Биоценоз

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 10:23, реферат

Описание работы

Биогеоценоз эволюциясы (Эволюция биогеоценоза) — экожүйедегі түрлердің және олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші басқа бір түрлердің пайда болу құбылыстары.

Работа содержит 1 файл

биоценология.doc

— 573.50 Кб (Скачать)

Биоценоздарды салыстыру  үшiн әртүрлi әдiстер қолданылады. Мысалы, жаннар формуласымен есептеу:

А – бiрiншi бiрлестiктегi берiлген топтың түр саны,

В – екiншi бiрлестiкте, ол С – екi бiрлестiктегi түрлер саны.

Биоценоздарды жұптасын салыстырады жүктелiк топ бойынша түрлiк құрамдарын қоя отырып, мысалы, гүлдi өсiмдiктер тiзiмi мүктер, қыналар, құстар, сүтқар, жәндiктер және т.б. тiзiмi. Ұқсастық пайызбен көрсетiледi. Мысалы, егер әр биоценозда берiлген топтың 10 түрi болса және олардың 5-i 33 % -тi құрайды, ал егер жалпы түр – 8 болса – онда 66 % .

3 тапсырма. Волга маңы  даласыңдағы 3 участкесiнде ұялайтын  құстардың түрлiк құрамын салыстырыңыз. Жанкаро формуласын пайдаланамыз.

Ковыльная дала: далалық  бозторғай, шабындық бозторғай, кiшкентай бозторғай, каменка-плясунья, каменка-плешанка, далалық лунь, далалық бүркiт.

Орманды шалғындық: далалық  бозторғай, шабындық бозторғай, кiшкентай  бозторғай, сары трясогудка, қызғылт  қараторғай, шабындық лунь.

Ормансыз шалғындық: далалық  бозторғай, шабындық бозторғай, кiшкентай бозторғай, каменка-плясунья, чибис, далалық лунь.

Бiрлестiктiк қай участогында  көбейетiн құстар құрамы бойынша  ұқсас?

 

 Биоценоз туралы түсінік

 

Биоценоз – тірі организмдердің жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің,бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтамыз.Оларды кейде экологиялық топтар деп те атайды.Олардаң мекен ететін жерлері: Теңіз, көл, тау, дала, шөл, орман т.б. болуы мүмкін. Биоценоз деген атауды немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз устрицларын зеріттегенде ең бірінші болып ғылымға енгізген еді.Осы атауды тек тірі организмдердің топталып тіршілік ететін түрлеріне,белгілі бір ортаға бейімделуіне,осы ортада көптеген жылдар бойы өмір сүретін осы ортаның абиотикалық факторларына бейімделген түрлердің топтарына қолдануды ұсынған болатын “Биоценоз” деген терминді экологиялық әдебиеттерде бір территорияның бөлігіндегі мекендейтін организмді айтқанда жиі қолданылып отырады. Мысалы: Шырша биоценозы,шөлді жердегі шөптесін биоценозы,бетегелі дала биоценозы деп құрлықта бірыңғай орналасқан өсімдіктердің атауына да қолдануға болады.Сонымен бірге біз тек,өскен өсімдіктерді ған атап отырғанымыз жоқ,соған қоса осы мекенді тіршілік ететін басқа да тіріоргаизмдерді айтамыз.Осындай атау тіршіліктің мекені су ортасы да аталады.Мысалы:Су жағасындағы құмда не батпақты топырақтар биоценозы,аббиссать тереңдегі,пелоги биоценозы деп аталады.Биотоп – табиғат кеңістігінің бір бөлігі.Бұл кеңістікті мекендеген тірі организмдер мен оған әсер ететінорта факторлары бар.Биоценоздың көлемі өте кішкентай,аз болса,олардың арасындағы өту зонасы бірнеше метрге жетуі мүмкін.Осы өту зонасын экотон деп атайды.  
Биоценоз құрылысының тағы бір қасиеті олардығы түрлердің санын бөліп қана қоймай,әр түрлердің,жеке түрлердің арасындағы қатынастарды да білген пайдалы. 
Биоценоздың негізгі қасиеттері. 
Биоценоздағы жеке түрлерінің ролін анықтау үшін,әр түрлі көрсеткіштерді пайдалануға болады. 
1)Түрдің молшылығы – осы түрдің оссобтарының белгілі бір көлемдегі саны.Бұл көрсеткіш әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады немесе отыруы мүмкін.  
Особтардың нақты санын биоценозда толық үшін кей жағдайда көп қиыншылыққа түседі.Соны анықтаушыны сондықтан да экологияда кейде баллдық әдісті қолдануға болады.Мысалы: О – түрі жоқ,1 – сирек және жайылып орналасқан, 2 – сирек емес, 3 – молшылық, 4 - өте көп кездеседі. 
2)Жиілігі – дегеніміз – биоценоздағы көп түрдің ішіндегі бір ғана түрдің осьобтарының жалпы түр санына қатынасын % арқылы бейнелейді.Кездесу жиілігі биоценоздағы түрдің қалай орналасқандығын білдіреді.Мысалы, түрдің саны көп болуы мүмкін,бірақ осы биоценоздың көлемінде аз кездеседі немесе түрдің саны аз болуы мүмкін және кездеседі. 
3) Тұрақтылығы – мынадай формуламен көрсетуге болады: 
С= Px 100 ; С – тұрақтылық белгісі, Р – сұрыптау саны; Р сұрыпталған P түрдің жалпы саны. Тұрақтылықтың белгісіне қарай түрлердің мынадай категорияларға бөлуге болады: 1) Тұрақты түрлер, сұрыптау ішінде – 50 % дейін кездеседі; 2)Қосымша түрлер, сұрыптау ішінде 25-50 % дейін кездеседі.3) Кездейсоқ түрлер,сұрыптау ішінде - 25% кем кездесетін түрлер. 
4)Басымдылығы – топтағы бір түрдің басқа түрлерге қарағанда әсерін тігізіп,басымдылық көрсетуін – даминаттық деп атайды. 
Түрдің басымдылығы оның санына байланысты емес. Саны аз болса да осы топқа өзінің әсерін тигізу үшін,мүмкін. Мысалы: аз ғана күйіс қайтарғыш жануарлар,жайылымдағы шөптердің шығымын тез арада азайтып жіберуі мүмкін,ал осы жердің өсімдікпен қоректенетін жәндіктері қанша көп болғанмен өсімдіктердің өнімі көп азая қоймайды. 
Сондықтан басымдылық тек қана кейбір систематикалық группада орналасқан организмдерге ғана тән. 
5) Сенімділігі – бұл көрсеткішті сандық көрсеткішпен есептеуге болмайды.Ол тек түрлердің осы биоценозға жақындығына байланысты көрсетеді.Осыған байланысты түрді мынадай категорияларға бөлуге болады.1) Тек 1 биоценозға тән байланысы бар,осы биоценозда көп кездесетін түрлер эуцендік түрлер. 2) Бірнеше биоценозда кездескенмен соның ішінде тек бір биоценозда кездесетін, сол жермен тығыз байланыста болатын түрлер – тихноцендті;3) Осы биоценозға кездейсоқ келіп қалған түрлер –ксеноценд.4) Бірнеше биоценозда бір қалыпты тіршілік ететін түрлерді индиффендті түрлер деп аталады. 
6)Әртүрлілігі – биоценоздың құрамында бірнеше түрлердің тіршілік ету қабілеттілігі. Ол үшін мынадай формуланы пайдаланып,Кортетаның көрсеткіштерін пайдалануға болады: а - әртүрлілік көрсеткіші – Неперов логарифмі және N= анықтаумен білгеннен кейін график бойынша а – ның санын анықтауға болады. 
7) Мерзімді өзгертуі – биоценоз ішінде маусым ішінде бірнеше өзгеріске ұшырауы мүмкін,кейде 1 тәулік ішінде де өзгеріске ұшырайды. Мысалы: Өсімдіктер де болатын гүлдену немесе күзде жапырақтардың түсінуі,жануарлар арасында кездесіп жағдайлардың диапауза, миграция тағы басқа. 
8).Сукцелин-әрбір тірі оргонизмнің өзінің тіршілік әрекетінің арқасында, өзін қоршаған ортаның жағдайын, құнарлығын тағы сол сияқты өзгертіп ,сол ортаға әсерін тигізеді, сондай бір жерде көп жылдар бойы популяцияның тіршілігі биотопты өзгеріске ұшыратады, бірақ өзгеріске басқа түрлерге, олардың тіршілігіне қолайлы жағдайлар туғызуы мүмкін, сондықтанда осы жерде популяцияның осы жағдайға бейімделген түрлерінің пайда болуы мүмкін.Осыдай бірнеше рет қайталанып бір биоценоздың орнына жаңадан 2-ші биоценоздың пайда болу сункцессия деп аталады. Мекендік ортаның жағдайына және басқа да қасиеттеріне байланысты бастапқы және 1-ші,2-ші сункцессия деп бөлінеді.

 
 
Тірі  ағзалардың бірлестіктері. Биоценоз, биотоп, биогеоценоз, экожүйе. Қоректену тізбегі – Сукцессия

Тірі ағзалардың бірлестіктері. Биоценоз, биотоп, биогеоценоз, экожүйе. Қоректену тізбегі – Сукцессия

Бір территорияда немесе акваторияда өмір сүретін әр түрлі  түрлердің популяциялары табиғатта  өз алдына жеке изоляцияда, еш қатынассыз өмір сүре алмайды, олар бір – бірімен  үнемі байланыста болады.Бұл қатынас түрлері әртүрлі және күрделі. Бір ағзалар басқа ағзалармен қоректенеді. Біреулері бірінің тіршілік ету ортасында өмір сүреді.Ал өте ұсақ микроағзалар өлген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын шірітеді. Соның негізінде табиғатта ағзалардың бірлестігі қалыптасады, олар сол территорияда немесе акваторияда тіршілік етуші барлық түрлердің популяцияларын біріктіреді.

Бірлесіп тіршілік етуші  және ағзалардың өзара байланысы  биоцеоноз деп аталады (лат. Биос-тіршілік,цено – жалпы).

Биоценоз алып жатқан абиотикалық орта аймағы биотоп яғни, биоценоз тіршілік ететін орта деген ұғымды береді (лат.биос - өмір,топос – орын).

Биоценоздағы бір түрдің өкілдері биотикалық қатынастарының көптеген формалары олардың бірлестіктегі  өмірлерінің негізгі жағдайларын, қоректерін табу жолдарын және жаңа кеңістікті иемдену мүмкіншіліктерін (конкуренттілік, комменсализм, жыртқыш – жәбірленуші және т.б.) анықтайды

Әрбір бірлестіктегі  жеке түрлерге жататын даралардың өзара  және олардың басқа түрлер популяцияларымен қарым-қатынасын, дамуы мен алмасуына айналадағы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеу де – экологиялық міндеттердің бірі

В.Н.Беклемишевтің түрлер арасындағы биоценоздағы биотикалық қатынастар мынандай төрт типке бөлінеді:

а) трофикалық, б) топикалық  в)фористік г)фабрикалық.

Трофикалық байланыс бір түрдің екінші түрмен, тірі немесе өлі күйінде,содай –ақ тіршілік ету үшін қажетті тағамдар түрінде  қоректенуі кезінде туындайды.

Топикалық байланыс бір  түрдің тіршілік ету барысында екінші түрдің кез келген жағынан, физикалық немесе химиялық тіршілік ортасының өзгеріске ұшырауынана туындайды.

Форикалық байланыс бір  түрдің екінші түрдің таралуына қатысунан  туады. Транстортировкалық тасымалдаушы ролін жануарлар атқарады.Әртүрлі  өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын жануарлардың тасымалдауы зоохор деп, ал басқа ұсақ жәндіктермен тасымалдануы – форезия деп аталады (форас – латынша сыртқа шығару дегенді білдіред).

Фабрикалық байланыс бір түрдің өз қажеттілік құрал жабдықтарына (фабрикациясына) басқа бір түрдің шығару өнімдерін, тірі немесе қалдық түріндегі, кейде тіпті тірі особтарында пайдалануды айтады.

Боиценоздың құрылымы

Кез келген жүйенің құрылымы – оның бөлімдерінің байланысы мен  қатынастарының заңдылықтарында. Биоценоздаң  құрылымы көпжақта,олар мынандай аспектыларды бөледі.

Биоценоздың түрлік құрылымы – бұл ондағы әртүрлі түрлердің  олардың сандық немесе массалық қатынасы. Биоценоздың бай және кедей түрлерін бөледі.

Жеке түрлердің ролін  анықтау үшін олардың сандық сапасын  анықтап, санақ жүргізіп алады:

Түрдің өте көп болуы  –бір түрдің белгілі бір аудан  көлемінде қаншалықты жинақталуында, мысалы, шаянтектестердің 1 дм³ суда немесе тоғандардағы саны.

Кездесетін жиілігі  биоценоздағы сол түрдің қаншалықт  ы біртекті немесе әртүрлі тарлуында.

Доминантталу көрсеткіші – қарастырылып отырған бір түрдің топтағы барлық түрлердің жалпы санына ара қатынасымен өлшенеді.

Биоценоздың кеңістіктік  құрылымы оның өсімдіктік бөлімінің  – фитоценоз, жерүсті және жерасты  өсімдік массаларының қосындысымен анықталады.

Фитоценоз үшін ярусты және мозаикалық қосылыс тән.

Ярусты дегеніміз –жерүсті өсімдіктерінің бірнеше қабаттағы  таралуы (ағаштекті, бұталы, шөптесін және мүктектілер ярусы) және басқалар.

Мозаикалыққа - өсімдіктердің  горизонтальды бағыттағы таралуы (микротоптардағы,микроценоздар,микрофиценоздар,парцелдар және т.б.).

Биоценоздың экологиялық  құрылымы.Биценоздың бірлестіктің экологиялық  құрылымын сипаттайтын түрлі  типтері ағзаның экологиялық  топтарының қатынасы мен анықталады.

Экожүйелер 

Әрбір биогеоценоз, негізінен, екі құрылымды бөліктен, сол аймақтағы тіршілік етуші тірі ағзалардан және сол ағзалар тіршілік ететін орта жағдайларының әсерінінң жиынтығынан тұрады Олардың арасында тығыз байланыс туындап, белгілі бір жүйені құрайды.Ол жүйе экологиялық жүйе деп аталады.

Биоценоздағы тіршілік жағдайлары онда болатын зат айналым  әрекетіне тікелей байланысты болады.биогеоценоздағы  зат айналым тіршіліктің күрделенуіне байланыстыэволюция барысында үнемі  күрделеніп отырады.

Кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер (органикалық затты түзушілер) құрайды,олады продуценттер деп атайды.

Сонымен қатар, әрбір  биогеоценоз, құрамында өсімдіктер немесе басқада жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды пайдаланатындар консументтер деп  аталады.

Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын) ыдыратушыларды – редуценттер деп атайды.

Міне, осылай биогеоценозды  құрайтын ағзалардың тіршілік әрекетінің арқасында айналадағы орта мен ағза арасында үздіксіз тұйық айналым  түзіледі.Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп тұруы керек. Ондай энергия көзі -Күн болып табылады.

Биогеоценоздағы күн  сәулесінің энергиясы ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесі арқылы химиялық байланыстар энергиясына, механикалық  және ең соңында ішкі энергияға айналады.

Әрбір түр органикалық  заттар ыдырағанда бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады.Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі  энергиясы мол органикалық заттардың  қалған бөлігін басқа ағзалар  пайдаланады. Эволюция барысында әрбір  биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан.Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.

Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл заңдылық бірін – бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі.Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.

Экологиялық пирамиданың  мына категорияларын бөлуге болады:

1.Сандар пирамидасы  – әрбір трофикалық сатыдағы  даралар саны.

2.Биомасса пирамидасы -әрбір сатыдағы органикалық заттардың биомассасы.

3.Энергия пирамидасы - әрбір сатыдағы жұмсалған энергия  мөлшері. 

«Экожүйелер» және «биогеоценоз»  ұғымдары бір – бірімен ұқсас,жүйе ішінде айналымда болады, «билгоеценоз» - белгілі бір аймақты қамтиды.Олай болса, билглоценоз жер бетінің белгілі бір бөлшегін алып жатқан, өсімдіктер жиынтығымен немесе – фитоценозбен сипатталады.

Уақыт бірлігіндегі өсімдіктердің  органикалық массасын құру бірлестіктегі  бірінші өнім деп аталады.

Уақыт бірлігіндегі консументтер массасының өсуі бірлестіктегі екінші өнім деп саналады.

Кез келген биоценоз динамикалы, оларда популяцияға байланысты тіршілік ету  жағдайлары мен олардың даралар  қатынастары жағынан үнемі өзгерістер болып отырады. Мұндай түрлі өзгерістер әр бірлестіктерде болады,оларды 2 түрлі типке бөлуге болады: тізбекті және түсуші.

Тізбекті өзгерістер бірлестіктегі  тәуліктік, мерзімдік және көпжылдық  периодты ішкі жағдайлар мен ағзалардың (ішкі) эндогендік ырғақтарының байқалуымен  болатын өзгерістерді сипаттайды.

Бірлестіктегі түспелі өзгерістер бірлестікті ақыр аяғында сол  бірлестікте басқарушы түрлердің  пайда болуына әкеледі.

Осылайша, бірлестіктің өзреруі сукцессия  деп аталады. Олар бірінші және екінші деп бөлінеді.

Бірінші суцессия – тіршілігі жоқ  жерде тіршілік түғызады.

Екінші сукцессия – бұрын  тіршілік болып, түрлі экстремалдық жағдайларға байланысты (өрт,мұздану  т.б.)жойылып кеткен жерде тіршілік пайда болуы немесе басқадай ағзалық  құрамда қайта қалпына келтіреді.  
Экожүйенің тұрақтылығы, биологиялық айналымның сенімді өтуі, түрлердің әртүрлілігіне негізделген және сукцессияның толықтылығы сол бірлестіктің эволюциялық ұзақ өзгерісінен туындаған.


Синэкологияның негізгі ұғымдары

Синэкологияның  негізгі ұғымдары Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп - қауымдастық немесе биоценоз түзеді. Биоценоз (гр. bios - өмір, koinos - жалпы, ортақ) - бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.

Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 жылы неміс зоологи Карл Мебиус ұсынды. Биоценоз тірі организмдердің жай жиынтығы емес, ретті, бір-бірімен байланысқан фитоценоздан (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроорганизмдер жиынтығы) тұратын жүйе.

 

Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан, тірі және өлі бөліктерінің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі. Біртекті жағдайлармен сипатталатын, организмдердің белгілі бір бірлестіктерімен қоныстанған кеңістік - биотоп деп аталады. Егер биотопты биоценоз тіршілік ететін орын ретінде қарастырсақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан организмдер кешеңі деп Қарауға болады.

 
Біркелкі өсімдіктер жамылғысы бар қауымдастықтарды, мысалы, шалғындық биоценозы, батпақ биоценозы деп атайды. Біршама майда қауымдастықтарға: «микроқауымдастық», «синузиялар», «консорциялар» және т.б. ұғымдары қолданылады. Адам қолымен жасалған биоценоздарды «агроценоз» деп атайды. Кез-келгек жүйенің құрылымы - ондағы бөліктердің байланыстары мен ара қатынастарындағы заңдылықтар. Биоценоз құрылымы көпқырлы, соған байланысты оны зерттеу кезінде әртүрлі аспектілерін (биоценоздың түрлік, кеңістіктегі, экологиялық құрылымдарын) бөліп қарайды.

[өңдеу] Биоценоздың түрлік құрылымы

Биоценоздың түрлік құрылымы Әрбір биоценоздың өзіндік түрлік құрамы қалыптасқан. Сондықтан биоценозда бір түрдің популяциялары өте көп болса, екіншілері керісінше аз болуы мүмкін. Осыған байланысты биоценоз ондағы түрлердің санымен және сапасымен сипатталады Биоценоздың түрлік құрылымы деп ондағы түрлердің алуантүрлілігін және олардың салмақтары мен сандық мөлшерінің ара қатынасын айтады. Түрге бай және кедей биоценоз түрлері бар. Жылуы аз полярлық арктикалық шөлдерде және солтүстік тұндраларда, ылғалы жеткіліксіз ыстық шөлді аймақтарда, қатты ластанған ақаба суларда - бір немесе бірнеше фактордың орташа оптималды мөлшерден ауытқыған орталарда қауымдастықтар түрге жұтаң, кедей болады. Мұндай ортаның қолайсыз жағдайында тек аз ғана түрлер тіршілік ете алады. Сондай-ақ жиі-жиі өзгерістерге ұшырап тұратын, мысалы, жыл сайын өзендердің арнасынан шығып су басып қалатын, гербицидтер қолданылып жер жыртылатын егістіктерде немесе басқа да антропогендік әсерлерге ұшырап отыратын биоценоздарда да түрлік құрам төмен болады. Керісінше, ортаның абиотикалық факторлары оптималға жақын жерлердің бәрінде биоценоздар түрлік құрамға бай болады. Бұларға мысал ретінде тропикалық ормандарды, маржанды рифтерді, шөлді аймақтардағы өзен аңғарларын айтуға болады.

Сонымен қатар биоценоздардың түрлік құрамы, сол биоценоздардың қаншалықты ұзақ уақыттан бері өмір сүріп келе жатқанына да байланысты. Әдетте жас, жаңадан пайда болған биоценоздарда ертерек қалыптасқан қауымдастықтармен салыстырғанда түрлік құрам аз болады. Адам қолымен жасалған биоценоздарда да (егістік, бау-бақша) табиғи жүйесі ұқсас қауымдастықтарға (орман, дала, шалғындық, батпақ) қарағанда түрлік құрам жұпыны болады.

Алайда ең түрге кедей деген  биоценоздардың өзінде әртүрлі систематикалық және экологиялық топтарға жататын бірнеше ондаған түрлер тіршілік етеді. Мысалы, бидай егілген агроценоздарда бидайдан басқа аз да болса әртүрлі арам шөптер, жәндіктер - бидай зиянкестері және фитофагтармен қоректенетін жыртқыштар, тышқан тәрізді кеміргіштер, омыртқасыздар, топырақ қабатындағы майда организмдер, патогенді саңырауқұлақтар және басқа да көптеген түрлер тіршілік етеді.

Бүкіл құрылық тағы дерлік және көптеген су биоценоздарының құрамына микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлар кіреді. Алайда кей жағдайларда өсімдіктері жоқ (мысалы, үңгірлерде, судың терең қабаттарында), сирек жағдайда тек микроорганизмдерден тұратын (мысалы, су түбіндегі анаэробты ортада, көмірсутекті су көздерінде және т.б.) биоценоздар түзіледі.

Микроскопиялық организмдер болуына  және көптеген топтардың систематикасының толық құрастырылмағанына байланысты биоңеноздағы түрлердің санын білу өте қиын. Биоценоз құрамына кіретін түрлердің санымен қатар, түрлік құрылымына сипаттама беру үшін олардың сандық мөлшерін де білген дұрыс.

Саны жағынан көп түрлер доминантты болып есептеледі. Мысалы, біздің шыршалы ормандарда шырша доминант, сол сияқты шөптесін өсімдіктер жамылғысының өз доминант түрлері, құстар мен кемірушілер арасында да өз доминанттары болады. Қауымдастықта доминантгар «түрлік негізін» құрайды. Алайда барлық доминант түрлер биоценозға әсер ете бермейді. Осы түрлердің ішінде тіршілігі барысында қауымдастық үшін негізінен орта құрайтын, ол болмаса басқа түрлердің тіршілік етуі қиын болатын түрлер болады. Мұндай түрлерді эдификаторлар деп атайды. Биоценоздан эдификатор-түр алынса ортаның физикалық өзгеруіне, бірінші кезекте биотоптың микроклиматына әсер етіледі.

Құрылықтағы биоценоздардың негізгі эдификаторлары болып: шыршалы ормандарда - шырша, қарағайлы ормандарда Қарағай, далаілы аймақта - шымды астық тұқымдастары болып табылады. Алайда, кей жағдайларда жануарлар да эдификаторлар болуы мүмкін. Мысалы, суырлар колониясы мекендейтін территорияда ландшафттың, микроклиматтың және өсімдіктердің өсу жағдайлары сол суырлардың тіршілігіне, жерді қазуына байланысты.

Биоценоздың түрлік құрамындағы жеке бір түрдің ролін білу үшін сандық есепке негізделген әртүрлі көрсеткіштерді пайдаланады. Белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі бір түрге жататын особьтардың санын - түрдің молдығы деп атайды. Мысалы, көлдегі судың 1 дм3 мөлшеріндегі майда шаян тәрізділердің саны немесе 1 км2 далалы жердегі ұя салған құстардың саны және т.с.с. Кейде түрдің молдығын есептеу үшін особьтар санының орнына олардың жалпы салмағының мәнін есептейді. Биоценоздағы түрлердің бірқалыпты немесе әрқалай таралуын кез болудың жиілігі деп атайды. Ол алаңқайдағы есептелген санның пайыздық қатынасы ретінде есептеледі.

[өңдеу] Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы

Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы ондағы өсімдіктер жамылғысымен (фитоценоз) - өсімдіктердің жер асты және жер үсгі мүшелері салмақтарының бөлінуі бойынша анықталады. Биоценоздарға организмдер алғаш рет қоныстанғаннан бастап көптеген экологиялық факторлаға байланысты орналасады.

Организмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды (көлденең) немесе вертикальды багытта (тігінен) орналасуы мүмкін. Ол үшін әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның биоценоздағы бір көрінісі - ярустылық (қатарлық). Ярустылық - биоценоздардың биіктігі бойынша жіктелуі. Тіпті ярустылық жер асты бөлімдерінде де байқалады. Әрбір ярусқ а тән оның микроклиматы, түрлік құрамы, бейімделу белгілері жіктелген.

Биіктігі әртүрлі өсімдіктер өсетін фитоценоздан анық білінетін ярустылык, бөлінуді байқауға болады: ассимиляция жүретін өсімдіктердің жер үсті мүшелері және олардың жер асты бөліктері бірнеше қабат болып орналасады. Ярустылық әсіресе қоңыржай белдеудің ормандарында жақсы байқалады. Мысалы, шыршалы ормандарда ағашты, шөпті-бұталы және мүктер ярустылығы анық білінеді. Жалпақ жапырақты ормандарда 5-6 ярусты ажыратуға болады: I немесе жоғарғы ярус үлкен ағаштардан (емен, жөке, үйеңкі т.б) құралған;II ярус - басқа ағаштардан (шетен, алма, алмұрт, тал т.б.) құралған; III ярусты бұталар (шие, итмұрын) құраса; IV ярус биік шөптесін өсімдіктерден (сасыр, тобылғы); V ярус олардан аласа өсімдіктерден (қымыздық, шайқурай); ал VI ярусты өте аласа өсімдіктер (қына, мүктер) құрайды.

Ормандарда міндетті түрде ярусаралық өсімдіктер - балдырлар, ағаштардың діңі мен бүтақтарында өсетін қыналар, эпифиттер, лианалар және т.б. болады.

Ярустылық өсімдіктердің күн сәулесін біршама толық алуына септігін тигізеді: биік өсімдіктердің көлеңкесінде көлеңкеге төзімді және аз ғана жарықты қанағат ететін көлеңке сүйгіш өсімдіктер тіршілік етеді.

Ярустылық шөптесін өсімдіктер қауымдастықтарында да (шалғындықтар, саванналар) байқалады, бірақ ормандағыдай анық болмайды. Сонымен қатар мұнда ярустылық та аз болады. Фитоңеноздардың жер асты ярустылыгы өсімдіктердің тамыр Үйелерінің әртүрлі тереңдікте болуына байланысты.

Ормандарда көбіне бірнеше (алтыға дейін) ярустар байқалады. Жануарлар да өсімдіктердің кейбір ярустарында көп шоғырланады. Кейбіреулері сол ярусты мүлдем ауыстырмайды да. Мысалы, жәндіктер арасында мынадай топтарды ажыратады: топырақта тіршілік ететіндерді - геобий, топырақтың беткі қабатындағыларды - герпетобий, мүктер ярусындағыларды - бриобий, шөптесін өсімдіктердегі - филлобий, одан жоғары ярустағыларды - аэробий деп бөледі. Құстардың арасында да өз ұясын тек жерде (тауық төрізділер, бұлдырықтар және т.б.), бұталы ярустарда немесе ағаш бұтақтарында (торғай, ірі жыртқыш құстар) салатындары да болады.

Информация о работе Биоценоз