Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен грамматикалық ерекшеліктері және оның аудармада көрініс табуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 15:19, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жүйесі бір-біріне ұқсамайтын тілдердің негізгі ерекшеліктерін салғастырмалы зерттеудің жалпы тіл білімімен қатар шет тілдерін оқыту жұмыстарында да мәні зор, маңызы жоғары. Біздің зерттеу тақырыбымыз қытай тіліндегі мөлшер сөздерді қазақ тілімен салғастыра қарастыруымыз осындай қажеттіліктен туындап отыр.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………...2
І тарау. «Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен зерттелу тарихы»……………………………………………………………..6
1.1.Тіл біліміндегі контрастивті типология және мөлшер сөздердің зерттелуі…………………………………………………………………….6
1.2. Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің зерттелуі………………………...7
1.2.1. Орыс тіл біліміндегі қытай тіліндегі мөлшер сөздер мәселесі…...8
1.3. Қазақ тіліндегі мөлшер атауларының зерттелуі……………………..9
1.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің шығу мен дамуы……………...10
1.4.1.Көне қытай тіліндегі мөлшер сөздер………………………………11
1.5. Қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздердің даму жолдары………...13
ІІ тарау. «Мөлшер сөздердің лексика-семантикалық және дистрибутивтік сипаты» …………………………………………………14
2.1. Қытайда және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің дистрибутивтік ерекшеліктері……………………………………………………………...14
2.2 Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің мағыналық, құрылымдық жүйесі……………………………………………………………………...18
2.3 Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздерді айқындайтын үстеулер……...19
2.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздің семантикалық ерекшелігі…………19
2.5. Мөлшер бірліктерді білдіретін тұрақты тіркестер…………………21

ΙΙΙ тарау. «Мөлшер сөздердің валенттілігі және грамматикалық ерекшеліктері»……………………………………………………………….23
3.1. Мөлшер сөздің қосарлануы және морфологиялық ерекшелігі……23
3.2.Мөлшер сөздің валенттілік қызметі…………………………………24
3.3.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің стилистикалық функциясы…...24
3.4. Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің грамматикалық белгілері……...25
3.5.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қазақ тілінде берілу жолдары...25

Қорытынды……………………………………………………………...27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………..29

Работа содержит 1 файл

Қытай тіліндегі мөлшер сөздер.docx

— 143.13 Кб (Скачать)

Қазақ тіл білімінде қытай тілі мен қазақ тілін салғастыра зерттеуге арналған Ф. Дәулетованың “Қытай және қазақ тілдерінің салғастырмалы фразеологиясы”(1999ж.)атты кандидаттық диссертациясы, Т.Қалибекұлының «Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесінің құрылымы мен семантикалық ерекшеліктері» және Ж. Тұрсыналиқызының «Қытай және қазақ тілдеріндегі жай сөйлемдердің  құрылымдық мағыналық топтары» деген еңбектерін атауға болады.

Тіл білімінде  сандық және мөлшер мағыналы сөздер мен  сөз тіркестері «түсіндірмелі сөздер»  немесе «сандар мен зат атауларының  арасында қолданылатын сөздер» (Гордлевский В.А.), «нумеративті сөздер» (Кононов А.Н. , Щербак А.М.), «счеттік есімдер» немесе «счеттік сөздер» («счетные имена», «счетные слова») (Баскаков А.Н., Кайдаров Ә.Т.) деп аталса, кейбір ғалымдар лексиканың бұл бөлігін атауда «сан-мөлшерді білдіретін сөздер» (Зейналов Ф.Р.) «мөлшерлік сөздер» (Летягина Н.И.), «есептеп шығарылатын» (считаемый), «есептеп шығарылмайтын» (несчитаемый), «санауға келетін» (исчисляемый), «санауға келмейтін» (неисчисляемый) сөздер, метрологиялық лексика, классификаторлар (Молчанова Л.А.), мезуративтер (Копыленко М.М., Акуленко В.В., Букреева С.А.), «халықтық номенклатура» (Дементьева Т.В.) деп атайды.

Зерттеуші Т.Г.Бугаева мөлшер, өлшем мағыналы сөздер мен сөз  тіркестерін ішкі семантикалық құрылымдарына  қарай классификаторлар, счеттік сөздердің жиынтығы, өлшемдік атаулармен байланысы бар құрылымдар деп үш топқа бөледі. Бұл терминдердің өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, әрқайсысына жеке-жеке анықтама береді.

1.2. Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің  зерттелуі. Қытай тіл білімінің дамуы ертеден басталған, дегенмен көне заман қытай тілі грамматикасы туралы біршама жүйелі жазылған еңбектердің аз екендігі шындық. Бірақ бұл қытай тілі грамматикасы мүлде сөз болмады дегенді білдірмейді. Қытайдың бектер заманы  ғылымның өркендеген дәуірі деп саналады. Тіл білімінің алғашқы өркендеуі осы кезден бастау алады. 

«Мөлшер сөз» атауының мағынасына келсек, ол мөлшерлеу, шамалау дегенді білдіреді.  Қытай тіл білімінде   1898-1952 жылдар аралығындағы  ғылыми еңбектерде мөлшерге берілген атауларда бірізділік жоқ екенін байқауға болады.

1898 жылы Ма Цзенчжұң (马氏文通) «Грамматика сауаты» кітабының есім сөздер тарауында былай деген: «Өзі сөз емес, бірақ зат санымен қабысып келетін сөздер болады. Мысалы, ат, арба деген атаулардың алдында тұрады».

Қытайдың белгілі лингвистері Ли Жиңший (黎锦熙),Уаң Ли (王力), Лу Шусяң (吕叔湘), Гау Миңкай (高名凯), Лу Чжі Вей (陆志韦), Тан Жыңби (谭正壁), Жаң Жыгұң (张志公), Диң Шыңшу (丁声树) және Чың Ваңдаудың (陈望道) еңбектерінде мөлшер сөздер әр түрлі атаулармен аталып зерттелген. Америкалық қытай ғалымы Жау Юанрынның (赵元任) «Қытай тіліне кіріспе» атты еңбегінде мөлшер сөздерді «көмекші зат есім» деп қарастырған.

Тек ХХ ғасырдың 50-жылдарынан кейінгі уақытта ғана қытай тіліндегі сөз таптарының құрамында ол жеке сөз табы болып, ресми атау алды. 1954–1956 жылдары құрастырылған «Қытай тілінің мектеп грамматикасының уақытша жүйесі» оқулығында: затты немесе қимылды білдіретін мөлшер сөздерге «сандық мөлшер сөз» деген анықтама берілген. Пекин университетіндегі «Қазіргі қытай тілінің грамматикасы» оқулықтарында мөлшер сөздерді қытай тілінің сөз таптары құрамына енгізу мәселесі бойынша кейінгі жылдарда мөлшер сөздерді зерттеушілер Хе Жие мен Го Сианжын мен Ли Үймиң еңбектері аталады. Мөлшер сөздерге қатысты пікірлерді Жао Юанрен, Паул Кратович еңбектерінен кездестіруге болады.

Қытай тілі грамматикасы зерттеушілерінің қытай тіліндегі мөлшер сөздерді  жүйелеу туралы жазған еңбектерін қарастыратын болсақ, олардың пікірлері әр түрлі. Ху Үйшу ( 胡裕树1962), Хуаң Борун (黄伯荣1979), Жаң Жыгоң (张志公1983),Ли Жиңший (黎锦熙) мен Лю Шыру (刘世儒1978) оларды әр түрлі топтарға бөліп қарастырады. Мәселен, олар заттық мөлшер сөздерді арнаулы және ауыспалы мөлшер сөздер деп екіге бөлген. Го Шауүй (郭绍虞1979),Ли Жиңший (黎锦熙) және Лю Шыру (刘世儒1978) өз еңбектерінде  мөлшер сөздерді үш топқа бөліп көрсеткен.

Қытай Ұлттар Университеті филология факультетінің қытай тілі бөлімінің оқытушылары құрастырған «Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қолданылуы» деген еңбекте мөлшер сөздерді заттық мөлшер сөздер, етістік мөлшер сөздер, күрделі мөлшер сөздер деп үш топқа бөліп, «заттық мөлшер сөздер заттардың санын мөлшерлеуді  білдіреді», «етістік мөлшер сөздер әрекеттің немесе қимылдың ретін санауды білдіреді», «ал күрделі мөлшер сөздер екі  мөлшер сөздің бірігуі арқылы жасалып, күрделі бір бірлікті білдіреді» деген анықтамалар берілген. Оны Жаң Ваңчи (1992), Го Сианжын ( 1987) еңбектерінен табуға болады. Лүй Шушяң  (吕叔湘) «Қазіргі қытай тіліндегі 800 сөз» деген кітабында мөлшер сөздерді: жекелік мөлшер сөздер, жинақтық мөлшер сөздер,бөлшектік мөлшер сөздер (часть) (部分量词 ), сыйымдылық мөлшер сөздері (容器量词), уақытша мөлшер сөздер, өлшемдік мөлшер сөздер, тәуелсіз мөлшер сөздер, қимылдық мөлшер сөздер, күрделі мөлшер сөздер деп топтастырады.

Ли Үиехуа мөлшер сөздерді  заттық және қимылдық мөлшер сөздер деп  екіге бөліп, ал заттық мөлшер сөздерді арнаулы және ауыспалы мөлшер сөздерге бөлген. Ол арнаулы мөлшер сөздерді: жекелік, жинақтық, өлшемдік, белгісіздік, потенциалдық және күрделі мөлшер сөздер деп бөлген. Қимылдық мөлшер сөздерді де арнаулы және ауыспалы деп бөліп қарастырған.

1.2.1. Орыс тіл біліміндегі қытай тіліндегі мөлшер сөздер мәселесі. Қытай тілін зерттеуші кеңес дәуірі ғалымдарының осы мәселеге қатысты пікірлері өте маңызды, оның ішінде Петербург (Ленинград) және Мәскеу тіл білімі мектептерінде қытай тілі мәселесі жан-жақты қарастырылған.

Петербург тіл білімі мектебінің қытай тілін зерттеуші танымал ғалым А.А.Драгунов қытай тілінің мөлшер сөздері туралы ой-пікірлерін өз кітабында нақты атап көрсетеді.

Петербург тіл білімі мектебінің белгілі ғалымы С.Е.Яхонтов ұстазы А.А.Драгуновтан қалған зерттеулерге өз үлесін қоса отырып, оның идеясын жалғастырды.

«Қазіргі қытай тілінде етістік пысықтау түрінің екінші бөлігі мөлшер сөз бола алмайды», дейді С.Е.Яхонтов және оны өз кітабында нақты мысалдармен дәлелдейді.

Мәскеу  тіл білімі мектебінің мөлшер сөздерді зерттеушілері ғалым В.М.Солнцев  пен оның ұстазы Н.Н.Коротковтың еңбектері ерекше орынға ие екендігін атап айта аламыз.

Өз кітабында  В.М.Солнцев жеке аффикстерден зат  және нәрселердің мөлшерін немесе өлшемін  білдіретін сөздерді бөлу қажет деп біледі. Мұндай сөздер тәуелсіз мағыналы сөздер болып, жекелік аффикстерінің алдында келіп, анықтауыш сипатына ие болуымен  ерекшеленеді деп, оған 一碗茶 [ yi wan cha] бір кесе шай, 一大碗茶[yi da wan cha] бір үлкен кесе шай, т. б. деген тәрізді мысалдар ұсынады.

В.И. Горелов, О.М.Готлиб, В.А.Курдюмов және О.А.Омельченконың еңбектерінде қытай тіліндегі мөлшер сөздер «счетные слова» деп қарастырылған.

Орыс қытайтанушыларының еңбектерінің басым бөлігінде мөлшер сөздерді «классификатор (счетные слова)» деп атаған.

1.3. Қазақ тіліндегі мөлшер атауларының зерттелуі. Қазақ тіл білімінде мөлшер ұғымына қатысты қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін зерттеушілер тарапынан нақты да жүйелі жинақталған, жалпы атауын белгілі бір терминмен берген бірізді еңбек қазірше жоқ. Олар әрбір зерттеушінің еңбегінде әр түрлі аталып келеді. Тілдік тарихи даму үрдісіне қарасақ, мөлшер мәнді сөздер түркі тілдерінің барлығында, оның ішінде қазақ тілінде  жиі кездеседі. Мысалы, бір үйір жылқы, бір табын сиыр, бір отар қой, бір уыс бидай, бір қадақ күріш, бір шелек сүт, бір құшақ отын, бір құлаш жіп, бір қарын май, бір жұтым су, бір үзім нан, таяқ тастам жер, сүт пісірім уақыт т. б.

 А.Байтұрсынұлы есептік, реттік  сан есімдерді сипаттай келіп:  «...нәрсенің бүтінін емес, бөлімінің  санын көрсететін сөздер бар:  олар «темілдік» деп аталады. Темілдік сан: жарты, жарым, ширек. Қазақтың тілінде темілдік санның есімі тіпті аз», – дейді.

 А.Ысқақов «затты жеке-даралап  атамай, оның жиынын тобымен атайтын  зат есімдерді «көптік мәнді есімдер» деп атап, оларды: 1) сұйық заттардың атауы; 2) газ тектес заттардың атауы; 3) уақ, ұнтақ, ұйысқан, майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атауы; 4) дерексіз ұғымдардың атауы; 5) өздігінен табиғи жолмен бөлшектенбейтін кесек заттардың атауы; 6) жаратылыс құбылыстарының атауы деп алты топқа топтастырады.

 Е.Жанпейісов қазақ тілінде жиынтық, жалпылық мән қосарлы зат есімдер негізінде қалыптасқан аталымдар арқылы білдірілетінін айтады.

Диссертацияда қазақ тілінде мөлшер ұғымын білдіретін бірліктерді арнайы зерттеген Ж.Ш.Ахмедова, Т.Сайрамбаев, Ә.Болғанбаев, Ә.Хасенов, С.Жанпейісова, А.Тұрышев, К.Күркебаев, О.С.Караджа және Л.М.Қабылдина еңбектеріне шолу жасалынды.

1.4 Қытай тіліндегі  мөлшер  сөздердің шығу мен дамуы. Қытай тіліндегі заттық мөлшер сөздерді сауыт-сүйек жазбаларынан(甲骨文) кездестіреміз. Бұлар заттық мөлшер сөздер тұрмыстағы қажет бұйымдардың, сауда-саттықта қолданылатын сөздердің негізінде пайда болғандығының дәлелі.

  1. Өлшем  және салмақ жүйесі бірліктерін білдіретін мөлшер сөздер, мыс.:卯六牢,鬯六卣,亡龙。[Mao liu lao, chang liu you,  wang long.] Алты бас, алты құты арақпен бақилықтарды еске алды. 其礼新鬯二升, 一卣。[Qi li xin you er sheng.] Ырым бойынша арақтан екі шың, бір құты дайындады. 

2. Ақша бірлігін білдіретін мөлшер сөздер, мыс.:画贝十朋。 [Hua bei shi peng.] Он жұп бей. 其贞用三丰。[Qi zhen yong san feng.]Үш фең қолданды.

3. Жекелік бірлікті білдіретін мөлшер сөздер. Мыс.:御于何羌三十人。[Yu yu he qiang san shi ren.] Өзенді қорғауға цяннан отыз адам бөлінді. 羌百羌。[Qiang bai qiang.] Цян адамдарынан жүз.

Ең алғашқы  пайда болған мөлшер сөздердің өзіндік  ерекшеліктері бар, яғни олар зат  есімнен жасалғандығы анық байқалып тұр.

Ежелгі  Қытайда ұлудың қабығы мен асыл тастар ақша бірлігі ретінде қолданылған.Сондай-ақ, ол табиғи көріністердің мөлшерін білдіру үшін де пайдаланылған. 羌百羌[qiang bai qiang] цяннан жүз цян (ян–қытайдың бір ұлты), 田十田[tian shi tian]атыздан он атыз  алдыңғы 田  [tian] заттың өзін білдірсе, соңғы田 [tian]  мөлшерін білдіріп тұр.

Инь дәуірінің  (殷代) соңғы кезінде 玉[yu] нефрит сөзінің орнына   丰[feng] иероглифі   мөлшер сөз ретінде қолданыла бастады. Нефрит асыл тасының бірлігі ретінде қолданған 丰[feng] мөлшер сөзі зат есімнен бөлініп шыққандығын білдіреді. 丰[feng]  иероглифінің жасалуы 玉yu иероглифін біраз өзгерту арқылы жасалған. Кейін丰 [feng] сөзі адамға қолданылатын мөлшер сөз болды. Мыс.: 五丰臣 бес уәзір.Бұл жерде丰[feng] адамдардың беделіне, құрметіне қолданылып отыр.

Металл  жазбаларында [金文] мөлшер сөздердің  қолданылуы заттық мөлшер сөздер ретінде ғана кездеседі. Бірақ сауыт-сүйек жазбаларындағы мөлшер сөздерге қарағанда, олардың мазмұны күрделірек, саны да көп. Ол мөлшер сөздер өлшем, ақша, сыйымдылық бірліктерін білдірген. Мыс.:浮牛三百五十五牛 [fu niu san bai wu shi wu niu] Сиырдан үш жүз елу бес бас. 羊廿八羊  [Yang nian ba yang] Қой басы жиырма сегіз тұяқ.

Бір зат  есімге ұқсамайтын бірнеше мөлшер сөз қолданылады, мыс.: 车[che] арбаға 两 [liang] ,  乘 [cheng]  мөлшер сөздері қолданылды: 浮车十两[fu che shi liang] Он екі машина.

Заттық  мөлшер сөздердің дамуы аса күрделі, әрі ұласпалы. Себебі қоғамда мөлшерді өлшеудегі бірліктердің көбеюіне байланысты өлшем бірліктері де көбейген. Табиғи көріністерге, заттардың бейнелеріне қарай 个 [ge], 口 [kou], 张[zhang], 年[nian] жиі қолданылатын жекелік мөлшер сөздер пайда болып, дамыды.

1.4.1.Көне қытай тіліндегі мөлшер сөздер. Екі хан(两汉) дәуірі кезінде сан мөлшер сөздерінің саны көбейіп, атқаратын қызметі нақтыланып, өзінше даралана бастады. Мысалы, 马 - 匹атқа  [pi] мөлшер сөзі ,  牛 - 头   сиырға [tou] мөлшер сөзі, 羊 – 头қойға [tou] мөлшер сөзі қолданылған. Бұл мөлшер сөздердің Чин (先秦)дәуірінде  пайда болып, кейінгі Хан дәуірінде де өз қасиеттерін сақтай отырып дамыған. Жануарларға қатысты мөлшер сөздер: 马称匹 [ma – pi] жылқыға 匹pi;羊,牛称头 [yang, niu – tou] қойға, сиырға 头мөлшер бірліктері қолданылған. Мұндағы  tou сөзі әуелде дене мүшесі бас мағынасын берген, кейін сиыр мен қой сөздерімен тіркесіп, сол жануарлардың мөлшерін көрсетуде қолданылған. Оларды төмендегідей топтарға бөліп қарастыруға болады:

1. Зат  есімдердің мөлшерін шамалағанда, сан есімді қолдану әдісі әлі кең көлемде жүйелі арнаға түспеген кез; 

2. [数词+量词] «сан есім + мөлшер сөз» құрылымы зат есімнің алдында қолданылған, бірақ салыстырып қарағанда, бұл құрылымының әлі де зат есімдердің соңынан қолданылуы жиі кездеседі; 

3. Мөлшер сөздер әлі де кемелдену деңгейіне жетпеген, орны нақтыланбаған мөлшер сөздердің біразы әлі де болса сақталып қалған. Бір-біріне ұқсамайтын зат есімдерді  бір сөйлемнің ішінде мөлшерлеген  кезде, оны тек қана бір мөлшер сөзбен білдіруге болады. Мысалы, 车马二百五十五匹 [che ma er bai wu shi wu pi ] Арба атымен – 250. Бұл мысалда атқа да,  арбаға да匹[pi ] мөлшер сөзі қолданылған. 将万二千人骑 [jiang wan er qian ren qi.] Он мың әскер, екі мың ат. Адамға да арбаға да бір мөлшер сөз қолданылған.

Қорыта  айтқанда, қытай тіліндегі  заттық мөлшер сөздер сауыт-сүйек, металл дәуірлері  кезінде пайда болып, Чин дәуірі кезінде заттық мөлшер сөздер қалыптасып, дамыды. Екі хан дәуірі заттық мөлшер сөздердің дамып, жетілген кезеңі болып есептеледі.

1-кесте – Қытай тіліндегі мөлшерді көрсетудің өзгерісі және мөлшер сөздерді қолдану барысындағы даму кезеңдері

Жетілу (даму) кезеңдері 

      І

     ІІ  

     ІІІ

IV

V

Сөз таптарының бірлесуі

Зат есім

Сан есім

Сан есім

Зат есім

Зат есім

Сан есім

Зат есім

Зат есім

Сан есім

Мөлшер сөз

Сан есім

Мөлшер сөз 

Зат есім

Мысалдар

马五

Ат бес

五马

Бес ат

马 五马

Ат бес ат

马五匹

Ат бес бас

五匹马

Бес бас ат

Информация о работе Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен грамматикалық ерекшеліктері және оның аудармада көрініс табуы