Қазақстан көлдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:27, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның физикалық-географиясының ішкі суларына кіретін Қазақстан көлдері туралы мәлімет беру үшін, оны екі бөлім негізінде қарастырдым: бірінші, физикалық-географиялық тұрғыдан және геологиялық қалыптасуы мен қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуіне жалпы сипаттама; екінші, Көлдердің ірі көлдер тобына қарай бөлінуі.
Көлдерді геологиялық қалыптасуы және ірі көлдер тобына қарай бөлінуі тұрғысынан анықтауға, қарастыруға, таныстыруға, толық мәлімет беру

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Көлдердің геологиялық қалыптасуы және қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуі………………………………………………………………………6
Тектоникалық көлдер типі......................................................................6
Реликті (қалдық) көлдер типі..................................................................9
Мұздық, дефляциялық көлдер типі…………………………………13
2. Көлдердің ірі көлдер тобына қарай топтастырылуы……………………15
2.1. Арал – Каспий көлдер тобы ....................................................................15
2.2. Балқаш – Алакөл көлдер тобы.................................................................17
2.3. Теңіз – Қорғалжын - Қарасор көлдер тобы............................................20
2.4. Көкшетау - Құсмұрын көлдер тобы........................................................23
Қорытынды............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................27

Работа содержит 1 файл

Cейдагалиева Ж.М Курстык жумыс.doc

— 234.00 Кб (Скачать)

Зайсан көлі Алтай мен Сауыр-Тарбағатай тауларының арасындағы тектониклық  ойыста жатыр. Зайсанның формасы ұзынша келген. Оның ұзындығы 111 км, бассейннің ауданы 1860 км2.

Зайсан – ағынды көл, оған көптеген өзендер келіп құяды, олардың ең ірісі Қара Ертіс. Көлден Ертіс ағып шығады.

Зайсанның жағалауы біркелкі және нашар тілімденген. Көлдің түбі жалпы алғанда тегіс, бірақ орталығында 8-9 м тереңдікте Қара Ертісті Ертіспен қосатын су асты арнасы өтеді. Көлдің суы тұщы, түсі қоңыр жасыл, температурасы жазда біршама жоғары 22º-тан   26º-қа дейін жетеді. Қыста көл қатып қалады.

Зайсанның деңгейі ауытқып тұрады. Ол екі түрлі болады. 1. Көп жылдық кезеңдік ауытқу. Бұл климаттың өзгеруіне баланысты. 2. Маусымдық ауытқу бұл ағын судың мөлшеріне байланысты.

Көл деңгейінің жоғары болуы  мамырдың аяғынана маусымның басына дейінгі аралықта, төмен болуы  қыста байқалады.

Зайсан ихтиофаунаға бай. Онда балықтың  23 түрі кезедеседі. Оның  17 түрінің кәсіптік маңызы бар. Олар: сазан, шортан, нәлім, алабұға т.б. Зайсанмен Тополев мүйісі пристанына дейін кеме қатынайды.

Теңіз көлі. Қорғалжын ауданының солтүстік-батысында орналасқан. Биіктігі 304,4 метр, көлемі 1161,5 шаршы километр, ұзындығы  74,4 километр, ені 32 километр, жағалауының ұзындығы  488 километр, ең терең жері  8 метр, су жиналатын алабы  94900 шаршы километр.

Теңіз көлінің  ойысы тектоникалық процестен пайда  болған. Жағалауы өте көп тілімденген, көптеген мүйістер, аралдар бар. Аралдардың көбісі биік, тік келген ( су бетінен 5 метрге дейін жоғары тұр) – бұл батыс жағалауы жазық, төмен. Көл түбі тегіс,жазық, лайлы.

Теңіз көлінің  жағалауы төмен, ылдилы, қатты балшықтан  құралған, оның ішінде гипс араласқан  шығыс жағалауы өте тілімденген  және де құрлыққа қарай мүйіс арқылы тірелген, осы мүйісті көптеген аралдар бар.

Су жиналатын  алабы негізінен ірі екі өзеннің  бассейнінен тұрады, олар Нұра өзені  (55100шаршы километр) және Құланөтпес (26000 шаршы километр). Алаптың оңтүстік және батыс жағының жер бедері төбелі, қалған жағы жазықтытық. Өсімдіктерден негізінен сұр алабота, қара жусан, қымыздық, бұталы ағаш, көптеген қызғалдақтар түрлері, сарсазан және т.б. өседі. Алабының көп жері егістікке жыртылған, қалған бөлігінде мал жайылады.

Теңіз көлі ағынсыз, Нұра және Құланөтпес өзендерінің суымен, жауын шашын суымен және көктемгі қар суымен қорланады. Жаз айында Нұра өзені Теңізге аз құяды. Көл суы желтоқсанда қатып, сәуір айында мұз ери бастайды. Мұзының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Көл суының деңгейі ауытқып отырады. Оның деңгейі сәуір айында көтеріліп, қазан айында төмендейді.

Теңіз көлінің  минералдануы өте құбылмалы  - 03,3-тен 18,2 г/кг аралығында. Суы  кермектіғ сульфат класына, натрий тобына жатады.

Көлде жабайы құстар өте көп кезедеседі және көлдің өзі Қорғалжын мемлекеттік қорығының территориясына енеді. [2,3,5]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Реликті (қалдық) көлдер типі

  Реликті (қалдық) көлдер ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындағы, Балқаш – Алакөл ойысындағы кейбір көлдер қалдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері – Каспий мен Арал теңіздері. 

Каспий  теңізі – Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспий тайпаларына  байланысты қалыптасқан.

Каспий теңзі  неоген дәуірінің аяғында жер  қыртысының көтерілуінен Қара теңізден  бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің  пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 390 мың км2. Оның беті мұхит деңгейінен 27 метр төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстіке қарай  1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері – 435 км, ал енсіз жері  - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км.  Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29% (2340 км), Ресейге  16%, Әзірбайжанға 20%, Түркіменстанға 21%, Иран Ислам Республикасына 14% тиеді.

Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген. Солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең жері 26 метр, жалпы теңіз ауданының  24%-ын алады. Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 200 метр, ең терең жері  788 метр, жалпы теңіз ауданының  36%-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 метр, ең терең жері 1025 метр, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алып жатыр. Қазақстанға жататын солтүстік және орта бөлігінің солтүстігі анағұрлым тайыз болып келеді.

Теңіз екі климаттық  белдеуде орналасқан. Солтүстігі қоңыржай континентті климатты, оңтүстік батысы – құрғақ субтропиктер, шығысы Орта Азия шұғыл континентті климаттар арасында жатыр. Жазда Каспий теңізінің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа температура +24º+26 ºС. Қыста температура өзгеше. Солтүстікте қыс қатты. Қаңтар айының орташа температурасы -7°-11°С. Орта бөлігінде  +1°+5°С, ал оңтүстікте  +8°+10°С. Қаңтардың ең төменгі температурасы -38°С-қа жетеді. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық ендікте де батыс жағалауға қарағанда суықтау келеді. Қыс айларында Каспий теңізінің тек сотүстік  таяз  бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы  2м-ге дейін жетеді. Судың жоғарғы қабаттарының қысқы температурасы солтүстігінде -1,0°, оңтүстігінде +10º +11ºС-қа дейін жоғарылайды. Тамыз айында температура  айдынның бірқатар бөлігінде +24ºс, ал оңтүстікте  +28ºС-қа дейін көтеріледі.

Судың тұздылығы  Солтүстік Каспийде құылмалы, ал Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2 ‰ болса, орталық бөлігі 10-12‰ –ге дейін көбейеді. Орталық және  оңтүстік бөліктерінде  тұз құрамы онша өзгермейді, әдетте 13-14‰ болады.

Теңізге құятын  өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалықта кездеседі. Итбалық теңіздің  бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға  бекіре (бекіре, шоұыр, қортпа) тұқымдастары жатады.  Дүние жүзінде   жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ыан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас  балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың  796 түрі мекен етеді. Мұнда балықтың   55 түрі кездеседі. Бағала баоық – қортпа (белуга) ұзындыығ  6-7 м –ге, ал салмағы 1800 кг–ға дейін жетеді, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындыығы 2,3 м, салмағы  100 кг-ға дейін барады. Шоқырдың (севрюга) ұзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг–ға дейін жетеді. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ т.б. ауланады.

Каспий жағалауында  қазіргі кезде құстардың 260 түрі кездеседі. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіті маңызы бар 2 млн. құс қонақтайды. Кей жылдары суда жұзетін 3 млн –дай құс қыстап шығады.

Ақтау қаласында  тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теңізінің Ақтау порты  заман талабына сай қайта жөнделіп, жабдықталды, теңіз айлағы кеңейтілді. Теңіз флоты құрылды. Басқа елдермен сауда қарым – қатынастар порт арқылы жүзеге асуда. Теңіз жағалауында – Атырау,  Форт – Шевченко, Ақтау және т,б, қалалар бар.

Арал  теңізі Қазақстанда көлемі жағынан екінші, дүние жүзінде төртінші орын алатын көл. Оның ең үлкен ұзындығы 420 км, ең кең ені 284 км, ауданы  64 490 кв км, аралдарын қоспағанда - 63 270 кв км, суының көлемі 1 028 куб км.

Арал теңізінің  Қазақстанға қарайтын бөлігінің  жағалауы әр түрлі. Солтүстік жағалау күшті тілімденген және қойнаулы жағалау типіне жатады. Мұнда бірнеше шығанақтар бар: Сарышығанақ, Паскевич, Түщыбас, Чернышев. Батыс жағалау ойпатты, көп тілімденген. Теңізде айтарлықтай ірі аралдар да бар: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение т.б. Шығыс жағалауда көптеген ұсақ аралдар бар. Арал теңізін әдетте екі бөлікке бөледі. Үлкен теңіз Көкаралдан оңтүстікке қарай жіне Кіші теңіз – одан да солтүстікке қарай. Арал теңізінің тереңдігі көп жерінде 20-25 м шамасында.

Аса терең жері батыс жағалауда – 67 м-ге дейін. Арал теңізінің бассейнінің жалпы ауданы  үлкен – 1 834 000 кв км, бірақ су жинайтын бөлігі тек 450 000 кв км ғана, яғни 25%. Теңіздің кіріс балансында Амудария мен Сырдарияның суынан тұратын беткі ағыс  91,1%, мм-дей су қабаты буланады.

Арал теңізінің деңгейі шұғыл ауытқып отырады, бірақ  оның бағыты Каспий теңізінің деңгейінің ауытқу бағыиына қарама қарсы. Мұндай айырмашылықтың болу себебі әр теңіздің  әр түрлі климаттық аймақтардан қоректенуіне байланысты.

Арал теңізінің  деңгейі маусымдық ауытқуға да ұшырайды. Деңгейінің еі жоғары болатын кезі  мамырдан қыркүйекке дейінгі аралық, яғни Сырдария мен Амударияның бастауларындағы мұздықтар мпен қардың еріген кезі, ең төмен кезі қыс айлары.

Таяз болғандықтан Арал теңізінде желдің суды айдап, үріп әкетуіне байланысты деңгейдің ауытқулары  болып тұрады.

Арал теңізінің  ағысы Амударияның сағасынан  басталады да, батыс жағалауды  бойлап, солтүстікке қарай сағатына 1 км-ден артық жылдамдықпен өтеді. Одан соң солтүстік жағалауды айнала отырып, шыығс жағалауды бойлай оңтүстікке бағытталады. Сырдарияның сағасынан бұл ағысқа басқа ағыс келіп қосылады, ол оңтүстікке Амударияның сағасына қарай жүреді.

Арал теңізі ауданында қаңтардағы орташа температура  -12°, шілдедегі орташа температура 26º шамасында. Жылдық орташа температураның амплитудасы 38°, атмосфералық жауын шашын өте аз түседі, жылына орта есеппен   100 мм-ден аспайды. Жазда судың температурасы теңіздің бетінде 26-27°, терең қабатында 3° шамасында. Қыста Арал теңізінің солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігі қатады. Мұз 100-140 күн жатады. Қалыңдығы 100см –ге дейін жетеді.

Судың орташа тұздылығы 1,0 – 1,1%. Онда күкірт қышқыл тұзы басым, хлорлы қосындылар аз. Амудария мен Сырдарияның сағасында теңіз суы тұщы.

Арал теңізінің  органикалық дүниесімен салыстырғанда  кедей. Теңізде балықтың жиырмадай  түрі бар. Кәсіпшілік жөнінен неғұрлым құндылары: теңге балық, сазан, плотва, жайын, табан балық т.б. Осында әкелінген каспий қызыл балығы , каспий кефалі және балтық салакасы жақсы бейімделіп кеткен.

Сарықопа  көлі. Жанкелді ауданының солтүстік – шығысында орналсқан. Биіктігі 101,2 метр,көлемі 336 шаршы километр, ұзындығы - 51 км, ені  14 км, орташа тереңдігі  0,3 м ( ең терең жері 4 м), мұнда 0,3 текше км су жиналады, су жиналатын алабы  17440 шаршы км.

Сарықопаның ойысы  үлкен-үлкен ашық бес көлшіктен және және көптеген ұсақ көлдерден құралған.

Көлдің жағалауы ашық, ылдилы, балшықты топырақтан және балшықтан құралған. Кей жерінде  сортаң жерлер кездеседі. Оңтүстік шығыс  жағалауы  биік (5-16 м), төбе - төбе болып оңтүстік – шығысқа қарай созылып жатыр. Көлдің оңтүсті-батыс жағалауында  плотина бар, оның биіктігі 4 м, ал ұзындығы 3 км. Жағалауында бетеге, жусан, сарсазан және т.б. өседі.

Су жиналатын  алаптың  30% -дай жері егістік, қалған жерінде бетеге, жусан және сарсазан, ал кейбір жерлерінде пішен өседі. Мұнда шөп дайындалады және жайылымдық ретінде пайдаланылады, ал қамысы 3 мың гектардай жерге өскен.

Сарықопа көлі ағынды, өзен, қар суымен және жауын  шашынмен қорланады. Көлдің жағасы көп  тілімденген, көптеген мүйістер, жарты  аралдар бар. Көлдің солтүстік-шығысынан Сарыөзен, ал солтүстік батысынан  Теке өзендері құяды да оңтүстік батысынан Сарысу өзені бөлініп шығады. Су деңгейі көтерілген кезде барлық көлшіктер қосылып үлкен бір көлге айналады.

Сарықопа көлі суының минералдануы өте өзгермелі. Су ішіндегі тұздың мөлшері 0,5-7,5 г/кг аралығында. Көл суы ащылау, аздап сілтілі, кермекті, химиялық құрамы жағынан хлорид класына, натрий тобына жатады, көл суында микроэлементтер өте аз. Көктемде және жаз айында көл суы мал суаруға пайдаланылады. Көлде мөңке, алабұға, қарабалық, шортан бар, әр түрлі құстар мекендейді.[1,3,8]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Мұздық, суффозиялық, дефляциялық  көлдер типі

Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле  Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т.б. мұздық көлдері жатады.

Дефляциялық көлдер бұлар дефляциялық  қаазншұңқырларда пайда болады.

Үлкен Алматы көлі. Алматы қаласының оңтүстігінде активті тектоникалық таулы аймақта орналасқан. Көл 2510 метр биіктікте жатыр. Көл шұңқыры суға толған кезде оның көлемі  0,44 шаршы километрге, ұзындығы 1,6 километрге, ені  0,75 километрге дейін жетеді. Көл жағалауының ұзындығы   3 километр, ал ең терең жері  40 метр болады (орташа  тереңдігі 30м.), мұнда 14 млн. текше метр су жиналады.

Көл ойысының формасы  әр түрлі, солтүстікке қарай ылдилана түседі. Жағалауы жарлауытты, тікшіл біткен, ол тастан, тасты топырақтан тұрады. Жағалауды бойлай әр түрлі ағаштар, әсіресе, Тянь-Шань қарағайы өседі. І

Көлге оңтүстігінен Үлкен Алматы өзені құяды. Көлдің негізгі су көзі – мұз  суы. Су ағыны маусым – тамыз айларында күшейеді. Қазір көл суын туннель арқылы бірнеше электр станциясы пайдаланады, сондай-ақ көптеген шаруашылық обьектілерін сумен қамтамасыз етеді. Көлдің жыл сайын 5-10 млн. текше метр суын ең жоғары деңгейге көтеріліп, тамыз айында ақпан – наурыз айларында төмендейді.

Көл суы өте  тұщы, сілтілігі төмен. Химиялық құрамы жағынан гидрокарбонат класына, кальций натрий тобына жатады. Көлде фтор, бром, мыс, марганец, кобальт, никель, қорғасын және темір аз кездеседі. Ал иод пен молибден жоқ.

  Сілеті теңіз көлі. Көкшетау облысы Қызылтау ауданында орналсқан, ол Павлодар облысымен шектесіп жатыр. Сілетінің биіктігі  64,7 м, көлемі  750 шаршы километр, жағалауының ұзындығы  64,7 километр, ені 22,1 километр, жағалауының ұзындығы 273,6 километр, ең терең жері 3,2 метр ( орташа тереңдігі 2,0 метр), су жиналатын алабы   23400 шаршы километр, ал су қоры   1,5 миллиард текше метр.

Информация о работе Қазақстан көлдері