Эквивалентсіз аудару ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:51, реферат

Описание работы

Өзінің ерте кездегі дамуынан бастап аударма адамзат үшін ең маңызды әлеуметтік қызмет атқарды, әр түрлі тілдік топтарға жататын адамдардың қарым-қатынасы үшін көмектесті. Жазу пайда болғаннан кейін аударма адамдарға өзге мәдениет жетістіктеріне жол ашты. Әдебиет пен мәдениеттердің қарым-қатынасы тек қана аударманың көмегі арқылы шындыққа айналды.

Работа содержит 1 файл

эквивалентсіз лексика курсовой.docx

— 69.00 Кб (Скачать)

Мұндай  бірліктер әдетте аудармашыға қос  тұзақ құрады, өйткені олар тіл  иесіне түсінікті болса да, сөздіктерде  жазылмауы мүмкін немесе олардың  байланысқан және еркін бірліктерінің  екі рет қолданылу мүмкіндіктерінің бар болуында. Ағылшын тілінің  “handwriting on the wall” сөз тіркесі нақты  мағынаны (қабырғадағы жазу) білдіре отырып, сол түрде ауыспалы мағына білдіруде де қолданыла алады (қорқынышты болжам, болашақты болжау). Бірінші жағдайда бұл бірліктің ассоциациялық байланысы бірде эмоционалдық жағынан бейтарап («хабарландыру», «хабарлама») болса, енді бірде эмоционалдық жағынан теріс әсер береді (келеңсіз жазуға толы қабырға). Екінші жағдайда ауыспалы мағына маңызды болған кезде осы сөйлемнің ассоциациялық байланыстары діни ұғымдар мен аңыздармен байланысқан өзгеше кейіпте болады (маңдайына жазылған, жазмыш). Мұндай сөз тіркесі қолданылатын контекст әрдайым анық етіп сөз тіркесінің жағдайын көрсете бермейді.

     He saw it as clear as а handwriting on the wall.

Осы сөйлемде бастапқы сөз тіркесі тура және ауыспалы мағынада қабылданып, әртүрлі аударылуы мүмкін. Сонымен бірге, аудармашы сөз тіркесінің ассоциациялық байланыстарына көп мән беріп, баламалардың саны көбеюі мүмкін:

    Ол оның көз алдына қабырғада жазылған жазудай анық көрінді.

   Ол осының бәрінің қайтып келмейтіндігін анық ұқты.

   Бұл оның санасында тағдырының шешілгендігі туралы ойды тудырды.

Фразеологизмдер қарым–қатынаста үлкен рөл атқарады және сөз тіркесін беру тәсіліне әртүрлі рең береді. Олар мәтінді эмоционалды етіп, оны көркемдеп, белгілі бір түрде эстетикалық әсер қалдырып, мәдени ассоциациялар тудыра алады. Көп жағдайда фразеологизмдер мәтін жағдайын дұрыс түсінуге көмектеседі. Фразеологизмдерді аударудағы қиындықтар оларды мәтін ішінен табудан басталады. Фразеологиялық бірліктің екі, тіпті үш «түбінің» болуы фразеологизммен байланысты мағына беру семиотикалық үрдісінің көп сатылылығымен түсіндіріледі. Мысалы, ағылшынның “to come through  with flying colours” сөз тіркесінің тура мағынасы «барлық жолды желбіреген ту астында жүріп өту» болса, осы бірлік қайта құрылған мағынаға ие болады: «жұмысты сәтті аяқтау» (фразеологизмнің екінші «түбі»). Сонымен бірге, кейбір жағдайларда мазмұнын эмоционалдырақ етіп береді: «мінезін көрсету» (фразеологизмнің үшінші «түбі»).

Шын мәнінде, әрбір тілде фразеологизмдердің бірнеше деңгейі бар: 

  • сөздікте бар және баршаға белгілі;
  • сөздікте бар, бірақ қолданыс аясынан шыққан;
  • баршаға белгілі, бірақ белгісіз бір себептен сөздікке енбеген;
  • белгілі бір қоғамдық топқа ғана белгілі фразеологизмдер.

Мұндай деңгейлердің саны бұдан да көп болуы мүмкін, бірақ қандай жағдай болса да бірінші  және ең басты шарт – мәтін ішінен фразеологизмдерді басқа еркін  тілдік бірліктерден айырып, таба алу. Оларды табудағы оңай жол – мәтін  ішінен жалпы мағынаға қарама-қарсы  бірліктерді табу, өйткені осындай  бірліктердің болуы ауыспалы мағынаның  мәтін ішінде бар екендігінің  дәлелі болады. 

        By that time he had reached the condition to see pink elephants.

Егерде  осы фразаны сөзбе сөз аударатын  болсақ, онда «ақшыл қызыл пілдер»  тіркесі мүлде мәні жоқ контекст тудырады:

       Осы  уақытқа дейін ол ақшыл қызыл пілдерді тамашалайтындай  жағдайға жетті.

Осы «ақшыл қызыл пілдерден» кейін аудармашы  өзіне оңай ереже шығарса болады: «Егерде мәтінде контекстке логикалық  жағынан қарама-қарсы сөз тіркесі  кезіксе, онда оны фразеологизм деп  қарастырған жөн». Бірақ, осы ереженің оңайлығына қарамастан, оны аударма  барысында сақтау қиынға түседі. Мысалы, американдық  “Dead-eye Dick” романының  атауы орыс, қазақ оқырмандарына  «Бір көзді Дик» атымен белгілі. Дегенмен, шын мәнінде осы лақап ат иесі, романның басты кейіпкерінің екі  көзі де сау, көргіш, ал романның ағылшын  атауы «мерген» деген мағынаны білдіреді. Агата Кристидің романдарының бірінің  атауы “The Underdog” «Үрмейтін төбет» есімімен басылып шыққанымен, шынайы мағынасы «Жеңілген  төбет» немесе «Жолы болмаушы» деген мағыналарды  білдіреді.

Аудармашының  қазақ тіліндегі мәтіннің эмоционалдық реңді диалектикалық нұсқасының жәй “betwixt and between” баламасымен берілмейтіндігін ескергені жөн. Өйткені, ағылшын тіліндегі баламада оқыған адамдар ғана түсінетін көнерген сөздер сөздігінің элементі betwixt бар. Осы орайда, қазақ тілінің өзіндік сөйлем ерекшелігін жеткізу үшін фразеологизмді түсіріп немесе антонимдік аударманы қолданған жөн.

In the Urals things do not go easy; there you have a hard row to hoe about everything and everybody.

Осы сынды  жағдайлар нәтижесінде функционалдық  баламалар үшін ереже шығаруға болады: «бастапқы мәтіндегі фразеологизмдік  бірлік не оның мағынасы ғана аударылмайды, сонымен қатар оның мәтінде атқаратын  рөлі де аударылады».  Мәселен, бұл  жердегі мәтінге  қарапайым халық  түсінетін жалпақ тілдік сипат беру керек.  Фразеологизмді табу мәселесінен басқа, аудармашы екі түрлі тілдердегі мағынасы ұқсас фразеологизмдердің арасындағы ұлттық – мәдени ерекшеліктермен кезігеді. Мағынасы сәйкес келген фразеологизмдер әртүрлі стилистикалық реңге, түрлі бейнелік негізге, тіпті түрлі эмоционалдық қызметке ие болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бастапқы мәтінде, мысалы көркем немесе публицистикалық бейнені сомдау үшін фразеологизмдерді қолдану ұлттық – мәдени ерекшеліктерді пайдалану мүмкіндіктеріне сай құрылады. Бұл жердегі мәселені шешуде сөздіктік баламаның болғаны да көмектеспейді. Мәселен, “when Queen Anne was alive” (сөзбе сөз: Анна ханша тірі болған кезде) сөз тіркесі қазақ тіліне ұқсас баламамен аударылса да, басқа сөздік – бейнелік құраммен аударылады: «атам заманда». Бірақ, ағылшын сөз тіркесі бастапқы мәтінде қолданылуы мүмкін шынайы тарихи бейне негізінде құрылады:

     All those courtiers, belles, balls and intrigues came as if from the times when Queen Anne was alive.

Бұл мәтіндегі «Queen Anne» ұғымы бір уақытта фразеологиялық және тура мағынасында екендігі белгілі. Оны қазақ тіліне аударғанда «атам заманда» баламасын қолдану мүмкін емес. Өйткені, бұл қазақша бейне бастапқы мәтіндегі уақыттың келесі белгілерімен байланыспайды: «бикештер, мырзалар, балдар және интригалар».

  Мұнда аудармашының бұл тіркесті өзге, қазақ оқырманына таныс патша есімімен (мысалы, «Артур король заманында») немесе нақты уақыт аралығымен («орта ғасырлардағыдай») ауыстырғаны жөн. Дегенмен, екі жағдайда да бастапқы фразеологиялық бірліктің ақпараттық толықтығының біраз бөлігі жоғалатынын ескеру керек. Ең бастысы – онымен байланысты тарихи – мәдени ассоциациялар шындығы.

Аудармадағы келесі қиындық – көне мәдениеттен  бастау алған және әртүрлі мәдениеттерде  түрлі сипат пен эмоционалдық рең, тіпті түрі өзгерген фразеологизмдерді  табумен байланысты. Мысалы, ағылшынның “Rome was not built in a day” мақалы орыс тілі нақышымен қазақ тіліне «Мәскеу бір күнде қаланбады» деп қолданысқа енді. Алайда, оны балама ретінде қолдану әркез мүмкін емес.

Jones was very eloquent to persuade his master, telling him that Rome was not built in a day.

Бұл жерде  ең қолайлысы – сөзбе сөз аударманы  қолдану.

Джонс өзінің қожасына Римнің бір күнде  қаланбағандығын айтып, сендіремін деп тілмәр болды.

        Осы сынды мәселелер халықаралық  бір қайнар көзден шыққан және  әртүрлі тілдерде ұқсас мағыналы, бірақ түрлі функционалдық сипат  алған эмоционалды-ассоциациялық  мағынасы өзгерген немесе сыртқы  кейпі өзгерген халықаралық фразеологизмдерді  аударуда да туындайды. Мысалы, ағылшын тілінде белгілі “Caesar’s wife must be above suspicion” айтылымы қазақша «Цезарь жұбайы сүттен ақ, судан таза болуы тиіс» болады және ағылшын тілінде бұл фразеологизм бөлшектелініп айтылса, қазақ тілінде бүтін қайта құрылып жасалады.                        

    Madam, you are Caesar’s wife.

    «Ханым, сіз Цезарь жұбайысыз»  деген нұсқа  қазақ тілінде тура мағынада қолданылып, фразеологиялық сөз тіркесі екендігін білуге кедергі болады. Өйткені, бұл сөз тіркесі қазақ мәдениетіне бейімделмеген.

           Осы мәселенің келесі аспектісі  - әртүрлі, тіпті қарама-қарсы  мағыналы фразеологизмдердің ұқсастығы.  Аудармашы осындай сыртқы ұқсастық  әдетте шатастыратындықтан фразеологизмдік  тіркестің бөлшектеріне мұқият  болғаны жөн. Өйткені, баламалар  түр жағынан бір-біріне ұқсамауы  мүмкін. Мәселен, ағылшын тілінде  екі түрі жағынан ұқсас мақалдар  бар: every tree is known by its (his) fruit және as the tree, so the fruit. Бұл мақалдардың мағыналары бір-біріне ұқсамайды, сондықтан да аударма барысында әртүрлі түрге ие болады (ассоциациясы жағынан):  алма ағашы жемісімен көрікті (адамды ісінен таниды, Библиямен байланысты ассоциациялар) және алма алма ағашынан ары түспейді (жаман қылық атадан-балаға беріледі, ел даналығымен байланысты ассоциациялар). Библиямен байланысты фразеологизмдерді дұрыс аудару үшін бастапқы мәтінмен бірге Библиялық контекстті білу керек. Мысалы: “Man does not live by bread alone, but by faith, by admiration, by sympathy” сөйлемі шын мәнінде Евангелийдің “Man shall not live by bread alone, but by every word that proceeds out of the mouth of God” тақырыбының өрбіген түрі. Осы себепті, бұл сөйлемнің қазақ тіліне аудармасында екі түпкі негіз сақталуы тиіс. Faith, admiration, sympathy сөздері аудармада рационалды түрдегі азық-түлікпен емес, рухани оймен үндесуі керек. Сондықтан, «Адам нанмен ғана өмір сүрмейді. Оған сенім, жан ашырлық пен мойындау керек» аудармасы эмоционалдық – ассоциациялық жағынан қате болады. Өйткені, сенім, жан ашырлық пен мойындау сөздері әлемнің қараңғылығын білдіреді, ал Евангелийде бұл тұрақты сенім, алдамшы затқа берілмеу мағынасымен байланысты. «Адам нанмен ғана емес,сонымен бірге сену, масаттану және жаны ашу қабілеттерімен де өмір сүреді» нұсқасы бұл жерде орынды болады.

Фразеологиялық  бірлік түрлерінің ішіндегі аударуға өте қиыны – қазіргі таңдағы  реалийлерге негізделген фразеологизмдер. Олардың бірі жаңа мәдениеттің халықаралық  сөздіктеріне еніп, тез арада белгілі  болып, кеңінен қолданылады. Мұндай фразеологизмдер контексттен тез табылып, калькалау арқылы аударылады:

    Hell’s Angels – Тозақ періштелері

    Irangate – Ирангейт 

    Zero option  – Нөлдік нұсқа және  т.б. 

Басқалары мәдениет ішілік болып қалғанымен, бастапқы мәдениетке танымал болып  келеді. Сол себепті мәтіндердің  көбінде аударылады. Бұл жағдайда аудармашы шығармашылдықпен жұмыс  жасайды. Мәселен, «таңғажайып алаңы» не «ақымақтар елінде» тіркестерін ағылшын тіліне «the Land of Wonders» және «in the country of Fools» деп калькалау арқылы немесе ағылшын тілінің фраза тудыру үлгілеріне сай функционалдық ауыстыру арқылы «the Wonderfield» және «in the Fool’s Land» деп аударуға болады. Бірінші нұсқа тура мағынаға келсе, екіншісі берілген тіркестердің күштілігімен ассоциацияланады.  Сонымен, фразеологизмдер туралы айта келе, белгілі бір заттың, құбылыстың не түсініктің тура атауларын ауыстыру мақсатында қолданылатын тұрақты парафразаларға тоқталған жөн.  Мәселен, «black gold» сынды тіркестер халықаралық деңгейде танымал болғандықтан оңай аударылады. «Қара алтын» мұнайды қайта атау тәсілі ретінде ағылшын және қазақ мәдениеттеріне белгілі екені даусыз. Ал «ақ алтын» мақтаны атау немесе американдық «fool’s gold» темір не мыс рудаларын атау парафразалары аудармада аудармашыға біраз қиындық тудырады. «Ақ алтын» әдетте ағылшын тіліне «white gold» деп аударылып, тырнақшаға алынады. Өйткені,  бұл ағылшын сөз тіркесінің өзіндік тура мағынасы (алтын түрі) бар.

Мәдени  жағынан елдер, қалалар мен белгілі  қайраткерлер атаулары мен есімдеріне деген парафразалар аудармада күрделі  жағдай туындатады. Мысалы, орыс және қазақ  тілдеріне таныс «біздің барымыз» тіркесі Пушкинмен немесе Абаймен бейнеленсе, ал оның ағылшын тіліндегі тура аудармасы «our Everything» ағылшын тілді мәдениет иесіне ешнәрсені білдірмейді. Өз кезегінде ағылшынның «the City of Brotherly Love» фразеологизміне парафразаны табу үшін аудармашы мәдени және тарихи жағынан ізденуі қажет. Ағылшындарға түсінікті «Бауырлар махаббаты қаласы» атауы қазақ тіліне жанама аударма арқылы «Бауырлар махаббаты қаласы, Филадельфия» деп аударылады.

Фразеологиялық  бірліктер қатарына қанатты сөздерге айналған тарихи фразалар жатады. Бірақ, олар бастапқы және аударма тілдерінде әртүрлі мағынаны білдіреді. Олардың  кейбіреулері әмбебап болып, аудармада  аударылып отырған елдің мәдениетінің дәлеліне айнала, оңай жасалады. Дегенмен, контекстке тәуелді бірнеше фразеологиялық сәйкестіктері бар сөз тіркестері де көптеп кездеседі. Мысалы, Оливер Кромвельдің  атақты «Put your trust in God, my boys, and keep your powder dry» фразасын екі жолмен қазақ тіліне аударуға болады: «Бір Аллаға сеніп, оқ дәрілеріңді құрғақ ұстаңдар!» - деп тарихпен байланысты болғандықтан тура мағынада аударуға болады. Бірақ, бұл тіркестің ағылшын мәдениетіндегі танымалдығы соншалықты, оны күнделікті тарихқа қатысы жоқ жағдайларда да қолдану белең алған. Осы сынды жағдайларда фразаның құрамы толықтай беріліп қана қоймайды, сонымен бірге оның «шынайы мағынасы» да беріледі. Және де бұл жерде жоғарыдағы калькалау арқылы емес, қазақ тіліндегі метафоралық баламамен («Сақтансаң, сақтармын») беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибелік бөлім

Раскин А.Г. 1984, Раскин А.Г. 1999, Бухаркин П.Е.

Pavel Kann.

Dan Richardson and Rob Humphreys.

www.peterhof.org

I

II

III

IV

1. Нептун

Neptune (Poseidon)

Neptune

Neptune

2. Апполон

Apollo

Apollo

Apollo

3. Персей

Perseus

Perseus

Perseus

4. Горгона Медуза

Gorgon Medusa

Gorgon Medusa

Gorgon Medusa

5. Зефир

-

Zephyrus

Zephyr

6. Флора

Flora

Flora

Flora

7. Помона

Pomona

Pomona

Pomona

8. Вертумн

Vertumnus

-

Vertumnus

9. Пан

Pan

-

Pan

10. Венера

Venus

Venus

Venus

11. Венера Каллипиги

-

Venus Callipyge

Venus Callipigis

12. Нереиды

Nereids

-

Nereids

13. Алфей

Alpheus

-

Alpheus

14. Сирена

-

Siren

Siren

15. Вакх (Бахус)

-

Bacchus

Vackh

16. Тритон

Triton

Triton

Triton

17. Амур

Amur

Cupid

Cupid, Amur

18. Актеон

-

-

Actaeon

19. Галатея

-

-

Galatea

20. Меркурий

-

Mercury

Mercury

21. Фавн Барберини

-

Faun Barberinus

Faun Barberinus

22. Ганимед

-

Ganymede

Ganymede

23. Юнона

Juno

Juno

Juno

24. Гермес

-

Hermes

Hermes

25. Наяда

-

-

Naiad

26. Юпитер

Jupiter (Zeus)

-

Jupiter

27. Плутон

Pluto

-

Pluto

28. Прозерпина

Proserpina

-

-

29. Европа

-

Europa

Europa

30. Андромеда

Andromeda

-

-

31. Церера

Ceres (Demeter)

-

-

32. Минерва

Minerva (Athena)

Minerva

-

33. Марс

Mars

-

Mars

34. Аврора

-

Aurora

-

35. Ифигения

-

Iphigenia

-

       

36. Нимфа

Nymph

Nymph

Nymph

37.Данаида

Danaid

-

Danaid

38. Дракон

Dragons

Dragons

-

39. Адонис

Adonis

Adonis

-

40. Вулкан (Гефест)

Vulcan (Hephaestus)

Volcano

-

41. Геракл

Heracles

-

Geracles

42. Фавн; Сатир

Faun, Satyr

Satyr

Faun, Satyr

43. Психея

Psyche

Psyche

Psiche, Psickhe

44. Афина Паллада

Athena Pallas

-

Athene Pallas

45. Вакханка

-

Bacchante

-

46. Дафна

Daphnae

-

Daphne

47. Афродита

Aphroditae

-

Aphrodite

48. Амфирита

Amphitritae

-

Amphitrite

49. Атланта

Atalanta

Atlanta

Atalanta

50. Марсий

-

Marsyas

Marsias

Информация о работе Эквивалентсіз аудару ерекшеліктері