Аустралия материгінің зерттелу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 21:59, реферат

Описание работы

Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстік материктің шағын, оңтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктің шеткі бөліктері: солтүстікте – Иорк мүйісі, оңтүстікте – Оңтүстік Шығыс мүйісі, батыста – Стип- Пойнт мүйісі, шығыста – Байрон мүйісі. Австралия солүстіктен оңтүстікке 3200 ш/ш – ға, батыстан шығысқа 41000 ш/ш шамасында созылып жатады, көлемі – 7631,5 ш/ш.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Аустралия материгінің зерттелу тарихы.
1.1 Жаңа замандағы Географиялық ашылулар.
2. Материктің физикалық сипаттамасы
2.1 Жер бедері мен пайдалы қазбалары.
2.2 Тектоникалық құрылымы мен рельефі
3. Рекряциялық және туризм орталықтары.
3.1 Аустралия материгінің негізгі туристік орталықтары
3.2 Құрлықтың ғажайып жерлері
ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Аустралияның рекряциялық орталықтры. КУРСТЫК ЖУМЫС.docx

— 4.77 Мб (Скачать)

Кіріспе

Жұмыстың көкейкестілігі: Австралия материгінің географиялық орны мен туризм орталықтарын қарастыру.

Австралия – Жер бетіндегі  ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен  қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда  жатыр. Басқалардан кейін ашылып, қоныстанған бұл материктің аты  латының australis – оңтүстік деген сөзінен шыққан.

Оңтүстік тропик Австралияны  одан солтүстік материктің шағын, оңтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп  өтеді. Материктің шеткі бөліктері: солтүстікте – Иорк мүйісі, оңтүстікте – Оңтүстік Шығыс мүйісі, батыста – Стип- Пойнт мүйісі, шығыста – Байрон мүйісі. Австралия солүстіктен оңтүстікке 3200 ш/ш – ға, батыстан шығысқа 41000 ш/ш шамасында созылып жатады, көлемі – 7631,5 ш/ш.

Жұмыстың мақсаты: Австарлия материгін зерттеу.

Солтүстікте Австралияның жағасында  Мелвилл, Батерст,Грунт –Айленд  және басқа ұсақ аралдар, оңтүстікте – материктік қайраңның шегінде  жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс және Кенгуру  аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал – Дерк – Хартог, шығыста – Фрейзер.

Австралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Австрлияны, сондай –  ақ оның көлемінің шағын екендігін  еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды. Астралиядан  солтүстікте және шығыста, Тынық  мұхиттың оңтүстік – батыс бөгінде  материктік, маржандық және жанар  тау текті көптеген ірілі –  ұсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы  аралдарлың жиынтығын Мұхиттық аралдар  деп те атайды.

Жұмыстың міндеттері: Австралияның жер бедерін, қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау.

Мұхиттық аралдардың жалпы  көлемі шамамен 1,3 млн ш/ш. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі. Австралияға ең таяу жатқан Жңа Зеландиядан  басқа, батыстағы ең ірі аралды Меланезия  деп атайды. Меланезияға Жаңа Гвинея, Соломон аралдары, Жаңа Каледония  т.б кіреді. Ең оңтүстікте жатқан Жаңа Зеландия ерекше көзге түседі. Меланезиядан солтүстіктен және батысқа таман жатқан ұсақ аралдарды Микронезия деп атайды. Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік бөлігінде шығысқа қарай жатқан қалған барлық аралдар Поленезияға жатқызылады. Олар Гавай, Лайн, Қоғам аралдары т.б. Бұл тарихи және этнографиялық жағынан осылай бөлінген, бірақ ол Мұхиттық аралдарды генетикалық және физикалық – географиялық белгілеріне қарай бөлуге сәйкес кемейді.

Жаңа Гвинеядан, шығыста  Фиджи аралдарын қоса, Жаңа Зеландияға деінгі аралдар доғасы аралдарды  және материкті бөліп жататын  су бассейндерімен бірге Тынық мұхит  геосинклинальды белдеуінің жалғасы  болып табылады.

 

 

1. Аустралия материгінің зерттелу тарихы.

1.1 Жаңа  замандағы Географиялық ашылулар.

Басқа материктер сияқты, Аустралияны  зерттеу оның шет аймақтарымен танысудан  басталды. Тасман айнала жүзіп шыққаннан  кейін Жаңа Голландияның оңтүстік материпен  байланысы жоқ екендігі түпкілікті анықталды.

ХVII ғасырдың соңғы кезінде (1688 – 1699 ) ағылшын теңіз қарақшысы Вильям Дампир (1656 – 1715) Аустралияның солтүстік – батыс және батыс жағаларын бойлап жүзіп, картаға түсірді. Ол материктің солтүстік – батыс жағасынан түпкіріне қарай біраз жерге дейін барып қайтты. Дампирдың бұл сапары Жаңа Голландия еш пайдасы жоқ, тіршілікке жарамсыз жер деген пікір қалдырды. Өсіп тұрған ағаш та, шөп те көрінбейді. Қыбыр еткен бірден – бір жәндік көзге түспейді. Кейде ұшырасып қалатын бірен – саран аңшылардың түрі қандай қорқынышты. Олардың баспанасыз, тыр жалаңаш кейпі әлемдегі ең сорлы халық екенін көрсетеді.

Дампир екінші саяхаты  кезінде Жаңа Гвинеяны солтүстігінен  айнала жүзіп, бірталай географиялық ашылулар жасады. Бірнеше бұғаздар мен аралдарды  ашты[1].

Дампир Англияға қайтып оралғаннан кейін өзінің саяхатын өте тартымды, көркем тілмен сипаттап жазды. Оның кітабындағы  реңсіз сипаттама Жаңа Голландияға  ынтығушылықты талай жылдарға тоқыратып  тастады. Тек арада жарты ғасырдан астам уақыт өткен кейін, 1770 жылы ағылшын теңізшісі Джеймс Кук ( 1728 – 1779) дүние жүзін айналу саяхаты кезінде Жаңа Зеландияны айналып өтіп, Аустралияның бүкіл шығыс жағалауын бойлап жүзді. Экспедиция кеме жүзуге өте қауіпті Тоқсауыл кедергіден асып, материктің солтүстік – шығыс шетіне барды. Оған Йорк мүйісі деген атау берілді. Осы жүзудің нәтижесінде Жаңа Зеландия Оңтүстік Жердің шеті емес, қос арал екендігі анықталды. Аустралияның 300 о.е –тен 100 о.е.- ке дейінгі бүкіл шығыс жағалауы ашылды. Жаңа Гвинея материктің бөлігі емес, жеке арал екендігі Торрестен кейін түпкілікті дәлелелденді.

1788 жылы материктің шығыс  жағалауындағы Порт Джексон қойнауына  (қазіргі Сидней кемежайы) каторгаға  айдалғандарды ұстайтын қоныстың  іргетасы қаланды. Осы кезден  Жаңа Голландияның ішкі аймақтарына өту және зерттеу жұмыстары басталды. Еріксіз айдалып барғандар алғашқы кезде ешқандай жұмыс атқарғысы келмеді. Тегін жер учаскілері қалағандарынша берілгеніне қарамастан, табиғаты қолайсыз жаңа жерге өз еркімен қоныстанушалар аз табылды. Қой шаруашылығының қолға алынуы Аустралияны игерудің негізін қалады.

 ХІХ ғасырдың басында  жаңа жерге байқау үшін апарған  қой малының өте тез қарқынмен  өсетіндігі анықталды. Шексіз  кең жайылым және жыртқыш аңдардың  жоқтығы қой өсіруге барынша  қолайлы жағдай туғызды. Мал  басы жыл сайын бірнеше есе  көбейіп отырды. Мал басты жыл  сайын бірнеше есе көбейтіп  отырды. Ал Англияның тез дамып  келе жатқан тоқыма өнеркәсібі  шикізат көзіне зәру еді. 

Тез көбейген мал табындары  барған сайын жаңа жайылымдарды көп  қажет етті. Соған сәйкес бұл кезде  материктің ішкі аудандарына жіберілетін  экспедициялардың басым көпшілігі  жаңа мал жайылымдарын іздеу үшін ұйымдастырылды.

Алғашқы кезде отарлаушылар Аустралияның кеме қатынасына қолайлы  оңтүстік  - шығыс жағалауына қоныстанды. Зерттеуші отрядтар осы жерден жағалауды  бойлап, оңтүстікке және солтүстікке  қарай тарайды. 1797 – 1798 жылдары М. Флиндерс пен Дж. Басс материктің оңтүстік – шығыс жағасын картаға түсірді. Басс өзінің есімімен аталған бұғазбен жүзіп, Ван Димен Жерінің түбек емес, арал екендігін анықтады.

М. Флиндерс (1774 – 1814) зерттеу  жұмыстарын әрі қарай жалғастырып, Үлкен Аустралия шығанағының  солтүстіке қарай түсірді. Оның  зерттеулері бұл шығанақтың солтүстікке қарай алысқа созылмайтындығын, яғни оған дейін бірқатар географтар болжайтындығын, яғни оған дейін бірқатар географтар болжағанындай, солтүстіктегі Карпентария шығанағына ұласпайтынын көрсетті. Екі үлкен шығанақтың арасын орасан зор құрлық бөліп жатқандығы, яғни Аустралия топарал емес, біртұтас материк құрайтыны түпкілікті анықталды.

1813 жылы Порт Джексоннан  материктің түпкіріне алғашқы  экспедиция аттанды. Саяхатшылар  тау жотасынан батысқа асқанда  малға қолайлы, шөбі шүйгін  бірнеше кең жайылым тапты.  Осы уақыттан бастап басын  Үлкен Суайрық жотадан алатын  Муррей – Дарлинг өзен жүйесін  зерттеу қолға алынды.

Оңтүстік Аустралияның ішкі аудандарынан жайылым іздеген экспедициялар  Аделаида қаласынан жіберіліп отырды. 1840 – 1841 жж. Э.Эйр (1815- 1901 ж)осы қаладан материктің батыс шетіне дейінгі бүкіл оңтүстік жағалауын зерттеді. Флиндерс және бірнеше аласа тау жоталары ашылды. Саяхатшы 4 ай сапарында бірде – бір ағаш кездестірмегендіктен, теңіз жағалық жазықты Нулларбор деп атады. Осымен бірге Эйр материктің түпкіріне қарай сапар шегіп, бірнеше тұзды көлдерді тапты.

Осы кезеде Аустралияның батыс  жағалауына Перу және Олбани қалаларынан  бірнеше экспедиция жіберілді. Олар бірқатар ұсақ өзендер мен аласа  тау жоталарын ашты.

Аустралияның солтүстік  – шығыс үлкен бөлігін солтүстікте  Карпентария шығанағына дейін геолог Л. Лейхгардт тұңғыш рет зерттелді. Ол 1 жыл 2 ай жалпы ұзындығы 4800 км рет  зерттеді. Ол саяхатынан кейін картаға  көптеген өзендер мен таулардың  аты кірді. Кейінірек (1859 ж) материктің бұл үлкен бөлігі ағылшын король – әйелі Викторияның құрметіне  Квинслед - король – әйел Жері деп  аталды. Қазіргі кезедегі елдің үлкен бір штатының аты содан қалған 1817 жылы Лейхгард Аустралияны батысынан шығысына қарай қиып өту мақсатымен жаңа саяхатқа аттанды. Экспедиция Дарлинг өзіне жеткеннен кейін хабар – ошарсыз жоғалып кетті.

Сонымен ХІХ ғасырдың 40 жылдарында Аустралияның бүкіл шет аймақтары  зерттеліп картаға түсірілді, ал ұлы шөлдер және шөлейттер алып жатқан ішкі бөлігі көпке дейін белгісіз күйінде қалды.

Орталық Аустралияға экспедиция ұйымдастыруды бірінші кезекте  жайылымға өте мұқтаж болып отырған  Оңтүстік Аустралия үкіметі қолға  алды[2].

1844 жылы Ч.Стерт (1795- 1869 ) басқарған шағын отряд жаңа жайылым жер іздеуге оңтүстік жағалаудан аттанды.

Экспедийия алдымен Муррей арқылы Дарлинг өзенінің төменгі  ағысына барды. Одан әрі солтүсік – батыс бағытта бірнеше аласа  жоталарды басып өтіп, кең алқапқа  жайылған шөлді жазыққа жетті. Аймақты  уақытша ағыс арналары – криктер  тілімденген. Стерт оған Үлкен Тастақ шөл деген ат берді. Экспедиция материктің кіндік бөлігіне жеткеннен кейін  шыққан жеріне қайтп оралды.

ХІХ ғасырдың тұсында Аустралияны  зерттеуге Мельбрун географиялық қоғамы ат салысты. Қоғам меридиан бағытында  Мельбрунан Карпентария шығанағына дейін телеграф желісін жоспарлауды  қолдана алады. Осы мақсатпен  экспедиция ұйымдастырылып, оны басқару  неге екені белгісіз, зерттеу жұмыстарынан бейхабар полиция қызметкері Р. Беркке (1821 – 1861 ) тапсырылды. Географиялық қоғамның екінші бір қатесі – экспедияция  Карпентария шығанағына жетіп, тапсырманы орындап шыққаннан соң кемемен оралудың орнына кейін тағы да сол жомен қайттын болады. Бұл қате экспедицияның қайғылы айқталуына апарып соқтарды.

1860 жылы қазанда экпедиция  керуен Мельбруннен жолға шықты.  Берк Аустралияда саяхатқа тұңғыш  рет көлік ретінде атпен қатар  түйе пайдаланады. Трассаның бойына  қайтар жолға арнап екі жерден  – Дарлингтің сағасына және  Куперс – Крик өзенінің бойына  азық – түлік қоймасы жасалды.  Берк Куперс – Криктен әрі  жүкті де, адам санын да азайтып,  жеңіл барып қайтуды жоспарлады. Ол әрі қарай екі ат, алты  түйемен серікке А. Уилс, Грей  және Кигті алып аттанды. Алайда  жол оның ойлағанындай жеңіл  соқпады. Судың тапшылығы адамдарды да, көлікті де қатты күйзелтті. Адамдар тамақ жетіспеуінен әбден әлсіреп, ауруға шалдықта. Түйелердің табанын тас тіліп, аяқ басуын қиындатты. Арыған аттар өзлерін өздері әрең алып жүрді.

Келесі жылғы ақпанда  әбден арып – ашқан жолаушылар Карпентария шығанағының жағалауынан  барып шықты. Үш айға есептеліп алып шыққан азық – түлік жетпейтінін  білген Берк тоқтаусыз кейін қайтты. Жолда ауру мен аштықтан Грей өлді. Оны жерлеуге саяхатшылар бір  күн аялдады. Осы бір күн қалғандарының  да тағдырын шешті. Олар Куперс – Криктегі қоймаған жеткенде онда қалғандар осының алдында бір күн бұрын қайтып кеткенін білді. Амал жоқ, сапарды әрі  жалғастыру керек. Көлік дегеннен қалған екі түйені жүк көтеруге жарамайтындықтан, сойтып алуға тура келді. Саяхатшылар  арық түйенің  етін 1 – 2апта қорекке  жаратты. Ақара олда таусылды. Әбден әлсіреп жүруге жарамаған Уилсті жолға тастап, Берк пен Кинг әрі қарай жүре берді. Көп ұзамай, Беркте өлді. Шала жансар жатқан Кингты Аустралиялықтар тауып алып, өлімнен құтқарып алды.

Берк Аустралияны оңтүстіктен  солтүстікке қара кесіп өтті. Бірақ  ол географияға онша жаңалық қоса қойған жоқ. Қайта экпедицияны іздеушілер Орталық Аустралияның табиғаты туралы бірқатар жаңа мәліметтер алып келді. Берктен кейін материкің оңтүстік шетінен солтүстік шетіне дейін  ағылшын Джон Стюарт (1815 – 1866 ) қиып өтті. Ол алдына қойғанг мақсатына  жету үшін бірнеше рет сапарға  шықты. Оның 1860 – 1861 жж. Алғашқы екі  сапары сәтсіз аяқталды. Саяхатшы бірінші  рет 19 030 о.е. – ке дейін барып, Карпентария шығанағына 300 км- дей қалғанда азық- түлік жетімсіздігінен кейін қайтуға мәжбүр болды. Дегенмен, Стюарт бұл саяхаттары кезінде Макдонелл жотасын және Стюарт – Блафарт кемерін ашты, Аустралияның Орталық бөлігінің биік қырат құрайтындықтан анықтады.

  1862 жылы Стюарт үлкен дайындықпен 3 – сапарына аттанды. Бұл жолы саяхатшы алғашқы екі сапарындағыдай, Эйр көлі, макдонлл жотасы және Ньюкасл крик арқылы Ропер өзінің жоғарғы ағысына шықты. Одан әрі Ван –Димен шығанағына барды.

Біренеше саяхат кезінде  жиналыған мол тәжірибе және осыған дейінгі басқа саяхатшылардың жіберген қателіктерін есепке алудың нәтижесінде  экспедиция табысты аяқталды. Орталық  аустралияның қте құрғақ, қатал шөлі жағдайында экспедиция мүшелері теңізден теңізге еш шығынсыз, аман – сау  жетті.

Стюарттың саяхаттары географиялық жаңалықтарымен қатар, шаруашылқ үшін де пайдалы болды. Экспедиция маршрутты  Аустралияны рңтүстігінен солтүстікке  дейін қиып өтіп, одан әрі Еуропамен  жалғастыратын телеграф желісінің  ізін түпкілікті анықтап берді. Сонымен  бірге, Солтүстік Аустралияның ішкі бөлігінде мал жайылымына жарамды  үлкен алқаптар бар екені анықталды.

Стюарттан кейінАустралияның  ішкі аудандарын зерттеуге Джон Форрест  айтарлықтай үлес қосты. Ол 1870 жылы Спенсер шығанағы жағалауындағы Порт –Огастодан шығып, материктік жағалауынды бойлап, батыстағы Перт кемежай қаласына дейін барды. Ол осы жерден Үлкен Виктория шөліне дейін барып қайтты. Батыс Аустралия таулы үстіртіндегі тұзды көлдер мен танысты. Бұл көлдер нөсер жаңбырдан кейін кеін ғана суға толып, басқа уақытта сорға айналып кететінін анытады.

1874 жылы Форрест Үнді  мұхиты жағалауынан материктің  орталығандағы Эйр көліне дейін  25 – 260 о.е пралельдерінің арасын бойлап жүріп өтті. Саяхат жолы Батыс және Орталық Аустралияның аса құрғақ шөл аймақтарын басып жүрді. Дегенмен, сапарға күз және қыс айларында шыққандықтан, су көздері аса үлкен қиындықсыз табылып отырды.

Форрест бүкіл аустралияның суға барынша тапшы екендігін  анықтады. Мұнда Африка шөлдеріндегідей  оазистер жоқ. Аймақтың жаңбыр кездейсоқ  түстетін, кей жылдары бір тамшыда  болмай қалатындығын ең құрғақ орталық  бөлігінде криктердің өзі де кездеспейді. Оның орнына аумақта ұсақ тұзды көлдер бытырап тараған. Олардың ең ірісі Эйр көлі.

Информация о работе Аустралия материгінің зерттелу тарихы