жүйе түрінде қолданылады.

Енді осы сайлау жүйелеріне байланысты қолданылатын сайлау кампаниялары, жарнама, ПР, сайлау үлгілеріне тоқталып, олардың  Қазақстанда қолдану ерекшеліктеріне мән беруге тырысамын. Демократия көшіне бет алған тәуелсіз мемлекетіміздің кәсіби тұрпатта кемелденуін саралаудың мақсатты жолында төл сайлау жүйесін жетілдіру үшін әлемдік өркениет тәжірибесіне де назарымызда аударуымыз қажет деп ойлаймын.

Жоғарыда айтылғандарды қарасақ, алыс және жақын шет елдердегі  саяси технологиялар тәжірибелерін  және либералдық  демократиялық  дамуын зерттеудегі әдіснамалық  негіздің пайда болуы мен даму тарихына деген қызығушылық  заңды  және негізі бар құбылыс болып табылады.      Соңғы жылдары қазақстандық  қоғам терең, сапалы өзгерістерді басынан өткеруде, ол әлеуметтік-саяси жүйенің фундаменталды параметрлерін радикалды құрастыруымен байланысты. Мемлекеттің саяси іс-әрекетке монополиясынан бас тартуы, плюралистік және полисубъекті ретінде қазақстандық  саяси өмірдің қалыптасуы жаңа парадигмаларды қажет етеді және практикалық  қайта құру саласында, саяси нақтылықты теориялық  ұғыну жағынан да осындай талаптар бар.

 

11- т а қ ы р ы п 

САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ КӨСЕМДІЛІК

Ж о с п а р ы:

Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары

Саяси көсемділік: мәні, түрлері, қасиеттері

 

Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары

«Элита» термині француздың elite деген  сөзінен шыққан таңдап алынған, сұрыпталған  деген мағына береді. Элитаның түрлері өте көп: саяси, басқарушы, экономикалық, рухани, әскери т.б.

«Элита» терминін ғылымға алғаш  енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы  қатарлы идеяны ұсынуның арқасында  келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың  энергиясы азайып, ізденісі баяулай  бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен  жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.

Информация о работе Саясаттану пәні