Шпаргалка по "География"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 15:19, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит 50 ответов на вопросы по дисциплине "География"

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.docx

— 145.98 Кб (Скачать)

11. Саяси режимдер түсінігі және оның түрлеріСаяси режим - мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Негізінде екі түрге бөлінеді: демократиялық және демократиялық емес.Демократиялық режим - барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Олардың түрлері сан алуан болады.1. Тоталитарлық - (латын сезінен - totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:1. Тек бір партия билік жүргізеді.2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.3. Бір идеология ғана жарияланады.4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.Бұл режимнің қалыптасуы халықтың белсенділігімен болады. Әдебиетте тоталитаризмді «бұқаралық қозғалыстың диктатурасы» деп атайды. (Сталин, Мао Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектің пікірі бойынша «Тоталитаризмнің ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, оның дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда».2. Авторитарлық (француз сөзі autoritaire - билік) азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитаризмнің айырмашылығы авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, либералдық дамуға жол ашады, оппозицияға кедергі жасамайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.3. Аристократиялық (грек сөзі - aristokratia) - қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен құрылған топтардың мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты т.б. мемлекеттерде дамыды.4. Фашистік - (италия сөзі - (fascismo) бірлестік, байлау) - бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим. Мемлекетте адам құқы жойылады, бостандыққа жол берілмейді. Тарихта Италияда, Германияда қалыптасқан.5. Либералдық - (латын сөзі - liberalis ерікті). Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим.

12. Мемлекет, пайда болу теориялары, түрлері және қызметтеріМемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. [1] Мемлекеттің белгілерімемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;1.мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);2.мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;3.мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;4.мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.Мемлекет түрлеріМемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.Мемлекет басқаруы бойыншаМонархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге боладыДиктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.ҚызметтеріМемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

1) өз аумағында бүкіл  қоғамның жалғыз ресми өкілі  ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттіңпайдаболуынәр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

13. Саяси партиялар. Мәні және қызметтеріСаяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.[1]Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:1) аристократиялық үйірмелер;2) саяси клубтар;3) көпшілік партиялар.Саяси партия қызметтеріСаяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.Саяси партиялардың жіктелуіСаяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:а) маманданған;ә) бұқаралық деп жіктейді.Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.Саяси партиялардың олигархизациялануыСаяси партиялардың олигархизациялануы - [грек, oliga- гсЫа - азшылық билігі] - партиялар дамуына тән үрдісті негіздеу: әлеуметтік ұйымдарды басқаруда демократиялық түрдегі ұйымдардан қатаң бюрократиялық аппаратқа көшу. Бұл теорияның негізін қалаушылар М.Острогорский (1854-1912) және Р.Михельс (1876- 1936).М.Острогорский өз еңбегінде партия қызметін талдауда бұқаралық партияларды бюрократиялық ұйымдарға айналдыратын биліктік құрылымдарды көрсеткен. Р.Михельстің зерттеу нысаны неміс социал-демократиясы болғанына қарамастан, жалпы қорытындылар партия институтына қатысты жасалды.Бұл институт талдауда шешуші ұғым - ұйым, ол кез келген әлеуметтік күштің нақты мақсатты көздейтін тиімді қызмет формасы. Саяси күрестің сыртқы жағдайлары, құрылымы мен қызметтерін қысқарту қажеттілігі ықпалынан партия өз әрекетшілдігін көтеру үшін өзінің ішкі ұйымын қайта құрады. Осының салдарынан демократиялық құрылыстан сатылы құрылысқа көшу үрдісі басталады. Ерекше кәсіби топ - олигархия билік пен басқаруды өз қолына шоғырландырады. Еркін пікірлестер одағы тармақталған бюрокартиялық аппараты бар ұйымға айналады. Енді Р.Михельс пікірінше, партиялардың ұлы қағидаттар үшін күресуі мүмкін емес. Ол "демократия олигархияга әкеледі" ұстанымы барлық партияларға тән деп есептеді. Олигархия әлеуметтік ұйымдарды басқарудың ажырамас түрі. Бір "саяси тап" орнына міндетті түрде екінші тап келеді.[14. Саяси мәдениет: түсінігі, құрылымы, қызметтеріСаяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Саяси мәдениеттің жіктелуіСаяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.Саяси мәдениет құрылымыСаяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.

15. Саяси идеология: түсінігі, құрылымы, қызметтеріСаяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.саяси идеология деңгейлеріСаяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-түжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік.Теориялық-түжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады.Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады.Өзектілік деңгей идеология мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды.Саяси идеология қызметіСаяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;

4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;

5) бағалау қызметі. Идео¬логия  халық санасына қоғамның қазіргі  және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады

 

16. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өөз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Мемлекеттік билік барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде legitimus-заңдылық, шындық деген мағынада) – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Легитимдік терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады.Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет: 1)ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс; 2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті: 1.Әдет-ғұрыптық легитимдік – сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды. 2.Харизматикалық легитимдікте - өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, аятолла Хомейни және т.б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді. 3.Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігінде – саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимдік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады. Қазіргі дамыған елдерге тән.

 

 

17. Саяси ой тарихындағы билікті бөлу тұжырымдамасыБилік бөлінісі - мемлекеттік билікті үйымдастыру қағидаты, оған сәйкес мемлекеттегі билік бір-бірінен тәуелсіз, бірін-бірі тепетеңдікте үстайтын үш тармаққа бөлінеді - атқарушы, заңшығарушы және сот билігі. Билік бөлінісі теориясы сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Мысалы, Аристотель мемлекеттік қүрылымның кез келген түрінің негізі үш бөліктен түрады дейді: біріншісі - мемлекеттің ісін қарастыратын заң шығарушы-кеңесші орган; екіншісі - қызметтік, яғни мемлекеттік қызметтер және олардың орнын ауыстыру әдістері; үшінші - сот органдары. Билік бөлінісі теориясының классикалық нүсқасын жасауға ерекше үлес қосқан Ш.Монтескье (1659-1753). Ол мемлекеттік биліктің үш бүтаққа: заңшығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлді. Бүл бүтақтардың әрқайсысы өз өкілеттігі аясында бір-бірінен тәуелсіз болуы керек. Монтескьенің пікірінше, биліктің бір адамның немесе бір органның қолында шоғырлануы жеке түлға еркіндігін шектеп, қиянатқа апарады. Қазіргі кезде билік бөлінісі - саяси өмірдің түрі ретіндегі қүқықтық мемлекет пен демократияның аса маңызды элементтерінің бірі. Билік етуші элитаБилӀк етушӀ элита - маңызды саяси шешімдер қабылдайтын, әлеуметтік, саяси, психологиялық ерекше қасиеттерімен, саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, іскерлігімен, асқан мамандығымен, артықшылықты жағдайымен ерекшеленетін адамдар тобы. Саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар қоғамды билейді, ғылыми-техникалық, әлеуметтік процестің қозғаушы күші де осы топ адамдары.Билік көздёріБилӀк көздёрӀ- билеуші топты қүрайтын жекелеген адамдардың билігін тудыратын факторлар. Билік адамдардың субъективті айырмашылықтарынан олардың қоғамдағы алатын орындарының объективті әркелкілігінің нәтижесінде пайда болады. Саясаттануда әдетте билік көздеріне қара күш, байлық, білім, алатын орны және үйымдастыру жатады. Қара күш биліктің о бастағы негізі болса керек. БилӀк көздёрӀ өз қалауын орындатуы үшін қор- қытып-үркітіп, қара күш қолдануға сүйенеді. Байлық ежелден билік көзі болып табылады. Байлар өзінен материалдық тәуелділерді өз еркіне бағындырады. БилӀк көздёрӀ жеке адамның немесе топтың мүддесіне сүйенеді. Білім, ақпарат, тәжірибе қашан да БилӀк көздёрӀ болып келді. Ежелгі гректің Сфинкс жайлы аңызында ол жайлы сөз етілген. Әйел басты, арыстан денелі, қүс қанатты қүбыжық Фива халқын жүмбақ жасырып, әбден мезі қылып бітеді. Енді халық осы жүмбақты шешкен адамға Фиваны билеу қүқын беруді үйғарады. Жүмбақты шешу тек Эдиптің қолынан келіп, Фиваға билік қүрады. Қайта Өрлеу дәуірінде ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) бүл аңызды басқа қырынан қарап, Сфинксті билікке қол жеткізетін Ғылым деп талқылайды. Дәстүрлі қоғамдарда алатын орны билікке қол жеткізудің бірден-бір жолы болды. Қазіргі қоғамда алатын орны немесе түлғаның әлеуметтік статусы БилӀк көздёрӀ аса маңыздыларының бірі болып отыр. Мысалы, президент немесе министр лауазымы аяқталғанға дейін белгілі бір деңгейде билікке ие. Лауазымынан айырылған сәттен билік қүзыры да тыйылады. Қазіргі кезде үйымдастыру аса күшті БилӀк көздёрӀ болып табылады. ¥йымдастыру ежелден адамдарды жүмылдыруға ғана емес, сонымен қатар, қабылданған биліктік шешімдерін жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Ӏс жүзінде лауазымды қызмет БилӀк көздёрӀ ретінде тек үйымдастыру элементі сипатында ғана мәні бар. Билікті шектен тыс қолддну - лауазымды адамның (соның ішінде, билік өкілінің ) өзінің қүқылары мен қүзіретінің шегінен шығарып, қызмет бабын асыра пайдаланып, азаматтардың не үйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға өкеліп соғатын іс-әрекеттерді қасақана жасауы. Бүл мемлекеттің қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа жатады. Билікті шектен тыс қолдану әдетте, жоғары тұрған лауазымды адамдардың немесе өзге идараның лауазымды өкілінің қүзыретіне кіретін, сондай-ақ қүқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеу (мысалы жағдайды ескермей қару қолдану немесе т.б ) түрінде көрініс табады. Билікті шектен тыс қолдану адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіру, мүлікті бүл- діру немесе жойып жіберу, т.б ауыр сал- дарға соқтырады.

18. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптеріҚұқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады. 
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі. 
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағыт¬талған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгітнасихатта да, публицистикада да көп қолданыладыӘлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет. 
Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады. Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.

Информация о работе Шпаргалка по "География"