Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 19:58, реферат

Описание работы

Шоқанмен бірге оқыған оның жолдастары: «Шоқан Кадет корпусына кірген кезде орыс тілін білмейтін еді, бірақ зерек еді, әсіресе, оның ерекше көзге түсетін өнері - сурет салғыштығы еді», - деп жазады. Алайда, ол алғашқыда орысша білмесе де, өзінің зеректегі арқасында орыс тілін тез үйреніп, өзі шамалас оқушылардан анағұрлым озық шығып отырады. Өткір, алғыр, ізденгіш, талапты, зерек Шоқан сабақты жақсы үлгеріп, өз бетімен де әртүрлі кітаптарды көп оқып, өз класында озық қатарда саналады.

Содержание

І. Кіріспе. Ш.Уәлиханов өмірбаяны.

ІІ. Негізгі бөлім. Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым.

1.Қазақтың тұңғыш ғалымы және демократ интеллегенті – Шоқан
2.«Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келген...»
3.Шоқан мұрасы – халық қазынасы
ІІІ. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Шокан Уалиханов.docx

— 47.56 Кб (Скачать)

     Шоқан тек мамандықты ғана  жақсы білетін ғалым емес, ол - әр жақты ғалым. Бұл, бір жағынан, Шоқанның зеректігін, ғылыми жұмысқа қабілеттілігін көрсетсе, екіншіден, ол кездегі қазақ елінің тарихи жағдайы Шоқанды ғылымның әр саласын зерттеуге мәжбүр етті. Өйткені ол қазақтың бірден-бір оқыған адамы болды. Сондықтан да қазақтың тарихи шежіресі, этнографиясы, әлеуметтік құрылысы, тағы басқа жақтарымен байланысты мәселелерді сол кездегі орыстың мәдениетті, оқымысты ғалымдар жұртшылығының алдына салу үшін оған көп оқып, көп зерттеу, ғылымның қай саласынан да білімді болуы керек болды. Оның үстіне Шоқан сол кездегі орыс ғалымдарымен тығыз байланыс жасап отырды. Ғылымды меңгеру жөнінде де олардың Шоқанға үлкен әсер еткені даусыз. Сөйтіп, осы айтылған екі жағдаймен байланысты ол ғалым болып қалыптасты. Шоқан ғылым дүниесінде өзін замандас оқымыстыларына шын ғалым ретінде танытты. Императорлық географиялық қоғам басып шығарған Шоқан Уәлихановтың шығармаларына жазған бас мақаласында академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығыстану ғылымының жолындағы ғалымдар оны үздік күш деп түгел мойындап, түрік халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді, бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», - деп жазды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Шоқан мұрасы – халық қазынасы

     Шоқанның тарих, этнографиялық,  географиялық бағалы ғылыми еңбектерімен  қатар, оның әдебиет мәселелерімен  де тікелей байланысты еңбектері  аз емес. Оның әдебиет туралы қалдырған мақала, еңбектерін екі салаға бөлуге болады: бірі - қазақ, қырғыз елдерінің құнды, бағалы деп тапқан кейбір нұсқаларын қағаз бетіне түсіруі; екіншісі - фольклор және аты мәлім әдебиет тарихының өкілдері жайлы, әдебиеттің кейбір теориялық мәселелері туралы өзінің көзқарасын аңғартып, құнды талдаулар беруі.

    Шоқан Уәлихановтың жинастырғандары  - Қырғыз халқының атышулы эпосы  Манастан үзінді («Көкетай ханның  өлімі және оның асы»), «Ер Көкше», «Ер Қосай» туралы аңыз, «Өлі  мен тірі және олардың достықтары»  туралы аңыз, «Шона батыр» ертегісі, т.б. Сонымен қатар, қазақтың  атақты жыршылары Жұмағұл, Жанақ, Арыстанбайлармен таныс болып, олардан қазақтың ескі жыр, ертегілерін жазып алған.

      Шоқан осы әдеби мұралар туралы  ғылыми қорытынды, пікірлер айтқан («Манас», т.б.). Оның «Бірінші санды қолжазба» дейтін мақаласының көп жерлері әдебиеттің тарихи және теориялық мәселелеріне тікелей қатысы бар. Шоқанның фольклор, әдебиет нұсқаларын жинап, кейінгі ұрпаққа жазба түрде қалдыруының мәні зор. Өйткені ең алдымен Шоқан тарихи маңызы бар шығармаларға көңіл бөлді және кейбіреулері тарихи адамдардың атымен байланысты десек, ал кейбіреулерін жалпы фольклорды, оның өсу кезеңдерін тану, білу үшін ғажап құнды мұра деуге болады. Мысалы: қырғыз халқының «Манас», «Сәметей» туралы дастандары - эпостың кемеліне келіп жетіскен кезін көрсететін және көлемі жағынан дүниежүзінде теңдесі жоқ эпостар. Бұлар оқиға құру, адам образдарын жасау жағынан да аса құнды эпостар болып саналады. Қырғыз халқының бұл эпостары елдің өткен өмірінің сәулесі болуға жарарлық шығарма деп, Шоқан жоғары бағалаған.

     Жазуы жоқ елдердің өткен тарихы  мен салтын тануымыз үшін мұндай  ұзақ желіге құралған күрделі  эпостардың үлкен мәні барлығын  Шоқан дұрыс түсініп, соны қырғыз елінің «Манасының» үлгісінде көрсетпек болған. «Манас» бірінші рет Шоқан арқылы баспаға түсіп, орыс ғалымдарына Шоқан арқылы мәлім болды. Қырғыз, қазақ халқының ертегілері мен аңыз, өлең-жырларының тарихи мәні туралы Шоқан Уәлиханов былай деп жазды: «Егер жұрттың айтуынша, Геродот жинаған Гомердің көркем өлеңдері мен аңыздарының аз да болса тарихи мәні бар десек, егер де өзгеріліп, мысал тәрізді болып кеткен аңыздардың негізінде уақиға, шындық жататын болса, қырғыздың ата-бабаларының өмір тұрмысын, әдет-ғұрпын әр жағынан қамтып, белгілі бір жүйеде суреттеген, сол елдің өткен кездегі өмірінің сәулесі болған аңыздарын алып, ол халықтың осы күнгі мінез-құлықтарымен және олар жөніндегі тарихи нұсқалармен салыстырсақ, ол аңыздардың тарихи мәні болуының мүмкіндігіне күдіктенбеуіміз керек». 

    Шоқан ноғайлы дәуірінен қалған жырларды жинағанда да көбіне тарихи адамдардың атымен байланысты, тарихи негізі бар әңгіме-жырларға көбірек көңіл бөлді. Әрине, Шоқан тарихи әңгіме, жырлардың көркемдік мәнін де бағалай білді, алайда сол әңгіме, жырлардың тарихпен байланысты жағын бірінші орынға қойды. Бұл туралы Шоқанның мына сөзін еске алуға болады: «Маған, - дейді Шоқан, - қазақтардың арасында тағы бір-екі жыр мәлім. Біреуі «Ер Көкше мен Ер Қосай» деп аталады. Ол жырда уақ руынан шыққан Ер Көкше мен оның баласы Ер Қосайдың күшті ру қыпшаққа қарсы соғыстардағы ерліктері суреттеледі. Бұл жырдың тарихи жағынан қызықты еш нәрсесі де жоқ, онда қатысушы қаһармандарының аттары да бізге мәлім емес, бірақ өлеңдері көркем, дыбыс әуезділігі күшті, жыр уақиғасы басынан аяғына дейін қызықтырып отырады, әсіресе көңіл аударарлық бір жері, бірінші бөлімінде бас қаһарманы жеңіліске ұшырап, жаралы халде жау қолынан өлуі деуге болады. Соңынан Көкшенің ұлы Ер Қосай қыпшақтардан әкесінің кегін алады. Бұл жырда өткен дәуірдегі дала жауынгерлерінің барлық стратегиясы мен тактикалары толық баяндалады, жырдың қызықтырарлық жағы деп осыны ғана айтуға болатын сықылды...».

    Шоқан әдебиет теориясының да  кейбір мәселелерімен шұғылданған, қазақтың поэзиясының жанры, түрі, өлең құрылысын зерттеген, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстырмақшы болған.

     Қазақ өлеңдерін Шоқан жыр,  жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең  деп беске бөледі. Қайсысы ескі түр, қайсысы жаңарақ, олардың қайсысын кімдер айтады, міне, осы жағына талдаулар береді. Шоқанның қазақ өлеңдеріне берген бұл анықтамалары - сыртқы түр жағынан ғана берілген анықтамалар. Қазақ өлеңдерінің құрылысының негізі жағына келсек, Шоқанның қателіктері жоқ емес. Оның негізгі қатесі - қазақ өлеңдері құрылысының силлаболық жүйеге жататындығын аңғармай, жыршылардың өлең айтқанда, не шығарғанда қобыз, не домбыраға қосып айтуына қарап, қазақ өлеңінің құрылысын басқаша түсінген. Қазақ өлеңдерін сөз еткенде, оларды буын жағынан алып бөлмей, түр жағынан алып бөлудің себебі де осыдан келіп шыққан.

      Жоғарыда айтқан бес түрлі  өлеңді буын жағынан алғанда, 7 буынды, 11 буынды деп екіге ғана  бөлуге тура келеді. Алайда сыртқы түр жағынан алғанда, Шоқанның бақылауы дұрыс, қазақта ондай өлеңдердің түрлері бар.

      Әдебиет теориясымен байланысты  пікіріндегі кейбір кемшіліктері үшін біз Шоқанды кінәлай алмаймыз. Өйткені Шоқан әдебиеттің теориялық мәселелерін жеке мәселе етіп, оны зерттеуді алдына мақсат етіп қоймаған. Бұл жөніндегі пікірлері, көбіне басқа мәселелермен байланысты, сөз арасында айтылған өзінің алғашқы бақылаулары ғана деп ұғуымыз керек. Бірақ аз да болса ол жөнінде пікір айту фактісінің өзі - біз үшін өте пайдалы. Өйткені ХІХ ғасырдың бас кезінде қазақта қандай өлеңнің түрлері бар екендігі жөнінде өз кезінің оқымысты адамының айтқандары қазіргі зерттеушілер үшін бағалы мәлімет болып есептелінеді.

   Шоқанның әдебиет мәселелері  жөніндегі аса бір құнды пікірі мынау. Ол өз кезіндегі менменсіген Европа ғалымдарының көшпелі халықтардың мәдениет мәселелері жөніндегі жат, теріс пікірлеріне соққы берді. «Көшпелі елдерді аң тәрізді жауыз тобыр санап, беталды жүрген тағылардың есебінде түсінетін жалған ұғым қазірдің өзінде де Европада үстем болып келеді. Олардың көшпелі моңғол немесе қазақтар туралы ұғымдары бұларды тұрпайы, мал тәрізді тағылар деген пікірмен тығыз байланысты. Ал шындығына келгенде, сол тағылардың көбінің жазба түрінде немесе ауыз әдебиеті, аңыз-әңгімелері бар... Өлеңге, әсіресе суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өздеріне тән ерекшеліктері деуге болады», - деп жазды Шоқан бұл жөнінде.  
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

    Орыс мектебінде тәрбие алып, орыс ғалымдарының еңбектерімен  жете танысқан, орыс қоғамының  озат пікірлерінен қорек алған  қазақтың тұңғыш оқымыстысы Шоқанның  Европа оқымыстыларын өлтіре  сынап, олардың пікірлерінің терістігін  фактілермен дәлелдеп беруі тек  сол кез үшін ғана емес, қазірдің  өзінде де мәні зор. 

     Шоқанды біз қазақтың тұңғыш ағартушысы, ол қазақтың мәдениетті ел болуы орыс халқымен достық қарым-қатынасқа, ұлы орыс халқының мәдениетін үйрену, соны меңгеруіне байланысты екендігін бірінші рет дұрыс түсінген, осы мәселе жөнінде қазақ тарихында бірінші рет пікір айтқан, сол пікірінің жүзеге асуын арман еткен адам болды дедік.

     Шоқан кезінде қазақ даласына  жайыла бастаған ислам дінімен  байланысты араб, парсы мәдениетімен  қатар орыс мәдениеті де ене  бастаған еді. Араб, парсы мәдениетін таратушы да, қолданушы да татар молдалары болды. Қазақтардың мәдениеттенуіне ол кезде еш көңіл бөлмеген патша үкіметі, әсіресе ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, «Уақытша ережеге» дейін арабшылдық бағытты қолдады. Сондықтан да кертартпа араб мәдениетін таратушы татарлардың шала молдаларына толып жатқан кеңшіліктер, шексіз праволар берді. Шоқан патша өкіметінің бұл саясатын қолдамады. Өйткені ислам дінімен біте қайнасқан араб мәдениеті орыс мәдениетіне қарағанда, өмірді түсінуге пайдасыз, жоқ нәрселерді үйретумен басты қатыратын кертартпа «мәдениет» болатын. Шын ғылым көзімен қарағанда, оның қазақ даласына жайыла бастаған түрі мәдениет емес, діншілдіктің мықты торы болатын.

   Мұны жақсы түсінген Шоқан  қазақ мәдени дамуы үшін ислам  дінінің зиянды екендігін ашық айтып, оған барынша қарсы шықты. Бұл туралы Шоқан былай деп жазды: «Жалпы алғанда, қазақ европалық мәдениетке жету үшін орыстардың византиялық дәуірді басынан кешіргені тәрізді, татар дәуірін бастан кешіруге мәжбүр болып отыр. Қазақтың алдында тұрған бұл болашағы өліммен тең деуге болады. Өйткені византияшылықты қаншама сұмырай десек те, ол христиандықты енгізді, христиандықта ағартушылық элементінің бар екендігі даусыз еді. Ал ой-пікірі тың, не нәрсені болсын қабылдауға қабілетті қазақ халқы ой мен сезімнің өсуіне бөгет жасау ғана қолынан келетін татар ағартушылығынан тек схоластика болмаса, басқа не күтуі мүмкін. Біз қайткенде де татар дәуірін аттап өтуіміз керек, мұның үшін өкімет бізге көмектесуі қажет. Суға кетіп бара жатқан адамға көмек қандай керек болса, бұл туралы бізге де көмек сондай керек. Мұндай адамгершілік істі жүзеге асыру үшін, бірінші ретте, ислам идеясы мен молдаларға деген қамқорлықты өкімет қайтып алып, молдалар басқаратын округтердегі татар мектептерінің орнына орыс мектептерін ашу керек», - деді.

     Сөйтіп Шоқан өз еңбектерінің көпшілігінде қазақ халқы мен ұлы орыс халқын қай жағынан болсын жақындастыруға күш салды. Шығыстың кертартпа мәдениетінен елін аулақ ұстап, орыс мәдениетіне, батыс мәдениетіне қол созды. Ол қазақ халқының ілгері дамуын аңсады. Оның ішінде еңбекші бұқараның ауыр тұрмысын жеңілдетуді көкседі. Қорытып айтқанда, Шоқан қазақ тарихында демократиялық пікірді тұңғыш рет қолдаушы адам болды.

    «Нағыз, шын әділдігін айтқанда, Уәлихановты үздік адам деп айтуға болады. Уәлиханов өз еліне шын берілгендігін, оны терең сүйетіндігін, қазақтың тұрмысын жақсы көрушілігін сақтай алуымен қатар, батыстың мәдениетін де жоғары бағалады және өз халқының қызықты келешегі тек қана Россияның қамқорлығымен болатындығын күні бұрын болжай білді...», - деп жазды орыс империясының географиялық қоғамы.

     Географиялық қоғамның Шоқанға  берген бұл бағасы - негізінен  дұрыс баға. Шоқанның қиядағыны  болжаған көрегендік пікірі, оның артына қалдырған еңбектері - біз үшін мейлінше құнды да. Ол қазақ халқын орыс халқымен достастыруды көздеді, қазақ халқы тек ұлы орыс халқының қамқорлығымен ғана алға баса алатындығын өзінше дәлелдеді және тарихи көзбен қарағанда, бұл сияқты бірден-бір дұрыс пікірдің қазақ жағдайында тұңғыш жаршысы болғандығын көріп те отырмыз.

   Шоқан 1847 жылы Кадет корпусына түсіп, 1853 жылы бітіріп шығады. Не барлығы алты-ақ жыл оқиды. Бірақ оның бізге қалдырып кеткен еңбектерін оқып отырып, Шоқанның көп білетіндігіне қайран қаласың. Ғылымның көптеген саласын мейлінше терең түсінетіндігі кімді болсын мойындатады (этнография, тарих, филология, география, шет тілдер, шет елдердің әдебиеті, орыс, қазақ, қырғыз әдебиеті, философия, т.б.). Бұларды ол тек біліп қана қойған жоқ, сол пәндердің кейбіреулері жайлы қазақ, қырғыз елдерінің өміріне байланысты тарихи мәні зор ғылымдық трактаттар жазды. Кейінгілерге құнды-құнды пікірлер қалдырды. Бұл тәрізді үлкен мәдениет, ғалымдық дәрежеге ие болуының себебі оның тек қана асқан қабілеттілігі емес, ерінбей еңбек етіп, жалықпай оқуымен өзінің Кадет корпусында негізін салған білімін күн сайын, жыл сайын толықтыра, дамыта түсуімен байланысты. Өзінің аз өмірін оқумен, еңбекпен өткізуінің арқасында ғана оның ғалымдық дәрежеге қолы жеткен.

    Демек, кімде-кім мәдениетті, білімді адам боламын, сол арқылы өз еліме, өз отаныма бір пайда келтіремін десе, Шоқанның өмірі мен ісінен үлгі алуы керек.  
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Шоқан Уәлиханов. Шығармалары
  2. Орыс геогр.қоғ. 1865ж. - С-П, 1866ж.
  3. Шоқан шығармалары. ХХІХ том, С-П.
  4. Шоқан Уәлиханов. Шығармалары /ред. басқарған Н.И.Веселовский, басып шығарған Империялық географиялық қоғамы, С-П, 1904ж.
  5. Чокан Валиханов в воспоминаниях современников. Казгосиздат, А-Ата, 1964.
  6. Шоқан Уәлиханов. Мақалалары мен хаттары. - Алматы, 1949ж.

Информация о работе Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым