Саясаттану пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:41, доклад

Описание работы

Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.
“Саясаттану” пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.doc

— 696.00 Кб (Скачать)

Қытайдағы саяси ілім тарихында  конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған  б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген ұлы  Қытай ойшылы Конфуций болды. Оның көзқарастары оның шәкірттері құрастырған «Лунь юй» («әңгімелер мен пікірлер») кітабында жинақталған. Бұл кітап ғасырлар бойы Қытай халқының өмірі көзқарасына, тәлім-тәрбиесіне едәуір ықпал етті. Оның даналық туралы өсиеттері әлі күнге дейін мәнін жоғалтқан жоқ. Ол «даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол – санамен саралау, ең оңай жол – еліктеу, ең қиын жол – тәжірибеден тәлім алу» деді.

Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды – патерналистік концепциясын жасады. Оның айтуы бойынша, мемлекет – үлкен  отбасы. Патшаның қол астындағыларға билігі әкенің балаға билігі ретінде көрсетіледі. Патшаның билігі отбасындағы жасы кішілердің ересектерге бағыныштылығымен теңестіріледі. Конфуций суреттеген әлеуметтік-саяси жүйедегі адамдар теңсіздігі, «қараңғы адамдар», «төменгі адамдар», «құрметті адамдар», «жоғары шенді адамдар», «лауазымды адамдар» ретінде көрсетіледі.

Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты  жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақсүйектер тобының билігін  жақтады. Биліктің зорлықсыз тәсілін жақтаған Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырады. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін ұстанған Конфуцийден «Шөп жел соққан жаққа қисаяды» деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерінен алыс тұратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынады.

Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда  жарық көрген «Шан цзюн шу» («Шан облысы билеушісінің кітабы») трактатында баяндалған.  Бұл тарктаттың негізгі бөлімдерін Шан Ян деген атпен белгілі болған Гунсунь Янь жазды. Легизм ілімінің негізін салған ол Шан облысының билеушісі болыд. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл «кімді кімнің жеңетіні» туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның

айтуынша, «халық өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, әрі  қуатты болады».

Легистер қайырымдылық пен адамгершілік қылмысқа апаратын тура жол, ал нағыз қайырымдылық пен сүйіспеншілік өзінің бастауын жазалаудан алады деп дәріптеді. Яғни олар мейірімділіктен бұрын қорқынышты алдыңғы орынға қояды. Олардың пікірінше елде жаппай тәртіпсіздік болмас үшін, мейірімділіктен гөрі жазалау басым болу керек. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей мен қорқыныш тудыру керек. Олардың бұл қағидасы үрей мен қорқыныш қана елде тәртіп пен заңдылық орната алады дегенді білдіреді.

Шан Янның басқару туралы концепциясы  адамдарға дұшпандық көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқылы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді. Легистер ілімін Шан Яннан басқа да Цзын Чань, Шэн Бу-хай, Ханфэй және т.б. одан әрі дамытты.

Көне түріктердің де қазіргі  кейбір шығыс мемлекеттерінің қалыптасуы мен мемлекеттік идеологиясына әсерін тигізді. Бұған шолу жасасақ.

Ерте түрік мемлекеттерінде VI-VIII ғасырларда тасқа қашалып жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің дүниежүзілік өркениет тарихында алатын орны ерекше. Бұл ескерткіштер жазба мәдениетінің ғана емес, сол кездегі саяси ойдың да асыл мұрасы болып табылады. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» шығармаларында сол бір тарихи кезеңнің саяси тынысы, түркі халықтары өміріндегі аласапыран оқиғалар, ел билеушілерінің отаншылдық, бірлік, намыс туралы түсініктері, наным-сенімі, ұлыс аралық қарым-қатынастар, жеңістері мен қателіктері баяндалады.

«Күлтегін» ескерткіш жырының  авторы Иоллық тегін өз дәуірінің  саяси қайраткері, қағанның кеңесшісі, тарихшысы болған. Ол бұл еңбегінде Түркі қағанатының қашан және қалай құрылғанын, қағанатты құрған және нығайтқан ұлы қағандар мен олардың қолбасшыларының өмірбаянын, қағандықты ұстап тұру үшін жүргізген ерлік күрестерін баяндайды. Қағандық билікті қолдаған Иоллық тегін түркі елінің бүтіндігі мен тәуелсіздігі үшін әкімдер мен бектерді өз уысында ұстап отыруды, олардың қарсылығын күшпен басуды дұрыс деп есептейді.

«Жоғарыда Көк тәңірі төменде Қара Жер жаралғанда екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласына менің  ата-бабаларым Бумын қаған, Істемін қаған үстемдік қылған. Таққа отырып түркі халқының мемлекетін басқарған, үкім-билігін жүргізген. Дүниенің төрт бұрышы түгел оларға дұшпан болған. Әскер құрып, жорыққа аттанып, олар дүниенің төрт бұрышының халқын түгел бағындырған» деп басталатын «Күлтегін» жазуының кіріспесінде түркі мемлекетінің қалай құрылғаны туралы мифтік көзқарастармен бірге, мемлекеттегі басқарудағы қаған билігі мен ол құрған тәртіптер жайы да айтылады.

Орта ғасырлар мен  Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси  идеялар

Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен  құқық туралы ойлар Әбу Насыр  әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты  талқыланды. Саясат, мемлекет және билік  арасындағы айырмашылықтарға көңіл  бөлмеген араб философы бұл ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек ойшылдары Аристотель және Платонның еңбектріне сүйенді. Саясат. Ол үшін өзі «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады. Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді.

Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының  көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан

құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан». Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды,

маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші  топтағы  шешендерге – діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер.

Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп  есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады».

VIII-XI ғасырларда Орта Азия мен  Қазақстанда ислам дінінің таралуына  байланысты араб тілі мен жазуы  кеңінен қолданыла бастады. Ірі  қалаларда білім беру ісі мен  ғылым дамыды. Араб Шығысы мен  Үнді-Иран және Орта Азия әлемінде аталған кезеңде әдебиет пен ғылымның, саяси ой пікірдің дамуына тікелей әсер еткен ақыл-ой төңкерісі болды. Мұсылмандық Ренессанс деп аталған осы дәуірде өмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки және тағы басқа ғұламалардың шығармалары мен еңбектері кеңінен  мәлім болды.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде  қалай бақытқа жетуге болады деген  сұраққа қалай жауап бергенін көре аламыз. Шығарманың негізінде  әртүрлі қасиетке ие төрт мемлекеттік қызметкердің өзара әңгімесі алынған. Ол әділдікке «Күнтолды» (Ел басшы), Бақытқа «Айтолды» (уәзір), Ақылға «Өдүлміш» (уәзірдің баласы), Игілікке «Оғдұрмыш» (уәзірдің інісі) есімдерін береді. Бұл қасиеттерді жеке-жеке сипаттаған автор олар бір-бірінен тәуесіз өмір сүре алмайды деп қорытынды жасайды.

Билеушілер  мен әкімдер халық  мүддесімен санасып билік етсе елге ұнамды болады. «Патша жоғарылаған  сайын жүгі ауырлайды», «Жақсы тәртіп орнат – сонда сыйлайды, опасыз халық бір уысқа сыймайды». Билік – мансап үшін берілген сыбаға емес. Билеушінің сыйлы болуы оның орнатқан тәртібіне байланысты болмақ. Ел билеу тек жақсы заңдар мен ережелерден тұрмайды. Саясат Баласағұнның ойынша, мемлекетті басқарудың сан қилы әдістерін игеру, алуан мінезді қоғамды уыстан шығармау, тентекті тыйып, әлсізді қорғау, қажетті жағдайда күш те қолдана білу.

Махмұт Қашқари («Диуани лұғат-ат-түрік») әкімдердің ел билеуде ақыл-парасат  пен әдептілікке және кішіпейілділік үйір болуын талап етті. «Ұлық болсаң – ізгілік ет», сонда ғана сенің қарамағыңдағы халық соңыңнан ереді, сенім білдіреді. Жағымсыз әдеттер әкімдер үшін олардың қызмет бабына сиыспайды. Ел билеуде күшке сенгеннен ақылға жүгіну әлдеқайда тиімді нәтиже береді. «Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың».

Өзінің жеке басының пайдасын күйттеген  әкімдер елге опа әпермейді. Әкімнің  барлық іс-әрекеті халықтың көз алдында, халықтан ешнәрсені де жасыра алмайсың, қандай ауыр кезең болса да халқыңмен  бірге болуды үгіттеген.

«Мемлекеттің қазынасы халықтың табан ақысы, маңдай тері. Әмірші қазына кілтін ұстаған адамға аса сақтықпен қарағаны абзал. Алтын мен күміс бар жерде ұрлық жүрмей қоймайды. Ұрыны ұстасаң, дереу әшкере ет. Бүгін қалсаң, өзің де ұрысың».

«Үлкен кісі шақырса, ізетпен бар  – сонда бол, қуаңшылық жылында, халық қайда – сонда бол». Халық болмаса, сенің билігің кімге керек, билік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынасты тәртіптілік пен заңдылықты сақтаумен бірге, шаруашылық істермен реттеуге, әділдікті қалпына келтіруге, зорлық-зомбылықты болдырмауға да арналған.

Ерте түрік дәуіріндегі ірі  ойшылдардың бірі, бүкіл түркі  елін бірлікке шақырған Қожа Ахмет  Яссауи еді. Яссауидің басты еңбегі «Диуани хикмент» («Даналық кітабы»). Ол адам мен қоғам мәселелеріне де айрықша назар аударған. Ислам  дінінің өнегелікке,

таным-болмысқа қатысты ақыл-ой, парасат  туралы құндылықтарын кең насихаттаған ол бұқара халыққа үстемдік құрған әмірлердің, бектердің, қазылардың әділетсіз  істерін 

сынайды, бұл дүниенің жалғандығын  сынайды. Оның сопылық ілімінің басты  мақсаты адамды жетілдіру, адам бітіміне тән кейбір жағымсыз әдеттерді сынау. Сондықтан да Яссауи құдай атынан парасаттылыққа, әділдікке, тазалыққа үндейді. Оның ілімінде адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі. «Кімде-кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде-кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады». Жамандықты жасаушы адамдар, оны алла да жақтырмайды.

Адамдардың барлығы құдай алдында  тең. Олардың теңсіздігі адамдардың жағымсыз іс-әркеттерінен туындаған. Ахмет  Яссауи адам бойында кездесетін тойымсыздық, ашкөздік, екіжүзділік, даңққұмарлық, надандық сияқты жаман қасиеттердің болатынына өкініш білдіреді, мұндай жағымсыз әдеттерден арылуға шақырады, адамдарды бір-бірін құрметтеуге, көмектесуге, жақсылық жасауға үндейді.

Христиандық Батыстағы саяси ілім дамытқан өкілдердің бірі: Фома Аквинский (Аквинат., 1225-1274). Еңбектері: «Теологияның жиынтығы», «Жаратқан құдайдың абыройы үшін». Оның ойынша адамдар алғашқы кезден-ақ бірігуге және мемлекетте өмір сүруге ұмтылған, өйткені олар жеке дара өз қажеттіліктерін өтей алмайды. Мемлекеттің мақсаты – «жалпы игіліктер», саналы өмір мен тұрмыс үшін қажетті жағдай жасау. Мемлекеттік биліктің үш элементін анықтайды. Олар: 1. Биліктің мәні. 2. Биліктің пайда болу формалары. 3. Билікті пайдалануы. Заңдардың үш түрін атап көрсетеді: Мәңгі заңдар, табиғи заңдар және позитивті заңдар.

Никола Макиавелли (1469-1527). Атақты шығармалары: «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі  жөнінде ойлар», «Флоренция тарихы». Макиавелли алғаш саясатты адамгершілік принциптерден бөліп қарады. «Мақсат - әдіс-тәсілді ақтайды». Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс. Макиавеллидің ойынша, әлемде теңдей дәрежеде қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен зұлымдық бар, бірақ олар бір елден бір елге жылжи отырып, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін.

Томас Гоббс (1588-1679) мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде жалпыға  бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті  сақтау үшін пайда болды. «Левиафан» атты еңбегінде мемлекет пен ағзаны салыстырған. Гоббстың пікірі бойынша күшті орталықтанған мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен жасалатын қоғамдық шарт негізінде құралады. Билеушінің парызы- халықты жақсы басқара білу, себебі, мемлекет билеуші үшін емес, халық үшін құрылған.

3.Жаңа заман және  ХХ ғасырдағы саяси ілімдер 

Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар  рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, георграфиялық орта, заң, дәстүр, дін  тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.

Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету  мақсатында және төңкерістерге жол  бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген.

Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар  өздерінің тұлғалық қасиеттерін  ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.

Гаэтано Моска (1853-1941) итальян саясаттанушысы «Басқарушы тап» атты еңбегінде, қоғамның басқарушыларға және бағынушыларға бөлінетінін көрсетеді. Алғаш рет элита теориясының негізін қалайды. Халықты ұлттық және діни сезімдерге негізделген идеяларды пайдалана отырып басқаруға болады, ол халықты алдау деп элитаның негізгі қызметін сынайды.

Ханна Арендт (1906-1975) австриялық саясаттанушы. «Тоталитаризм тамыры» атты еңбегінде тоталитаризмнің пайда болуын және мәнін зерттеген. Тоталитаризмді үшке

өледі: коммунизм, национал-социализм, фашизм. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға  тән құбылыс екенін дәлелдейді.

Морис Дюверже (1917 ж туған) француз саясаттанушысы. Еңбегі: «Саясат идеясы». Саясатқа мынадай анықтама береді: «Саясат, бір жағынан алып қарағанда әділдікті орнатушы күш, ал екінші жағынан идеялар мен принциптер арасындағы келіспеушілік». Дау-жанжалдың екі түрін көрсетеді: горизанталды және вертикалды.

Информация о работе Саясаттану пәні