Қазақстандағы альтернативті энергия көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 13:25, научная работа

Описание работы

Мақсаты: Альтернативті энергетика саласын дамыту, дәстүрлі энергетиканың экологияға келтіретін зиянын кемітіп, табиғат ресурстарынан сарқылмас энергия алу. Өзектілігі: Балама энергияны дамыту әр елдің жарқын болашағы деп білемін. Энергияның балама көздері дәстүрлі энергияның орнын басу үшін ең алдымен уақыт қажет, сол уақытты босқа кетірмеу үшін осы энергетика саласын дамыту әр азаматтың міндеті.

Содержание

КІРІСПЕ (Қазақстанның географиялық орны).............................................4-5
I-ТАРАУ АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ
1.1. Дүние жүзіндегі альтернативті энергия..................................................6
1.2 . Қазақстандағы альтернативті энергия....................................................7
II-ТАРАУ АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ ТҮРЛЕРІ
2.1. Альтернативті энергия..............................................................................8-9
2.2. Күн энергиясы...........................................................................................9-11
2.3. Жел энергиясы...........................................................................................11-12
2.4. Гидроэнергетика .......................................................................................13-14
2.5. Биоэнергетика...........................................................................................15-17
III-ТАРАУ БИЗНЕС-ЖОСПАР
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................19-21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................22

Работа содержит 1 файл

Проект.doc

— 508.50 Кб (Скачать)

Қазақстанда орман 10 млн. га-дан  аса алқапты алуда, бұл елдің жалпы аумағының 4 % құрайды, соның ішінде 4700 мың га-да сексеуіл өседі. 1990 жылы елімізде ағаш дайындау көлемі жылына шамамен 3 млн. м3  құрады. Ағаш өңдеу кәсіпорындарында ағаш кесетін жер мен ағаш өңдеуде ағаш сүрегі  қалдықтарының көлемі, сондай-ақ, отын ретінде пайдаланылатын ағаш сүрегі 1,3 млн. м3 немесе 1 млн. тонна құрады. Сөйтіп, ағаш қалдықтарының энергетикалық әлеуеті 200 мыңнан аса м.э.т. құрайды.[8] Дәнді-дақылдар сабаны Қазақстан Республикасында ең маңызды жаңаланатын  энергетикалық ресурс болып табылады.  1990 жылы сабанды шығару 37 млн. тонна құрады. Осы көлемнің 20 пайызы энергетикалық мақсатта пайдаланылатынын ескерсек, онда энергия өндірімі 87 ГВт аса құрайды. Энергетикалық мақсаттар үшін биомассаны пайдалану жөніндегі болашақ жобалар сабанмен байланысты. Солтүстік Қазақстанда биоэтанолды өндіру талқылау сатысында. Технология бидайды пайдаланады.

                       

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бизнес  жоспар:

«Алтын Орда»  мейрамханасы

Мақсаты: жаз айларында күн энергиясы, қыс айларында жел энергиясы арқылы қуат алып, қазақи ұлттық киіз үй пішінді мейрамхана ашу

Жобаның жалпы құны: ?тг

Жобаның аяқталу мерзімі: 5 ай

Қазақстан Республикасы үшін алып айтқанда бізге қуат боларлық энергия көздері көп. Күн энергиясын пайдалануға бізде қолайлы жағдай жеткілікті. Қазақстанда күн энергиясын, жел энергиясын, биоэнергетиканы қайтарымды қуат көздерін дамытуға толықтай негіз бар. Географиялық, күн сәулесінің түсу мерзімі мен ұзақтығы жағынан да мүмкіндіктер жеткілікті. Болашақ мейрамхана да альтернативті энергия арқылы қуат алатындақтын тиімділігі өте жоғары. Жалпы киіз үй пішінді мейрамхананың көлемі  метр болса, яғни, ас үй бөлмесіне метр кетсе, қол жуатын бөлмеге метр, соңында негізгі ас ішетін орынға метр қалады. Менің ойымша, бұл жеткілікті формадағы көлем. Жоспардың ең басты мәселесіне келетін болсақ, энергия көзін жинақтайтын құрылғылар, күн батареясы секілді приборлардың орналасу жерінің де маңыздылығы зор.Ол үшін киіз үйдің негізі болатын уық пен кереге пайдаланамыз. Киіз үйдің уығында күн коллекторлары, ал оның тірегі, яғни, әрбір керегесінде жел құрылғылары орналасады. Құрылғылардың тиімді орналасуына байланысты, сарқылмас энергияны жаздың ыстық күндерінде де және қыстың қақаған аязында да алуға болады. Бұл қазақ ұлттық дәстүрін дәріптейтін және шетелдік туристтерге қазақ халқын, оның дәстүрін жақынырақ таныстыратын мейрамхана болатындықтан, оның интерьері де соған сай болуы тиіс. Нақтырақ айтсақ, қазақ ұлттық ою-өрнекпен әшекеленген көрпешелер, қазақи жер үстелмен жабдықталған болуы тиіс. Мейрамхана 100-120 адамға арналған, нақтырақ айтсақ, 25-30 шағын дөңгелек жер үстелдер, әр үстел 4-5 адамға жабдықталады. Бұл арқылы мейрамхана жеткілікті кең болатынын байқауға болады. Ал мейрамхананың ас мәзірі әрине қазақ ұлттық тағамдары болады, әсіресе оның ішінде ұлттық сусын – қымызға басты назар аударғым келеді. 40 ауруға ем болатын сусын тек қана емдік қасиетімен ерешеленбейді, сондай-ақ адамның шөлін қандыратын, басқа ұлттық тағамдарымен сінімді келеді.  Шың мәнінде, бұл мейрамхананы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінде ұлттық нақыштағы ескерткіш ретінде салатын болсақ, бұл басқа шет елден келген туристтерге қызықты, ерекше әрі мәнді көрінер еді. Жоба барлық жағынан қолайлы және тиімді деп санаймын. Біріншіден көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы», яғни, жоғарыдағы тақырыпқа толықтай сай, әрі қазақ ұлтының дәстүрін айқындайды және болашақта Қазақстандағы альтернативті энергияны дамытуға үлкен үлес қосар еді.

Мейрамхана  әкімшілігі:

    1. Директор. Оның міндетіне барлық персоналды басқару, сондай-ақ инвесторлармен қатынас жасау кіреді.
    2. Директор орынбасары, бас директорға көмек беріп, мейрамхананың халықаралық стандартқа сай келуін бақылау.
    3. Бухгалтер, мейрамхананың кіріс-шығысын есептеу, қоңырауларға жауап беру, келіссөздер жүргізу.
    4. Администратор, 2 ас әзірлеуші, 5 официант және 1 тазалау қызметкері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

Қорытынды

Сарқылмайтын энергия көздері бойынша Қазақстан жан басына шаққанда алдыңғы қатарда. Оңтүстік және оңтүстік шығыс тау өзендерінде жалпы қуаты қазіргі жылу электр станцияларына тең келетін шағын су электр станцияларын салуға болады, ал жел электр станцияларының мүмкіндігі одан ондаған есе артық. Шағын су, жел электр станцияларының тиімділігі де жоғары. Мысалы, Алматы облысында қажетті қуаты 500 мВт жылу электр станциясын салуға 6-8 жыл керек, ал республика бойынша жел энергия қондырғыларының бір күнде екеуін құрып пайдалануға болады екен. Сонда бір ЖЭС, АЭС салынатын жылда бірнеше мың жел энергия қондырғысын салып, одан ЖЭС-тен екі есе артық  энергия алуға болады. Бұл дегеніңіз жел энергиясы атом энергиясына бәсекелес бола алады деген сөз. Жапониядағы апаттарды көре отырып, тәуекелге бел буғанымыз ойландыратын жағдай. Сондықтан альтернативті энергия көздерін пайдаланып АЭС-тен бас тартқанымыз жөн.  Жарты ғасыр Атом бомбасының сынағына айналып азап шеккен қазақ  даласын, енді бір қауіптің мазалауына жол бермейік... «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» – демекші өткен ғасырда ғылыми техникалық прогресстің арқасында адамзат біраз табыстарға қол жетті. Табиғаттан алатынынымыз көп, беретініміз аз болды. Қазіргі мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жәй қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде. Сарқылмайтын дүние жоқ. Уран да сарқылатын отынға жатады. Атом энергетикасының келешегіне қауіп төніп, көптеген елдер баламалы қуат көздері туралы ойлана бастады. Әрине, көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды. Менің ойымша, елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады.. Әсіресе еліміздің оңтүстік аймағына энергияның осы балама көзін пайдаланған әлдеқайда ұтымды болар еді.Қазақстан «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап, әлемдік деңгейде ЕХРО кормесін ұйымдастыруды ұтып алуы қуантады. Бұл көрме әрине болашақ энергиясының дамуына қосқан еліміздің айтарлықтай үлесі болар еді. Бұл тақырып Әлемнің әрбір елін назар аудармай қойматыны белгілі! Сол себепті балама энергиясын дамытуды болшаққа қалдырмай, қазірден бастап дамытқанымыз өте тиімді болар еді.  Мамандар энергоресурстарды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін технологиялар қондырылса, онда кететін энергияның 45-50 пайызын сақтап қалуға болатынын айтады. Әзірге, оған деген сұраныс өсіп тұр. 2012 жылға таяу Қазақстан сағатына 0,4 млрд кВт энергияға зәру болады деп болжайды мамандар. Қазіргі күні Қазақстанның әрбір азаматы күн сайын Қор компанияларының қызметтерін пайдаланып отыр. Мәселен, электр энергиясын пайдалану, телефонмен сөйлесу, көлікпен жол жүру және жанар-жағармай құю, қалалардың араларында ұшақпен ұшу, несие мен сақтандырулар секілді жайттарсыз қазіргі кезеңді көзге елестету қиын. Айта кететін нәрсе осы операциялардың еш біреуі электр энергиясынсыз жүзеге аспайды және толықтай біздің қажеттілігімізді қанағаттандырa алмайды. Сондықтан, осы мәселені яғни альтернативті энергия көздерін пайдалануды қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі деп есептеймін. Электр энергетикасын қалпына келтіру мәселесі — бұл қауіпсіздік мәселесі, әрі еліміздің болашағы электр энергетикасы мен инфрақұрылымның даму деңгейімен байланысты болып отыр. Бірінші кезекте мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің стратегиялық міндеті шешілуде, мемлекеттің өзінде инвестициялар жасалып, жұмыс орындары пайда болуы тиіс. Электр энергетикасын дамыту экономиканың өзге салаларын дамытуға мұрындық болмақ (мультипликативті әсер) , қажетті бастапқы энергия ресурстарының, бірінші кезекте арзан көмірдің барлығын ескерер болсақ, елімізде энергия сыйымдылығы аз, экспортқа бағытталған өндірістердің дамуына ықпал етпек. Болашақта энергия балансына жел, күн, шағын ГЭС энергиясының зор әлеуетін тарту және атом энергетикасын дамыту негізін құру жоспарланып отыр. Альтернативті энергия көздерін пайдалану орталықтандырылған энергиямен жабдықтау жүйесіне нақты балама, әсіресе электр энергиясының тапшылығын көріп отырған алыс аудандарға тиімді болмақ. Сондай-ақ Қазақстанның энергия қоры болып табылатын қазба байлықтары мен қалпына келетін энергия көздерінің зор әлеуетін иелене отырып, қазіргі уақытта энергия үнемдеу саласында ең соңғы орындардың бірін иеленіп отыр. Біз электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану кездерінде-де энергияны үнемдеудің қарапайым ережелерін сақтамаудың куәсі болып жүрміз. Осылай қалыптасқан жағдайда энергияны үнемдеу мәселесіне қаражат бөлу жаңа энергетика көздерін салумен бара-бар болар еді, себебі энергияны үнемдеудің өзі пайдалану тұрғысынан қарағанда жаңа энергия көзін ашумен бірдей. Қазақстанда энергия үнемдеу әлеуеті 30–35 пайызды ғана құрайды. Қоғамымыздың барлық салаларында энергия үнемдеу саясатын дұрыс жүргізу жедел қолданысқа енгізілетін сапалы заңның бекітілуін және тұтас іс-шаралар кешенін орындауды қажет етеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстандық энергетика ассоциациясы электр энергетикасы саласын дамытудың 2007–2015 жылдарға арналған жоспары негізінде электр энергиясын дамыту бағдарламасын іске қосуды ұсынады, әрі бұл қадамды дағдарыстан шығудағы басым бағыт деп жариялайды. Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет, Ұлттық қор және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте мемлекеттік кепілдіктің маңызы жоғары болмақ. Сондай-ақ саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында электр энергетикасы саласындағы заңнаманы реформалау қажет деп есептеймін. Инвестиция — саланы дамытудың негізгі шарты. Ірі энергетикалық жобаларды тек энергия кәсіпорындарының өз қаражаты мен тарифтерді шекті мөлшерде көбейту есебінен жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан қалыптасқан осындай проблемаларды шешу Ғылыми Технологиялық Революция заманында өте өзекті. Әрине дәстүрлі энергия көзін пайдалану біздің толық электр энергиясына деген сұранысымызды шеше алмайды. Менің ұсынарым ол басқа да дамыған елдер тәжірибесіндегідей альтернативті энергия көзін пайдалануды дамыту. Ол әрине мемлекетке, отандық энергетика өндіретін компанияларға және қарапайым халыққа өте тиімді болар еді. Себебі Қазақстан электр энергетикаға әлі де болса тәуелді. Сол себепті мемлекетке тиімдісі таза экологиялық балама энергия көзі болып саналады деген ойдамын. Осындай тиімді энергия көзідерін толық қанды пайдалана алмасақ күндердің бір күнінде біздің елде үлкен проблема туындауы мүмкін, әрине мемлекеттегі маңызды бір салада проблема болса қарқынды экономикалық даму болмайды. Ол, Қазақстандай дамушы елге кері әсер етеді. Бірақ проблема бар жерде шешімде болуы шарт, жоғарыда қарастырған мәселенің шешімі альтернативті энергия көзін пайдалану дәстүрлі энергетика саласының жарқын болашағы. Ғылымды оның ішінде балама энергетика көзін тұрақты дамытып, ел экономикасының  жанашыры болу әрқайсымыздың қолымызда деп ойымды түйіндегім келеді.

 

Менің ұсынысым:

  1. Жетекші энергетика компанияларының, отандық және шетелдік инвесторлардың Қазақстандағы альтернативті энергияға деген қызығушылықтарын арттыру;

2)  Жаңа көпқабатты үйлерге әсіресе, Қазақстанның далалы аймақтарында, энергия тапшылығы көрініп отырған алыс аудандарға қолайлы альтернативті энергетика саласын көптеп дамыту;

3)  БАҚ арқылы еліміздегі тұрғындарға энергияны үнемдеуге үгіт-насихат жүргізу, жарнамалау;

4) Энергоресурстарды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін технологиялар қондыру;

5)  Қазақстанның қалпына келмейтін қазба байлықтарын болашаққа қалдырып, альтернативті энергетиканың сапасын жоғары көтеру.

 

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. А.Трофимов  Некоторые вопросы развития электроэнергетики  Казахстана //Энергетика, Рынок, Интеграция. Сб. докладов. Алматы, 1998, с. 62 66.

2. А.А. Крашенников  Перспектива использования нетрадиционных источников энергии //Энергетика и топливные ресурсы Казахстана, 1992, №1. С.48 -52.

3. А. БЕЙБАРСОВ, 19.11.2004. http://www.kubhost.com

4. А.Е. Викторов, JI.A. Нечаев, JI.H. Чернокнижная Перспективы  использования солнечной энергии  в народном хозяйстве Казахстана.

5. А.А. Ильиных  Основные направления гелиофикации  сельскохозяйственного производства  Казахской ССР //Тезисы докладов. Использование ВИЭ в практике  народного хозяйства республики. Фрунзе: Илим, 1988. С.17 - 20.

6. Атлас энергетических ресурсов СССР /под ред. А.В. Винтера. Т II, выпуск 16, 1937.

7. Агроклиматический справочник  по Жамбылской области. JI: Гидрометео-издат, 1974, 116 с. 

8. Б.М. Маринушкин Проблема  развития нетрадиционной энергетики // Энергетика и топливные ресурсы Казахстана, 1992, № 1. С. 115 117.

9. Б.М. Маринушкин Энергию  ветра на службу народному  хозяйству // Энергетика и топливные  ресурсы Казахстана, 1993, №1. С.80 - 82.

 


Информация о работе Қазақстандағы альтернативті энергия көздері