Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 19:58, реферат

Описание работы

Шоқанмен бірге оқыған оның жолдастары: «Шоқан Кадет корпусына кірген кезде орыс тілін білмейтін еді, бірақ зерек еді, әсіресе, оның ерекше көзге түсетін өнері - сурет салғыштығы еді», - деп жазады. Алайда, ол алғашқыда орысша білмесе де, өзінің зеректегі арқасында орыс тілін тез үйреніп, өзі шамалас оқушылардан анағұрлым озық шығып отырады. Өткір, алғыр, ізденгіш, талапты, зерек Шоқан сабақты жақсы үлгеріп, өз бетімен де әртүрлі кітаптарды көп оқып, өз класында озық қатарда саналады.

Содержание

І. Кіріспе. Ш.Уәлиханов өмірбаяны.

ІІ. Негізгі бөлім. Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым.

1.Қазақтың тұңғыш ғалымы және демократ интеллегенті – Шоқан
2.«Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келген...»
3.Шоқан мұрасы – халық қазынасы
ІІІ. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Шокан Уалиханов.docx

— 47.56 Кб (Скачать)

             Шоқанның «Современник» журналын  оқып, Россияда күнбе-күн болып  жатқан саяси ағыммен таныс болуы да жоғарыда айталған Гонсевскийдің әсері болса керек. Кадет корпусын бітіріп шығып, губернаторға адъютант болып істеп жүрген кезінде де Шоқанның Омскідегі жоғарғы интеллегенттердің ортасында болуы оның болашағына үлкен әсер етті. Потаниннің айтуы бойынша, оның саяси бетінің айқындалуына тағы бір әсер еткен адам С.Ф.Дуров болады.

  Дуров  - Петрашев ағымының беделді адамдарының  бірі, өз кезіндегі Россияның саяси-әлеуметтік құрылысын, оның төрешілдік сүйегіне сіңген аппаратын, мәдениет жағынан артта қалушылығын қатты сынап, демократиялық және социалистік идеяны көпшілікке таратушы адам болған. Оның әр алуан ісі, үгіт-насихат жұмысы, шығармалары өзінің жолдастарына да, онымен қарым-қатысы болған басқа адамдарға да үлкен әсер еткен. Сондықтан да патша үкіметі Дуровты Сібірде айдауда болған жерінен босатылғаннан кейін Омскіге жер аударған. Дуров пен Шоқанның үлкен дос және көп мәселелер жөнінен пікірлес болғандығын оның өз сөзінен де байқауға болады. Г.Н.Потанинге Дуровты сырттай таныстырғанда Шоқан: «Ол - толық білімді және жаны жақсы адам ...», - дейді. Осы екі ауыз сөздің өзінен де Дуровқа оның қалай қарағандығын аңғаруға болады.

             1854 жылы Шоқан атақты жазушы  Ф.М.Достоевскиймен танысып, екеуі  өмір бойы дос болып өтеді. Достоевский де жоғарғы айтылған петрашевшіл үйірмеге қатысқандығы үшін төрт жылдай Омскі абақтысында отырып, 1854 жылы Семейге жер аударылған. Шоқан Достоевскиймен жақындасып, ұлы талант, ірі суретшінің өмірге көзқарасын түгел қолдамаса да, жазу тәжірибесі, өмірді бақылау әдістерімен жақсы танысады. Кейін Петербургке барған кезінде Достоевскиймен таныстығының Шоқанға үлкен пайдасы тиеді.

             Шоқанның Потанин, Дуров, Гонсевский, Костылецкий, Достоевский, Майков  сияқты орыс халқының алдыңғы  қатарлы жазушы, ғалымдарымен жақын  дос, сырлас, мұңдас болғанын және  олардың Шоқанды шын жүректерінен  жақсы көріп, қатты бағалағанын Г.Н.Потаниннің, Н.Ядринцев, тағы басқалардың еске түсірулерінен көруге болады. Мысал үшін Ф.М.Достоевскийдің 1850 жылғы хатынан бір үзінді келтірелік.

             «... Сіз, - дейді Ф.М.Достоевский, - мені  жақсы көремін деп жазыпсыз. Ендеше мен туралап айтайын, мен сізді жанымдай жақсы көремін. Мен Сізді жақсы көргендей, еш уақытта да, ешкімді де, керек десе туған аға-інімді де жақсы көрген емеспін, мұның себебін құдай білсін...»

             Сонымен қатар бұл кез бүкіл  Россияда қоғамдық ой-сананың  үлкен оянған кезі еді. Патшалық  құрылысты сынға алу, әртүрлі  саяси тілектер қойып, қарсылық  білдірушіліктің көбеюі тек қана  орталыққа тән нәрсе емес, орталықтан алыс жерлерге де шарпуы тиген еді.

             Бұл кез атақты демократ жазушы Салтыков-Щедриннің, Чернышевскийдің әңгіме, мақалалар жазып, ұлы майданның тартысына түскен кезі болды. Олардың дабылы Омскіге де жетіп жатты. Шоқан болып жатқан саяси тартыстармен газет, журналдар арқылы танысып отырды.            

  Ол  кезде айдаудан қайтқандардың  бәрі де, тіпті декабристер де, петрашевшілер де Омск арқылы қайтып жататын. Омскіге бұлардан басқа да жаңа адамдар келе бастады. Омскідегі Кадет корпусына Чернышевскийдің досы Лобановский келді. Шоқан онымен де танысады. Мұның үстіне Шоқанның Петербургте болған жылдары Россияда крепостниктік правоны жою-жоймау мәселесі қатты қолға алынып, ол мәселенің айналасында күрестің қызу жүріп жатқан кезі болды.

             Россияның әлеуметтік өміріндегі әр алуан өзгерістер, күрес-тартыстар, орыстың революцияшыл ұлы демократтарының озат пікірлері Шоқанға қатты әсер етті, дүниеге көзқарасын өзгертті. Шоқанда байқалатын демократиялық идеяға бой ұрудың негізгі бір сабағы осында десек, екінші сабағын қазақ халқының, әсіресе оның езілушілерінің ауыр халі мен қиын жағдайларын көре білуінде деп ұғуымыз керек.

             Қай кезде болсын демократтық бағытқа тән негізгі ерекшелік - өз халқының езілушілерін сүю. Халықтың көпшілігімен қоян-қолтық келіп, олардың мұң-мұқтажын көре біліп, солардың жоқшысы, жаршысы болуды арман ету. Езілуші бұқараның ауыр тұрмысын жеңілдетуге қолынан келген бар мүмкіншілігін жұмсау. Шоқанның өмірі де, жазған еңбегі де осыны дәлелдейді.

             Шоқанның өз халқының келешегіне  көз жіберіп, қайткенде оның елдігін сақтау, қай жолмен дамуы, ілгерілеуі керек, халық көпшілігін сорып жатқан абжыландар кімдер, жалпы елдің ілгерілеуіне бөгет болған қай қырсық, осылар тәрізді әлеуметтік мәні зор, келелі мәселелерге жауап іздеген кезінің әлеуметтік қайраткері екендігін өзімен бірге оқыған орыс жолдастары мен замандас ғалымдары да растайды. «Шоқан өз халқын, өзінің тайпасын жақсы көруші адамдардың бірі болып қала алды. Онда өз елінің халықтығын сақтап қалушылық пен европалық ағартушылықтың басын қосса деген қиял болушы еді...», - деп жазды Шоқанның жақын жолдастарының бірі Ядринцев.

             Шоқанға халықтың қалай қарағандығы  жөнінде Ядринцев сол еңбегінде:  «Қазақ даласындағы шалдармен  әңгімелесіп, Шоқанды еске түсіргенде, олардың аппақ сақалдарын ыстық жаспен жуып егілетіндігін өз көзімізбен көрдік. Шоқан өз елінің мақтаны, әрі сүйікті ұлы еді. Ол жұртшылықтың жүрегінде тап осы дәрежеде сақталған еді», - деп жазды.

             Шоқанның өз халқын шын сүйгендігін  дәлелдеу үшін жоғарғы айтылған  пікірге досы Потаниннің ол туралы жазғандарын және өзінің сот реформасы жөніндегі мақаласын қоссақ, оның шын мәнінде патриот екендігіне шәк келтірмейміз. Шоқан ел тағдырын дұрыс шешіп, айқын бағыт сілтеуді күрделі мәселе деп түсінді, елді басқару ісіне ерекше мән берді. Сондықтан Көкшетау еліне аға сұлтан болуды да ойлады. «Мұндағы мақсатым - өз халқымды әкімдер мен зорлықшыл бай қазақтардан қорғау еді», - деп жазды Шоқан 1862 жылдың 12 декабріндегі Потанинге арнаған хатында. 

              Сол жылы 6 декабрьде Майковқа  жазған хатында әлгі пікірін тіпті ашық айтады. «Жергілікті сұлтандармен, қара сүйектерден шыққан байлармен келісе алмай жүрмін, - деп жазды Шоқан, - себебі олар өздерінің «құлдарын» өте нашар ұстайды, «құлдардың» олардан азат болғысы келеді, бірақ қалай азат болудың жолын білмейді. Мен олардан (сұлтандар мен байлардан) жалшыларына еңбекақы төлеуді, адам қатарында ұстауды үнемі талап етем. Сондықтан даланың пролетариаты мені жақсы көреді, мен олармен доспын». Шоқанның бұл сөзінен оның ауылда кімді дос, кімді қас санағандығын айқын көреміз. Сөйтіп, қазақ оқымыстыларының арасынан қазақ елінде тілегі қайшы екі таптың бар екендігін алғашқы рет көрген де, ашып айтқан да, тап қайшылығын түсіне келіп, қаналушы көпшіліктің жоқшысы болған да Шоқан еді деуге болады.  
 
 
 
 
 
 

«Шоқан  Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келген...»

   Біз жоғарыда Шоқанның өмірбаянымен байланысты, ол 1864 жылы генерал-губернатор Дюгамельдің шақыруымен Омскіге келіп, «Сібір қазақтарына жүргізілетін ел билеу реформасын» жасауға қатысты, сол туралы өзінің жобасын ұсынды дедік. Шоқанның демократиялық көзқарасын айқындауда бұл еңбегінің мәні өте зор. Шоқан өз жобасында мәселеге тарихи, теориялық мән беріп, терең толғап, кеңінен алып шешпекші болды.

   «Біздің заманымызда халықтың нағыз мұң-мұқтажына тікелей қатысы бар, халыққа ең маңызды, ең керекті реформа - экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформа сол экономикалық реформаларды жүзеге асырудың құралы есебінде жүргізілмек. Өйткені әрбір адам және бүкіл адам баласы өзінің өрлеу жолында түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады... Ол мақсат - өзінің тұрмысын жақсарту. Прогресс дегеніміздің негізінің өзі - осы. Біз осы тұрғыдан алып қарасақ, адамның тұрмысын жақсартуға жағдай туғызған ғана реформалар керекті де, ал осы мақсатқа қандай болса да кедергі келтіретін реформалар болса, ондайлар халыққа зиянды, керексіз реформа болып табылады...», - деп жазды.

   Сөйтіп Шоқан жүргізілгелі тұрған реформаға ерекше мән берді, қазақ халқының, азаматтық жағынан өсіп-өркендеуіне зор үміт туғызып отырған миллиондардың тағдырымен байланысты мәселенің барынша дұрыс шешілуін көздеді. Сол елдің болашағы үшін келешекте Россия империясының қамқорлығы керек екендігін, әйтпегенде өз беттерімен жарқын жол таба алмайтындығын, ол елдің ұлы орыс халқын шын бауыр тұтып, арқа сүйер аға көретіндігін дәлелдеді.

  «Біз - Батый татарларының ұрпағымыз, орыстармен тарихи жағынан да және тіпті қан араласу жағынан да тығыз байланыстымыз. Азаматтық жағынан өсіп-өркендеуде зор үміт туғызып отырған, орыстарды отандас туысқанымыз деп санап отырған және орыс мемлекетінің қарамағына өз еркімен кіріп отырған миллиондаған адамдардың тағдырын Шекспирше айтқанда, «не тіршілік етуі, не құруы керек» сияқты үзілді-кесілді мәселелерді шешерде көбірек көңіл бөліп, көбірек қамқорлық жасауға тұратын сияқты...», - деді. Алайда халық тағдырымен байланысты күрделі кейбір мәселеге осынша үстірт қараушылық бар екендігін айтты.           

   «Бізге, қазақтарға, облыстық бастықтар арасында әдетке айналып кеткен үстірт қараушылықтың салдарынан ғана облыстық басқарманың жанындағы комитет өз жұмыстарының басты негізі етіп, ешбір талғамастан сұлтандардың, билердің және басқа да қазақ шонжарларының пікірлерін алып отыр және сол әбден сүйекке сіңген үстірт қараушылықтың салдарынан ғана өзінің жобасында ол қазақ халқының ардақталынған табы - қазақ аристократтары «қара халық» деп атайтын қазақ халқы керексіз тауып отырған, көпшілік үшін керексіз және зиянды қайта құрылыстар мен өзгерістерді бекітіп отыр. Халықтан жиналған пікірлерді дұрыс талдап-бағалау үшін комитеттің, ең болмағанда, қазақтардың сословиелік қарым-қатынастарына және олардың өз араларындағы орыс басшыларына қалай қарайтындықтарына назар аудару керек», - деді.

  Реформа мәселесіне осындай үстірт қараушылықты айта келіп, Шоқан бұл мәселеге халықтың, яғни «дәулетсіз, шен-шекпенсіз қарапайым қазақтардың» кеңінен қатыстырылуын, солардың пікірлерімен санасу керек екендігін, реформаны ақсүйектер емес, қалың бұқараның тілек-мүддесіне сай жүргізілуін талап етті.

  «Халықтың, әсіресе надан және жартылай тағылық дәрежеде тұрған халықтың пікірін халықтың шын мұқтажын білдіреді деп тануға бола бермейді. Ал қоғамның ардақталған топтарының пікіріне халықтың шын мұң-мұқтаждығына мүлдем қайшы келетін пікір деп қарау керек, өйткені мәдениетті қоғамның өзінде де атақты бай адамдардың мүдделері бұқараның, көпшіліктің мүдделеріне көбінесе қарсы болып отырады».

  Тап қайшылықтарына Шоқан тарихи көзбен қарап, мәдениетті елдердің өзінде де езуші тап пен езілуші таптың арасындағы қайшылықтың атам заманнан бері келе жатқандығын көрсете келіп, қазақтың өз жағдайымен байланысты: «Аға сұлтандардың араға түсуі арқылы екі жағы да бір-біріне кеңшілік жасап, мынадай келісімге келді: билер болыстарға, болыстар билерге, ал болыстар мен билер сұлтандарға кедергі жасамайтын болды... Қарапайым халықты қанауға қазақ әкімдерінің бір-біріне кедергі жасамауы үшін оларға керегінің өзі де осы болды», - деді3. Осымен қатар сол кездегі халықты қанаудың алым-салық түрін де жергілікті өкіметтің өздері істеп отырғанын айтып, оны қатты сынайды. Бұл келтірілген үзінділердің қайсысын алсақ та, Шоқанның жаны ашитыны қалың бұқара, езілуші халық екендігін, жай халықты байлар мен сұлтандардың қанап отырғандығын көре біліп, содан шығудың жолын іздегендігін көреміз.

      Шоқанның үстем таптан шықса  да, халықты кімдер қанап отырғандығын  дұрыс көре білуі, халыққа жаны  ашып, олардың мұң-мұқтажын ойлауы - оның демократтығы еді. Бірақ ол Чернышевский, Добролюбовтардың дәрежесіне көтеріліп, революцияшыл демократ бола алған жоқ. Халықтың халық болып, ел қатарына қосылып, мәдениетті, іргелі ел болуы, ел болмауы реформаның қалай жүргізілуіне байланысты деген түсінік Шоқанда басым болды. Әрине ол үшін Шоқанды кінәлауға болмайды. Ол кездегі қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық тұрмысының артта қалуы Шоқанның революцияшыл-демократтардың сатысына көтерілуіне мүмкіндік бермеді. Әйтсе де өз дәуірі, өз кезіне қарағанда, қазақ даласындағы тап қайшылығын, бұқара халықтың мұң-мұқтажын көре білуі, өз кезіндегі қазақтың саяси-әлеуметтік құрылысын демократияландыруға ұмтылуы үлкен прогресшіл, демократиялық идея болатын. Сондықтан да оны қазақтың өз ішінен шыққан тұңғыш демократы дейміз.

  Шоқанның оқушылық кезінен бастап, қайтыс болған күніне дейінгі өмірін шолып өтсек, оның ұдайы ғылыммен шұғылданған адам екендігін көреміз. Әрине, қалдырып кеткен үлкен монографиялық еңбегі болмаса да, қазірдің өзінде 5 томдық мақала, ғылыми баяндамаларының өзінен де оның зор білімді, ғылыми-зерттеу мәселелерімен шұғылданған, оның әдісін толық меңгерген шын мәніндегі ғалым екендігін көреміз. Шоқанның ғылыми-зерттеу еңбектері әр алуан: тарих, география, право, дін, фольклор, әдебиет, этнография, тағы басқалар.

      Қай мақала, қай жұмысын алсақ  та, Шоқан өзінің алған тақырыптарын  барлық жағынан терең зерттейді,  олар жайлы бұрын-соңды жазылған  еңбектермен толық танысады, дұрысын  мойындап, қате дегендерін сынайды,  өзі оған қалай қарайтындығын  көрсетіп отырады.

Информация о работе Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым