Грек философтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:36, биография

Описание работы

Философия негіздерінің курсы қоршаған ортадан дұрыс бағыт тауып ,әлеуметтік процесстерді түсіну үшін маңызды рөл атқарады .
Философияны оқу барысында оқушылар түрлі қоғамтану мәселелерді жайлы өз көзқарастарын қалыптастырады және өз позицияларын анықтайды .

Работа содержит 1 файл

Грек философтар.pptx

— 693.69 Кб (Скачать)

Бақылау жұмысы

 

Ж.Досмұхамедов  атындағы педагогикалық колледж

 

Қоғамдық пәндер  кафедрасы

 

“Философия негізгі пәндері”

 

Орындаған:Нурпейсова А.К.

 

Тексерген: Кидришева А.У.

Философия  негіздері  пәнінің  оқу –тақырыптық  жоспары:

1 Антикафилософия  

2 Антикафилософияның   өкілдері   мен  дамуы 

 

 

 

                                                                        Кіріспе

     Философия негіздерінің  курсы  қоршаған  ортадан  дұрыс  бағыт  тауып  ,әлеуметтік   процесстерді    түсіну үшін  маңызды  рөл  атқарады  .

     Философияны   оқу барысында  оқушылар   түрлі  қоғамтану   мәселелерді   жайлы   өз көзқарастарын  қалыптастырады және   өз  позицияларын  анықтайды   .

     Философия   негіздері   оқушыларға философияның  қоғамда қандай рөл  атқаратын  түсіндіріп  , әлемдік  философиялық   ойлардың  негізгі кезіңдерімен    таныстырады  .Курстың басты  бөлімдері   -адам   табиғаты  және  оның   өмір   сүруінің   мағынасы    адам,  қоғам , өркениет   , мәдениет,  бостандық   және  жауапкершілік    , адам танымы   және  іс-әрекет   , адамзат   болашағы  сияқты   т .б. Философияның  негізгі    мәселелерімен   таныстыру  арналған   .

     Философия    негіздерін   оқуды   оқушыларда    философия   әлемнің   ғылыми   және    діни    бейнелері    ,адам   өмірінің     мағынасы   ,адам  білімінің    формалары    және   оның   қазіргі    қоғамдағы    көрінісі   ,  ерекшеліктері      туралы     танымы    қалыптасады.             

Аристотель 

 

    • Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті,Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
    • Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс философиясының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргі заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғылымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман философияларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік философияға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің философиясына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің философиясының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.
    • Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.
    • — Гиппократтың шәкірті, философия ілімінің бірінші ұстазы сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстырмалы әдістерді пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу арқылы өз заманына сай морфологиялық ғылыми тұжырымдар жасаған. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратындығын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырларының байланысын дұрыс түсініп, жүйкені (нервті) басқа мүшелерден ажырата білген. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған.[1]

 

Пифагор

 

    • Пифагордың өмірбаяны
    • Ұлы ғалым Пифагор б.з.д. 570 жылы Самос аралында туған. Пифагордың әкесі Мнесарх зергер болған. Пифагордың анасының аты белгісіз. Көптеген жазбалар бойынша туған бала өте әдемі болған және өсе келе өзінің ерекше қабілетімен көзге түскен.
    • Жас Пифагордың ұстаздарынан Гермодамант пен Ферекид Сиросскийді атауға болады(алайда Пифагордың алғашқы ұстаздары Гермодамант пен Ферекид екені нақты емес). Жас Пифагор күні бойы Гермодаманттың жанында жүріп, Гомердің жақсы әуендерді тыңдап өскен.
    • Гомердің әуендерін Пифагор жадында мәңгі сақтады. Пифагорды ойшыл деп мойындағаннан кейін жас талант әр күнін оқушылардың арасында Гомердің әуенімен бастаған. Ферекид Италия мектебінің негізін қалаған философ болған. Осылай, Гермодамант Пифагорды музыкаға, Ферекид ғылымға үйреткен. Ферекид Пифагорға табиғат сенің алғашқы да басты ұстазың деген. Жас Пифагорға өз қиялын іске асыру үшін Самостар болды, сондықтан ол Милетке сапар шегіп, онда басқа ғалым – Фалесті кездестірді. Фалес оған білім алу үшін Египетке бар деп кеңес берді. Пифагор оның кеңесін жөн көрді.
    • Пифагор б.з.д. 548 жылы үй – жай және тамақ табылатын Навкратис жеріне келді. Фараонның түсіндірме хатына қарамастан білгірлер Пифагорға өз құпияларын ашуға асықпай, оған қиын сынақтар қойды. Пифагор білімге деген құштарлығының арқасында сынақтардан оңай өтті. Ол кездегі Египет геометриясы жаратылыстану бағытындағы ғылым болғандықтан египеттік білгірлер оған көп нәрсені үйрете алмады. Білгірлер берген білімді меңгерген Пифагор өз Отанына Элладаға қашып кетті. Біраз жол жүрген Пифагорды үйіне қарай бет алып бара жатқан Вавилон билеушісі Камбиз тұтқынға алады.
    • Пифагордың Вавилондағы өмірі аса қиын болған жоқ. Вавилон математикасы Египеттікіне қарағанда аса дамыған болатын және Пифагордың үйренетіні де көп еді. Бірақ б.з.д. 530 жылдары Кир Орта Азиядағы тайпаларға қарсы жорыққа шығады. Қаладағы бұл жағдайды пайдаланып Пифагор Отанына қашып кетеді. Бұл кезде Самос аралығындағы билік Поликрат патшаның қолында еді. әрине Пифагор жартылай құл ретінде өмір сүруді ұнатпады,сондықтан ол Самостың жанындағы үңгірге кетіп қалады. Бірнеше айдан соң Пифагор Кротонға көшіп келеді. Кротонда Пифагор өздерін пифагорлықтар деп атаған адамдардан діни одақ құрады. Ол әрі діни бірлестік,саяси клуб және ғылыми одақ болған. Пифагордың кейбір әдеттері үлгі алуға лайықты.
    • ... 20 жыл өтті. Одақтың атағы бар әлемге тарады. Бір күні Пифагорға бай,бірақ жексұрын Килон одаққа бірігу үшін келеді. Пифагор Килонның бетін қайтарады. Килон Пифагордың үйінің өртенгенін пайдаланып,оған қарсы шығады. өрт кезінде пифагорлықтар өз өмірлерін қиып,ұстаздарын құтқарып алады. Қатты қайғырған Пифагор өз - өзіне қол жұмсайды.

 

Платон

 

    • Платон (Platon) Афиналық (б.з.б. 427 — 347) — ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі — Аристокл.
    • 407 ж. ш. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ өлгеннен кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарга кетті.
    • 389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылыми, философиялық, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі — Платон академиясының негізін қалайды.
    • 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: “Апология” (Сократты қорғау), “Критон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), “Федон” (әдептілік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей”, “Заңдар”, т.б.
    • Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріктігінің шарты деп жариялады. Төменгі тектен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.

 

Фалес

 

    • Фалес (fhales) (шамамен біздің заманымыздан 624 — 547) — ежелгі грек философы, антикалық және жалпы еуропалықфилософияның бастауында тұрған Милет мектебінің негізін қалаушы. Кіші Азияның Милет қаласынан шыққан Фалес аңыз бойынша жас кезіндеТаяу Шығыс елдерін (Вавилон, Мысыр) көп аралап, абыздардың тәрбиесінде болған. Оның философиялық ілімі, негізінен табиғатқа негізделген стихиялы-материалистік бағытта құрылған. Ол жаратылыс судан шыққан және барлығы суға айналады деп түсіндіреді. Ол біздің заманымыздан 585 ж. болған күннің тұтылуын болжап білген.

Cократ

 

    • Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) – ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды.
    • Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.

 

Анаксимандр

 

    • Анаксимандр (Милеттік) (б.з.д. 40 ж.ж.) - ежелгі грек материалист-философы, стихиялық диалектик, Фалестің шәкірті. Грециядағы "Табиғат туралы" атты түңғыш ғылыми шығарманың авторы, бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр нәрсе атаулының бастапқы негізі — "архе" ("негіз", "принцип") ұғымын енгізді және апейронды осы бастапқы негіз деп есептеді. Апейронды ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық от ретінде көрініс табады, суық аспан мен жерге айналады. Ол материяның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы жер ғаламның ортасында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және жұлдыз сақиналары айналып жүреді. Анаксимандр тарихта тұңғыш ретэволюция идеясын ұсынды: адам — басқа да тіршілік иелері сияқты балықтан шыққан.[1]

Анаксимен

 

    • Анаксимен - (гиа. Б.д.д. 610- 546) - көне грек философы материалист, Анаксимандрдің шәкірті. Оның ілімі бойынша барлык тіршіліктің түп негізі-ауа. Ауа шексіз, козғалмалы, қоюлана келе бұлтты кұрайды, содан кейін суды, соңынан жерді және тастарды, ал сұйықтала келе - отқаайналады. [1] Анаксимен жұлдыздар — от, бірақ біз оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте алыста (Анаксимандр бойынша, жұлдыздар планеталардан жақын) деп түсіндірді. Күн мен Айдың тұтылуына ақиқатқа жақын түсінік берді.[2]

Антика дәуірінің  философиясы

 

    • Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
    • Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар     бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
    • Дүние  қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не  пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
    • Ертегрек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
    • 1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің  қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
    • 2. Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
    • 3. Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.

 

    • Милет мектебі-грециядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет  қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.
    • Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала  дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.
    • Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.
    • Ол заттардың алуандылығынан  бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.

Информация о работе Грек философтар