Қазақстандағы альтернативті энергия көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 13:25, научная работа

Описание работы

Мақсаты: Альтернативті энергетика саласын дамыту, дәстүрлі энергетиканың экологияға келтіретін зиянын кемітіп, табиғат ресурстарынан сарқылмас энергия алу. Өзектілігі: Балама энергияны дамыту әр елдің жарқын болашағы деп білемін. Энергияның балама көздері дәстүрлі энергияның орнын басу үшін ең алдымен уақыт қажет, сол уақытты босқа кетірмеу үшін осы энергетика саласын дамыту әр азаматтың міндеті.

Содержание

КІРІСПЕ (Қазақстанның географиялық орны).............................................4-5
I-ТАРАУ АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ
1.1. Дүние жүзіндегі альтернативті энергия..................................................6
1.2 . Қазақстандағы альтернативті энергия....................................................7
II-ТАРАУ АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ ТҮРЛЕРІ
2.1. Альтернативті энергия..............................................................................8-9
2.2. Күн энергиясы...........................................................................................9-11
2.3. Жел энергиясы...........................................................................................11-12
2.4. Гидроэнергетика .......................................................................................13-14
2.5. Биоэнергетика...........................................................................................15-17
III-ТАРАУ БИЗНЕС-ЖОСПАР
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................19-21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................22

Работа содержит 1 файл

Проект.doc

— 508.50 Кб (Скачать)

Астана қаласының Білім басқармасы

«Астана-дарын» орталығы

№ 14 мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

Ешмаганбетова Дана, 9 «Г»  сынып №14 МГ Астана қ.

 

«Қазақстандағы альтернативті энергия көздері»

 

Секция: Өлкетану

 

Жетекшінің  аты-жөні:Ерғалиева Нағима Өткелбайқызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА – 2012 ж.

 

Қазақстандағы альтернативті энергия көздері

 

КІРІСПЕ (Қазақстанның географиялық орны).............................................4-5

 

I-ТАРАУ АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ

1.1.  Дүние жүзіндегі альтернативті энергия..................................................6

1.2 . Қазақстандағы альтернативті энергия....................................................7

 

II-ТАРАУ АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ ТҮРЛЕРІ

2.1. Альтернативті энергия..............................................................................8-9

2.2. Күн энергиясы...........................................................................................9-11

2.3. Жел энергиясы...........................................................................................11-12

2.4. Гидроэнергетика .......................................................................................13-14

2.5. Биоэнергетика...........................................................................................15-17

 

 

III-ТАРАУ БИЗНЕС-ЖОСПАР

 

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................19-21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Альтернативті энергетика саласын дамыту, дәстүрлі энергетиканың экологияға келтіретін зиянын кемітіп, табиғат ресурстарынан сарқылмас энергия алу.

Өзектілігі: Балама энергияны дамыту әр елдің жарқын болашағы деп білемін. Энергияның балама көздері дәстүрлі энергияның орнын басу үшін ең алдымен уақыт қажет, сол уақытты босқа кетірмеу үшін осы энергетика саласын дамыту әр азаматтың міндеті.

Гипотеза:

  • Сарқылатын қазба байлықтардың қорын көбейте аламыз;
  • Бұл энергетика саласы ең арзан болып табылады;
  • Қазақстан жеріне альтернативті энергетиканың түгелдей дерлік түрлері қолайлы;
  • Альтернативті энергетиканың қай саласын дамытсақ та, экологияға еш зияны жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 

 

 

 

 

                                           

 

КІРІСПЕ

     Қазақстан аумағы 2 724,900 мың км-ге тең. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика жеріне Ұлыбритания, Франция, Испания, Алмания, Аустрия, Нидерланды және Жапония мемлекеттері сыйып кетер еді. Республиканың халқы 16 млн адамнан асады. Қала халқының үлесі 56%-ды құрайды. Қазақстан халқының орналасу тығыздыгы 1 шаршы километр жерге 5,4 адамнан келеді. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Атырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндіктері бар. Мұндай мүмкіндік, сонымен қатар Ресейде де бар. Республика жерінің шеткі нүктелері 55°26'- 40°56' с. е. және 45°27'-87°18' ш. б. аралығында орналасқан.

     Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі, климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында – Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі – Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр. Республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Күндік радиация солтүстікте жылына бір шаршы сантиметрде 100 калл, оңтүстікте 160 калл-ға тең. Жергілікті желдер: Сайқан және Ебі желдері. Сайқан Жоңғар қақпасы арқылы өтетін Сібір антициклонынан жылдамдығы 10-15м/сек.  суық желдер. Ебі –жылы жел, кейде желдердің жылдамдықтары 40-70 м/сек дейін соғады. Орманды дала және дала зоналарында жылы мезгілде жауын-шашын мөлшері 275 мм-ге (жылдық жауын-шашынның 80%), шөл зонасында 50мм-ден аз (35-40%). Таулы аймақтарда 600 мм-ге дейін. Іле Алатауының 1500-3000м абсолюттік биіктерінде жауын-шашын мөлшері жылы мезгілдерде 650-700мм, Алтай тауының беткейлерінде кей жылдарда 1600мм-ден асады.Қазақстан аймағында қыста құрғақ континентті, арктикалық, полярлық ауа массалары және Сібір антициклондары қалыптасады. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатқандай.[1] Жағрапиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (45°27' ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°18' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне тереңдеген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

    Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000 км-ден астам, оның 12000 км-ге жуығы құрлық арқылы, ал 3000 км-ден астамы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте (6467 км) Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1460 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен - 380 км, Өзбекстанмен - 2300 км және Қырғызстанмен - 980 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында – Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт кыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жоңғар Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді. Республика шекарасы кей жерлерде Каспий және Арал теңіздерінде, Алтай және Тянь-Шань тауларында табиғи шепке сай келеді. Қазақстанда аумақты ұйымдастырудың үш буынды жүйесі қалыптасқан. Оның негізіне 14 облыс жатады. Облыстар аудандарға, аудандар - округтерге бөлінген. Облыс, аудан, округ әкімшілік-аумақтық құрылымның үш басты буыны болып табылады.

  

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

I-ТАРАУ  АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ

                             

                                1.1.  Дүние жүзіндегі альтернативті энергия  

 Энергияның физикалық түсүнігін басқа, экономикалық, техникалық, саяси, экологиялық және тағы басқа да түсініктері бар. Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артуда. Бірақ дәстүрлі табиғи отындардың  (мұнай, газ, көмір т.б.) қоры шексіз емес. Көбейткіш-реакторларда плутонийді пайда қылатын уран мен торий-ядролық отындардың де қоры шексіз емес.Термоядерлық отынның – сутегінің қоры шексіз болғанымен, бірақ адамның басқаруымен жүретін термоядерлық реакциялар жүзеге асырылған жоқ және де қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Тығырықтан шығудың екі жолы бар: энергоресурстарды экономды жұмсау және дәстүрлі емес жаңартылатын энергия қорларын қолдану. Бұл ғылыми жобада электр энергиясы көзінің альтернативті түрлері қарастырылады. Жер астынан алынатын отын түрлерінің азаю салдарынын жаңартылып отыратын энергия түрлері қолдануда — бұл энергия формалары өзінің жиналған қорымен шектелмеген. Осындай типті энергияның қолдануы энергия қорының азаюына әкелмейтінін білдіреді.

               

                 Дүние жүзіндегі альтернативті энергия көздерінің көрсеткіші    

Мемлекет

Энергия көзі Твт-с

Дүниежүзілік %

Қуаттылық

Жалпы өңдеудің %

Қытай

397

12,6

108

15,9

Канада 

364

12,1

67

57,9

Бразилия 

337

11,4

69

83,7

АҚШ

290

9,7

94

6,5

Ресей

175

6,3

44

18,3

Норвегия

137

3,9

27

98,9

Жапония

86

3,3

45

7,8

Индия

100

3,0

35

14,3

Венесуэла

75

2,5

14

73,9

Швеция

73

2,1

16

39,6

Франция

95

3,2

24

13,3

Қалғандары

960

33,1

304

13,9

Барлығы

2994

100,0

836

16,4


 

                        

 

 

                               

 

 

 

1.2 . Қазақстандағы альтернативті энергия

     Қазақстанның энергетика саласына қарастырылып отырған инвестиция шамамен 7 млрд. долларды құрайды Еліміздің энергетика саласына қарастырылып отырған салымдар Индустрияландыру картасының аясындағы барлық инвестицияның 10% жуығын құрайтын болады, Қазақстанның Даму банкінің талдаушылары энергетикалық салаға қатысты жасаған өз шолуларында осындай мәлімет келтірді. 2000 жылы басталған Қазақстанның экономикалық дамуы электр энергиясына деген сұраныстың ұлғаюына себеп болды. Атап айтқанда, 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда 82,6 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді, бұл 2003 жылғы көрсеткіштен 30% көп.[2] Айта кету керек, Индустрияландыру бағдарламасының аясындағы инвестициялар энергетикалық нысандарды қайта жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалады, сондай-ақ жаңа қуат көздері мен инфрақұрылымдардың құрылысына бағытталады.

Жылу  сияқты дәстүрлі энергия көздері энергетикалық жобаларды қаржыландырудың перспективалық бағыттары болып қалуда. Оған қоса, жел және күн қуатымен жұмыс істейтін электр стансалары, шағын ГЭС-тер сияқты даму әлеуеттері үлкен және жаңартылатын энергия көздерін де естен шығаруға болмайды.  Pure Nature EnergyGmbH (PNE) еуропалық компаниясы Қазақстан нарығында неміс компанияларының бірқатар мүдделерін қарастыратын  шағын гидроэнергетикалық станциялардың құрылысына 1 млрд евро инвестиция жасауды жоспарлап отыр. Pure Nature Energy GmbH (PNE) еуропалық компаниясы Қазақстан нарығында неміс компанияларының бірқатар мүдделерін қарастыратын  республикадағы гидроэнергетикалық кластерлерді дамытуға ниет білдіріп отыр. Аталған бастаманың шеңберінде 10 жылдың ішінде PNE қуаттылығы 5-тен 60 мВт-қа дейін жететін  шағын гидроэнергетикалық станциялардың құрылысына 1 млрд евро инвестиция жасауды жоспарлап отыр

                    

                     

 

II-ТАРАУ АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ ТҮРЛЕРІ

 

                                       2.1. Альтернативті энергия

     Қазіргі кезде әлемде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сияқты энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жай қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Электр энергетикасын қалпына келтіру мәселесі — бұл қауіпсіздік мәселесі, әрі еліміздің болашағы электр энергетикасы мен инфрақұрылымның даму деңгейімен байланысты болып отыр. Бірінші кезекте мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің стратегиялық міндеті шешілуде, мемлекеттің өзінде инвестициялар жасалып, жұмыс орындары пайда болуы тиіс. Электр энергетикасын дамыту экономиканың өзге салаларын дамытуға мұрындық болмақ, қажетті бастапқы энергия ресурстарының, бірінші кезекте арзан көмірдің барлығын ескерер болсақ, елімізде энергия сыйымдылығы аз, экспортқа бағытталған өндірістердің дамуына ықпал етпек. Болашақта энергия балансына жел, күн, шағын ГЭС энергиясының зор әлеуетін тарту және атом энергетикасын дамыту негізін құру жоспарланып отыр. Альтернативті энергия көздерін пайдалану орталықтандырылған энергиямен жабдықтау жүйесіне нақты балама, әсіресе электр энергиясының тапшылығын көріп отырған алыс аудандарға тиімді болмақ. Сондай-ақ Қазақстанның энергия қоры болып табылатын қазба байлықтары мен қалпына келетін энергия көздерінің зор әлеуетін иелене отырып, қазіргі уақытта энергия үнемдеу саласында ең соңғы орындардың бірін иеленіп отыр. Біз электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану кездерінде-де энергияны үнемдеудің қарапайым ережелерін сақтамаудың куәсі болып жүрміз. Осылай қалыптасқан жағдайда энергияны үнемдеу мәселесіне қаражат бөлу жаңа энергетика көздерін салумен бара-бар болар еді, себебі энергияны үнемдеудің өзі пайдалану тұрғысынан қарағанда жаңа энергия көзін ашумен бірдей. Қазақстанда энергия үнемдеу әлеуеті 30–35 пайызды ғана құрайды. Қоғамымыздың барлық салаларында энергия үнемдеу саясатын дұрыс жүргізу жедел қолданысқа енгізілетін сапалы заңның бекітілуін және тұтас іс-шаралар кешенін орындауды қажет етеді.

Информация о работе Қазақстандағы альтернативті энергия көздері