Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудуру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 19:33, курсовая работа

Описание работы

Бұл зерттеуде өркениет феномені болып табылатын аударма мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастырылады. Ол үшін ізденісте аударманы қажет еткен тілдердің пайда болу, бөліну тарихынан бастап, адамзат мәдениетіндегі қарым - қатынас куәгері болған аударма ісінің өз тарихы, аудармаға қатысты теориялық ізденістер тарихы, аударманың лингвомәдениеттанулық контексті, аударманың мәдениеттер сұхбаттастығының жемісі – өркениеттілік өнімі екендігі, отандық мәдениеттегі аударма ісі, аудармашы тұлғасының көшпелі - маргиналды тезаурусы және т.б. қамтылды

Содержание

КІРІСПЕ
1. АУДАРМАНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері
1.2 Аударма туралы теоретик-ғалым жазушылардың ой-пікірлері, түсінік хаттамалары

2. АУДАРМАНЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ САЛЫСТЫРМАЛЫҒЫ
2.1 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі
2.2 Аударманың өркениет және мәдениет арасындағы сыбайластығы мен қарым-қатынасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

курсовая работа.docx

— 82.86 Кб (Скачать)

Юджин Альберти Найда –  әйгілі американ лингвисті. Ол аударма мәселелерімен өзінің американдық Інжілдік қоғам өкілі ретіндегі көпжылдық қызметінің нәтижесінде айналысқан болатын. Өйткені аталған қоғам Інжілді әлемнің 75 елінің 200-дей тіліне аударған көрінеді. Ол 1964 жылы « Аудару ғылымына қатысты » деген кітабын басып шығарды. Ол кітап Інжілді аудару мәселелеріне арналса да, көбінде, қазіргі аударма теориясының іргелі сұрақтарына тоқталуымен танымал кітап.

Ю. Найда аударма барысында  түпнұсқаның коммуникативті әсерін жеткізу мәселесіне басты назар  аудару керек деп біледі. Өз мақсатына  жету үшін аудармашы өзінің тәржімасының оқырманының ерекшеліктерін үнемі  есте ұстауы тиіс деп біледі ол. Сондықтан  да Ю. Найда өзінің аудармашылық концепциясының орталық ұғымы ретінде « рецептор реакциясы » деген ұғымды алады. Дәл « реакция » аударманың сапасының бағалануының өлшемі болуы тиіс деп біледі. Аударма сапасы оны түпнұсқамен салыстыруда жатқан жоқ, оны қабылдаушы рецепторлардың алар әсерінде жатыр деп біледі. Аударма түпнұсқа мәтінін толықтай коммуникативті мәтінмен алмастыра білуі тиіс. « Аударма дәл аударма ма? » деген сұрақ іле-шала « Кім үшін дәл аударма? » деген сұрақты ала жүрсе керек.

Өзінің аудармашылық мектебі  бар Ю. Найда солармен біріге отырып,   аударманың мәдени - этникалық аспектілеріне бар күшті салады. Демек,  мәселе қабылдаушы тіл өкілінің аударма мәтінін жатсынбауында болып тұр. Ендеше, ол үшін аударма мәтіні мүмкіндігінше  қабылдаушы рецептордың мәдени - этникалық ерекшеліктерін, табиғи ландшафтының айырмашылықтарын ескеруі тиіс дейді. Демек, мәтінді аударма барысында мәдени бейімдеуге, адаптациялауға тура келеді дейді.

Егер Христос өзін «  Мен – өмір нанымын » (« Я  – хлеб жизни ») деп атаса, нанды жүгері күлше ретінде ғана қабылдайтын мексикандық индеецтер үшін оны « Мен – өмір күлшесімін » деп аударған жөн. Егер Рецептор ешқашан қасқыр көрмесе, бірақ койотпен күнде кездесіп жүрсе, әрине, оған қасқыр дегенді койотпен алмастыру керек дейді. Рас, 1976 жылы шыққан шығармаларында Ю. Найда осында келтіріліп өткен ойларына біраз өзгерістер енгізгенін де айта кеткен жөн шығар. Өйткені оның талаптары мәтіннің жазылған, құрастырылған жерінің өзіндік ерекшелігін  жұрдай етіп жіберер еді.  Кейініректе Ю. Найда мәдени бұйымтайлардың (реалийлердің) орнын қабылдаушы мәдениеттегі соған ұқсас келетінімен ауыстырғаннан гөрі, оларды қосымша сілтемелер, түсініктемелер беру арқылы нақтылауға көп мән бере бастады [25].

С. Басснетт - Макгайр « Аудармашылық ізденістер » деген кітабында өзінің аудармашылық ізденістерінің аударма тарихына байланысты бірінші тарауында кезінде Дж. Стейнер берген кезеңдеме тарихи ізденістерге қойылатын талапқа толық сай емес деп таниды. Аударма тарихын кезең - кезеңге бөліп қарамай, қалыптасқан аудармашылық мектептердің бағыттарына сай қарастыру керек деп біледі.

С. Басснетт - Макгайр болса өзінің берген кезеңдемесінде мынадай тарихи үрдістерге тоқталады:

Көне Римдегі грекиялық  түпнұсқаға қол жеткізу үшін жасалған « еркін аударма » және соған сай өз тіліңде шығарма тудыруға  талпыну. Ал Інжіл аудармашылары, керісінше, сөзбе - сөз аудармаға ден қойған болатын. Өйткені орта ғасырларда сәл өзгерген сөз үшін шіркеу « ересь » деген жала жауып, аудармашының басы кетер еді.

Жаңа еуропалық тілдердің  пайда болуымен байланысты үрдістер. Ол кезеңнің аудармаларында көптеген кірме сөздерге ден қою, еліктеу  пайда болып, аудармашылар шетелдік сөздерді өз тілдерін байыту жолы ретінде  қарастырған болатын. Классикалық  тілдер мен сол тілде жазылған шығармаларды ұлттық тілдерді нығайту  үшін пайдалану барысы аудармадағы  еркіндіктерге жол берген. Аудармашы  өзін орталық дәнекер буын ретінде  емес, мәдениет қайраткері ретінде, революционер ретінде сезініп, өзінің қызметін ел-жұртына, заманына  қажет деп шабыттанған. Соның буымен аудармашылардың біраз еркінсіп, түпнұсқада болмаған дүниелерді мәтінге  араластырып жіберетін кездері де болған. Мысалы, ХҮІІІ ғ. Францияда « түзетуші аударма » деген құбылыс кең етек алған болатын. Олар аударылған дүниені француздардың нәзік « жоғары талғам » талаптарына сай ету үшін  « көркемдеп, безендіре өңдейтін – мыс ».

Келесі бір үрдістерді С. Басснетт - Макгайр « романтизм » және « постромантизм » деп атайды. Бұл концепциялардың өкілдері – Шлегель, Шелли, Шлейермахер, Карнейл, Морристер аударманың халықтың мәдениеті мен әдебиетін дамытудағы рөлін баса айтып, аударылған тілдің өзіндік « өңін » (« шармын ») сақтау керектігін қолдаған.

С. Басснетт - Макгайр тарихи шолулармен бірге аудармашы тұлғасының да өзіндік орнына басты назар аударып, оның бір мезетте, бір тұлғада бірнешеме рөл атқаратындығын тұжырымдайды. Мысалы, аудармашы мәтінмен жұмыс істеп, оны аударып қоюшы ғана емес,  « аудармашы – ең алғашқы оқырман » деген анықтама береді [26].

А. Нойберт – неміс лингвисті – аударма теориясындағы прагматиканы аударманың маңызды аспекті ретінде алып қарастырады. 1968 ж. жазылған « Аударманың прагматикалық аспектілері » деген кітабында ол адекватты аударма түпнұсқаның прагматикасын сақтай білуі керек дейді.

Прагматика ұғымын Альберт  Нойберт кең ауқымда талқылайды. Бәріміз білетініміздей, прагматика – тілді пайдаланушылардың тілдік белгіге деген қатынасы. Ал Нойберт  прагматика айтушының айту форматын таңдауының  тыңдаушыға тигізер әсерін зерттейді деп есептейді. Сонымен, прагматика өзіне стилистиканы қосып алады да өзін жүзеге асыртып отырған грамматика мен семантикаға қарсы қойылады. Бұндай түсініктемеде аударманың мақсаты – түпнұсқаның прагматикалық қалдырар әсерін сақтау. Себебі аударманың грамматикасы мен семантикасы аударылған тілдікі болмақ, ал қалатыны – прагматика. А. Нойберттің айтуынша, аударылу мәселесін мәселе ететін де осы прагматика болса керек. Нойберттің осы көзқарасы – қазіргі аударматануда кеңінен танымал көзқарас.

А. Нойберттің « Мәтін  және аударма » (1985) деген монографиясы мәтін категориясын аударма мәселесімен байланыстыра қарастырады. Жалпы, А. Нойберт кез келген коммуникация мәтіндер арқылы жүзеге асады деп есептейді. Кез келген мәтін құрылымдық -семантикалық біртұтастық ретінде тіршілік етеді. Мәтіннің жалпылама біртұтас құрылымы макроқұрылымдар қатарынан тұрады. Ал олар, өз кезегінде, көптеген микроқұрылымдардан жинақталады. Мәтіннің жалпылама мағынасы сол мәтін құрастырылған сөздер мен мәтін құрылымдарындағы семантикалық материалдардың барлығының жиынтығынан да артық шығатын мәнді білдіреді деп қорытындылайды ол [27].

Аударматануда аты қалған, өзіндік орны бар зерттеушілер жеткілікті, олардың барлығының көзқарастарымен  бір монография көлемінде үстірт те болса таныса қою, бәлкім, қиын болар әрі біз ондай « скопос » (мақсат) қойып та отырған жоқпыз. Мұнда бізді көбінде мәдениеттанулық ұстанымы бар  аударма теориялары мен концепциялары қызықтырғанын да жасыра алмаймыз. Аударматанушылық ғылым саласында өзінің әдеттегідей үйреншікті емес пікірлерімен есте қаларлық тель - авивтік Гидеон Туридің концепциясымен осы бір қысқаша экскурсты тәмамдауға да болады.

Г. Тури өзінің концепциясының « бісмілләсін » аударма теорияларын сынаудан бастайды.  Г. Тури « Аударма теориясын іздестіру барысында » (« В поисках теории перевода », 1980) деген кітабында [28] барлық аудармаға қатысты теориялар жалған алғышарт ұстанады деп біледі. Оның себебін Г. Тури аударматанушылардың аударманы бастапқы мәтін – түпнұсқаға қарай, сол мәтін жазылған тілге қарай бағалауынан табады.

Г. Тури аударма концепциясын « сипаттамалық » концепция деп біледі. Ал аударма мүлдем басқа постулаттардан құралады. Ол концепция процеске емес, аударма нәтижесіне – алынған жаңа мәтінге басты назар аударады. Аударма мәтіні Г. Тури үшін басты категория. Егер қандай да бір мәтін аударма деп танылар болса, сонысымен де ол түпнұсқамен қатынаста эквиваленттілік танытқан мәтін болар еді. Аударма, Г. Тури түсінігінде, телеологиялық категория, өйткені оның жүзеге асу барысы мен нәтижесі оның түпкі мақсатына – аударма мәтінін алуға бағытталған. Сонымен, келтірілген экскурс барысында аударма туралы түсініктің қалыптасуын, аударма теориясының тарихи эволюциялық жолын, ондағы аударманың мәдениеттанымдық теориясына мұрындық болар концепцияларды қарастырдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. АУДАРМАНЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ САЛЫСТЫРМАЛЫҒЫ

 

Аударма – шындық, бар  нәрсе, орын алып отырған дүние. Оны  ешкім әдейілеп, еріккеннен ойлап  тапқан жоқ, ол өмірлік қажеттіліктен  туындады. Ол қажеттілікке себепкер не дейтін болсақ, ол – табиғи тілдің  сан түрлі екендігі деп жауап берер едік. Жер бетіндегі Адам ата мен Хауа ана балалары әр тілде сөйлейді. Этнологтар, тілтанушы мамандардың айтуы бойынша жер жүзінде 4-5 мыңдай тілдер бар көрінеді. Үш қана нәсілге бөлінген алты құрылықтағы 2 миллиардтай жұртшылыққа тым көп емес пе?! Неге сонша көп болды екен? Адамзаттың жаратылысы бір, зады бір ғой?! О баста ортақ тіл болды ма екен? Болса – неге ол ұмыт қалған? Оны қайта қалпына келтіруге болады ма? Жалпы адамзатқа әмбебеп тіл – жасанды тіл ойлап табылған күнде ол кең пайдаланысқа түсуге жарамды ма? Осы сияқты сұрақтар легі толассыз туа берері сөзсіз.

Аталған сұрақтарға жауап  беретін аударма тарихынан сөз  бастамас бұрын, еуропалық аударманың әйгілі теоретиктері мен тарихшыларының бірі болып табылатын Анри Ван  Офтың Батыс Еуропадағы аудармашылықтың  тарихы туралы жазған кітабының алғысөзінен үзінді келтіргім келеді: «Егер сіз аударма тарихы туралы жазғыңыз келсе, онда бірқатар сұрақтарға жауап беруге дайын болуыңыз керек. Аударма қашан пайда болды? Неліктен  адамдар  бірін бірі аударады? Барлық замандарда аударма ісі бірдей дамыды ма? Аударма тарихында оған аса қолайлы кезеңдер болды ма?… Сұрақтар тізімін ары қарай да жалғастыра беруге болады. Басқаша айтқанда,  пәндік сала өте кең. Шынында да, аударма теориясын зерттеу әлем тарихын, өркениет тарихын зерттеумен бірдей, бірақ ол зерттеу аударма тұрғысынан алынған және сонысымен де ерен зерттеу » [7, 19 б.].

Ендеше, аударма қашан  пайда болды деген сұрақ туындайды. Әрине, оған нақты жауап беру өте  қиын. Себебі аударма тарихы  уақыт координатында ғана емес, сонымен бірге, кеңістікте де үзік - үзік болып келеді. Біздің әлемнің бір бұрышында аудармашылық қызметтің көне дәуірде болғандығын дәлелдейтін тарихи құжаттарды табуымыз аударманың одан ертеректе жер шарының басқа бір шетінде болғандығын, бірақ ол туралы дәлелдемелер сақталмағандығын сенімді түрде жоққа шығара алмайды. Аударманың көне заманда әр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар, тайпалар немесе т.б. этникалық топтардың арасында қатынасу қажеттілігі туындағаннан бастап пайда болғанын ғана шүбәсіз деп айтуға болады. Сонымен, аударманың пайда болу мәселесі әлем тілдерінің пайда болуымен (глоттогенезбен) тікелей байланысты.

Информация о работе Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудуру мәселелері