Ұлыбритания

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:39, курсовая работа

Описание работы

Кіріспе
Ұлыбритания арал және мемлекет,Европаның кең ауқымды архипелагында -Британ аралында орналасқан.Жалпы ауданы – 244,14 мың км.Халық саны – 59,48 млн.адам.Билік басында королева(король),билік- парламенттік монархия.Ұлыбритания құрамына 53мемлекет(2006ж) кіретін Достастықты басқарады.Заң шығарушы орган-екі палаталы парламент(1-общин,лорд).
Ресми тілі-ағылшын,ақша бірлігі- фунт стерлинг.

Содержание

Жоспар.
I.Бөлім
Ұлыбританияның табиғи географиялық жағдайы
II.Бөлім
Ұлыбритания тарихы
III.Бөлім
Экономикасы және әлеуметтік жағдайы
IV.Бөлім
Туристік саласы(Ең маңызды нысандары)
ХХХжазғы Олимпиада ойындары

Работа содержит 1 файл

КурсовойҰлыбритания (Автосохраненный).doc

— 1.62 Мб (Скачать)

 

Консорттың құрамына кірген орындаушылардың саны біртіндеп  ұлғайып, 30 — 40-қа дейін жетті. Осылайша оркестрлердің бастапқы формасы пайда болды. Махаббат тақырыбына арналған өлең-мадригалдарға музыка шығарып, аспаптарда орындау, халық әндерін вариациялау, би пьесаларын жазу, драмалық шығармаларға музыка жазу пайда болды (16 ғ-дың соңы). Ағылшын ұлттық мадригал мектебінің негізін қалаушы — У.Берд, оның ізбасарлары — Дж.Булл, О.Гиббонс, кейінірек Дж.Блоу батыс еур. клавесинге арналған музыканың негізін қалаушылар болды. 1672 ж. скрипкашы Дж. Банистер Лондонда бірінші рет көпшілікке арналған концерт берді. Ағылшын ұлттық муз. театрын құрушы 17 ғ-дың аса көрнекті сазгері Г.Перселл (“Дидона мен Эней” операсы) болды. 18 ғ-дың соңында Лондонда И.К. Бах (“Лондондық Бах” — И.С. Бахтың ұлы), Й.Гайдн (ол мұнда 12 “Лондон симфонияларын” жазды, 100-ге жуық шотланд әндерін өңдеп, нотаға түсірді), италия сазгері, педагог, ағылшын пианистер мектебінің басшысы болған М.Клементи тұрып, жұмыс істеді. Көптеген муз. мекемелер, хор бірлестіктері мен қоғамдар құрылды: көп дауысты ән айтушылықтың әуесқойларынан тұратын “Кэтч-клуб” (1761), Корольдік муз. қоғам (1762), муз. баспа ұйымдастырылды (1778), дүние жүзіндегі пернелі аспаптар шығаратын фирмалардың ең алғашқыларының бірі — “Дж. Бродвудтың” (1773, рояльдар шығарады) негізі қаланды.

19 ғасырдың ортасында  Ұ. сазгерлері негізінен опера  жанрын (Г.Бишон, М.Балф) дамытты.

19 ғасырда Лондон еур.  музыка мәдениетінің ірі орт-на  айналды. Мұнда сол кездің аса  танымал сазгерлері мен орындаушылары  өнер көрсетті, 1855 жылдан муз.  фестивальдар өткізіле бастады.  Ұлттық сазгерлік мектептің орнығуын  Э.Элгар бастады (“Геронтиустың  түс көруі” ораториясы — 1900).

20 ғ-дың бас кезіндегі  сазгерлер ұлттық дәстүрлерді  дамыту арқылы Ұ. музыкасының  мазмұны мен стилін жаңғыртуға  ұмтылды (Дж.Айрленд, А.Бакс, Р.Боутон, т.б.).

20 ғасырда Ұлыбританияның  муз. өмірі қауырт дами бастады,  көптеген қалаларда муз. мектептер, оркестрлер, хор қоғамдары құрылды, музыкалық фестивальдар мен байқаулар өткізілетін болды (Бирмингем, Лидс, Норидж, Шеффилд, т.б.).

1934 жылдан бастап Глайндборнда  жазғы дәстүрлі опера фестивалі  өткізіліп тұрады.

20 ғ-дың 60-жылдары “поп музыка” атанған эстрада музыкасы қауырт дамыды. Әсіресе, негр джазы мен блюзінің белгілерін ұштастыра орындалатын әуендерге ән айтатын жас әншілердің “Битлз” (The Beatls) вокалды-аспаптық квартеті дүние жүзі жастарына аса танымал болды.

Киносы

Ұлыбритания киносы 1889 жылдан бастау алады. Алғашқы фильм бар-жоғы бірнеше секундқа созылды.

 

 

1896 ж. У.Пол ұлттық  кино өндірісінің негізін қалаған  бірінші ағылшын фильмін көрсетуді  ұйымдастырды.

1929 ж. бірінші дыбысты  фильм “Бопсалау” (реж. А.Хичкок, Ч.Бентонның пьесасы бойынша) түсірілді.

1932 ж. реж. А.Корда  “Лондон филмс” фирмасының негізін  қалады. Мұнда көптеген шетелдік  кино қайраткерлері (Р.Клер, Ж.Фейдер, К.Фейдт, Р.Мате, Ж.Периналь), талантты  ағылшын актерлері (Й.Лотон, Р.Донат,  В.Ли, Л.Ходард, Л.Оливье) жұмыс істеді. “Лондон филмстің” үздік туындылары “Елес Батысқа кетіп барады” (1935, реж. Клер) комедиясы, тарихи-өмірбаяндық “Рембрандт” (1936, реж. Корда), т.б.

Хичкоктың шым-шытырық  оқиғаларға негізделген фильмдері (“Өте көп білген адам”, 1933, “39 қадам”, 1935, “Ханым жоғалып кетеді”, 1938) көпшілікке танымал болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Ұ-да деректі фильм түсіру дамыды.

Лондонда 1933 жылдан бастап кино саласындағы ғылылми-зерттеу  және насихат жұмысының орталығы — Британ кино институты жұмыс  істейді. Жыл сайын Эдинбург пен Лондонда кинофестивальдар өткізіліп тұрады.

Туристік обьектілері

Ұлыбритнаияның ең басты туристік орталығы – Лондон қаласы болып табылады.Ол 41ж римдік әскери лагерь ретиінде құралып,Ivғасырда- ірі порт және саяси орталық болып қалыптасады.XIXғасырда халқы саны 1млн.адам асып,ең үлкен қала атанады.Қазіргі таңда дамыған қалалар қатарында.Лондонда ең көне,сонымен қатар  финанс,сауда-саттық-іскерлік орталығы-Сити орналасқан.Сити қаласының шығысында-Тауэр,ал жанында ең әдемі,ең әйгілі-Тауэр көпірі орналасқан. Тауэр қамалы-Англияның ең атақты құрылысы,Норманд жаулаушылар тарапынан XIғ тұрғызылған.Басында король резиденциясы,содан соң түрме болған.Қазіргі таңда мұражай. Тауэр көпірі(1894ж готикалық стильде тұрғызылған)-Темза өзені арқылы өтетін көпір.Сити қаласының батысында-Трфальгар алаңы орналасқан,60метрлік Нельсон калоннасы орналасқан.Ситиде-әлемге әйгілі Лондон музейі-британдық музей және Ұлттық галерея бар.Ситидің батысында тарихи және саяси-администрациялық Лондонның орталығы-Вестминстр орналасқан.Король резиденцияларының(Бакингем сарайы),парламенттің(Вестминстр сарайы),басқа да басқармалардың орналасқан жері болып табылады.Темза өзенінің жағалауында Вестминстер сарайы орналасқан. XIғ тұрғызылған, 2мұнарамен толықтырылды.Англия парламенті орналасқан. XIXғ 97метрлік Биг Бен мұнарасы тұрғызылды.лондонның басты архитектуралық символы.Осында тағы Вестминстерлік аббатство оранласқан,мұндаанглия корольдерінің және де атақты адамдардың(И.Ньютон,Ч.Дарвин,Ч.Диккенсон) зираттары.Сондай-ақ Вестминстерде-ең әйгілі лондондық парк-Гайд-Парк орналасқан.Лондонда тағы да Әулие Павл соборы,Гринвич обсерваториясы(XVIIғ,0-дік меридиан), Ұлттық теңіздік музей -Гринвичте,

 

 

Корольдік шекспирлік театр  орналасқан.Қаланың батысында Виндзор  қамалы –Норманд стильіндегі қамал.XIғ салынған,қазіргі таңда-англия корольдерінің басты резиденциясы. Лондонның солтүстігінде-ХII-XIIIғ бастап студенттерді оқыта бастаған-Кембридж және Оксфорд(Солтүстік-батысында) әлемге әйгілі университет орналасқан.

Йорк қаласы-Англияның  солтүстік шығысында,Европаның ең әдемі,көне қалаларының бірі.Өзінің Әулие Петр соборымен әйгілі.Америкалық Нью-Йорк осы қаланың атымен аталған.

Шотландияның бұрыңғы  астанасы-Эдинбург қаласы,Ұлыбританияныңтуристік орталықтарының бірі болып саналады.Шотландиядағы опералы,балеттік және театрлық ұжымдардың,фольклорлық ансамбльдердің фестивальдері.

Англияның ең биік соборы 121метрлік-Солсберидегі Дева Мария  соборы.Лондонның батысында орналасқан Солсбериде көне археологиялық ескерткіш- Стоунхэндж бар.

Кентербери қаласы- Лондонның оңтүстік –батысында орналасқан. Кентербери соборымен әйгілі,XI-XIIғ тұрғызылған.

Лохнес көлі-Шотландияда  орналасқан,Несси деп аталатын динозавр тәріздес аң бар.

Колизей  театр-Сент-Мартин көшесінде,Вестрминстрде орналасқан ең ірі,көнеримдік амфитеатр50мың адамға арналған

 

Эпсли-хаус-басында Лондонда Веллингтон герцогының резиденциясы болып,Гард-Парк пен Корнер аралығында орналасқан.

 

 

 

Золотая лань-жер бетін магеллан судносынан кейінгі саяхаттап келген алғаш судно,оны Френсис Дрейк.басқарған.

 

Лондонда орналасқан,244метр,ең биік ғимарат болып есептеледі.21ғасырдың соңғы 10жылдығында Біріккен Корольдіктегі  1орында

 

Белый куб (англ. White Cube)-ең әйгілі коммерциялық галерея,заманауи өнер туындылары жинақталған,Лондондағы Хокстон алаңында орналасқан.

 

Мари Гросхольц-Мадам  Тюссо музейінің негізін қалаушы. Бейкер Стритте орналасқан бұл музей әйгілі тұлғалардың фигурасымен танымал.Жыл сайын 2млн.адамдар келеді.

 

ЛОНДОН. Ақпанның 15-сі- Лондон Олимпиадасы-2012-нің кестесі мен  билет бағасы Құрама Корольдік астанасында жарияланды. Спорт сүйер қауымның барлығы да  8,8 млн билеттің біреуін  20-дан 2 мың фунт стерлингке дейін спорттың  26 түрінен өтетін байрақты бәсекені тамашалау үшін сатып ала алады. Мұнда әлемнің әр түпкірінен келесі жылы 27 шілдеден 12 тамызға дейін сан алуан спортшылар мен олардың жанкүйерлері бас қоспақ. Билеттер сатуға 15 наурыздан – Ойынның салтанатты ашылуынан 500 күн бұрын шығарыла бастайды.

XXX жазғы Олимпиада  ойындары (2012)

Ұйымдастырушы қала -Лондон, Англия, Ұлыбритания

Ұраны -Inspire a Generation Жаңа ұрпақтарды шабыттандыру

Қатысушы елдер -204

Атлеттер саны -10,500 (сарап бойынша)

Медалдар саны -26 спорт түрінен 302 комплект

Ашылу салтанаты -27 шілде 2012

Ресми түрде ашқан -Патшайым Елизавета II

Жабылу салтанаты -12 тамыз 2012

Ант берген атлет -Сара Стивенсон

Ант берген төреші -Мик Бейси

Ант берген бапкер -Эрик Фаррелл

Олимпиада оты -Каллум Айрлай,Джордан Даккит,Дезире Генри, Кэти Кирк

 Кэмерон MaкРичи, Айдан Рейнолдса,Адил Трейси

Стадион -Олимпиада стадионы

XXX жазғы Олимпиада ойындары (ағылш. 2012 Summer Olympics, фр. Jeux Olympiques d'été de 2012) —27 шілде мен 12 тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өтеді.Лондон Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала болмақ. Оған дейін Лондон 1908 жылы және 1948 жылы қабылдаған болатын.

Олимпиада қаласын  таңдау Лондондағы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының баннері. Үміткер қалалардың ұсынысын қабылдау рәсімі 2003 жылдың 15 шілдесінде тоқтатылды.Осы уақытта бәйгеге қатысуна 9 қала ниет білдірген болатын:Гавана, Стамбұл, Лейпциг, Лондон, Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Рио-де-Жанейро.2004 жылдың 18 мамырында Халықаралық олимпиада комитеті барлық ұсыныстарды саралап болған соң 5 қаланы ғана қалдырды.Осы қалалардың ішінен 2005 жылдың шілдесінде Сингапурда өтетін ХОК-нің 117 сессиясында жеңімпаз қаланың аты аталуы керек болатын. Аталған бес қаланың қатарында Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Лондон қалды.Лондон қаласы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының астанасы ретінде 2005 жылдың 5 шілдесінде таңдалды. Өз елінің ұсынысын қолдаған үкімет басшыларының ішінен Сингапурға арнайы келген жалғыз Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэр ғана болатын.Олимпиада ойындарының астанасы белгілі болғаннан кейін, келесі күні Лондон қаласында террористік акт болды. 2012 жылғы Олимпиада астанасына дауыс беру

 

Қаланың аты Мемлекеттің аты 1 Раунд 2 Раунд 3 Раунд 4Раунд

Лондон  Ұлыбритания 22 27 39 54

Париж  Франция 21 25 33 50

Мадрид  Испания 20 32 31 —

Нью-Йорк  АҚШ 19 16 — —

Мәскеу  Ресей 15 — — —

Әзірлену және дайындалу.Лондонның Олимпиадалық ойындарды Ұйымдастыру комитеті (LOCOG) ұсыныстың сәтті қабылдануынан кейінгі ойындарды ұйымдастыру шарасын бақылайтын мекеме ретінде құрылды және өзінің алғашқы отырысын 2005 жылы 3 қазанда өткізді. Лорд Коудың төрағалығымен комитет ойындардың жүзеге асырылуы мен өткізілуіне жауап береді, сонымен бірге Олимпиадалық Тасымал ұйымы (ODA) нысандар мен инфрақұрылымның құрылысына жауапты. 2006 жылы сәуір айында Олимпиадалық Тасымал ұйымы құрылған болатын.

Нысандар және инфрақұрылым

 Олимпиада стадионы (Лондон) O2 аренасы,Уэмбли стадионы

 Желкенді спорт  түрінен сайысуға арналған айлақ

2012 жылы Олимпиадалық  және Паралимпиадалық ойындар  жаңа орындарда, әлдеқашан бар  және тарихи нысандардарда, сонымен  қатар заманауи құрылыстарда өткізілетін болады, соның ішіндегі ең танымалы — Гайд Парк пен Атты Гвардияпт.                                                                      Үлкен Лондонның маңында үш аймаққа бөлінген алып спорттық нысандар орналасады                                                                                           Олимпиадалық аймақ — Олимпиадалық қалашық орналасқан жер;Өзендік аймақ — қала шығысындағы Темза өзінінің айналасы;Орталық аймақ — қаланың орталығы мен батыс аймағы.                                                        Олимпиада стадионы — жеңіл атлетика, ашылу және жабылу салтанаты.           

Сулы орталық —  ашық суда жүзуден басқа барлық суға қатыстқы спорт түрлері.                                                                                                        Лондондық велопарк — велотрек және BMX.                                               Ривербанк арена — көгалдағы хоккей.                                                        Баскетболдық арена — баскетбол, гандбол.                                               Коппер бокс — гандбол, қазіргі бессайыс.                                             Олимпиада қалашығы (Лондон)                                                                  Өзендік аймақ                                                                                                   Көрме орталығы (Лондон) — бокс, семсерлесу, дзюдо, үстел теннисі, таэквондо, ауыр атлетика мен күрес.                                                                   O2 аренасы мен Гринвич аренасы — бадминтон, баскетбол, гимнастиканың барлық түрі.                                                                                                   Гринвичтік парк — ат спорты және қазіргі бессайыстың кейбір бөліктері.          Казармы королевской артиллерии — нысана көздеу

Орталық аймақ                                                                                                Уэмбли — футбол.                                                                                         Уэмбли аренасы — бадминтон, көркем гимнастика.                                     Лаун-теннис пен крокеттің Бүкілағылшындық клубы — теннис.                 Лордс крикет граунд — садақ ату.                                                                  Риджентс-парк — велошоссе.                                                                                  Хорс Гардс Пэред — жағажай волейболы.                                                           Гайд-парк — триатлон мен ашық суда жүзу.                                                                 Эрлс Корт — волейбол.

Лондоннан тыс аймақтар.Қаладан тыс аймақтарда бірнеше спорттық стадиондар орналасады. Ұлыбританияның бес қаласында футбол бойынша іріктеу сындары өткізіледі:Хэмпден Парк, Глазго;                                          Миллениум, Кардифф;                                                                                                Олд Траффорд, Манчестер;                                                                                       Сент-Джеймс Парк, Ньюкасл;                                                                            Ковентри қаласының стадионы, Ковентри.                                                          Сонымен қатар Лондонның сыртында мынадай нысандар орналасады:Броксбурнның ескекпен кедергілер арқылы өту орталығы, Уэлтэм Кросс;Дорни Лейк, Дорни — академиялық есу мен байдаркада және каноэде есу;Уэймут пен Портлендтың желкенді спорттының Ұлттық академиясы, Портленд аралы;Хадли қала сыртындағы паркі, Хадли қамалынан алыс емес — маунтин-байк.                                                             Қоғамдық тасымал құралдары                                                                      Олимпиадалық Javelin тасымал көлігі.2012 Жазғы Олимпиада ойындарының алауы-2012 Лондон Олимпиадасының логотипі.Олимпиада алауы Кардиффте            Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) өзінің алғашқы сынындағы Лондонның қоғамдық тасымал құралдарына қойған бағасына қарағанда, оның қазіргі ойындарға арналып түзетулер мен жетілдірулер жасалғанын атап кетті.

Информация о работе Ұлыбритания