Ұлыбритания

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:39, курсовая работа

Описание работы

Кіріспе
Ұлыбритания арал және мемлекет,Европаның кең ауқымды архипелагында -Британ аралында орналасқан.Жалпы ауданы – 244,14 мың км.Халық саны – 59,48 млн.адам.Билік басында королева(король),билік- парламенттік монархия.Ұлыбритания құрамына 53мемлекет(2006ж) кіретін Достастықты басқарады.Заң шығарушы орган-екі палаталы парламент(1-общин,лорд).
Ресми тілі-ағылшын,ақша бірлігі- фунт стерлинг.

Содержание

Жоспар.
I.Бөлім
Ұлыбританияның табиғи географиялық жағдайы
II.Бөлім
Ұлыбритания тарихы
III.Бөлім
Экономикасы және әлеуметтік жағдайы
IV.Бөлім
Туристік саласы(Ең маңызды нысандары)
ХХХжазғы Олимпиада ойындары

Работа содержит 1 файл

КурсовойҰлыбритания (Автосохраненный).doc

— 1.62 Мб (Скачать)

 

 

Жоспар.

I.Бөлім

Ұлыбританияның табиғи географиялық жағдайы

II.Бөлім

Ұлыбритания тарихы

III.Бөлім

Экономикасы және әлеуметтік жағдайы

IV.Бөлім

Туристік саласы(Ең маңызды  нысандары)

ХХХжазғы Олимпиада  ойындары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Ұлыбритания

Ұлыбритания арал және мемлекет,Европаның  кең ауқымды архипелагында -Британ аралында орналасқан.Жалпы ауданы – 244,14 мың км.Халық саны – 59,48 млн.адам.Билік басында королева(король),билік- парламенттік монархия.Ұлыбритания құрамына 53мемлекет(2006ж) кіретін Достастықты басқарады.Заң шығарушы орган-екі палаталы парламент(1-общин,лорд).

Ресми тілі-ағылшын,ақша бірлігі- фунт стерлинг.

Халқының орташа тығыздығы- 243,6адам/км2.Қала тұрғындары-89,4%.Халқының жас құрылымы – 15жастан кіші-19%, 15-65 жас -65,2%

65жастан улкендер-15,8%.Халқының табиғи өсімі- 1,4%.Өмір сүру ұзақтығы- ер адамдарда- 74,4жас, әйелдерде-79,7жас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

                   Біріккен Ұлыбритания корольдігі.

     Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия елдерінің ресми атауы Біріккен Ұлыбритания корольдігі.Төрт ірі аймақтан:Англия,Шотландия,Уэльс және Солтүстік Ирландия (Ольстер).Бұл аймақтар өз кезегінде графтықтар мен округтерге бөлінеді.Дәстүрде бұл елді Ұлыбритания немесе Англия деп атайды.ХІХ ғасырдың аяғына дейін Ұлыбритания дүниежүзілік шаруашылықта үстем болды.Мұның себебі бұл ел капитализмнің отаны,өнеркәсіп революциясы неғұрлым ерте болғандығына байланысты болды.Аз уақыт ішінде дүниежүзілік рынок пен жаңа халықаралық географиядық еңбек бөлінісі қалыптасты.Мұндағы негізгі буын Еуропа елдері болса,ондағы жетекшілік орынды Ұлыбритания мен Франция алды.Сонымен қатар олардың тілдері мен мәдениеті де басқа елдерге тез тарады.Қазіргі таңда дүние жүзінің жетпіс алты мемлекетінде ағылшын, ал қырық төрт мемлекетінде француз тілі сол елдердің ресми тілі болып табылады.Басқа елдердің бірде-бір тілі өзінің таралуы және қолданысының ауқымы жағынан бұл екі елдің мемлекеттік тілдерімен бәсекелесе алмайды. Ұлыбритания аралдық,құрылысы жағынан парламенттік монархиялы ел.Халқы жағынан көп ұлтты мемлекет,бірақ халқының басым көпшілігі сексен пайызға жуығы ағылшындар,он бес пайызы шотландар,қалғандары кельт тіл тобының өкілдері – илрандтар мен уэльстер(валлийлер).Бұл халықтар өз тілдері мен мәдениетін,салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын сақтағанымен,жалпы қабылданған.Басты діні – христиан дінінің англикандық ондағы мекемелер мен оқу орындарында ағылын тілі ресми тармағы,сонымен қатар елде пресвитерианттар мен католиктер бар.Халқы саны жағынан Еуропада Гермения,Францияядан кейінгі үшінші орынды алады.Хақы саны алпыс миллион адам.Өткен ғасырда Ұлыбритания жаппай эмиграция етек алған ел болатын,қазір керсінше иммиграция елі болып табылады.Елде халқы табиғи өсімнің төмен болуынан,басқа еуропалық елдерге қарағанда ұзақ уақыт бойы тым баяу өсті.Мұндай демографиялық жағдай олардың жас құрылымдарына да кері әсерін тигізеді.Егде жастағы адамдардың үлесінің көп болуы,ұлттарға «қартаю»процесі тән.Халықтың тұрмыс – тіршілік сапасы жоғары,осыған байланысты адамдардың өмір сүру жасының ұзақтығы жөнінен дүние жүзінде алдаыңғы орынды алып отыр.Халқының тығыздығы жағынан,әсіресе Ұлыбритания ерекше көзге түседі.Ұлыбритания халқының 9/10 бөлігі қалаларда тұрады.Бұл елде ірі қалалар көп,бірақ ел астаналарында халықтың санының басым болуы ,бұлардағы қала халқының орналасуының ерекше белгісі.Ұлыбританияның миллионер қалалары:Бирменгем мен Глазго.Мұнда ағылшын мегополисі орналасқан.

 

 

 

 

 

 

Табиғаты.

Ұлыбританияны Атлант мұхитының Солтүстік  және Ирланд теңіздері, Ла-Манш, Па-де-Кале, Солтүстік және Қасиетті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары шығанақтармен күшті тілімделген (солт-нде фьордтар, оңт-нде эстуарийлер). Неғұрлым үлкен түбектері — Уэльс пен Корнуолл. Жер бедері оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бөлігінде ойпатты жазық болып, батысында Уэльс түбегіндегі Кембрий тауларына (ең биік жері — Сноудон, 1085 м), Англияның солт-нде Пеннин (ең биік жері — Кроссфелл, 893 м) және Камберленд (ең биік жері — Скофелл, 978 м) тауларымен жалғасады. Елдің ең биік нүктесі — Бен-Невис тауы (1343 м). Ұлыбританияның солтүстік бөлігіндегі таулар мен көрікті көлдер өлкесі мұздықтар әсерінен тілімделіп, әр түрлі формаларға ие болған. Геология тұрғыдан алғанда жері түгел дерлік (тек ең қиыр оңт. бөлігі герцин қатпарлығы) каледон қатпарлығы алабында жатыр. Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы, т.б. түсті металдар сияқты қазба байлықтары мол. Елдің шығысында, Солтүстік т-дің жағалауларынан мұнай мен газдың ірі кен орындары табылған.

Ұлыбритания климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ.

Қаңтардағы орташа температура  қиыр солт.-шығыстың өзінде 3,5°С-тан  төмен түспесе, ал оңт.-батыста 5,5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңт.-батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы темп-раны көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солт.-шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады. Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт.-батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын.

Шілдедегі орташа температура  оңт.-батыста 16°С-қа, ал қиыр солт.-батыста 12°С-қа тең. Атлант мұхиты жағынан соғатын  жылы әрі ылғалды ауаның әсерінен Ұ-ның батыс аудандарына жауын-шашын  мол түседі. Бұл аймақта оның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-ге жетсе, шығыс Англияда 600 мм, кей жерлерінде 500 мм шамасында ғана болады.

Ұ. су ресурстарына бай. Түсетін  жауын-шашын мөлшерінің буланудан  басым болуы себепті оңт.-батыстағы  кейбір аудандардан басқа елдің  бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері — алаптары бір-бірімен шектесетін Северн (310 км) мен Темза (334 км) өзендері. Темза өз-нің Ұ. экономикасындағы маңызы зор. Оның алабында бүкіл ел халқының 1/5 бөлігі тұрады. Үлкен Лондон да осында орналасқан. Өзендердің көпшілігі бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылған. Солт.-батыс Шотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ мол сулы өзендері электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Мұнда 60-тан аса СЭС салынған.

 

 

Ұлыбританияның ең ірі  өзендері:

Темза

Северн

Хамбер (59 км)

,Мерси (109 км)

Клайдтың (170 км) эстуарийлері жасанды жолмен тереңдетілген, түзетілген, кең мойнақтар.

Оларда ірі теңіз  порттары мен өнеркәсіп тораптары  орналасқан. Ең ірі көлдері —  Солт. Ирландиядағы Лох-Ней (аум. 396 км2, тереңд. 31 м-ге дейін) мен Шотландиядағы Лох-Ломонд пен Лох-Несс (аум. 56 км2, тереңд. 230 м-ге дейін). Таулы Шотландия мен Көлдер шеңберіндегі көлдердің табиғаты өте әсем, туристер демалатын орталықтар. Жазық бөлігінде ірі көлдер жоқ. Бірақ мұнда бұрын шымтезек өндірілген, құм, құмтас кеніштері болған жерлерде көптеген жасанды су қоймалары жасалған. Өсімдік жамылғысы кедей.

 

 

Адамдардың ормандарды түп-тамырымен жоюы, батпақтарды  құрғатуы мен кен орындарын игеруі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түр құрамын өзгертті. Қазіргі уақытта ормандар ел аумағының тек 10%-ын ғана алып жатыр. Олар негізінен өзендердегі жазықтар мен тау беткейлерінің төм. белдеулерінде сақталған. Англия мен Уэльстегі тау баурайларында емен, қызыл қайың, шегіршін, шамшат өседі. Шотландияның солт-ндегі Грампиан тауларында және солт.-батыс таулы өлкесінде емен, шырша, қарағай аралас өскен ормандар, биігірек жерлерінде қарағай және қайың ормандары сақталған. Жазықтарды егін алқаптары мен шалғындар алып жатыр. Аң аулаудың қызу жүргізілуіне байланысты Британ аралдарында баяғыдан аю, жабайы шошқа мен ирланд маралы тәрізді көптеген ірі сүтқоректі аңдар қырғынға ұшырап, қасқыр зиянкес ретінде жойылды. Қазіргі кезде сүтқоректі жануарлардың тек 56 түрі ғана тіркелген. Оңт. Англияда еліктер, таулы аудандарда жабайы ешкілер кездеседі. Биік таулардан басқа жерлердегі ормандарды түлкілер мен борсықтар, қояндар, кірпі, жертесерлер мекендейді. Кәмшат кең тараған, оны кәсіптік жолмен аулайды. Ұсақ жыртқыштардан ақтышқан мен ақкіс көп. Уэльсте сасықкүзендер, Шотландия тауларында жабайы еур. мысықтар мен америка сусарлары өмір сүреді. Британ аралдарын құстардың 130 түрі мекендейді. Өзендері мен көлдері балықтардың көптеген түрлеріне бай. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін қорғауға арналған 131 резерват ұйымдастырылған. Англия мен Уэльсте жалпы аум. 12 мың км2-дей болатын 10 ұлттық бақ бар (ірілері Лейк-Дистрикт, Сноудония, Дартмур, Брекон-Биконе, т.б.).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тарихы

 Стоунхэндж 2500б.з.б.

 Ұлыбритания аум-ндағы  адамзат тіршілігінің ежелгі  іздері ерте және орта палеолит дәуірлеріне саяды. Соңғы қола және ерте темір дәуірінде (б.з.б. 800 — 700 ж.) Ұлыбританияға құрлықтан кельттердің қоныс аударуы басталды. Кельттер өздерімен бірге темір ғасыры мәдениетінің белгілерін ала келді. Британиядағы кельттер мен кельттердің ықпалына ұшыраған халық шартты түрде бриттер деп аталады. Болашақ Рим императоры Ю.Цезарь Галлияны жаулап алған соң Британияға екі жорық жасады (б.з.б. 55 — 54 ж.). Б.з. 60-жылдардың соңында Британия Рим империясының ең шеткі провинцияларының біріне айналды. 3 ғ-дың соңында Ұлыбританияға солт. герман тайпаларының (англдар, сакстер, юталар, фриздер) шапқыншылығы басталды. 5 ғ-дың бас кезінде Рим үстемдігі жойылып, Британия қайтадан тәуелсіз кельт аймақтарына бөлініп кетті. 8 ғ-да Даниядан келген нормандар елдің солт.-батыс бөлігін басып алды. Король Эгберт 9 ғ-да елдің үлкен бөлігін бір мемлекетке біріктіріп, ол Англия деп аталды. 1066 ж. Британияның ұсақ корольдіктерін нормандық қолбасшы Вильгельм басып алып, біртұтас мемлекетке біріктірді.

1265 ж. ағылшын парламенті құрылды. 1337 ж. Англия Франциямен Жүз жылдық соғысқа кірісті (1453 жылға дейін).

Бұл соғыс біте салысымен  ағылшын тағы үшін соғыс (“Алқызыл”  және “Ақ раушан соғысы”) басталып, ол Тюдор әулетінің жеңісімен  аяқталды.

1588 ж. “Жеңілмейтін армаданы” (Испан флотын) талқандау Англияны дүние жүзіндегі аса ірі теңіз державаларының біріне айналдырды.

17 ғасырдың бас кезінде  Ұ. жаңа құрлықтан өзінің алғашқы  отарларын иемденді.

1603 ж. Шотландия королі  ағылшын тағына Яков Қ отырып, Шотландия мен Англия бір мемлекетке бірікті.

1640 — 1649 ж. корольдік  Стюарттар әулеті мен парламент  арасындағы қақтығыс азамат соғысына  ұласып, нәтижесінде Оливер Кромвель  бастаған республика жарияланды. Кромвель қайтыс болғаннан кейін  көп ұзамай Монархия тез арада қалпына келтірілгенімен, король құқығы біршама шектеліп, билік тұтастай парламент жағында болды.

1651 ж. Ирландия,

1652 Шотландия басып  алынды.

1707 ж. Ұлыбританияна  корольдігіне бірігу жөніндегі  актіге қол қойылғаннан кейін  Лондон біртұтас мемлекеттің  астанасына айналды.

 

 

18 ғасырдада Британдық  отарлық жүйе қалыптасты.

18 ғасырдың соңында  Ұлыбритания 13 америкалық отарынан  айрылғанымен (АҚШ-тың жариялануы), Канада мен Үндістандағы жағдайын  күшейте түсті.

1805 ж. Трафальгар мүйісінде  адмирал Нельсон испан-француз флотын талқандап, Ұлыбритания “теңіз әміршісіне” айналды.

1793 — 1815 ж. респ. және  Наполеондық Францияға қарсы  соғысқа қатысқан 

Ұлыбритания 1818 ж. Пруссия  армиясымен одақтаса отырып, Наполеон Қ-ні түпкілікті жеңді. Осыдан кейін Ұлыбритания жүз жылдай бейбіт жағдайда өмір сүріп, өзінің отарлық иеліктерін кеңейте түсті.

1899 — 1902 ж. ағылшындар  Оңт. Африкада бурларға қарсы  соғыс жүргізді. Бірінші дүниежүзілік  соғыста Ұлыбритания Антанта  жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін Африка мен Азиядағы неміс отарларының біраз бөлігін иемденді. 1-дүниежүз. соғыстан кейін Ұлыбритания ауыр экон. жағдайды бастан кешірді. Ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1921 ж. Ирландия өз тәуелсіздігін жариялады. Ұлыбритания Екінші дүниежүзілік соғысқа (1939 — 1945) Гитлерге қарсы коалиция жағында қатысты.

1947 ж. Үндістан мен  Пәкстанға тәуелсіздік берілді.

1945 — 1970 ж. британ  отарларының барлығы дерлік өз  тәуелсіздіктерін алды.

1949 ж. НАТО-ға мүше  болды.

1982 ж. Атлант мұхитының  оңт-нде Аргентина мен Фолкленд (Мальвин) аралдары үшін қарулы қақтығыс болып, қысқа мерзімдік әскери қимылдар нәтижесінде Ұлыбритания өзінің осы аумаққа бақылауын қалпына келтірді.

1979 — 1990 ж. Маргарет  Тэтчер бастаған консерваторлар  үкіметі экономикада ұтымды реформалар  жүргізді. Соғыстан кейін Шотландия мен Солт. Ирландиядағы ұлт-тық мәселелер шиеленісе түсті. Әсіресе, Солт. Ирландиядағы оқиғалар ушығып, 1969 жылдан бастап мұнда азамат соғысы жүрді.

1994 ж. тамызда Ирландық  Республикалық Армия (ИРА) ұрыстарды  біржақты тоқтататыны жөнінде мәлімдеді. Алайда 1996 ж. ИРА жауынгерлері лаңкестік әрекеттерін қайта бастады. Отарларының барлығынан айрылғанына қарамастан Ұлыбритания әлемдегі жетекші елдердің бірі болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикасы

Ұлыбритания — жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Ол халықар. еңбек бөлінісінде өнеркәсіп өнімдерін шығарушы рөлін атқарады. Қазіргі заманғы Ұлыбританияның экон. рөлі тек өнеркәсіптік қана емес, сондай-ақ банкілік, сақтандыру, кемелерді жалға беру және басқа да іскерлік қызметтермен анықталады. Ұлттық жалпы өнімнің 30%-ға жуығы өңдеуші өнеркәсіп пен 45%-ы көлік пен байланыс, жеке сауда, сақтандыру, банкілер мен басқа да қаражат мекемелерін, денсаулық сақтау мен білім беруді қамтитын қызмет көрсету саласынан түседі. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша Ұлыбритания дүние жүзінде бесінші орын (АҚШ, Жапония, Германия, Франциядан кейін) алады.

Ұлыбритания өнеркәсібі негізінен сырттан әкелінген  шикізаттарды пайдаланады. Бір жағынан Ұлыбритания өнеркәсібіне өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың озық технологиясы, ең жаңа құрал-жабдықтар мен басқарудың жетілдірілген әдістері қолданылатын қазіргі заманғы салалардың жылдам дамуы, екінші жағынан, ескі дәстүрлі салалардың артта қалуы тән.Бірінші топқа электроника, жалпы және дәл машина жасау, химия өнеркәсібінің көптеген салалары, екіншіге — көмір өндіру, мақта-мата және жүн өнеркәсібі, кеме жасау, қара металлургия жатады. Ұлыбританиядағы өнеркәсіп орындарының негізгі бөлігі Лондоннан бастап Ланкаширге дейінгі, Батыс Йоркширден Глостерширге дейінгі графтықтарды қамтитын халық тығыз қоныстанған өнеркәсіптік белдеуде шоғырланған. Бұл белдеуден тыс жерлердегі аса ірі өнеркәсіптік аудандар — Оңт. Уэльс, Англияның солт.-шығысы мен Шотландияның орт. бөлігі. Өндірістің ескі, дәстүрлі салалары Шотландияның көпшілік бөлігінде, Солт. Ирландияда, Уэльсте, Англияның қиыр солт.-шығысы мен оңт.-батысының бір бөлігінде орналасқан. Ұлыбритания энергия ресурстарының қорлары жөнінен Еуропада 1-орын алады. Солтүстік т-нің шельфінде мұнай мен газдың көп мөлшері өндіріледі. Шетелдік шикізатпен жұмыс істейтін түсті металдар (аллюминий, мыс, қорғасын, мырыш) қорытатын кәсіпорындар негізінен ірі порттарда орналасқан. Өңдеуші өнеркәсіптің жетекші саласы — машина жасау. Көліктік машина жасаудың (жеңіл, жүк автомоб., автобустар) орт-тары — Бирмингем, Ковентри, Үлкен Лондон, Лутон. Ұлыбритания аэроғарыштық өнеркәсібі жөнінен дүние жүзінде 4-орын (АҚШ, Германия, Франциядан кейін), дөңгелекті тракторлар шығарудан 1-орын алады. Елде 16 ірі мұнай өңдеу з-ты жұмыс істейді. Химия өнеркәсібі ғыл.-зерттеулерге негізделген өнім түрлерін, агрохимикаттар, пластмасса, дәрі-дәрмектер, хим. талшықтар мен синтет. каучук өндіруге маманданған. Қрі тамақ өнеркәсібі тағамдық концентраттар, кондитерлік және темекі өнімдерін, сусындар шығарады. Ұлыбритания алкогольдік ішімдіктердің дүниежүз. экспортының 20%-ын дайын (әсіресе, шотланд вискиі мен джин) береді. А. ш. өндірісі елдің азық-түлікке деген сұранысының 80%-ын қанағаттандырады.

Информация о работе Ұлыбритания