Қазақстан көлдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:27, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның физикалық-географиясының ішкі суларына кіретін Қазақстан көлдері туралы мәлімет беру үшін, оны екі бөлім негізінде қарастырдым: бірінші, физикалық-географиялық тұрғыдан және геологиялық қалыптасуы мен қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуіне жалпы сипаттама; екінші, Көлдердің ірі көлдер тобына қарай бөлінуі.
Көлдерді геологиялық қалыптасуы және ірі көлдер тобына қарай бөлінуі тұрғысынан анықтауға, қарастыруға, таныстыруға, толық мәлімет беру

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Көлдердің геологиялық қалыптасуы және қазаншұңқыр типіне қарай бөлінуі………………………………………………………………………6
Тектоникалық көлдер типі......................................................................6
Реликті (қалдық) көлдер типі..................................................................9
Мұздық, дефляциялық көлдер типі…………………………………13
2. Көлдердің ірі көлдер тобына қарай топтастырылуы……………………15
2.1. Арал – Каспий көлдер тобы ....................................................................15
2.2. Балқаш – Алакөл көлдер тобы.................................................................17
2.3. Теңіз – Қорғалжын - Қарасор көлдер тобы............................................20
2.4. Көкшетау - Құсмұрын көлдер тобы........................................................23
Қорытынды............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................27

Работа содержит 1 файл

Cейдагалиева Ж.М Курстык жумыс.doc

— 234.00 Кб (Скачать)

Ұялы көлінің  су деңгейі наурыз айынан бастап көтеріледі. Судың ең жоғары көтерілетін кезі сәуір маусым айларында. Жыл ішінде су деңгейі  41-90 сантиметр аралығында өзгеріп отырады.

Ұялы көлінің  минералдануы жыл ішінде  0,85 г/л – 2,16 г/л аралығында. Жуық шамамен тұз ерітінділерінің қоры  537 мың тоннадай.

Химиялық құрамы жағынан Ұялы  көлінің суы гидрокарбонат класына жатады.

Суы  0,2-1 метрге дейінгі тереңдікте мөлдір. Ұялы көлінің суы сілтілі. Суында микроэлементтер өте аз.

Планктондар.Ұялы көлінде балдырдың 64 түрі өседі. Коловраткалардың  11 түрі, ескекаяқты шаяндардың 5, сабақ мұрттылардың 8 түрі кездеседі.

Бентостар. Көлдің барлық жағалауын қамыс басқан, қоға өседі. Судың ішінде әр түрлі балдыр, мүйіз жапырақ, қарақұмық өседі. Жағалауындағы қамыстың алып жатқан аумағ 37 мың гектардан астам. Су кенесі, сүлік, т.б. кезедеседі.

Нектондар. Ұялы көлінде балықтың  8 түрі кездеседі. Орта есеппен көлден жылына  800 тонна сазан, көксерке, алабұға, ашырмай ауланады.

Көлдің батыс  және оңтүстік батыс жағалауларында  ондатр, сондай-ақ үйрек, қаз, аққу, шағала, т.б. өседі.

Жалаңашкөл. Жоңғар қақпасы маңында 15 километр жерге орналасқан.

  1943 жылғы мәлімет бойынша Жалаңашкөлдің көлемі 37,5 шаршы километр, ұзындығы 9 км, ені 5,8 км, жағалауы  23,8 км. Орташа тереңдігі  2,6 метрге дейін барады. Көл 372,5 метр биіктікте жатыр, оған 104 миллион текше метр су жиналады.

Көлдің жағалауы тегіс, төмен, жағалай қамыс өседі. Жалаңашкөлге келіп құятын өзендер жоқ. Көлдің негізгі су көзі – жер асты суы. Тек қана жағалауынан қар және жауын шашын суы қосылады.

Жалаңашкөлге 104 миллион текше метр су жиналады. Жалаңашкөлдің минералдануы әр жылда әр түрлі. Бір литр суында ол 1,2 грамнан 5 грамға дейін болады. 1955-1974 жылдар аралығында көл суының тұздылығы азайған.

Химиялық құрамы жағынан Жалаңашкөлге суы сульфаттық – гидрокарбонатты – натрий түріне жатады.

Көлде алабұға, сазан, сондай- ақ шағала, жабайы үйрек, қаз т.б. құстар мекендейді. [7,8,9]

 

 

 

 

2.2. Теңіз – Қорғалжын – Қарасор көлдер тобы

Қорғалжын көлі. Қорғалжын ауданының солтүстігінде, Нұра өзенінің төменгі сағасында орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 307,5 метр, көлемі  330 шаршы км, ұзындығы  33 км, ені 21 км, орташа тереңдігі 1,6 метр, көлге  0,5 текше км су жиналады, су жиналатын алабының көлемі  55 мың шаршы км.

Қорғалжын көлінің  ойысы  тектоникалық процестен пайда болған. Жағалауы  ирек-ирек, қатты топырақтан құралған. Көл түбі жазық, бетін лай басқан, кейбір мүйістеріндегі лайының қалыңдығы  бір метрге дейін жетеді. Көлдің жартысынан астамына қамыс, қоға, балдыр өседі.

  Көлді ңжағалауы балшықты келеді. Солтүстік және шығыс жағалауы биік, кей жерлері  жарлауытты: Батыс және оңтүстік жағалауы еңістеу ашық, сазда жерлері де бар. Сұр алабота, қара жусан, қымыздық, бұта, т.б. өседі. Көл алабы ауыл шаруашылығана пайдаланылады.

Қорғалжын көлі ағынды, Нұра өзенінің суымен (сонымен қатар Ертіс – Қарағанды каналынан Нұра өзеніне оқтын оқтын жіберілетін суымен), жауын шашын және көктемгі  қар суымен қорланады. Көл суының деңгейі сәуір айында көтеріліп, қазан айында төмендейді.

Көл суының минералдануы 0,7-3,5 г/кг аралығында өзгеріп отырады, суы өте кермекті, хлорид класына, натрий тобына жатады.

Көлде тұқы, қарабалық, алабұға, шортан, т.б. бар, ал жабайы құстардан  аққу, қоқиқаз, тырна, шағала, үйрек  кездеседі, қамыс арасын жабайы шошқа  мекендейді. Қорғалжын көлі мемлекеттік  Қорғалжын қорығының территориясын  енеді.

Итемген көлі.  Алексеевка ауданынының солтүстігінде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі  294,6 метр, көлемі  57,4 шаршы км, үзындығы  11,5 км, ені  7,4 км, жағалауының ұзындығы  40,3 км, орташа тереңдігі 1 метр, көлге  57 миллион текше метр су жиналады, су жиналатын  аалбы  1150 шаршы км.

Итемгеннің  ойысы ұзыннан ұзақ оңтүстіктен  солтүстікке қарай созылып жатыр. Көл түбі жазық, лайлы, лайының қалыңдығы 0,3-0,9 метрдей. Көлдің бетін және жағалауын түгелдей ну қамыс басқан, қамыс көл аумағының 60% алып жатыр.

Оңтүстік жағалауы  ылдилау, биіктігі 1,8-2,0 метр, батысы жарлауыттау, тақтастан, балшықтан және құмайтты балшықтан тұрады.

Су жиналатын  алабының оңтүстік және оңтүстік шығыс  төбелі болып келсе, солтүсті және солтүстік  шығысы жазық, ашық, онда қыр өсімдіктері өседі, көп жері егістікке жыртылған. Сай салаларын кішігірім ақ қайың тоғайы  алып жатыр.

Итемген көлі ағынсыз, өзен және жауын шашын суларымен  толығады. Көлге Ақсуат өзені құяды. Суының деңгейі сәуір айында көтеріліп  қыркүйек айында қайт абастайды. Су деңгейінің орташа ауытқуы жылына 0,5 метр,   1931-1933 және 1940 жылдары көлдің суы тартылып, құғап қалған. 1934,  1941- 1946 және  1951 жылдары көл суы ең жоғары деңгейде  болады. Итемген суының минералдануы  2-8 г/кг аралығында болады. Суы өте кермекті, ол хлорид класына, натрий тобына жатады.

Көлде балық  және ондатр тірішілік етеді.

Қарасор көлі. Егіндібұлақ ауданының оңтүстік батыс жағында. Бұл Қарағанды облысындағы ең ірі көл. Көлдің көлемі 155 шаршы километр, ұзындығы  43,5 км,  енді жері – 7,3 км, ең терең жері  2,5 метр ( орташа тереңдігі 1 метр) жағалауының ұзындығы  103 км, көл  621,5 метр биіктікте орналасқан.

Көлді ңжағалаулары әр түрлі: топырақты, жазық және жарлауытты, олардың биіктігі  1-2 метр, жайпақ жағасы – құмды, жарлауытты,  жартасты, оның биіктігі кей жерлерінде 25 метрге дейін жетеді. Жағалаудан Қарасордың су деңгейінің  бұрын да жоғары  болғандығын байқауға болады. Бұл ертеде Қарасор көлінің көлемі   740 шаршы км,  тереңдігі  22-25 метр болады, ол Нұра өзеніне құйған деген болжамды растай түседі.

Қарасордың  су жиналатын алабы  8750 шаршы км, жер бедері ойлы- қырлы , топырағы құмайт, балшықты. Көл алабының көп жерінде бетеге және жусан шығады, мұнда қарағанда кездеседі.

Көлге қар және өзен суымен қатар солтүстігінен  бұлақ, жылғалар кішігірім өзендер, ал шығысынан Қарасу және Талды өзендері құяды.

Қарасордың  шығыс жағы тайыз. Батыс жағының  ең терең жері 2,5 метр, орталығы 2,3 метр және шығыс жағы  0,9 метр. Жылдық өзгеру шегі  0,5 метр.

Қарасор суының минералдылығы өте жоғары, ол әр кезде бір литрінде   40 грамнан  75 грамға дейін өзгеріп тұрады. Суы өте кермекті, аздап сілтілі. 1,5-1,8 метр тереңдікте  суы мөлдір көрінеді, түсі – жасыл, түбіне дейін жылиды. Көлдің шығысынан өзендер құйғанымен қуаңшылық жылдары көлдің тұздылыығ ерекше байқалады.

Қарасор химиялық құрамы жағынан хлорид класына, натрий тобына жатады. Көл суында йод, фтор, борм және бор көп, ал мырыш, мыс және марганец өте аз. Көл түбі шығыстан батысқа қарай еңіс болып келеді. Көлде екі арал бар, оның бірі батыс  жағында да, екіншісі шығыс жағында. Көл ойысы терең, лайлы. Оның үстіңгі қабаты қара түсті, құрамы күкірт сутекті. Қалыңдығы  10-15 сантиметр, кей жерінде 25-30 сантиметр, төменгі жағының лайы созылмалы, жабысқақ. Лай қабаттары былай орналасқан: біріншісі – шығыс жағындағы Есен – Аман және Борақ өзендерінің аралығында, екіншісі – солтүстік жағасын бойлап, ені бір километрге дейін, одан әрі ол көлдің батыс жағынан ортасына дейін созылады, осы жерде көлдің ең тар мойны бар.

Қарасордың  қара және сұр түсті минералды  лайының емдік қасиеті бар. Лайдың гранулометриялық құрамы өте өзгеріске түскен. Олардың негізін өте ұсақ түсті фракция құрайды, оның мөлшері  77% шамасында. Лайдың күкіртті сутегінің мөлшері бір килограмында 3 грамнан. Диаметрі  0,25 миллиметр мөлшері   0,88 % -тен 4,35%-ке дейін. Салыстырмалы салмағы   1,4, дымқылдығы – 39,48%, битумдық заттардың мөлшері  0,98- 1,24%. Құрғақ лайдың тотықтанып бұрынғы қалпына келу потенциалы 201,5 – 235,9. Емдік лайдың жалпы қоры 1,3 миллион тонна. Көл лдайымен жүйке, бүйрек , асқазан ауруларын емдейді.

Балықтыкөл. Егіндібұлақ ауданының оңтүстігінде орналасқан. Оның көлемі 26,5 шаршы км, ұзындығы  6,8 км, ені 6 км, жағалауының ұзындығы 25,5 км. Көл  645,8 метр биіктікте орналасқан.

Балықтыкөл  Қарасор ойысының  шығыс жотасында  жатыр. Су жиналатын алабы 540 шаршы км. Жре бедері ойлы – қырлы, кей жерлері жыртылған, топырағы балшықты. Мұнда бетеге, жусан өсді, ішінара қараған бұталары кездеседі.

Көлдің солтүстік-батыс және шығыс жағалаулары жазық, қалған бөліктері жарлауытты. Жағалауларының көп жері шымсыз. Солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік батыс жағалауларында жер қыртыстары көрініп жатады, олар сұр құмтас, қалған жағалаулары сары түсті топырақтан тұрады. Оңтүстік шығысы түбекке тіреледі. Түбектің ұзындығы  2,5 км, ені  0,7 км. Балықты көл жағалауында қыпшақ, бетеге, жусан және ши өседі.

Көлдің ойысы  әр түрлі, түбі кедір-бұдыр, құмды. Батысжағалауын бойлай қамыс, спирогирилер, шалаң балдыры өседі.

Қар, жауын шашын  және жер асты сулары, сондай – ақ солтүстігіндегі Өзденбай өзені көлдің су көздері болып табылады. Қуаңшылық жылдары өзендер құрғап кетеді. Көлдің солтүстік батыс жағалауын жанай Талды өзені өтеді. Оның деңгейі көтерілген кезде Балықты көлге құяды, ал Балықтыкөл суы көтерілген кезде оның суы Талды өзені арқылы ағып, Қарасорға құяды. Балықтыкөлдің суы сәуір айында ең жоғары деңгейге  көтеріліп, қазанда төмендей бастайды, оның жылдық өзгеруі – 0,7 метр. Көлдің жарқабағынан бір кезде оның суының жоғары болғанын көруге болады. Балықтыкөлдің  қазіргі ең терең жері  3,8 метр ( орташа тереңдігі 2,6 метр), суының мөлдірлігі  1 метр, түсі – сарғылт – жасыл. Суы түбіне дейін жылжиды. Көлге   69 миллион текше метр  су жиналады.

Балықтыкөлдің суы ащы, өте кермек, сілтілі. Химиялық құрамы жағынан хлорид класына, натрий тобына жатады. Ішінара мырыш, мыс, марганец микроэлементтер кездеседі, бірақ су құрамында фтор көп. Оттегінің мөлшері бір литрінде  8,55 миллиграмм, қышқылдануы - 17,6 мг О2/л.

Планктондар. Фитопланктондардан спирагири бар, ал зоопланктоны өте бай, Диаптомус және ветвистоус шаяны өмір сүреді, сондай-ақ хирономидтер кездеседі.

Бентостар. Көл фаунаға бай, онда су қандаласы, молюскалар бар. Орташа биомассасы бір шаршы метрде 27,12 грамм және саны бір литр суда  3882 дана. Жалпы алғанда көлдің планктоны менфаунасы балықтардың құнарлы азығы болып табылады.

Ихтиофаунасы. Бір кезде Балықтыкөл облыстағы балыққа бай көл болған.  Мұнда балық үнемі ауланып, тұратын. Соңғы жылдары көлден балық ауланбайды. Суда тарақ балық бар. Балықтыкөлде әр түрлі су құстары өмір сүреді, әсіресе жабайы үйрек көп. [3,7,10]

 

2.4. Көкшетау – Құсмұрын  көлдер тобы.

Бурабай көлі. Көкшетау облысындағы тау аралығында, Щучинск қаласының солтүстік шығысында орналасқан. Биіктігі 320,9 км, көлемі 10,5 шаршы километр, ұзындығы  4,5 км, ені  3,9 км, жағалауының ұзындығы    13,6 км.

Бурабай көлі Көкше тпауының  (947 м) шығыс етегінде жатыр. Көлдің ең терең жері солтүстік батыс жағында. Түбі тегіс, ал солтүстікке қарай созылған сайын ылдилау, жағалауы құмды –тасты, ортасына таман лайлы болып келеді. Лайының қалыңдығы солтүстігінде 0,5-1,0 метр, оңтүстігінде  1,6 метр аралығында. Көлдің солтүстік батысында «көгілдір шығанақ» мүйісі бар, осы мүйісте жар болып біткен «Сфинкс аралы» бар, ол су бетінен 20 метрдей шығып тұр. Батыс және оңтүстік жағалауын бойлай қамыс және қоға өседі.  

Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары гранитті тастар, кей жерлерінде су бетінен биік-биік жартастар көрінеді. Солтүстік жағалауында «Сиыр » жартасы мен Похомов мүйісі, батысында Максим Горкий және Горелый мүйістері, Қызылтас жартасы дараланып көзге түседі. Шығыс жағалауы  құмды, жазық. Көлдің бүкіл жағалауын аққайың мен қарағай тоғайы алып жатыр. Бурабайдың шығыс жағалауында, Громотуха және Сарыбұлақ өзендерінің аралығында Бурабай курорты орналасқан. Ол өкпе ауруларын емдейтін ТМД-дағы ең ірі емдеу орталықтарының бірі. Сонымен қатар мұнда адамдар балшықпен және минералды сумен де емделеді. Бурабай көлінің су жиналатын алабы Көкшетау тауын қоса есептегенде 164 шаршы километр. Жері таулы орманды. Су жиналатын алабының  90% тоғай алып жатыр және ол мемлекеттік қорық болып табылады. Бассейн алабының қалған бөлігі жазықтық. Тау шоқылары кристалды жыныстардан құралған, ал тау аралығындағы ойыстар балшықтан және құламалы тау жыныстарынан құралған. Көлдің таулы табиғаты, тоғайлы орманы және мөлдіреген әсем көлі жайлы, климат жағдайы көркіне көрік қосып, оны сұлуландыра түседі.

Бурабай көлінің  беті ашық. Бурабай курортының  оңңтүстігінен 1 км  жерден, көлге Сарыбұлақ өзені құяды, батысынан Имансай өзені және екі өзен құяды. Көл сол өзендердің, көктемгі қар және жауын шашын суларымен, сонымен қатар жер асты суымен толығады. Жыл сайын көлге келіп құятын судың мөлшері 6 миллион текше метрден астам. Көлдің солтүстік шығысынан Громотуха ағып шығады да Үлкен Шабақты өзеніне құяды. Көлдегі су деңгейінің орта жылдық ауытқуы  0,5 метр, ал көпжылдығы 2 метрден астам. Су деңгейінің ең биік көтерілген кезі 1914 және  1919 жылдары байқалған. Көлдің тереңдігі  7 метр, мұнда  36 миллион текше метр су жиналады.

Бурабай суының тұздылығы  100-ден  150 мг/л аралығында, суы өте мөлдір, аса жұмсақ. Химиялық құрамы жағынан гидрокарбонат класына, кальций тобына жатады. Көл суы шаруашылық қажетіне падаланылады. Бірақ та көлден жылына 2 миллион текше метрден артық су пайдалануға болмайды, өйткені бұл көлдің табиғаты мен ішкі құрылымына кері әсер етеді.

Көлде тұқы, табан, қара балық, алабұға, сазан, көксерке, шабақ  бар. Қамысында ондатр өседі. Мұнда  жабайы құстар көп. Көл маңайындағы  тоғайда архар, тиын, бұғы, таутеке, марал бар, ал жабайы құстардан қара құр, шіл, т.б. құстар кездеседі.

Құсмұрын (Обаған көлі).   Қарасу және Семиозер аудандарының шекарасында орналасқан. Биіктігі 102,9 метр, көлемі  460 шаршы км, ұзындығы  60,7 км, ені 12,5 км, жағалауының ұзындығы  226 км, ең терең жері  3,5 метр, су жиналатын алабы  10480 шаршы километр.

Көлдің шығыс  жағалауы тік біткен, оның биіктігі 80 метр, батыс жағалауы ылдилау, кей жері  5-7 метр биік. Көл түбі тегіс балшықты. Лай тұнбасының тереңдігі  15 сантиметрге дейін қара май секілді, одан әрі лай сарғыштанып, әрі қарай тереңдеген сайын қайтадан қарая түседі. Лай тұнбасының жалпы қалыңдығы  0,6-0,7 метр. Көл жағалауынан ортасына қарай бірте-бірте тереңдейді. Батыс жағалауын қамыс басқан.

Көлдің орта шеніндегі жағалауы жарлауытты, жарқабағы 3 метрге дейін тік, оңтүстік шығыс және шығыс жағалауы ғана ылдилау, балшықты.  Мұнда көптеген шығанақтар, мүйістер, жартылай аралдар бар.

Су жиналатын  алабы оңтүстіктен оңтүстік батысқа  қарай созылып жатыр, бұл шағын-шағын төбелі жазықтық, олар балшықты топырақтан құралған.

Құсмұрын ағынды, өзен, көктемгі қар суымен және жауын шашынмен қорланады. Көлге 5 өзен құяды, тек қана Обаған өзені ағып шығады. Судың түсі жасыл – сары, 3-3,5 метрге дейін мөлдір. Қыста көл суы қатып қаалды. Құсмұрын көліне  0,3 текше километр су жиналады, ылғалды жылдары  0,5 текше метрге дейін көбейеді. Су деңгейінің биік мезгілі сәуір айында, ал төмендеуі қазанда байқалады. Су деңгейінің өзгеруі маусым аралығында    0,3-0,5 метр болса, көп жылдығы  3 метрге, ал  84 көлдің көлемі 100 гектардан асады. Олардың көлемі 728 шаршы километр, бұл көлдерге жиналатын судың жалпы мөлшері  0,3 миллион текше метр. Шалқар, Аралсор, Бозкөл облыстағы ең ірі көлдер болып табылады. Облыстағы көлдер оның территориясының 0,6% алып жатыр. Орал облысындағы көлдер республикадағы көлдердің санына шаққанда оның 6,7%, ал көлемі жағынан 2 % құрайды. [4,5,6]

Информация о работе Қазақстан көлдері