Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:51, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................
1. Стилистика және оның міндеттері
1.1Стилистика және оның зерттеу әдістері...................................
1.2 Тілдің стилистикалық көркемдеуіш сөздері және олардың қолданыс аясы...
2. Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары (І.Есенберлиннің «Көшпенділер» көркем шығармасы негізінде)
2.1 Стилистикалық көркемдеуіш сөздердің көркем әдебиет аудармасында алатын орны .........................................
2.2 Көркем шығармадағы стилистикалық тәсілдердің жеткізілу ерекшеліктері..............................................
2.2.1 Шығармада кездесетін метафора аудармасы.................
2.2.2 Шығармада кездесетін теңеулер аудармасы.......
2.2.3 Шығармада кездесетін эпитеттер аудармасы
2.2.4 Инверсия.............................
2.2.5 Перефраз........................................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................

Работа содержит 1 файл

дипломдық жұмыс.doc Шолпан.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

      Мәтіндік стилистикалық сипаттау мен стилистикалық талдаудың мақсаты хабардың логикалық мазмұнындағы әдеби қарым-қатынасты қрастыру болып табылады, яғни ақпараттың алғашқы түрі мен екінші түрін өзара салыстыру.

      Ақпараттың қос түрінің де шектеу мүмкіндіктері бар екенін еске ала отырып, хабарламадағы тура және ауыспалы мағына, субъективті және объективті мағыналар тек қана талдау мақсатында қолданылатынын есте сақтау керек; ал негізінде мәтінде бұлар біртұтас, бірбүтіннің сан-алуан бөлшектері және де екі жақты стиль түрі, мазмұн мен формалардың топтасуы жөнінде ешкім сөз қозғамады.

      Мысал жүзінде стилистиканың мақсатын түсіну үшін П. Б. Шеллидің «К жаворонку» деген стилистикалық талдауына жүгінейік.

                                      TO A SKYLARK

           Hail to thee, blithe spirit!

               Bird thou never wert,

           That from heaven, or near it,

               Pourest thy full heart

           In profuse strains of unpremeditated art.

           Higher still and higher,

               From the earth thou springest,

           Like a cloud of fire;

               The blue deep thou wingest,

           And singing still dost soar, and soaring ever singest.

 

      Ақын құсты «бақытты рух» деп атайды, оны құдай деп таниды. Мұнда аса қасиетті heaven сөзінің қолданылуы табиғаттан тыс ғажайып күшті білдіреді. Heaven сөзінің «құдайлар мекендейтін тұрақ» деген мағынасы да бар. Тіл мамандары мұндай мағынаны шағылысқан деп атайды. Көп мағыналы сөздің белгілі-бір өз мағынасында қолданылуы шағылысқан мағынаның туындауына себеп болады,яғни бұл  сөздің қалған мағыналары қарастырылмайды деген сөз емес, әсіресе, бұл  басқа сөздердің ашық түрде көрсетілген ауыспалы маыналары болған жағдайда. Бірақ бұл жағдайда  heaven сөзі «аспан» деген мағынада қолданылып тұр және оқырман бұл сөздің мифологиялық нұсқасы бар екенін біледі; spirit сөзімен семантикалық қиысу екпіннің көтерілуіне және салтанатты ойдың туындауына себеп болады.

     Бозторғайдың аспанда қалықтап әнін салуы заттық-логикалық ақпарат болып саналады. Шумақ осымен аяқтала қоймайды. Шелли таңдаған кейіп және оны іске асыру формасы ақынның көңіл-күйі мен дүниені түйсінуі туралы айтады. Қолданыста болған сөздер мен формалардың ауыспалы мағыналарының арқасында бозторғайды қарату салтанатты көркем естіледі. Лингвистикалық тіл табу стилистке hail деген лексикалық көнерген сөзге және to thee, thou never wert, pourest thy heart, thou springest, thou wingest, thou singest сияқты жекеше түрде, екінші жақта тұрған көнерген грамматикалық формаларға көңіл бөлуге септігін тигізеді.

       Биікке көкке ұшқан кішкене құстың бойында біз өмірлік рух пен еркін шығармашылықты байқай аламыз. Өнер тақырыбы бейнелер  жүйесі мен art сөзінің қолданылуымен енеді: өз әнінде құс бар өнерін салып әдемі әуендермен сыр ақтарады (in profuse strains of unpremeditated art). Оқырман құс ұшуы мен ақынның керемет арнауын орайластырады. От бұлтымен салыстыру құсқа да, ақынға да қатысты. Мадақ өлеңде өмір қуанышы мен шаттығы бар. Бірлік пен табиғат әсемдігіне масаттану тек қана сөздерде емес, мадақ өлең ырғағында да байқалады және бұны оқырман сезінбеуі мүмкін емес.

      Кейіп таңдаудағы әдеби қарым-қатынасқа, морфологиялық формаларға, мазмұнды жеткізу барысындағы синтаксистік құрылымға  назарымызды аудара отырып, шығарма арқауына терең бата аламыз және мадақ өлеңде айтылған дүниеге көзқарас пен көңіл-күй жөнінде түсінікті өзімізше құрып аламыз.

     Оқырман ролі әдеби мәтінді терең және биязы түсіну және кейіпкермен бірге мазасыздану болып табылады. Ұлы сөз шебері Л. Н. Толстой былай деген еді: «Өнер адамзат қайраткерлігі,мұнда белгілі-бір адам басқаларға сезініп тұрған ішкі сезімдерін саналы түрде белгілі сыртқы әрекеттер арқылы жеткізеді,ал басқалары осы сезімдерге шалдығып, қайғыра бастайды».

       Сөйлеуде (речь) сөз бен сөйлем құрылысының дұрыс және айқындығының үстіне, дыбыс үйлесімділігі (благозвучие) болуы да шарт. Дыбыс үйлесімділігі, біріншіден, біркелкі дыбыстардың бір жерге жиналуынан сақтандырса, екіншіден, сөйлеудің мәнерлілігін арттырады. Сондықтан дыбыс үйлесімділігі оқуға және тыңдаушының қабылдауына үлкен жеңілдік туғызады. Бұл – фонетикалық тәсілдердің практикалық мәні.

       Әр түрлі стильдік сапа, мәнерлегіштік сипат тілдік бірліктердің барлығында да болады. Сондықтан стилистиканың объектісі – лексикология, семасиология, грамматика және фонетика зерттейтін бірліктер. Бірақ тіл білімінің бұл салалары тілдік бірліктердің стильдік сапасын қарастырмайды.

      Лексикология және стилистика. Лексикология сөздердің шығу тегін, сөз құрамын, оның баю жолдарын қарастырса, стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдаланылу принциптерін зерттейді.

       Семасиология және стилистика. Семасиология – тіліміздегі бейнелегіш тәсілдердің мағынасын, оның өзгеру заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Семасиологиялық стилистиканың міндеті – тіліміздегі бейнелегіш құрамдарды топтастырып, олардың стильдік қызметін, қолданылу заңдылықтарын көрсету.

       Грамматика және стилистика. Стилистика грамматиканы да өзінің зерттеу объектісі ете алады. Ол грамматикалық құбылыстарға стильдік талдау жасайды. Бірақ грамматикалық талдау мен стильдік талдау тәсілдері бір емес. Морфология сөздердің тұлғалық көрінісін және грамматикалық мағынасын, яғни сөздердің құрылысын, өзгерілуін және құрамын талдап топтастырады. Стилистика ойды мәнерлі (выразительно) жеткізу үшін морфологиялық формаларды (тұлғаларды) қандай жағдайда қалай қолдануға болатындығын қарастырады. Яғни морфологиялық тұлғадағы сөздердің, олардың варианттарының (синонимдерінің) ішінен сөйлеу не жазу арқылы жеткізілетін ойдың эмоциональды-экспрессивті реңін білдіре алатындарын сұрыптап қолдану принциптерін зерттейді. Синтаксис сөйлемнің құрылысын, сөздердің тіркесу заңдылықтарын қарастырады. Ал ойды білдіретін сөйлемдердің айтылуына, қолдану тәсіліне қарай              әр түрлі реңдері болады. Ол қосымша мағыналар көбінесе сөздердің орын тәртібі мен сөйлемнің құрылысы арқылы беріледі. Ойды мәнерлі жеткізуде синтаксистік бұл тәсілдердің маңызы зор. Стилистика синтаксистік құралдардың мәнерлілігін, оны дұрыс пайдалану заңдылықтарын зерттейді.

         Фонетика және стилистика. Фонетика тілдегі дыбыстардың жасалуын, жүйеленуін зерттесе, стилистика дыбыстарды, оларға тән белгі, интонация, қайталау, дыбыс үйлесімділігі сияқты сияқты фонетикалық ерекшеліктерді белгілі мақсатқа икемдеп, қайткенде мәнерлі құрал ретінде пайдалану жағын көздейді. Стилистика фонетикалық бірліктердің мәнерлі қолдану заңдылықтарын зерттейді.

      Біз бұл салыстырудан тіл білімінің әр саласының зертеу объектілері де, мақсаттары да бір-бірінен өзгеше екенін байқаймыз. Сөйтіп фонетика, грамматика, семасиология тілдің құрылысын қарастырса, стилистика тілдік бірліктердің қолданылу заңдылықтарын зерттейді.

     Стилистика жалпы халық тілінің стильдік жүйелерін, жалпы халықтық тілдің ауызекі және жазба түрлері, олардың өздеріне тән ерекшеліктері, әдеби тілдің стильдерін тегіс қамтиды.

      Сөйтіп стилистика тілдік бірліктердің мәнерлегіштік мүмкіншіліктері мен олардың қандай формада және стильдің қай түрінде қалай қолданылатыны туралы мәселелерді қарастырады.

 

 

1.2 Тілдің стилистикалық көркемдеуіш сөздері және олардың қолданыс аясы

Ойды жай хабар ретінде де, кісіге әсер ететіндей мәнерлі түрде де айтуға болады. Мысалы, Енді оны көрмеймін дегенді күшейтіп: Ендігәрі оны көрсем, көзім шықсын! Деуге болады. Немесе: Оның қылмысын жасырмаймын деген ойды күшейтіп: Оның қылмысын жасыра алмаймын деуге болады.

     Осындай ойдың күшейтіліп, мәнерлі түрде айтылуын сөйлемнің экспрессивтілігі (мәнерлегіштігі) дейміз.

      Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері әр түрлі болады, олардың бастылары мыналар:

     1. Сөйлеу тілінде және жазғанды оқығанда, дауыс ырғағын құбылту арқылы сөйлемге экспрессивтік мағына енгізуге болады, мысалы: «Абай жолы» романында кітапханаға кірген Абайды түйеге теңеп бір чиновниктің мысқылдап күлгенін естіп Абай: 

     «Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, мұнда ол түгіл есек те отырыпты ғой!» – дейді. Бұл сөйлемдегі есек те отырыпты ғой сөздерін күмілжіп ақырын айтсақ, Абай мысқылының мәні онша айқын болмай шығар еді,ал сол сөздерді сөйлемдегі басқа сөздерден гөрі көтеріңкі, ойнақы дауыспен айтсақ, онда сөйлемнің экспрессивті мағынасы тайға таңба басқандай болады.

       Сол сияқты, Білмеймін дейсің бе, әй! Көріңде өкіргір! Ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс сөйлемдерін өршелене көтеріңкі, мәнерлі дауыспен айтса, олардың экспрессивті бояуы айқын сөйлемдер болып ұғынылады.

     2. Бір ойды білдіретін болымды сөйлемнің орнына болымсыз сөйлемді жұмсау арқылы оған экспрессивті мағына қосуға болады. Мысалға мына сөйлемдерді салыстырсақ: Мен шындықты айтамын – Мен шындықты айтпай тұра алмаймын. Мен университетті бітіремін – Мен университетті бітірмей қоймаймын. Әрбір жұмысшы күнделікті жоспарын орындайды – Әрбір жұмысшы күнделікті жоспарын орындамаса, көңілі көншімейді.

     3. Баяндауыштың І жақтық жіктік жалғауын -мен, -бен, -пен түрінде жұмсау арқылы сөйлемнің мағынасын экспрессивті етуге болады. Ондай болымсыз сөйлемдер қайсарлықпен үзілді-кесілді айтылған ойды білдіреді, мысалы:

                       Алдыңа келіп тұрмын деп,

                       Ар-намысымды қашырман!

                       Бұлтқа жетпей шарп сынбан,

                       Айта келген сөзім бар,

                       Не қылсаң да жасырман! (Махамбет).

                       Өлеңім – оқ, ол алдымда

                       Мен де жаудан шегінбен! (Жамбыл).

  Тәуекелге келгенде, алдымда тау тұрса да, тайынбан! (Ғ. Мұстафин).

      4. Сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мәндес басқа сөздермен не басқа сөйлем түрімен ауыстырып айту арқылы да оған экспрессивті мағына үстеуге болады. Мына сөйлемдерді салыстырайық:

      Мен бармаймын – Мен бармасам болмайды. Мен мұныңа көнбеймін – Мен мұныңа көне алмаймын. Техниканың тетігін білген жақсы – Техниканың тетігін білгенге не жетсін!

     Мұндай экспрессивті мәні бар сөйлемдерге әдебиеттен мысалдар келтірейік:

    Жақып сөйлей жөнелді (Ғ. Мұстафин). Мұны – Жақып сөйледі дегенмен салыстырсақ. Жарқыраған май күні тамылжып тұр (М. Әуезов). Оны – Жарқыраған май күні ыстық дегенмен салыстырсақ. Жақсылық күлімдей түсті (Ғ. Сланов) – Жақсылық күлді дегенмен салыстырсақ. Күн көптен бері жылынбай қойды (М. Әуезов) – Күн көптен бері жылынбады дегенмен салыстырсақ.

    5. Сөйлемнің етістік баяндауышын қайталап екі рет айту да немесе есім, етістік баяндауыштардың алды-артына олардың мағыналарын күшейтетін сөз қою да экспрессивті білдірудің синтаксистік амалы болады. Мысалы:

         Жапан далада жан-жағына алақтап жалғыз әйел жортып барады, жортып барады. Кең далада жалғыз адам жүзіп келеді, жүзіп келеді. Өзгеше бір күй кең даланы күңірене шайқай береді, шайқай береді

(Ғ. Мұстафин). Зытып келем, зытып келем (Ғ. Мүсірепов). Кейінгі кезде сирек, жоғалып бара жатқан қазақ қолөнерінің ең жақсы үлгілері осы үйде қалыпты. Қай заманда жасалды екен? Сонау адалбақанның төрдегі кебеже, жүкаяқтың беттеріне ойып салған өрнектер, қондырған сүйектер сонша нәзік, сонша әдемі, қолдан жасады дегенге нану қиын (Ғ. Мұстафин).

      Япырмай, мына жерге ауыл орнап, дүкен құрылғаны жақсы болды-ау!

(С. Мұқанов).

      Жоғарыда айтылғандардан, келтірілген мысалдардан экспрессивтікті білдірудің синтаксистік тәсілдері қалай болатынын байқауға болар. Экспрессивтіктің басқа да толып жатқан синтаксистік тәсілдері бар.

      Тіліміздегі сөздер өздерінің көркемдегіштігі жағынан да әр түрлі. Демек көркемдегіштік сапа белгілі бір сөздерден ғана байқалады. Мысалы: адам, көл, қабырға, сусын, тау,киім, отын тәрізді бір топ сөзді қылпың, тыраш, қақшу, тойтаңдау, жортақы, дедектеу, қаздаңдау, қымыңдау, төпелеу,тыраю, пысықай, құқай, тұштақай дегендермен өзара салыстырсақ, өздерінің көркемдік бейнелілігі, эстетикалық әсерлілігі тұрғысынан бұлардың екі сала нәрсе екенін оңай аңғаруға болады. Мысалы соңғы топтағылар ғана көркемдеуіш сөздер. Бұлар көбінесе көркем әдебиет стилі мен сөйлеу стилі және публицистикалық стильдерде жиі жұмсалады. 

       Көркемдеуіш бояу – жеке сөздерге де, фразеологиялық орамдарға да, сөз формаларына да, синтаксистік құрылымдардың қай-қайсысына да тән сипат.

       Көркемдеуіш бояу әдетте екі тұрғыда сөз етілуі тиіс. Біріншіден, лексикалық мағынасы әуелден экспрессияға бейім тұратын сөздер, екіншіден, қолдану процесінде жүре келе экспрессивтік бояу алатын есімдер мен етістіктер. Бірақ сөздің лексикалық мағынасында көркемдеуіш өң үнемі бола бермейді. Әрбір жазушы белгілі бір образ жасау үстінде өз шығармасының тіл көркемдігін жетілдіре түсу үшін бейнелеу құралының осы түрін де ретіне қарай пайдалануға тырысады. Көркемдеуіш сөз қолдану тәсілі автордың жалпы сөз байлығына ғана емес, сондай-ақ материалды көркемдік мақсатқа сай қаншалықты дәл іріктеп ала білуімен де тікелей байланысты. Сөздің мұндай көркемдеуіш қызметі публицистикалық, сөйлеу стильдерінде, әсіресе көркем әдебиет стилінде барынша ерекшелене түседі.

       Бүгілген бойында құнысып, қозғалақтай берді. Кейде жер шұқып қап, кейде қымыңдап, қозғақ қағады (М. Әуезов). Қызыл құлжаны қымқырып алып, өз үйіне қарай жөнеле берген болатын. Шаптығып қатты ұрсып, асығып келе жатқан кіші шешесі Айғызды таныды. Жаңа жамыраған қозылар ауылдардың екі жағындағы адырларға тырағайлап өріп барады.

 

                       Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың...

                       Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың (Абай)

                       Қаза болды Мұради, ажал оны қақшыды (Рудаки)

                       Тартына берме тайтаңдап...

                       Күй шіркін ылпылдап,бипыңдады  (Ілияс Жансүгіров)

 

        Көркемдеуіш бояу тілдің жалпы әр түрлі қабатынан-ақ байқалады. Әдеби нормада әбден тұрақтап кеткен қала зат есімі кейде көркем әдебиет стилінде шаһар түрінде қолданылып кетеді. Өйткені қаладан гөрі шаһар түрі айтылса, одан әлдебір пафостық әуен, поэтикалық сарын сезіліп тұрады, көркемдігі де әсерлі шығады. Бірақ бұған қарап, қала сөзі бұл стильде мүлдем қолданылмайды екен деуге болмайды. Тіліміздегі жырақ сөзі де сондай, ол да қашық сын есімімен қатар қолданылады. Қашық сөзіне қарағанда, мұның да көркемдеуіш бояуы көбінесе көркем әдебиет стилінде айқын сезіледі. Шаһар, жырақ сөздерінің көркем әдебиет стиліндегі экспрессивтігін мына бір мысалдардан айқын көруге болады.

Информация о работе Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары