Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудуру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 19:33, курсовая работа

Описание работы

Бұл зерттеуде өркениет феномені болып табылатын аударма мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастырылады. Ол үшін ізденісте аударманы қажет еткен тілдердің пайда болу, бөліну тарихынан бастап, адамзат мәдениетіндегі қарым - қатынас куәгері болған аударма ісінің өз тарихы, аудармаға қатысты теориялық ізденістер тарихы, аударманың лингвомәдениеттанулық контексті, аударманың мәдениеттер сұхбаттастығының жемісі – өркениеттілік өнімі екендігі, отандық мәдениеттегі аударма ісі, аудармашы тұлғасының көшпелі - маргиналды тезаурусы және т.б. қамтылды

Содержание

КІРІСПЕ
1. АУДАРМАНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері
1.2 Аударма туралы теоретик-ғалым жазушылардың ой-пікірлері, түсінік хаттамалары

2. АУДАРМАНЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ САЛЫСТЫРМАЛЫҒЫ
2.1 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі
2.2 Аударманың өркениет және мәдениет арасындағы сыбайластығы мен қарым-қатынасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

курсовая работа.docx

— 82.86 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

1. АУДАРМАНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1   Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері

1.2 Аударма туралы теоретик-ғалым жазушылардың ой-пікірлері, түсінік хаттамалары

 

2. АУДАРМАНЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ САЛЫСТЫРМАЛЫҒЫ

2.1 Аударманың мәдениет  тарихында пайда болуы және  оның мәдениеттер сұхбаттастығын  қалыптастырудағы рөлі

2.2 Аударманың өркениет  және мәдениет арасындағы сыбайластығы  мен қарым-қатынасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

 

                           

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бұл зерттеуде өркениет феномені болып табылатын аударма мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастырылады. Ол үшін ізденісте аударманы қажет  еткен тілдердің пайда болу, бөліну тарихынан бастап, адамзат мәдениетіндегі қарым - қатынас куәгері болған аударма ісінің өз тарихы, аудармаға қатысты теориялық ізденістер тарихы,  аударманың лингвомәдениеттанулық контексті, аударманың мәдениеттер сұхбаттастығының жемісі – өркениеттілік өнімі екендігі, отандық мәдениеттегі аударма ісі, аудармашы тұлғасының көшпелі - маргиналды тезаурусы және т.б. қамтылды.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін  алған күннен бастап рухани бастауларының  көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің  озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің заману талабына сай болу үшін, мәдени-өркениеттік бәсекелестік « сахнасында » өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмау үшін өзгенікін де біліп, саралап отыру керек. Ғаламдық сипаты күн өткен сайын « тайға таңба басқандай » айқындала түскен заманда мәдени бірегейлік тағдыры толғантқан ұлттық мәдениет « ұлы көштен » қалмастың да қамын ойлағаны жөн. Ол үшін ұлттық мәдениет өзінің өміршеңдігін ұзартатын жалғыз жол – өркениеттер арасындағы мәдени сұхбат жолын ғана бетке алуы тиіс. Мәдени сұхбат үрдісі аясында ұлттық мәдениеттің жаңғыруы өзге мәдениеттер даярлаған мол мұраны жатсынбай, сіңіре білу қабілетіне барып тіреледі.

Жұмыстың өзектілігі: Курстық  жұмыстың өзектілігінде бұл тақырыптың, яғни, қазіргі замандағы  аударманың маңыздылығы, ерекшелігі, рухани мәдени өмірде алатын орны жайлы болмақ. Қазіргі кезде қандай аударма түрі болмасын, әрбір аударманың өзіндік ерекшелігі болады. Жанама немесе тікелей аударма аясында әрбір қойылған талаптарға сай аударманың өзіндеік не болмаса, нақты түпнұсқасын беруге тырысады. Сол сияқты қазіргі кезде тек қана шет тілдерден аудару ғана емес, белгілі бір қарастырып отырған терминнің де түсініктемесін аударма ретінде береді. Менің  бұл тақырыпты тандаған себебім, қазіргі кезде аударма мәселесі кең ауқымды белең алып отыр.  Қандай бағытқа бет алсаңда барлық жердің талаптарына сай аударманың маңыздылығы зор болып табылады. Қазіргі таңда Елбасының жолдауына, қойған шарттарына сай барлық  құжат-хаттамалардың өзі де орыс тілінен қазақ тіліне аударылып жатыр. Міне, аударманың рөлін осыдан – ақ байқауға болады.

Жұмыстың мақсаты: Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты қазіргі замандағы аударма үдерісінің маңыздылығы және ерекшелігі болып табылады. Бұл тақырып аясында барлық бағытты қамту, маңыздылығы мен рөлін қарастыру.

Жұмыстың міндеттері:

-жұмыстың басты міндеттері алдымен, аударманың мәдениеттанулық мәселелерін ашу;

- оның ішінде берілген тақырыпшалар, яғни, аударма туралы түсінік және оның қалыптастыру кезеңдерін барынша айқындап баяндау;

-сонымен қатар, аударма туралы теоретик-ғалым жазушылардың ой-пікірлері, түсінік хаттамалары. Әрбір зерттеушілердің аударма жайлы қолдану материалдарын көрсете отыру, жұмыс барысында қарастыра кету;

-содан кейін, аударманың онтологиялық салыстырмалығын айқындау;

-оның ішінде аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы  рөлі зор екендігін жоба барысында қолдану және қарастырып, тақырыптың мәнін ашу;

-аударманың өркениет және мәдениет арасындағы сыбайластығы мен қарым-қатынасының сапалығын беру.

Теоретикалық  маңыздылығы: Негізінен бұл тақырып барысында көптеген ғалымдар ой қозғаған болатын. Бұл тақырыпты барынша ашуға тырысқан және де өздерінің барлық амал-тәсілдерін көрсеткен. Мәселен, аударма жайлы, аударманың үдерістерімен қазақ жазушылары  М.Дулатов, А.Байтұрсынов сынды ақындар ой тербеткен. Ал шетел ғалымдарына келетін болсақ, Цицерон, Этьен Доле, Юджин Альберти Найда сияқты жазушыларды айта кетуге болады. Мысалы, аударма жайлы Дж.Стейнер өз пайымдауынша қарастырған. Ол аударма тарихын төрт негізгі кезеңге бөлген. Ал Ж.Мунэн болса, аудармаға тосқауыл болатын мәселелерді үш топқа біріктірген. Сол сияқты басқа да ғалымдардың еңбектерін қарастыру заңды болып табылады. Жұмыс барысында өзге де жазушылардың аударма жайлы қарастырған теоретикалық маңыздылықтарын көрсете отыру.

Практикалық маңыздылығы: Менің таңдаған тақырыбымның практикалық маңыздылығы қазіргі таңда кең ауқымда белең алып отыр және де өз алдына қойған рөлі де ерекше. Өйткені қазірде аударма әрбір жұмыс барысында аса қажет. Әрбір мамандықтың не болмаса таңдаған бағыттың өзіндік аса ерекшелігі ең болмағанда немесе бір болмасын бір құжатта аударма керек болады. Тым болмаса нақты түпнұсқадағы аударма болмасын, кем деген әйтеуір кез келген мәтіннің не болмаса сөздің аудармасы немесе баламасы қажет. Сонымен, айтайын дегенім, менің ойымша бұл тақырыптың өзектілігі де, маңыздылығы да зор.

Адамзат жазулы тарихта жүргеніне  біраз уақыт болғандықтан көптеген рухани құндылықтар қағаз бетіне түсірілген мәтін ретінде тіршілік етіп жатқандығы кімге де болса мәлім. Сол мол қазынаны өзіміздің бай  мәдени мұрамыздай көріп, одан шығармашылық шабыт алу үшін, алдымен, сол қазынаны түсінікті ететін амал-тәсіл керектігі  даусыз. Ендеше, түрлі тілде сөйлейтін  адамзаттың ортақ мұрасын өз мәдени мұрамыздың іргелі бөлігі деп қарауға мүмкіндік берер аударма мәселесі бүгінгі таңның өзекті тақырыбы.

2003 жылы Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра » кешенді Мемлекеттік бағдарламасы [1] қабылданған болатын. Ол Қазақстан Республикасының « Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы » [2], « Мәдениет туралы » [3], « Ұлттық мәдени қор мен мұрағаттар туралы » [4] заңдарына сәйкес қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламада гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын қалыптастыру міндеті қойылған. Бұл бағдарлама, біріншіден, әлемдік мәдениеттің озық классикалық шығармаларының (мейлі ғылыми, мейлі әдеби, мейлі философиялық болсын) толығымен қазақ тіліне аударылуын көздесе, екіншіден, қазақ халқының бай рухани мұрасын дүйім жұртқа кеңінен таныту әрі тарату үшін орыс және басқа да әлем тілдеріне аударуды  да көздеп отыр. Қарап отырсақ, жалпы бағдарлама түгелдей дерлік аударма ісімен байланыстылығын танытады. Бұл да осы қарастырылып отырған тақырыптың теориялық зәрулігін білдірсе керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауында [5] қойылған модернизация міндеттемелері әлеумет өмірінің сан саласын қамтығанмен, өзінің түпкілікті мағынасында қоғамды гуманизациялауға бағытталған. Онда да әлемдік адамзаттық құндылықтарды тарату мен тасымалдау жолы аударма ісіне барып тірелетіндігі белгілі.

Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі өзіндік бірегей орнының нығаюы мәдени-тілдік алыс-берісті арттыру  ісіне, яғни аударма ісіне де тәуелді. Елдер мен халықтар арасындағы саяси-экономикалық, рухани, мәдени байланыстар ауқымының  ұлғаюы аударма ісінің білікті мамандарын ғана даярлауды қажет етіп қоймай, сонымен қатар, тәржіма туралы теориялық  зәру мәселелерді күн тәртібіне  ұсынады.

Жер шарын мекендеген мыңдаған халықтардың түрлі тілде сөйлеу факті, сонымен қатар, күн өткен  сайын өсіп келе жатқан мәдениетаралық коммуникация аударма ісін күнделікті қажеттілікке айналдырып отыр. Аударма  әрі көне, әрі жаңа өнер. Аударманы  өнер деп атаудың өзі де оның мәдени әлеуетінен хабардар еткендей. Ал сол  аударма барысында орын алатын мәдениеттер  сұхбаты өркениеттілік болмыс-бітімнің өзіндік ерекшелігін сомдайды. Ендеше, аударманы зерделеу –  оны өз еншісіне айналдырған тілтанудың, әдебиеттанудың ғана жеке ісі емес, мәдениеттану сынды әмбебап әрі пәнаралық ғылымның да ортақ ісі болмақ.

Осы монографияға атау болып  отырған мәселенің өзектілігі мен  маңыздылығы  мәдениеттер арасындағы сұхбаттастыққа тікелей байланысты болғандықтан, аударма ісін мәдени байланыстар мен өзара ықпалдастықты негіздеудің күрделі феномені ретінде қарастыруға мүмкіндік аламыз.

 

 

1 АУДАРМАНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Аударманың  мәдениеттанулық мәселелеріне не жатпақ деген сұрақ туындары заңды. Ол үшін, алдымен, аударманың мәдени феномен екендігі де, оның адамзат мәдениетімен тығыз байланыстылығы да шүбә келтірмес айғақтар екендігін еске сала кеткіміз келеді. Әрине, аударма – мәдени құбылыс. Өйткені, біріншіден, аударманы қажет етуші де, жасаушы да адам. Ал адам мен мәдениетті бөліп-жарып қарастыра алмайсыз, себебі мәдениет – адами болмыс ету нәтижесі. Екіншіден, аударма – мәдениетаралық байланысты жеңілдетіп, мәдениеттердің жандануына, баюына үлкен ықпал ететін құбылыс.

Аударманың, соның ішінде, әсіресе, көркем - әдеби, поэтикалық аударманың әдебиет, поэзия сынды өнер қатарына жататындығы да қисынды. « Прозадағы аудармашы – құл, ал поэзиядағы аудармашы – қосавтор » деген В. Жуковскийдің қанатты сөзі бекерден бекер айтылмаса керек. Ол аударманың өнер ретіндегі көрінісін танытады. Сонымен, аударманың мәдениеттің айнасы болып есептелетін өнерге де тікелей қатысы барлығы оның мәдениеттанулық құбылыс ретінде анықталуына тағы бір себеп болады. Сөйтіп, аударма – шығармашылық әрекет түрі ретінде де мәдениеттанулық зерттеу нысанына қойылар талаптар биіктігінен көрінеді.

Аударманың адамзат мәдениеті  тарихында көрінуі және де жалпы  мәдениеттер арасындағы қарым-қатынасты  өрбітуге тигізген ықпалы да, әрине,  өз алдына, үлкен мәдениеттанулық мәселе.

Аударма ісінің мәдениеттің  мәйегі болып есептелетін тіл  мәселесімен етене тығыз байланыстылығы бүгінгі таңда кең жайылып келе жатқан « дефистік (hyphnated) ғылымдар », немесе пәнаралық зерттеулер жемісі – лингвомәдениеттанулық ізденіс аясын көрнекілейді.

Аударма деген жалпылама  ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша тілмаштық, жазбаша тәржіма, еркін баяндау, әңгіме ету және тағысын  тағылар…) адамзат мәдениетімен, адамның  мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен  тығыз байланысты құбылыстар. Оған қоса, аударма ісі, расында да, мәдениетаралық байланыстарды нәтижелі ететін әрі  өзі сол қарым-қатынастардың салдары  ретінде пайда болатын қызмет. Сондықтан да аударманы пәнаралық  ізденістер шекарасында – мәдениеттануда зерделеудің өзіндік қисыны бар.

Информация о работе Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудуру мәселелері