Ұлы географиялық ашылулар оның тарихта алатын орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 06:05, реферат

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі: Ұлы географиялық ашылымдар — феодалдық қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының феодалдық өндірістік қатынастар системасын ірітіп-шірітуші товар-ақша қатынастарының үнемі өсуінің, европалық елдердің Шығыс елдерімен сауда-саттық қарым-қатынастарының ұлғаюының нәтижесі болып табылды.Товар-ақша қатынастарының ұдайы өсе беруіне байланысты ақша орасан зор маңызға ие болды. Ақша мейлінше арта түскен қа-жеттіліктерді қанағаттандырудың бірден-бір құралына және байлық-тың ең басты түріне айнала бастады.

Работа содержит 1 файл

Ұлы географиялық ашылулар оның тарихта алатын орны.docx

— 17.57 Кб (Скачать)

Ұлы географиялық ашылулар оның тарихта алатын орны.

Кіріспе

 

 Зерттеудің өзектілігі: Ұлы географиялық ашылымдар — феодалдық қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының феодалдық өндірістік қатынастар системасын ірітіп-шірітуші товар-ақша қатынастарының үнемі өсуінің, европалық елдердің Шығыс елдерімен сауда-саттық қарым-қатынастарының ұлғаюының нәтижесі болып табылды.Товар-ақша қатынастарының ұдайы өсе беруіне байланысты ақша орасан зор маңызға ие болды. Ақша мейлінше арта түскен қа-жеттіліктерді қанағаттандырудың бірден-бір құралына және байлық-тың ең басты түріне айнала бастады.

  Зерттеудің мақсаты: Алтынға құнығушылық металл ақшаның санын барынша көбірек талап еткен сауданың өріс алуына байланысты мейлінше күшейе түсті. Оның үстіне ақшаның көбі Европадан тысқары жерлерге шы-ғыстан әкелінетін товарларға төлеуге кетіп жатты. Оларды әкелу үнемі ұлғая берді. Осының нәтижесінде асыл металлдың жетіспеуші-лігі күш санап күштірек сезіле бастады. Европада алтынға деген мұқтаждықты қанағаттандырарлық мүмкіншілік болмады. Бірақ оның есесіне европалықтардың ұғымы бойынша, Европадан сыртқы жерлерде байлықтың сарқылмайтын қайнар көзі жатқандай болып көрінді.

 Зерттеудің міндеті: Европалықтар дүниедегі ең бай ел Африка деп саналды, өйткені Жерорта теңізінің жағалауындағы қалалар арқылы купецтер Сенегал мен Нигераның алабында өндірілетін алтынды Европаға әкеліп жатқан-ды. Мұнда, Сенегал мен Малидің, Жоғары Вольта мен Нигерияның территорияларында VII ғасырдан XV ғасырға дейін бірнеше бай мемлекеттер: Гана, Мали және Сонгали құрылды.

  Европалықтар  дүниедегі ең бай ел Африка  деп саналды, өйткені Жерорта  теңізінің жағалауындағы қалалар  арқылы купецтер Се-негал мен  Нигераның алабында өндірілетін  алтынды Европаға әкеліп жатқан-ды. Мұнда, Сенегал мен Малидің,  Жоғары Вольта мен Нигерияның  территорияларында VII ғасырдан XV ғасырға  дейін бірнеше бай мемлекеттер:  Гана, Мали және Сонгали.

Жер шарында  Ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл жерде Европа саяхатшыларының  мақсаты – аңызға айналған Үндістан жерін ашып , онымен сауда , қарым  – қатнас жасау болды. Бірақ саяхатшылар  Үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған Европалықтар Африканы айналып  жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда  теңізде жүзу әр елде етек ала бастаған еді. Алысқа жүзе алатын мұхит толқынына  төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруалығын өркендетуде Португалия мен Испания  бәсекелесіп , Атлант мұхиты арқылы жүзіп , бірқатар жерлерді , белгісіз аралдар  мен түбектерді ашып , оларды өздерінің  отарына айналдырды.

Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды.

Мұндай ізденістің басты себептері:

  1. 15 ғ-дың ортасына қарай еуропа елдерінде өнеркәсіп пен сауданың мықтап өркендеуі, Еуропаны Шығыс Азиямен байланыстыратын құрлық жолын және кеме қатынасы өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын түріктердің басып алуы, ашық мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын берік кемелердің жасалуы, ғылым мен техниканың жандануы бұған қолайлы жағдай туғызды. Араб саяхатшысы Әбу-Абдаллаї Мұхаммед ибн Баттута Еуропа саяхатшыларына дейін 30 жыл бойы саяхат жасап, Африканың солт. жағалауын бойлай жүзіп, Танжер қ-нан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, Қырым, Ресей, Орт. Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, Индонезия, Испанияда болған. Ұлы географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Испания бастады.
  2. 15 ғ-дың 2-жартысында Португалия ханзадасы, теңізші Генрих (Энрико) Африка жағалауына көптеген экспедициялар ұйымдастырып отырды. Португал теңізшілері құрлықтың батыс және оңт. жағалауын бойлай жүзді.
  3. 1488 ж. Б.Диаш Африканың оңт. шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Португалдардың бұл саяхаттары Ұ. г. а-дың бастамасы болды. Олармен бәсекелес испандықтар Шығыс Азияға апаратын теңіз жолын батыстан іздеуге тиіс болды. Орта ғасырларда ежелгі дүние ғалымдарының Жерді шар тәріздес деген ұмытылған пікірі қайта жандана бастаған еді. Осыған сәйкес бірқатар ғалымдар мен теңізшілер Испаниядан шығып үнемі батысқа қарай жүзе берсе Азия жағалауына жетуге болады деп есептеді. Неміс картографы М.Бехаймның глобусында (1492) және Италия космографы П.Тосканеллидің картасында (15 ғ-дың 2-жартысы) Еуропаның батыс жағалауы мен Азияның шығыс жағалауы арасында ешқандай құрлық жоқ, мұхиттың ені кішірейтіліп көрсетілген. Х.Колумбтың осы пікірге негізделіп ұйымдастырылған экспед.
  4. 1492 ж. Американы ашты. Оның 4 саяхатының (1492 — 1504) нәтижесінде Орт. Америкадағы Багам, Үлкен Антиль және Кіші Антиль аралдары, Оңт. Американың солт. жағалауы ашылды.
  5. 1497 — 99 ж. португал теңізшісі Гама (Васко-да-Гама) Африканы оңт-нен айналып өтіп, Үндістанға апаратын теңіз жолын ашты (экспед-ны Африка жағалауынан әрі қарай араб лоцманы Ахмет ибн Мәжит бастап барды).
  6. 1497 ж. ағылшын теңізшісі Джон Каботт Үндістан мен Қытайға Солт. теңіз жолын іздеу кезінде Нью-Фаундленд аралдарына және Лабрадорға жүзіп барып, Солт. Американы ашуды бастады. Х.Колумбтан кейін испан және португал теңіз саяхатшылары Оңт. А.Веспуччи құрлықтың жағалауларына бірнеше рет жүзіп барып, оны жаңа дүние ретінде сипаттап жазды. Бұдан әрі испан конкистадорлары Солт. және Оңт. Американың ішкі аудандарын жаулау кезінде бірқатар жаңа жерлер ашты (Э.Кортес, Х.Писарро).
  7. 1503 ж. В.Нуньес де Бальбоа Панама мойнағы арқылы Тынық мұхит жағалауына шықты. Бальбоаның жаңалығы Атлант мұхитынан “Жаңа Дүниені” айналып, “Оңтүстік теңізге” (мойнақтан қарағанда оңт-те көрінетіндіктен саяхатшылар солай деп атаған) асатын жолды іздеу туралы ой тудырды. Бұл идеяны Ф.Магеллан басқарған испан экспед. жүзеге асырды. Магеллан және оның серіктері Атлант мұхитынан жол тауып, Тынық мұхитқа өтті, онан әрі дүние жүзін айналып шықты (1519 — 1522).
  8. 16 ғ-дың ортасында Ұ. г. а. заманының бірінші кезеңі аяқталды.
  9. 16 ғ-дың 2-жартысынан 17 ғ-дың 2-жартысына дейін созылған екінші кезеңнің басында Шығыс Азия елдеріне Еуразияның және Солт. Американың солт. жағалауын айналып жүретін теңіз жолын (Солт.-шығыс және Солт.-батыс жолдарын) іздеуге байланысты геогр. ашылулар жасалды. Еуропадан Үндістан мен Қытайға баратын Оңт. теңіз жолдары Испаниямен Португалияның қолында қалғандықтан жаңадан өркендеп келе жатқан Англия мен Голландия теңіз жолын басқа жақтан, солт-тен іздеуге мәжбүр болды. Солт.-батыс жолды іздеу барысында

М.Фробишер (1576 — 1578),

Д.Дэвис (1585 — 1587),

Г.Гудсон (1610),

В.Баффин (1612 — 1616) Американың арктик. бөлігінің  аралдардан тұратынын анықтады.

Ағылшындар мен голландттардың Солт.-шығыс жолды іздеуі (Барроу 1556, Пит пен Джекмен 1580, Баренц 1594, Флеминг 1664 — 1668) нәтиже бермеді. Олар Баренц және Кара теңіздерінде жүзіп  Ямал түбегіне дейін ғана жете алды. 16 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың 1-жартысында орыстар көптеген геогр. жаңалықтарға қол жеткізді. Орыс казактары бас-аяғы 50 жылдай уақытта Оралдан (1584) Тынық  мұхитқа дейін (1639) жетті.

1639 ж.  И.Москвитиннің отряды Охота т-нің  жағалауына шықты.

1644 —  45 ж. В.Поярков Амурды бойлап, оның  сағасына дейін барды. Көп ұзамай-ақ  Е.Хабаров 1647 —51 ж. Амур өлкесіне  бірнеше жорық жасады.

1648 ж.  С.Дежнев пен Ф.Попов Азияның  солт.-шығыс жағалауын бойлай  жүзіп, Азияны Америкадан бөлетін  бұғазды ашты. Осы ашылулармен  бір уақытта француздар (С.Шамплен,  Э.Брюле, т.б.) Солт. Американың ішкі  бөлігіне өтіп, Аппалач]тың солт-н,  Ұлы көлдерді ашты. Бұл кезде  голландтар Оңт. жарты шарда  “Белгісіз оңтүстік жерді” (Terra іncognіto Australіs) іздеумен айналысты.

1605 ж.  олар Үнді мұхитымен жүзу кезінде  Австралияның солт.-батыс жағалауын  көрген болатын.

1641 —  43 ж. А.Тасман Австралияны айнала  жүзіп, оның полюстік аймақты  түгел қамтитын қиялдағы “Белгісіз  оңтүстік жерден” бөлек екенін  анықтады, Жаңа Зеландияны және  бірнеше топаралдарды ашты. Ұ.  г. а. нәтижесінде адамдардың  Жер туралы түсінігі түбегейлі  өзгерді. Картаға “Ескі Дүниеге  ” қосымша жаңа дүние бөліктері  — Америка мен Австралия, Жер  шарындағы ең үлкен — Тынық  мұхит, көптеген аралдар, теңіздер  мен бұғаздар енді. Жердің шар  тәрізді екендігі түпкілікті  дәлелденді. Жер бетінде ежелгі  ғалымдар ойлағандай құрлық емес, судың басым екендігі анықталып,  біртұтас дүниежүзілік мұхит  ұғымы қалыптасты. Ұлы географиялық  ашылулар түрлі ғылым салаларын  дамытуға негіз салумен бірге  әлем елдерінің әлеум.-экон. дамуына  ықпал жасады. Жаңа ашылған жерлердегі  елдерді жаулап алу әлемдік  отарлау үрдісіне бастама берді.


Информация о работе Ұлы географиялық ашылулар оның тарихта алатын орны