Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен грамматикалық ерекшеліктері және оның аудармада көрініс табуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 15:19, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жүйесі бір-біріне ұқсамайтын тілдердің негізгі ерекшеліктерін салғастырмалы зерттеудің жалпы тіл білімімен қатар шет тілдерін оқыту жұмыстарында да мәні зор, маңызы жоғары. Біздің зерттеу тақырыбымыз қытай тіліндегі мөлшер сөздерді қазақ тілімен салғастыра қарастыруымыз осындай қажеттіліктен туындап отыр.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………...2
І тарау. «Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен зерттелу тарихы»……………………………………………………………..6
1.1.Тіл біліміндегі контрастивті типология және мөлшер сөздердің зерттелуі…………………………………………………………………….6
1.2. Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің зерттелуі………………………...7
1.2.1. Орыс тіл біліміндегі қытай тіліндегі мөлшер сөздер мәселесі…...8
1.3. Қазақ тіліндегі мөлшер атауларының зерттелуі……………………..9
1.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің шығу мен дамуы……………...10
1.4.1.Көне қытай тіліндегі мөлшер сөздер………………………………11
1.5. Қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздердің даму жолдары………...13
ІІ тарау. «Мөлшер сөздердің лексика-семантикалық және дистрибутивтік сипаты» …………………………………………………14
2.1. Қытайда және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің дистрибутивтік ерекшеліктері……………………………………………………………...14
2.2 Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің мағыналық, құрылымдық жүйесі……………………………………………………………………...18
2.3 Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздерді айқындайтын үстеулер……...19
2.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздің семантикалық ерекшелігі…………19
2.5. Мөлшер бірліктерді білдіретін тұрақты тіркестер…………………21

ΙΙΙ тарау. «Мөлшер сөздердің валенттілігі және грамматикалық ерекшеліктері»……………………………………………………………….23
3.1. Мөлшер сөздің қосарлануы және морфологиялық ерекшелігі……23
3.2.Мөлшер сөздің валенттілік қызметі…………………………………24
3.3.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің стилистикалық функциясы…...24
3.4. Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің грамматикалық белгілері……...25
3.5.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қазақ тілінде берілу жолдары...25

Қорытынды……………………………………………………………...27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………..29

Работа содержит 1 файл

Қытай тіліндегі мөлшер сөздер.docx

— 143.13 Кб (Скачать)

Сaндық мaғынaсы болжалданып берілген төрт түлік мaл есебінің тобын, жиынтығын көрсететін мөлшерлік сөздер қaтaрынa отaр, тaбын, үйір, қол, құшaқ, қорa сияқты сөздерді жaтқызуға болады. Мөлшерлік aтaулaрмен бaйлaнысы бaр құрылымдaрдың негізгі бөлігін сaн есім + мөлшерлік көрсеткіш + зaт есім үлгісіндегі қaзaқтың бaйырғы өлшемдік құрылымдaры құрaйды. Бұл өлшем мәнді құрылымдaрдaғы счеттік көрсеткішті етістік сөздерге  -ым, -ім, -м қосымшaлaры жaлғaну aрқылы жaсaлaды.Мыс.: бір жұтым су, бір тілім нaн, бір үзім нaн, бір шымшым тұз, бір aсым ет, бір қaрын мaй, бір сaбa қымыз, бір aстaу көже. Сондaй-aқ -ым, -ім, -м қосымшaлaры жaлғaну aрқылы уaқыт, қaшықтық өлшемдерінің де жaсaлaтынын бaйқaймыз. Мыс.: aт шaптырым, шaқырым, ет aсым, сүт пісірім, т.б. Бұл қосымшaны өлшем мәнді тіл бірліктерін тудырудaғы өнімді жұрнaқтaрдың бірі деп қорытындылaймыз.

2.3 Қытай тіліндегі мөлшерлік сөздерді айқындайтын үстеулер. Қытай тілі – сөздік қоры бай тілдердің бірі. Осы тілдегі ерекше орынға ие сөз табы –үстеу. Қазіргі қытай тілінде «етістікті, сын есімді айқындап, шаманы, көлемді, мезгілді т.б. мағыналарды білдіретін сөздер үстеу» деп  анықтама берілген.

Мөлшер  сөздер сөйлемде баяндауыш болып келгенде,мезгіл мен көлемді білдіретін үстеулер оларды айқындап тұрады.Мысалы: 他们 结婚 已经 三年了。[Ta men jiehun yijing san nian le] Олардың үйленгендеріне үш жыл болды. 三斤苹果一共一块五毛钱。[San jin pingguo yigong yi kuai wu shi mao qian] Үш жин (0,5 килограмм) алманың барлығы бір юань бес мао тұрады. 他刚个二十岁。[Ta gan ge er shi sui] Ол жиырмада.

2.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздің  семантикалық ерекшелігі. Мөлшер сөз жеке бір сөз табы болатын ерекше грамматикалық категорияға жатады, бірақ грамматика мен семантика тығыз қарым-қатынаста болады.

  • Бір зат есім не етістік бір мөлшер сөзді талғап тіркесуі, олардың өзара семантикалық сәйкестік таба алу-алмауында. Бір зат есім не етістік бірнеше мөлшер сөзбен тіркесіп келе береді. Мәселен, «人адам» сөзіне «个, 位, 员, 名, 介» сынды мөлшер сөздер тіркесе алады. «个» мөлшер сөзімен тіркескен сөздердің көбі көмескі болып келеді. Мыс.:
  •     访问了一所学校的学生   бір мектептің оқушыларымен кездесті.
  •             访问了一位学校的学生  мектептің бір оқушысымен кездесті.

              访问了一个学校的学生  бір мектептің оқушыларымен кездесті.

            Заттық мөлшер сөз (名量词) бен қимылдық мөлшер сөзге (动量词) семантикалық талдау жасап, мөлшер сөз бен зат есім, етістік, сан есімдер арасындағы сәйкесу механизімін қарастырып көрелік.

                1.Ұқсастық форма(相似型)формалық тип деп аталады. Адамдардың әр түрлі тәсілдер арқылы іс-әрекетті бақылау нәтижесі, обьективті іс-әрекеті әр түрлі болғанымен,  олардың арасында белгілі ұқсастық болып отырады. Мұндай ұқсастық семантикада көрінеді. Мыс.: “一叶轻舟” [yi ye qing zhou], бір қайық (叶жапырақ, қайықты жапыраққа теңеген, қайықтың түрі кішкентай жапырақ типтес қытайлардың қайығы), “一钩明月 [yi gou mingyue] қияқтанған жарық ай, 一线天 [yi xian tian] көкжиек “一峰骆驼 [yifeng luo tuo] бір түйе( түйе өркешін тауға теңеуі). Осы мысалдардағы  叶[ye], 钩[gou], 线[xian], 峰[feng] мөлшер сөздері зат есіммен тіркесіп келгенде, негізінен суреттеу, бейнелеу қызметін атқарады. Бұл сөздердің мөлшер сөздер болумен бірге олардың негізгі өз мағыналары да бар. Мыс.: 叶[ye]  жапырақ, 钩[gou] ілгек, 线[xian] сызық, 峰[feng] таудың шыңы.  

            2.   Байланыстылық форма相关型.

            1) Процестік форма  动状型. Кейбір заттық мөлшер сөздер семантикасы заттардың іс-әрекетпен байланысын анықтап, заттардың сыртқы пішіні мен іс-әрекеті арасындағы қарым-қатынасын, әсіресе, сол іс-әрекеттің себебін, салдарын анықтайды. Мыс.:串,堆,叠,挂, т.б.

       2)   Метонимиялық форма借代型. Субьективті заттардың сыртқы пішіні өзгеріске толы. Олардың кейбірінің пішіндік ерекшелігін бейнелеп беру өте қиын. Кейбірінің пішіндік ерекшелігі айқын болмағандықтан, зат есім мен мөлшер сөздің сабақтаса байланысу ерекшелігіне сүйене отырып, семантикалық жағынан символдық ерекшелігі ең жақын сөзді алып, мөлшер сөздің орнына қолданылады. Мыс.: 一口猪 [yi kou zhu] бір бас шошқа, 一头牛 [yi tou niu] бір бас сиыр, 一尾鱼 [yi wei yu] бір тұтам балық, 一刀纸 [yi dao zhi] бір кесім (жүз парақ) қағаз, 一碗饭 [yi wan fan] бір кесе тама,车[che] машина, 飞机 [fei ji]самолет,碗[wan]кесе, 瓶[ping]бөтелке,柜子[gui zi ] шкаф, 一脸汗水[yi lian han shui]жүзін тер басу,一口白牙 [yi kou ya] ауызы толы ақ тіс,一手泥巴[yi shou ni ba] бір уыс балшық, т.б.

       3. Арнайы форма (特指型). Бұл түрдегі мөлшер сөздер көбінесе  қалыптасқан ұғымдағы немесе арнайы обьектіге арнайы қолданылатын сөздер. Олар негізінен екі түрге бөліп қарастырылады. 1) арнайы өлшем бірліктер: 一斤 жарты килограмм, 两0.33 грамм, 吨 тонна, 米метр, т.б. 2) адамды немесе затты білдіретін сөздер:个,位,名,员,群,伙,帮,窝; Істі-қимылды білдіретін сөздер: 件,项,桩,起,档,宗; Отбасын білдіретін сөздер: 世,代,辈,房,家,户; Дәрежені білдіретін сөздер:等,级; Түрді (вид) білдіретін сөздер:种,类,样,.

           Қимылдық мөлшер сөз жеке бір жүйе ретінде ішкі құрылымы бірнеше бөлектен тұрады, оның етістікпен тіркесуі әртүрлі факторларға байланысты. Ол бірінші кезекте қимылдық мөлшер сөздің өзіндік семантикалық ерекшелігіне, екінші кезекте етістікке қатысты обьектіге байланысты болады.

           Қимылдық мөлшер сөздің құрылымдық жүйесін төрт сатыға бөліп қарастыруға болады.Олар: жалпы қолданыстағы мөлшер сөздер (通用量词) , тәуелсіз мөлшер сөздер (自主量词),көмекші мөлшер сөздер (借助量词), модальдық мөлшер сөздер(情态量词)

    1) Жалпы қолданыстағы мөлшер сөз (通用量词). Сандық  және уақыттық мөлшер бірліктерін білдіретін мөлшер сөздер:次рет, 回 рет, 年жыл, 月ай , 日күн, 季сезон, 周демалыс күндері, т.б.

    2) Тәуелсіз мөлшер сөздер (自主量词 ): 看一看қарау, 学一学үйрену, 说一说 сөлеу,扫一扫сыпыру т.б.

    3) Көмекші мөлшер сөздер (借助量词). а)Дене мүшесіне байланысты : 眼көз, 头бас, 腿аяқ, 手қол, 口ауыз, 拳жұдырық, 脚 аяқ, 巴掌алақан, 指头саусақ. ә)Құрал-саймандарға байланысты: 刀пышақ, 抢мылтық, 笔қалам, 鞭子қамшы, 斧子балта,  т.б. б)Нәтижесінің қоса берілуіне байланысты: 步 қадам, 声дауыс, 圈қора , 程жол.

           в) Модальдық мөлшер сөздер ( 情态量词): 番, 通,气, 阵, 遍, 顿, 场, 趟.

    2.5. Мөлшер бірліктерді білдіретін  тұрақты тіркестер. Қазақ тіліндегі ат шаптырым жер, құнан шаптырымжер, козы  көш  жер дегендермен бірге бір елі, екі елі деген өлшем бірліктері сияқты өлшем бірліктері бар. Қытай халқында да ертеден елi өлшемi болған. Бұл өлшемдi күнi бүгiнге дейiн қолданады. Елi сөзінің қытай тiлiндегi баламасы指厚 zhi hou, тура мағынасын қазақ тiлiне аударсақ, «саусақтың қалыңдығы» деген ұғымды бiлдiредi: Екi елi:er zhi hou (шамамен 2 см) екi саусақтың енiне тең;үш елi:  san zhi hou (шамамен 6 см) үш саусақтың енiне тең;Төрт елi: si zhi hou (шашамен 8 см) 4 саусақтың енiне тең). Бармақ елi: 大拇指da mu  zhi (шамамен 2,5 см).

           Ерте кезде  қазақ халқы да қытай халқы  да, жер көлемiн, ұзындықты өлшеу үшiн мына қарапайым әдiстердi пайдаланған. Мыс.: табан, қадам, таяқ өлшемдері, тас лақтырып өлшеу, садақ оғын атып өлшеу, арқанмен өлшеу т.б.

           Алыс жолдарға, оған кететiн уақыттың ұзақтығына қарай төмендегiдей өлшемдер пайда болған: бiр күншiлiк жол (жер) – таңның атуы мен бату аралығы. Қытай тiлiндегi мағынасы 一天路 yitian lu бiр түстiк жол (жер) – ерте шығып кеткенде, күн дәл төбеге келгендегi аралық, қытай тiлiндегi мағынасы  半天路ban tian lu бiр түстiк жол (жер) – таң атып, жұлдыздар сөнiп, күн шыққан кез.

            Қытай халқының  негiзгi шаруашылығы – егiншiлiк.  Осы егiншiлiкке  байланысты  туындаған қашықтық ұғымдары  да жеткiлiктi. Мыс.:  千米qian mi 1000 метрге тең – 1 км; 公里[gong li] шақырымға тең; 十里[shi li] 0,5 км-ге тең – көз көрiм жер; 英里[ying li] 200-250 метрге тең – құлақ естiр жер; 海厘[hai li] судың бетiн өлшейтiн өлшем – 600 метрге тең; 尺寸[chi cun] 34 см-ге тең.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ΙΙΙ тарау. «Мөлшер сөздердің валенттілігі және грамматикалық ерекшеліктері». Бұл тарау қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің морфологиялық ерекшелігі, валенттілік қызметі, мөлшер сөздің стилистикалық функциясы және түрлері, қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің грамматикалық белгілері, қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қазақ тілінде берілу жолдары қарастырылады.

    3.1. Мөлшер сөздің қосарлануы және морфологиялық ерекшелігі. Мөлшер сөздің негізгі  бөлігі бір буынды,олар қосарланып реттілік мағынасын білдіреді.Мыс.:同学们个个都很喜欢这位老师。Студенттердің әрқайсыс бұл мұғалімді өте жақсы көреді. 他说的句句都是实话。Оның айтқан  әр сөзі шындық. 条条大路通罗马。Тарам- тарам  әрбір жол Римге қатынайды 我去过好几回,回回都没有见到他.Мен бірнеше рет барғам, әрбір жолы оны кездестіре алмадым.

    «个个» «әрбір» деген мағына береді, «句句» «әрбір сөйлем» мағынасын, «条条», «回回» олар   «每一条[mei yi tiao] әр бір көше», «每一回[mei yi hui] әр ретте» деген мағына береді, барлығы грамматикалық заңға сәйкес, реттіліктің мағынасын көрсетеді.

    3-кесте – Қосарланған мөлшер сөздердің грамматикалық мағынасының өзгеруі

     

     

    Мөлшер сөздің қосарлануы

    Синтаксистік қызметі 

    Сөйлемдегі 

    орны

    Мөлшер сөз типі

    Грамматикалық мағынасы

     

     

     

     

    АА

    бастауыш 

     

    Заттық мөлшер сөз

    әрбір

    баяндауыш

     

     

    көп

    анықтауыш

    толықтауыштың алдынан

     

    көп

     

    бастауыштың алдынан

     

    әрбір

    көп

    пысықтауыш 

     

     

     

    Қимылдық мөлшер сөз

    әрбір

    Заттық мөлшер сөз

    бір-бірден

    тізбектеліп


     

     

    3.2.Мөлшер сөздің валенттілік  қызметі. Қытай тіліндегі мөлшер мағынасының синтаксистік тәсіл арқылы берілуінің өзіндік жолдары бар. Мөлшер сөз бен сан есім, сілтеу есімдігі мөлшер сөз тіркесін жасағаннан кейін олар сөйлемде еркін қолданылып, сөйлем мүшесі бола алады. Бірақ сан есім заттық мөлшер сөздермен және қимылдық мөлшер сөздермен тіркесіп, мөлшер сөз тіркесін құраса оның сөйлемдегі синтаксистік қызметінде әртүрлі айырмашылықтары болады. Мөлшер сөздер әрқашан сан есімдермен тіркесіп қолданылатындықтан, олардың тіркесін сандық мөлшер сөз деп атау дағдысы бар.

    数量词+名词(Сан мөлшер сөз +зат есім). Мыс.:一位工人бір жұмысшы ,一次机会бір жолғы жиын. Мөлшер сөздердің барлық түрін 动词 + 数 量 词+ 名词(етістік+сан мөлшер сөз+зат есім) үлгісінде қолдануға болады.

        А. Бұл үлгіде заттық мөлшер сөздердің соңына зат есім қосылып айтылады. Мыс.:买了一本书бір кітап сатып алды,种了一棵树。

    В. Аталған үлгі бойынша етістіктің соңында қимылдық және мезгілдік мөлшер сөздер қолданылғанда, олар алдындағы етістік білдіретін қимыл-әрекетті анықтайды. Мыс.:看了一眼бір рет қарау,听了一听бір рет тыңдау ,去过一次бір рет барды,来了三天 ,т.б. Мөлшер сөздер сөйлемде бастауыш,баяндауыш,анықтауыш,толықтауыш та бола алады. Мыс. :两本 都 看完了екі кітапты оқып болдым,我已经四十岁了Мен қырықтамын。 时 间 已 经六点了уақыт алты болды.

    3.3.Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің стилистикалық функциясы.

    1.Теңеулік  функциясы. Белгілі бір заттың образын білдіретін сөз арқылы сол заттың мөлшерін көрсету, арнаулы теңеу сөзсіз-ақ заттың нақты да жанды теңеу мағынасын беру, міне, бұл мөлшер сөздердің теңеулік функциясы болып табылады .Мыс.:不信, 请看那朵流星, 是他们提着灯笼在走。 Сенбесең,ана ақпа жұлдызға қара, олар шамды көтеріп жүрді. 郭沫若 《天上的街市》

    2. Кейіптеу  функциясы.Тілдік стилистикалық қажетке қарай кейде бір затқа қолданылатын мөлшер сөз екінші бір затқа алмастырылып қолданылу арқылы зат, адам немесе көрініс өзгертіліп, оқырманды ойға қалдырып, ерекше сезімге бөлейді. Мөлшер сөзді бұлайша қолдану тәсілі тілдік бейнелеудің сезімдік бояуын арттыра түседі.Мыс.:潘月亭——一块 庞然 大物 裹 着一身绸缎。Фан Үиетиң – торғын –торқаға оралған алып адам. 曹愚《日出》

    3. Синестезия  функциясы. Мөлшер сөздер арқылы сезу түйсіктерін өзгертуге, алмастырып қолдануға болады. Яғни, көру, есту, сезу, иіс түйсіктерін өзара алмастыруға, сол арқылы қиялды шарықтатуға, шығармашылық ой өрісін кеңейтуге болады. Мөлшер сөздерді осы тәсілмен қолдану арқылы адамға ой салатын, толғантатын тілдік бейнелеудің өнімділігіне қол жеткізуге болады. Мыс.:

    微风过处,送来缕缕清香,仿佛远处高楼上渺茫的歌声似的。Самал желпіп есіп өткенде, ауық-ауық мұрыныңа келген жұпар иісі алыстағы сарайдан үзіліп жеткен ән дауысы секілді. 朱自清《荷塘月色》

     3.4. Қазақ тіліндегі мөлшер сөздердің грамматикалық белгілері.

    М. Балақаев қабыса байланысқан eciмдi сөз тipкecтepi туралы мәлiмeт бергенде: «Нақтылы мағынасы бар сөздердің  барлығы есімдермен тipкece алмайды. Бұлардың көпшілігі осыған қоса бip анықтаушы сан есімді де керек етеді»,- дeйдi. Мұндай сөз тіркестеріне бip арқа отын, үш қап астық; 6ip қайнатым шай, 6ip узім нан, екі асым ет, т.б. дегендерді мысалға келтіреді.

    Е. Ағманов түрік тілдеріндегі сан  есімдер жүйесі туралы құнды мәліметтер бере отырып, «еceптік сан есімді анықтауыштық сөз тіркестеріндегі сөздердің арасына мөлшерлік сөздер сыналуы мүмкін» екендігін айтады. Т.Сайрамбаев мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздерді тек  мезгіл зат есімдер деп санайды да, оларды «бағыныңқы қызметте жұмсалатын сан есімдердің аясын кеңейтетін күрделі сөз тіркестерін жасаудың бір тәсілі,» – деп көрсетеді.

    Мөлшерлік  сөздер сөйлемде кез  келген сөздермен (зат eciмдep,  сан  eciмдep,  өздepi  секілді  басқа  мөлшерлік  сөздер,  eтicтiктep, шылаулар, үстеулер және сын есімдермен) түйдектеліп  тіркесе алады. Қазақ тiлiндe «сан eciм + мөлшерлік сөз» құрылымындағы  жай тipкecтep немесе «сан eciм + мөлшерлік  сөз + өлшеу объектісі» құрылымындағы  күрделі тіркестер «бұрын, кейін, бepi» сияқты шылаулармен (септеуліктермен) түйдектеліп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.

    Информация о работе Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің дамуы мен грамматикалық ерекшеліктері және оның аудармада көрініс табуы