Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:51, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................
1. Стилистика және оның міндеттері
1.1Стилистика және оның зерттеу әдістері...................................
1.2 Тілдің стилистикалық көркемдеуіш сөздері және олардың қолданыс аясы...
2. Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары (І.Есенберлиннің «Көшпенділер» көркем шығармасы негізінде)
2.1 Стилистикалық көркемдеуіш сөздердің көркем әдебиет аудармасында алатын орны .........................................
2.2 Көркем шығармадағы стилистикалық тәсілдердің жеткізілу ерекшеліктері..............................................
2.2.1 Шығармада кездесетін метафора аудармасы.................
2.2.2 Шығармада кездесетін теңеулер аудармасы.......
2.2.3 Шығармада кездесетін эпитеттер аудармасы
2.2.4 Инверсия.............................
2.2.5 Перефраз........................................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................

Работа содержит 1 файл

дипломдық жұмыс.doc Шолпан.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

     Бұл келген Әбілхайырдың өзі «Батыр Саянның той біткенше көзін құрт» деп тапсырма берген Оспан-Қожа деген дәйекшісі еді (ІІт,54 б).

   Осы үзінді орыс тіліне былай аударылды:

   - Кто это?..Да минует беда нашу Орду!..

   В те жестокие времена непрерывных междоусобных войн и стремительных набегов даже хан не мог быть огражден от неожиданного нападения врагов. Сплошь и рядом, пользуясь отсутствием правителя с войском, какие-нибудь беспокойные соседи, а то и просто крупные шайки разбойников нападали на оставшуюся ставку-орду и грабили все, что могли увезти. Вот почему все устремили встревоженные взоры в сторону, куда указывал закричавший джигит.

    Вдали показался мчавшийся карьером всадник с подсменным конем в поводу. Сразу тревожной стала голубовато-зеленая степь.

   Всадник подскакал к самому хану Абулхаиру,спрыгнул с коня, подбежал и упал лицом к земле. Только потом он поднял голову и заговорил быстро, взволнованно:

- Мой повелитель-хан, вот мой язык – отрежьте его, вот моя голова – рубите ее с плеч!..Виноват я сам, потому что не углядел. Батыр Саян, который содержался под стражей, бежал вместе с двумя сторожившими его пасбанами...

      Это был тот самый Оспан-ходжа, которому накануне хан приказал охранять подсудимого как зеницу ока.

     Ал ағылшын тілінің аудармасы төмендегідей:

-  Who is that?..May our Horde escape trouble!..

- In those terrible times of endless intestine wars and impetuous raids even the khans could not feel safe from the sudden aggression of their enemies. Very often, making use of the absence of the ruler and his troups some bothersome neighbours or even large bands of robbers raided the abandoned headquarters of the Horde and looted everything they could take away with them. This was why everyone fixed his disturbed etes to where the shouting horsemen was pointing out.

     A galloping rider showed up in the distance with a change horse racing along at his side. The bluish-green steppe had immediately acquired an alarming look.

     The rider galloped up to the khan himself6 jumped off his horse, ran up to Abulkhair and sprawled at his feet face down to the ground. Only then did he hold up his head and started talking excitedly:

    - My Sovereign Khan, here is my tongue, cut it off! Here is my head, slice it off my shoulders!..It is I who is to blame for failing to take proper care of the prisoner. The warrior Sayan who was kept under arrest has fled together with two guards…

- It was that very Osman-Hoja whom the day before the khan had ordered to keep a watchful eye on the convict day and night.

      Мұндағы деді дауыс тіркесі метонимия қызметін атқарып, ауыспалы мағынады қолданылған, яғни дауыс өзімен-өзі шықпайды ол біреу арқылы жасалатыны бізге түсінікті. Деді адам дегенше деді дауыс тіркесі әдемі естіледі, жазушы осы мақсатта қолданды деп ойлаймыз. Ал бұл тіркес аударма тілдерінде мүлдем жоқ, аудармашы оның керегінсіз де сөйлем мағынасы  түсінікті деп жазбаған болар. Жаугершілік заман эпитеті сөзбе-сөз емес,синоним сөздер қолдану арқылы  мағынасы жеткізіліп аударылған, орыс тіліне жестокие времена деп аударылған болса, ағылшын тілінде ол terrible times. Орыс тіліне во времена набега врагов деп аударылған болса да қате болмас еді. Жау жүрек қастары деген сөз тіркесі жау деген мағынаны білдіреді, Жазушы жай ғана жау сөзін қолданғанды жөн көрмей, жау жүрек қастары деген тіркесті шебер қолданған, бұл тіркес көркем шығармаға өте сай. Ал аударма тіліне ол құр жау болып жеткен, враги және enemies. Враг, enemy деп аударған дұрыс та шығар, себебі түпнұсқадағыдай аударылған болса оны оқырман түсінбей қалуы да әбден мүмкін.

       Жаңа ғана сағым ойнап тыныш жатқан мидай жазық көгілдір дала да, маужырап тұрған аспан да кенет қобалжи қалған тәрізді...Бұл ұзақ сөйлем бір оқығаннан әркімге түсінікті бола қоятын сөйлемге ұқсамайды.Бұл сөйлемде көркемдеуіш сөздер көп кездескен. Мидай жазық көгілдір дала тіркесіндегі  күрделі сын есімді, яғни метафораны қарастырайық. Жазушы даланы миға теңеп тұр, даланың мидай жазық екенін айтпақ. Ал орыс, ағылшын тілдерінде ол сөйлем ұзақтығын сақтамаған. Орыс тіліне тым қысқа және түпнұсқадағы барлық сын есімдер жеткізілмей аударылған: Сразу тревожной стала голубовато-зеленая степь. Мұнда даланың түсі айқындалған да қойған. Ал ағылшын тіліне дәл орыс тіліне сияқты аударылған: A galloping rider showed up in the distance with a change horse racing along at his side. The bluish-green steppe had immediately acquired an alarming look.

     Хан үндемегеннен кейін тірі жан аузын ашқан жоқ, барлық жұрт құлаққа ұрған танадай үн-түнсіз деген түпнұсқадағы сөйлем аударма тілінде мүлдем жоқ. Мұндағы тірі жан тіркесі адам деген сөздің синонимі, яғни Жазушы перифраз жасап сөйлемге реңдік бояу беріп тұрғандай. Құлаққа ұрғандай танадай деген де тып-тыныш деген мағынада. Ал  Хан ием, кессең тіл, алсаң бас мінекей деген сөйлемді орыс тілене аудару барысында иығымнан кес (вот моя голова – рубите ее с плеч)деп Аудармашы өз тарапынан қосымша енгізген және бұл ағылшын тіліне (here is my head, slice it off my shoulders) де дәл солай жеткен болатын.

Батыр Саянның той біткенше көзін құрт деген сөйлемдегі тұрақты тіркесті аударуда біршама түсініспеншілік туындаған сияқты, көзін құрт деген фразеологизмнің мағынасы өлтір деген болса ол аударма тіліне көзіннің қарашығындай сақта деп жеткен. Бұл арине өрескел қате болып есептеледі, дегенмен Аудармашы да адам болғасын, оған да қателесу тән құбылыс. Осы сөйлем орыс және ағылшын тілдеріне былай аударылған болатын: 1. Накануне хан приказал охранять подсудимого как зеницу ока. 2. The khan had ordered to keep a watchful eye on the convict day and night.

      Орда-Базар бір кездерде Бату ханның құмырсқадай бықыған әскерінің Шығыс Европаға аттанарда бас қосатын жері болған. Мұндағы метафора -құмырсқадай бықыған өте көп деген мағынада қолданылып тұр, яғни Жазушы әскер санын құмырсқаға балап отырған секілді. Осы метафораны аудармамен салыстырып көрелік: Орда-Базар некогда служил сборным пунктом бесчисленных войск Батыя перед походом на запад. Аудармашы орыс тіліне құмырсқадай бықыған тұрақты тіркесін сан жетпес (бесчисленные) деп аударған, бұл сын есім мағыналық жағынан қатаң сәйкестікті сақтап тұр. Orda-Bazar had once been a point of defence for the numerous forces of Baty before he started out for Rus. Ағылшын тіліндегі  аударма міне осындай. Байқағанымыздай ағылшын тіліне де орыс тіліне сияқты жай сан есім болып жеткізілген. Гипербола орын алған келесі бір сөйлемді қарастырсақ: Жүз мың жылқы жайылса да шөбі жапырылмайтын, жусанды, қаулы, жасыл шалғынды егіз өзен Қаракеңгір мен Сарыкеңгірдің ұшы-қиыры жоқ жазық даласы. Гипербола (әсірелеу) – айтылған ойға ерекше көркемдік реңдік бояу мақсатында қолданылатын стилистикалық тәсіл екені бізге мәлім. Мұндағы жылқы санын сөз етерде оның нақты саны белгісіз, яғни Жазушы әсірелеп тұрғаны құпия емес. Оның (Жазушының) басты айтайын деген ойы – қанша жылқы жайылмасын шөп сол күйін сақтап жапырылмайды, бір сөзбен айтқанда табиғаттың мұндай сұлулығы тамсандырмай қоймайды. Вокруг же расстилалась зеленая степь с сочными луговыми травами, и могли прокормиться там сотни тысяч лошадей одновременно. All around there stretched out the green steppe with lush meadow grasses which could feed hundreds of thousands of horses at the same time. Қос тілге де аударуда Аудармашы сөзбе-сөзбе аударма тәсілін қолданған. Айта кететін бір жайт, түпнұсқада аталып өткен өзен аттары яғни жалқы есімдер аудармада мүлдем жоқ, тіпті өзен жөнінде сөз қозғалмапты.

 

 

 

 

     

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Жансүгіров І. Шығармалар. 2 т. - Алматы: ҚМКӘБ, 1960.

2. Пушкин А.С. Шығармалар. - Алматы: 1 т., 1953.

3. Раппопорт С. Художественное представление и художественный образ. М.: Наука, 1985.

4. Әуезов М. Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы. // Уақыт және әдебиет. – Алматы, 1962.

5. Әуезов М. Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері. // Көркем аударманың мәселелері. Мақалалар жинағы. – Алматы: Қазақ көркем әдебиет баспасы, 1957.

6. Талжанов С.О. О переводах и переводчиках. / Аударманың лексика – семантикалық мәселелері: (тәжірибелер, толғаныстар, топшылаулар). – Алматы: Ғылым, 1987.

 

 



Информация о работе Стилистистикалық көркемдеуіш сөздердің жеткізілу қиындықтары