Халықаралық еңбек ұйымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 21:35, реферат

Описание работы

Еңбек — адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оньң сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілет-ті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы та-биғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағды-сын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерек-ше маңызды.

Содержание

Кіріспе

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ)

Еңбек ресурстары

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Әлемдік экономика ХЕҰ.doc

— 80.50 Кб (Скачать)

Бiлiм берудi дамыту және кадрлар даярлау 
Сапалы адам капиталының болуы индустриялық-инновациялық стратегияны ойдағыдай iске асырудың ажырамас шарты болып табылады. 
      Бiлiм беру секторы барлық елдер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн басты "отты нҮктелердiң" бiрi болып отыр. 
      Ғаламдану жағдайында экономикасы дамыған елдер неғұрлым перспективалы ғалымдар мен жоғарғы бiлiктi мамандарды шоғырландыруды өзiнiң басты басым саясаты етiп алды. 
      "Ақыл-ойдың сыртқа кетуi" бұрынғы коммунистiк елдердiң экономикасын дамытуды баяулататын басты фактордың бiрi болды. Бұл ахуалды тұрақтандырмай әрi елдегi бiлiм берудiң жалпы деңгейiн көтермей, Қазақстан әлемде лайықты орын ала алмайды. 
      Қазiргi жағдайда экономикалық өсу ғылыми-техникалық прогреспен, бiрiншi кезекте, еңбек ресурстарының кәсiби сапасымен теңестiрiледi. 
      Қазақстандағы бiлiм беру жүйесi ырғақты дамитын ғаламдану мен ақпараттанудың қарқынды әлемдiк процестерiне барабар әрекет етуге қабiлеттi болуы тиiс. Бiлiм берудi реформалау және еңбек ресурстарын дайындау саласындағы нақты мемлекеттiк саясат кәсiптiк техникалық бiлiм беру және инновациялық менеджмент бөлiгiнде де қажет. 
      Осы саладағы жұмысты жүйелеу дамыған елдердiң тәжiрибесiн жұмыс берушiлермен тығыз қарым-қатынас негiзiнде жүзеге асырылатын болады. Кейбiр елдерде, мысалы Германияда бизнестiң барлық субъектiлерi жұмыс күшiне сұранысқа сәйкес жұмысшы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ететiн ұйымдардың мүшелерi болуға мiндеттi. Мұндай ұйымдардың әр мүшесi өзiнiң жарнасын төлеуi тиiс әрi өзiне қажет жұмысшы кадрлардың кәсiптерiне өтiнiм бере алады. 
      Шетелдiк тәжiрибе көрсеткендей, инновациялық қызмет аспирантура мен докторантурада толықтырылған барабар жоғары бiлiмдi талап етедi. 
      Бiлiм беру процесiн реформалау өтпелi және кәсiптiк кадрларды даярлаудың барлық деңгейi мен бағытын қамтуы тиiс. 
      Бiлiм беру мен кәсiби мамандарды даярлау саласындағы мемлекеттiк саясат мына мiндеттердi шешуi тиiс: 
      бiлiм берудi дамыту басымдықтарының бiрi ретiнде инновациялық қызмет үшiн кадрлар даярлауды айқындау; 
      мемлекеттiң және жеке сектордың қатысуымен жұмысшы және техникалық мамандықтардың мамандарын кәсiптiк даярлау, аттестаттау және қайта даярлау мәселелерiмен айналысатын институттарды құру; 
      бiлiм берудiң барлық түрлерiнiң материалдық-техникалық және әдiстемелiк базасын ұлғайту; 
      халықаралық стандарттарға сай келетiн бiлiм беру стандарттарын әзiрлеу мен енгiзу; 
      құрылатын жаңа өндiрiстер мен басқалары үшiн жоғарғы бiлiктi мамандарды Қазақстанда құрылатын жаңа өндiрiстерiндегi жұмыс үшiн даярлау және тарту саласындағы халықаралық ынтымақтастық; 
      жоғары технологиялы өндiрiстер саласында кадрларды даярлау үшiн жаңа жоғары оқу орындарын (халықаралық тәжiрибе негiзiнде) құру немесе жұмыс iстеп тұрған жоғары оқу орындарын мамандандырылған институттарға (университеттерге) қайта бейiмдеу; 
      Республикада инновациялық қызметтi дамыту үшiн: инновациялық жобалардың менеджерлерi мен сарапшылары; халықаралық маркетинг пен патент құқығы, инновациялық жобалардың ықтимал тәуекелiн бағалау және оны азайту тәсiлдерi бойынша, венчурлiк қаржыландыруды ұйымдастыру және басқалары бойынша мамандарды қажеттi мамандықтар бойынша даярлау.
 

Информация о работе Халықаралық еңбек ұйымы