Биоценоз

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 10:23, реферат

Описание работы

Биогеоценоз эволюциясы (Эволюция биогеоценоза) — экожүйедегі түрлердің және олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші басқа бір түрлердің пайда болу құбылыстары.

Работа содержит 1 файл

биоценология.doc

— 573.50 Кб (Скачать)

 
Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрактивті) немесе жиркенішті (репеллентті) түрінде әсер етеді. Бұл қасиеттер әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды. Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін әр түрлі белсенді заттар бөліп өзінің жауына қарсы немесе еліктіргіш сигнал беру қасиетіне ие болады. Биологиялық белсенді заттарды көп организм де бөледі. Мәселен, көпке белгілі антибиотиктер: пенициллин, стрептомицин, гиббериллин медицинада жиі қолданылады.

Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрін - аменсализм деп атайды. Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір құмырсқалар көршілес құмырсқа илеулерінен жұмыртқа мен личинкаларды тартып әкеліп иелік жасайды. Бұл құбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі көрінісі болса керек.

Организмдер арасындағы қарым-қатынастардың кейбір түрлерін 6 кестеден де көруге болады.

Биотикалық  қарым-қатынастар түрлері

 

Биотикалық факторларға жоғарыда айтылғандай зоогенді (жануарлар әсері), фитогенді (өсімдіктер әсері ) және микробогенді (микроорганизмдердің әсері) факторлар жатады. Мысалы, кейбір өсімдіктер газ тәрізді заттар (фитонцидтер) бөліп шығарады. Ол микроорганизмдерге (бактериялар, саңырау- құлақтар) жойғыш әсер етумен қатар табиғи ортаны сауық- тырады. Ал әртүрлі вирустар мен микроорганизмдер өсімдік- тердің жұқпалы ауруларын кең таратады. Оған мысал ретінде астық дақылдарының тат кеселі мен қаракүйесін, картоп фитофторозын және т.б. келтіруге болады. Сондай-ақ ауру малдар арқылы жануарлар арасында да жұқпалы аурудың кенеттен тарайтын жағдайлары болады.

Организмдер арасьшдагы қарым-қатынастар өте күрделі және алуан түрлі. Оларды шартты түрде тікелей және жанама деп белуге болады. Тікелей байланыс қоректену жолымен анықталады, яғни, өзінің тіршілігіне энергияны кейбір жануарлар өсімдіктерді немесе басқа жануарларды қорек ету арқылы алады. Өз кезегінде олармен басқа организмдер қоректенеді. Жыртқыш-қорек немесе иесі-паразит жүйелеріндегі қарым-қатынас нәтижесі табиғи іріктелуді және бейімделуші қасиеттердің сақталуын қамтамасыз етеді, сөйтіп популяция санының динамикасын анықтайды.

Жанамалық қарым-қатынаста  бір организмдер екінші бір организмдерге орта түзушілік, субстрат ролін атқарады. Мысалы, ормандарға жергілікті және Әлемдік орта түзуші қызметі тән. Олар топырақты және суды қорғап отырады. Сонымен қатар ормандарда ағаштардың сыртқы құрылысына байланысты пайда болатын ерекше микроклимат орман жануарларының, өсімдіктерінің өсіп-дамуына жағдай туғызып отырады. Су қоймаларында өсетін өсімдіктер ондағы тіршілік ететін организмдерге өте қажетті оттегінің көзі болып саналады. Өсімдіктер басқа организмдердің тіршілік ортасы болып та табылады. Мысалы, ағаш қабықтарында, тамырларында, жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінде көптеген құрт- құмырсқалардың түрлері мен омыртқасыздар тіршілік етеді, ал ағаш қуыстары көптеген құстар мен сүт қоректі жануарлардың мекендейтін жері болып табылады.

[өңдеу] Экологиялық қуыс

«Экологиялық қуыс»  ұғымын ғылымға зоолог Дж.Грйнелл  биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді. Экологиялық қуыс - абстракты ұғым, бұл табиғапипа түрдің тіршілік етуіне ыкңал ететін барлық орта факторларынын жиынтыгы. Ю.Одумның айтуы бойынша «экологиялық қуыс» ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады, ягни тіршілік ету ортасы түрдің «мекен-жайы», ал қуыс - түрдің «мамандығы». Мысалы, өсімдік қоректі антилопа мен кенгуру әртүрлі жерде тіршілік еткенімен бір экологиялық қуысгы иеленеді. Керісінше, орман тиіні мен бұғысы да өсімдік қоректі болғанымен әртүрлі экологиялық қуысғы иеленеді. Қорек түрлері әртүрлі болуына байланысты экологиялық қуыс жануарлар арасында жақсы байқалады. Африка саваннасында жайылып жүрген тұяқты жануарлар жайылымның шөптерімен әртүрлі қоректенеді: зебралар негізінен өсімдіктердің бас жақтарымен, антилопа гну зебралардан қалган өсімдіктердің тек кейбір түрлерімен, газель аласа өсімдіктермен, ал топи антилогіалары басқа жануарлардан қалган, құраған биік шөптермен қоректенеді.

Гаузе пршщипі бойынша екі түр кішкентай бір кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды. Өйткені екі түрдің де санының өсуіне кеністіктегі ресурстардың қоры жетпейді. Яғни, экологиялық қажсттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысгы (орынды) иелене алмайды. Өмір сүруі үшін бір түр міндетті түрде экологиялық қуысын өзгерту керек (қорек түрін, тіршілік ету түрін).

Өсімдіктердің қоректенуі автотрофты болғанымен (фотосинтез) және ортаның бірдей қорларын (минералды заттардың ерітінділері, көмір қышқыл газ) пайдалануына қарамастан олардың да қуыстарға жіктелуі айқын байқалады. Жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш өсімдіктер, тамыр жүйелерінің әртүрлі тереңдікте болуы, қажетті ылғал мөлшері және олар әртүрлі кезеңдерде гүлдеп, жеміс береді, тозаңдатқыштары да әртүрлі болады.

Әрбір жеке организмнің тек өзіне ғана тән қолайлы тіршілік ететін қуысы (орны) болады. Ол көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше қызметімен сипатталады. Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австралияда немесе Еуропада болсын, олардың экологиялық қуысы мен лтқаратын қызметі ұқсас болып келеді. Экологиялық қуыстың тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Ал бір систематикалық түрге жататын туыс түрлер тіптен қоректік түрғыда өте тиімді жіктелген. Мәселен, суда кездесетін ескек аяқты су қандалаларының екі түрі бір жерде тіршілік ете береді. Себебі бірі жыртқыш болса, екіншісі қалдықтармен қоректенеді. Мұндай жағдайда организмдердің экологиялық орны түрақты келеді. Өсімдіктерде де экологиялық орын жақсы жіктелген. Мәселен, өсімдік гүлінің шырынымен қоректенетін аралар, оның жапырағында, сабағында немесе тамырында тіршілік ететін түрлердің өкілдерімен ешбір бәсекелестікке бармайды.

Сол сияқты ормандағы  ағаш тектес немесе шөптесін өсімдіктер ярустылыққа (қатарлар) байланысты реттеліп орналасқан. Ормандардағы ярустылық - әртүрлі организмдердің экологиялық Қуыстарға бөлінуінің жақсы мысалы бола алады. Әр түрге Жататын организмдердің екі экологиялық қуысы болуы мүмкін: Фундаменталъды және іске асырылған. Фундаментальды қуыс - түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары, ал іске асырылған - түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі. іске асырылған қуыс Фундаментальды қуыстың бір бөлігін құрайды.

[өңдеу] Экологиялық сукцессия

Экологиялық сукцессия Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады. Олардың түрлік құрамы, әртүрлі топтағы организмдердің молдыгы, трофикалық құрылымы, өнімділігі және басқа да көрсеткіштері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуьш экологиялық сукцессия (латынша succession - ауысу) деп атайды. Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық катар немесе серия дейді. Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа, одан орманга айналуын келтіруге болады.

Экологиялық сукцессия  биоталық қауымдасгық пен физикалы?;, орта арасында тепе-теңдік орнайтьш экожүйенің реттелген дамуы, оны болжауға болады. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңнен өтеді, солардың барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Сукцессия кезінде түрлердің алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгертуге үмтыла отырып, өзге популяциялар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Экологиялық сукцессия  барысында организмдердің түрлік популяциялары және олардың арасындағы функциялық байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталанып алмастырып отырады. Сукцессия - өсу, тұрақтану, климакс сатыларынан тұрады. Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеретрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты, антропогенді түрлері бар.

Қазіргі таңда сукцессияның экзогенетикалық және эндогенетикалық түрлерін ажыратады. Экзогенетикалық сукцессия сыртқы абиотикалық немесе антропогендік (батпақтарды құрғату, сулардың ластануы) әсерлерден болуы мүмкін. Эндогенетикалық сукцессия қауымдастықтағы байланыстар жүйесінің немесе құрылымының өзгеруі нәтижесінде болуы мүмкін.

Жалпы сипаты бойынша  сукцессия бірінші реттік (алғашқы) және екінші реттік (соңғы) болып бөлінеді. Бірінші реттік (алғашңы) сукцессия тіршілік иелері жок жерде: лава үстінде, сусымалы құмдарда, жартастарда, тасты жерлерде басталады. Бұл жерде алғашқы қоныстанушылардың (бактериялар, қыналар, балдырлар) ролі зор. Олар тіршілік ету барысында аналық жынысты бүзып өзгертеді, топырақтың түзілуіне себеп болады. Өлген, шіріген организмдер біртіндеп жиналуы және үгілу әсерінен тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде мүктер өсетін топырақтың түзілуіне алып келеді. Мүктердің өсіп дамуы кезінде де топырақ түзілу процесі жалғаса береді. Қолайсыз жағдайлар кезінде де тіршілік ете беретін қарапайым қауымдастықтар түзіледі. Сөйтіп, организмдердің адуан түрлілігі арта береді.

Қоңыржай климаттағы екінші реттік сукцессия процесі кезіндегі негізгі стадияларының ұзақтығы:

  • бірінші - шөптесін өсімдіктер жамылғысы стадиясы -

шамамен 10 жылға созылады;

  • екінші - бұталы өсімдіктер стадиясы - 10-25 жылға

созылады;

  • үшінші - жапырақты ағаштар стадиясы - 25-100 жылға

созылады;

  • төртінші - қылқан жапырақты ағаштар стадиясы - 100

жылдан асады.

Сукцессия - барлық қауымдастықтарға тән, белгілі бір стадияларда жүретін, жалпы өзгерісгерді қамтитын бағытталған және заңды процесс.

Сукцессиялық өзгерістердің негізгі типтері мынадай:

  • сукцессия процесі кезінде өсімдіктер мен жануарлар түрлері

үнемі өзгеріп отырады;

  • сукцессиялық өзгерістер нәтижесінде организмдердің түрлік

алуантүрлілігі артады;

  • органикалық заттардың биомассасы артады.[1]

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6

Биоценоз типі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Биоценоз типі

Биоценоз типі (Тип биоценоза) — орта түзуші құрауыштары біртектес жеке биоценоздың бірігуі мен өзгеруі (динамикасы). Академик В.Н.Сукачев бір биоценоз типі ішінде біртектес шаруашылық шаралар жүргізу мүмкіндігін ерекше атаған.[1]

[өңдеу] Тағы қара:

  • Биоценоз

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Биотоп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Биотоп (био... және грек. tpos — орын) — Жер бетінің (құрлықтың не суқойманың) биоценоз мекендейтін орта жағдайлары біртектес өңірі (телімі). Екі мағынада қолданылады: 1) нақтылы, экологиялық жағдаймен сипатталатын, нақтылы биоценоз түрлері мекендейтін аймақ; 2) нақтылы организмдердің немесе олардың қауымдарының тіршілік етуіне барынша ыңғайлы қоршаған орта факторларының жиынтығы.[1]Биоценоздың рельефі, климаттық жағдайы шамамен біркелкі болып келетін құрлықтағы немесе судағы алатын орны. Биотоп өзінің табиғи және тарихи қалыптасқан геогр. орны мен фауна, флора және абиотикалық фактор жиынтығымен ерекшеленеді. Биотоп экожүйелердің немесе биогеоценоздардың анорганик. құрылымдарынан тұрады. Биотоп — биоценоздың бөлінбейтін құрамдас бөлігі. Биотоп пен биоценоз бірігіп, ірі бірлестік — биогеоценоз құрайды.[2]

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалык ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  2. ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

Информация о работе Биоценоз