Қоршаған ортаға мұнай газ қалдықтарының әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 18:29, автореферат

Описание работы

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасы мен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Жаңажол кен орыны және тағы басқа мұнай газ кен орындарын игеретін Ақтөбе облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.

Работа содержит 1 файл

News.docx

— 160.57 Кб (Скачать)
 
 
  • News
  • Regulatory documents
  • Resources
  • About library
  • Site map
  • Feedback
 

 kz ru  

Book search

 

Search field:  

Search

 Messenger KazNTU

 advansed search

Login to library

Username: *

Password: *

Login

Statistics

Books: 1828 
Articles: 1187

Home

Автореферат Алматовой

    ӘОК 691.666. 973. 2                                               Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Алматова  Баян Ғазизқызы

 

 

 

 

 

 

МҰНАЙ – ГАЗ КЕШЕНІ ҚОРШАҒАН ОРТАСЫН

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ

(Жаңажол  кен орны жағдайында)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25.00.36 – Геоэкология

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Техника ғылымдарының кандидаты

ғылыми  дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2007

Диссертациялық  жұмыс Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ  ұлттық техникалық                    университетінде орындалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми  жетекші:                             техника ғылымдарының докторы

 

                                                               Нұрпейісова М.Б.

 

                            

 

 

 

 

Ресми оппоненттері:                          техника ғылымдарының докторы

 

                                                               Жалғасұлы Н.

 

 

 

 

 

                                                     техника ғылымдарының кандидаты

 

                                                               Алтаева З.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетекші ұйым:                                 ТОО «ЦЕЛСИМ»

 

 

 

 

 

 

Диссертация «___»____________   2007  жылы сағат _______ Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегі Д 14.15.07 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, МҒ, конференц зал.

 

 

 

 

 

 

Диссертациямен  Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ кітапханасында танысуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автореферат «___»____________   2007  жылы таратылды.

 

 

 

 

Диссертациялық  кеңестің

Ғалым хатшысы, т.ғ.к., доцент                                                    О. А.Сарыбаев

 

 

 

 

 

      

КІРІСПЕ

 

 

 

        Диссертациялық  жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен  газға берілген. Пайдасы мен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Жаңажол кен орыны және тағы басқа мұнай газ кен орындарын игеретін Ақтөбе облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.

 

         Мұнай-газ  өдіруде баю мен пайда табу көзі  ретінде қарамай,  шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсап, табиғи ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайтынына бүгінде көз жетті. Осыған орай, соңғы жылдары Республикамызда, жақын және алыс шетелдерде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Казіргі кезде шектен тыс ластанған аймақтардың жағдайын бақылау, қоршаған орта сапасына баға беру, келешегіне болжам жасау және табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.              

    Сонымен қатар, қазір күн тәртібінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге  
қабілетті 50 елдің қатарына кіру мәселесі тұр. «Ол үшін Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік рынокқа жеткізу, мұнай-газ кешендерін осы заманғы инженерлік және бағдарламалық қамтамасыз етумен қатар, халықаралық стандарттарға сай қоршаған ортаны қорғау қажет» - делінген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы халыққа Жолдауында. Демек, мұнай-газ өндірудің табиғи ортаға тигізетін зиянды әсерлерін азайту, бүгінгі күннің өзекті мәселесі.       

    .

 

   

 

 Диссертациялық  жұмыстың мақсаты.Геоақпараттық жүйені қолдану негізінде аймақты геоэкологиялық аудандау және табиғатты қорғау шараларын жетілдіру жолымен мұнай-газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін азайту.     

    Жұмыстың  идеясы. Мұнай-газ өндірудің зиянды әсерлерін төмендетуді Жаңажол кәсіпшілігіндегі әртүрлі технологиялық үрдістерден қоршаған ортаның ластану заңдылықтарын анықтау және алынған мәліметтерді геоақпараттық өңдеу арқылы жүзеге асыру.

    Диссертациялық  жұмыста қойылған мақсат пен оның идеясына байланысты мына төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

    - мұнай -газ кен орындарын игерудің  экологиялық ахуалы мен табиғатты  қорғау мәселелеріне талдау жасау;

    -  экологиялық мониторинг жүргізудің автоматтандырылған геоақпарат-тық жүйесін жасау және оны жүзеге асыру;

 

        - Жаңажол  кен орны аймағында экологиялық  мониторинг жүргізу және мұнай  өндірудің қоршаған ортаға тигізетін  кері әсеріне баға беру;

    - Жаңажол кен орнына арналған  табиғатты қорғау шараларын жасау  және оны өндіріс  пен оқу үрдісіне енгізу.

 

 Зерттеу әдістері. Диссертациялық жұмысты жүргізу барысында зерттеудің кешенді әдістері: экологиялық мониторинг жүргізудегі, қоршаған орта сапасына баға беру мен аймақты геоэкологиялық аудандауда ГАЖ-ды пайдаланудағы және табиғатты қорғау шараларын жетілдірудегі  тәжрибелер, зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу мен модельдеудің әдістері пайдаланылды.

    Диссертацияда қорғалынатын ғылыми қағидалар:     

    - Жаңажол кен орнындағы   технологиялық үрдістердің кері әсерлерінен қоршаған ортаның ластану заңдылықтарын анықтаудың және геоэкологиялық аудандаудың ақпараттық жүйені қолдану арқылы жасалынған әдістемесі – аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартудың негізі болып есептеледі;

    - табиғатты  қорғау  шараларының  тиімділігі  мұнай-газ кәсіпшілігі мен қоршаған орта арасындағы экологиялық-экономикалық модель негізінде бағаланады және тіршілік дүниесін жақсартатын атмосфера сапасының нақтылы көрсеткіштерімен ерекшеленеді.

    Диссертацияның  ғылыми жаңалықтары:

    - алғаш рет геоақпараттық жүйені  пайдалана отырып, Жаңажол кен  орны ұңғымалары, алаулы оттықтары  мен қалдық коймаларының қоршаған   ортаға тигізетін зиянды әсерлеріне  баға берілді, ластанудың заңдылықтары анықталды және де қауіп-қатерлікті ескере отырып, аймақты геоэкологиялық аудандау арқылы табиғатты қорғау мәселесін кешенді түрде шешу негізделді;

    - мұнай-газ игеретін маңайдағы  экологиялық тепе-теңдікті сақтайтын  табиғатты пайдаланудың оңтайландырылған  экологоиялық - экономикалық     моделін жасау   негізінде ресурстарды тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың кешенді шаралары жасалынды.

    Жұмыстың  ғылыми маңыздылығы мұнай-газ кен орындарын игерудегі экологиялық жағдайды бағалау және есепке алу әдістемесін одан әрі дамытудан, ақпараттық технологияны қолдану арқылы қоршаған ортаға келетін кері әсерлерді азайтудың оңтайлығы шараларын жасаудан тұрады.

    Жұмыстың  тәжрибелік мәні. Жаңажол кен орны жағдайына негізделген қоршаған ортаны қорғаудың кешенді шараларының нормалық құжаты жасалынып өндіріске және оқу үрдісіне енгізілгендігінде.

    Ғылыми  қағидалардың қорытындылары  мен ұсыныстардың негізделгендігі  мен сенімділігікәсіпшіліктегі тәжірибе жұмыстарының мейлінше көлемімен, олардың метематикалық өңделуімен, қоршаған ортаны қорғау шараларының Жаңажол кен орнында қолданыс табуымен және нормалық құжатты оқу үрдісіне енгізудің оң нәтижелігімен расталады.

 

 

 

 

    Автордың  ғылымға қосқан жеке үлесі.

    - жұмысты орындауда мақсат қоюда,  мәселені шешудің міндеттерін  құруда, олардың әдістері мен  бағытын негіздеуі;

    - Жаңажол кен орнында Жанажол  газ өңдеу зауытының (ЖГӨЗ)  қоршаған ортаны қорғау бөлімімен бірлесе отырып экологиялық мониторинг жүргізуге тікелей қатынасуы;

    - тәжірибе жұмыстарын жүргізіп, нәтижелерін  компьютерде  өңдеуі;

    - экологиялық-экономикалық модель  мен қоршаған ортаны қорғау  шараларын жасауында және өндіріс  пен оқу үрдісіне енгізуінде.

 

 Жұмыстың  жариялылығы. Диссертациялық жұмыстың негізгі ғылыми қағидалары мен нәтижелері, «Проблемы освоения природных ресурсов Заподного Казахстана и южного Урала» атты ғылыми-техникалық тәжрибелік конференцияда (Ақтөбе, 2003ж), «Проблемы освоения недр в ХХI веке глазами молодых» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында (Мәскеу, 2005), «Қоршаған ортаны қорғау мәселелері» атты Қаз.БСҚА-ның 25-жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжрибелік конференцияда (Алматы, 2005 ж), Қазақстан маркшейдериясы: бүгінгі күні және болашағы» атты А.Ж.Машановтың туғанының 100-жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Алматы, 2006 ж) баяндалып, әр кезеңдеғі кафедра семинарларында талқыланды.

 

       Жұмыс нәтижелерінің басылымдарда жарық көруі.Диссертацияның негізгі мазмұны бойынша 11 ғылыми жұмыс әртүрлі басылымдарда жарияланды, оның ішінде үшеуі Комитет ұсынған басылымдарда және бір нормалық құжат бар.

    Жұмыстың  құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, тұжырым мен пайдаланылған 120 әдебиетттер тізімінен және қосымшалардан тұратын компьютерде терілген 115 бетте баяндалған. Жұмыста 15 – кесте,  24 -сурет келтірілген.

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

 

 

       Мұнай-газ  өндіретін аймақтардың осы күнгі  экологиялық жағдайы   саладағы   әдебиеттерге, мұнай-газ өнеркәсібінің табиғатқа тигізіп жатқан кері әсерлері және оны азайтудың жолдары жайлы орындаған ғылыми зерттеу жұмыстарына және де қоршаған ортаны қорғаудың нормалық құжаттарына талдау жасалынды.

    Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік  жалғыз біздің Республикамыз үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын  аударып отырған ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ортада экологиялық  дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері  белең алған: кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті улы  қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі осындай экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және мөлшерден тыс дамуы  үлкен әсерін тигізуде.

    Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай - газ өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі. Соңғы 40 жыл ішінде адамзаттың энергия  пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050 жылдары аралығында халық санының  өсуі болжамына қарасақ, энергия  пайдалану ең кем дегенде екі  есе өсуі мүмкін.

Информация о работе Қоршаған ортаға мұнай газ қалдықтарының әсері