Қайта жаңғыру мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 15:43, реферат

Описание работы

Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет-ΧIV ғ. аяғында ΧV ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды.

Работа содержит 1 файл

Қайта жаңғыру мәдениеті.doc

— 52.50 Кб (Скачать)

                           Қайта жаңғыру мәдениеті 

Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп  аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет-ΧIV ғ. аяғында ΧV ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл  мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша,Чехия, Венгрия, Англия, Балкан елдері және т.б. бастарынан кешрді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұралады жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды.Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең - қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды:Экономика саласында-бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында-тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқанжас буржуазия мүдделері басымдылық танытып «бюргерлік мәдениеттің» барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы.Толассыз соғыстар, отапршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен  таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар-осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.

       «Қайта жаңғыру»термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан белгілі Джордани Базари өзінің «Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих» деген еңбегінде алғаш рет қрлданған. Демек, бұл терминнің мағынасы-көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек айтқанда, ΧVIII ғ. бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. ΧIV-ΧV ғ. Италия мәдениетін, былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет «адам» табиғаты, «адамгершілік» деген ұғымдарды енгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болатын. Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, «гуманизм» латынның «адамгершілік» деген сөзінен шыққан. Бұл терминді «жаңа адамдар»-енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады. Олай болса, Қайта жаңғыру заманының басты жаңалығы-ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғарту болып табылады. Белгілі ғалым-гуманист, Леонардо Бруни (1370-1444 ж.) «гуманизмді» адамның өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған: поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және т.б. жатқызды. Сөйтіп, көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептелді. Бұл кезеңде қоғамды мәдени тұрғыдан қайта құруды  мақсат еткен білімді, рухани байлығы мол Еуропа интеллигенциясының қалыптасу процесі басталды. Қоғамда алатын орнына, қызмет дәрежесіне, байлығына, тіпті тұрмыс-тіршілігінің әр түрлілігіне қарамастан оларды ортақ мақсат біріктірген болатын. Мысалы, Лоренцо Медичи-ел басшысы болса, Полициано-университет профессоры, Пико делла Мирандоло-граф, ал Лоренцо Вониконтри-офицер болды. Демек, гуманизм-мәдениеттің басты принциптерінің бірі, оның сапалық өлшемі, оның ақиқаттығының айнасы болды.

     Осы орайда, қайта жаңғыру мәдениетінің  өзіндік сипатына тоқтала кеткенді  жөн көрдік. Олар: гуманизм, антроцентризм,  орта ғасырлық христиандық дәстүрлерді  нәрлендіру, көне мәдени мұраларды  қайта жаңғырту және дүниеге  жаңа көзқарас болып табылады.

     Ренессанс мәдениетінің жоғарыда  көрсетілген өзіндік ерекшеліктері  оның дәуірлеріне тікелей байланысты  болып келеді, өйткені бұл өзгерістер  заман ағымына, дәуір тынысына  тікелей тәуелді болғаны ақиқат.

     Қайта жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең «проторенессанс» (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (ΧIII ғ. дученто, ΧIV ғ.-треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды. Солардың бірі-Қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265-1321 ж.). Ұлы дарынның қыл өаламынан шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны «Құдіретті комедия» деп атады. Данте, Франческо Петрарка (1304-1374 ж.) және Джованни Бокаччо (1313-1375 ж.) Қайта өрлеу дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы, Петрарканың Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне арналған соннеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі «Декамеронның» авторы атақты Боккаччоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары-дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс болып саналады.

     Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең-ΧV ғасыр, яғни «Бастапқы Қайта жаңғыру дәуірі» (кватроченто). Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын- «Кемелденген жаңғыру кезеңі» (Чинквеченто) деп атймыз. Бұл дәуір ΧVI ғасырды қамтиды.

     Қайта жаңғыру мәдениетінің басты  назары адам тұлғасына аударылды.  Адам бойындағы ізгі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау-басты орынға қойылды. Міне, сондықтан да болар, шынайы гуманизм адамның бостандық алуға, бақытты болуға, өз қабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынаста теңдік, әділдік,адамды сүю және адамгершілік принциптерін жақтады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қайта жаңғыру заманының гуманизмі адамды дін бұғауынан босатуға бағытталды, яғни дін мен шіркеу ықпалын әлсіретуге барынша күш салды. Ендеше, бұл дәуірдің гуманистік идеялары-рухани төңкерістің негізі болды, ал өз кезегінде бұл төңкерістер буржуазиялық революциялар толқынымен және жаңа Еуропаның мәдениеттің қалыптасу процесімен тығыз байланысты болды.

     Қайта жаңғыру мәдениетінде басты назардың адамға, оның оның табиғатқа аударылу сырын қалай түсіндіруге болады? Қоғамдағы мұндай түбегейлі өзгерістің-әлеуметтік-экономикалық факторларға, оның ішінде тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына тікелей байланысты болды. Адамның тәуелсіздігін сезіне бастауына, енді ғана туындап келе жатқан еркіндікке қол жеткізуіне, ең бірінші кезекте қала мәдениеті себепкер болды. Италия қалаларында тамаша ірі өнеркәсіп орындарының болғаны тарихтан белгілі. Солардың ішінде Қайта жаңғыру мәдениетінің ошағы болған-Флоренцияның мерейі үстем болды. Табиға байлықтардың тапшылығы және тағы да басқа жағдайларға байланысты Италия басқа мемлекеттермен сауда-саттық жасауға ерекше мән береді. Италия қалалары Батыс елдерімен де, мұсылман елдерімен де сауда-саттық жасады. Мұның өзі ел экономикасының одан әрі дамып, қала мәдениетінің гүлденуіне әкеліп соқты, ал қала мәдениетінің ықпалымен «жаңа адамдар» қалыптасты. Бірақ жаңа адамдардың қалыптасуы әлі де болса орта ғасырлық заман ықпалына байланысты болды, қаншама уақыт өтсе де христиандық дәстүрлердің қаймағы шайқалмаған болатын, сондықтан да болар адамдар орта ғасырлық шырмаудан шыға алмай аласұрды. Міне, осындай тарихи кезеңде көне мәдени мұраларды «тірілтуге» деген жаппай құлшыныс «жаңа адамдардың» қайталанбайтын, ерекше мәдениеттің қайнар бұлағын ашуына мүмкіндік берді.

     Бұл мәдени төңкерісінің барысында  Қайта жаңғыру даналарының басты  назарында Платон сияқты көне  заман ойшылдарының ілімдерінің  болуын қалай түсіндіруге болады. А.Ф.Лосев осы орайда тамаша ғылыми тұжырым жасап, бұл жағдайды неоплатонизммен байланыстырды. Оның пікірінше, Қайта жаңғыру дәуірінің өкілдері мәдениетті орта ғасырлық догматтан тазартты, оны қайта қарау арқылы қайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы неоплатонизмнің үш түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі-көне замандық –космологиялық, екіншісі-орта ғасырлық-теологиялық, үшіншісі-жаңғырған-антроцентристік неоплатонизм. Көне заманның неоплатонизмі Платон ілімін қайта қарай отырып, рухтың табиғатын, заттар қозғалысын, космостық айналыстың ақиқаттығының космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасаса, орта ғасырлық неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір сүретін, жоқтан болмыс тудыратын абсолюттік жан теориясына негізделді. Жоғарыда атап көрсетілген «антропологиялық жаңғырған неоплатонизм» бір жағынан, көне заман неоплатонизмінің көмегімен материалдық дүниені жоғары көтеріп, орнықтыруға тырысса, екінші жағынан оның орта ғасырлық неоплатонизммен ортақ қасиеттері, белгілері бар. Демек, сұлулық пен әсемдікке толы дүниені аңдап-түсіну - «жаңғыртушылық» дүниетанымдық мақсаттардың бірі болып саналады. Құдай жандандырған дүние әр уақытта да адам назарында болған, оны қатты қызықтырған. Жарық дүниенің құпия сырларын тануда адамның сезімдерінен артық не бар, ендеше бұл қағиданы ескере отырып, жаңғыртушылар «адам көзіне»пара-пар келетін бұл дүниеде еш нәрсе жоқ деп есептелді. Сондықтан да Қайта жаңғыру дәуірінде өнер салаларының ішінде сурет салу және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығында да, дүниені тануда қатар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің мүмкіндіктері мол, олай болса олардың дүние танымдық мақсаттарды шешудегі белсенділігінің сыры да осында болса керек.Ал бұл жағдай итальяндық Қайта жаңғыру дәуірінің көркемдік сипатта болуына тікелей әсер етті.

       Дүниені дүр сілкіндірген, бұл  күндері Париждегі Лувр музейінің  інжу-маржаны болып отырған «Мона Лиза-Джоконда» туындысы ғасырлар бойы көрген адамды таң қалдырып келеді. Леонарда «Джоконданы» салуда ұзақ еңбектенді, қажымай жетілдіре түсудің нәтижесінде баға жетпес асыл мұра қалдырды. Оның көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп болмаса да, оның бірден-бірін мыңмен айырбастауға болмайды, бәлкім оның қаламының құдіреті де осында болар.

       Осы орайда өнер тарихындағы ұлылардың бірі - Рафаэль Санти (1483-1520) нағыз кемелді шағында - 37 жасында қайтыс болғанына қарамастан артына мәңгілік өшпес мұра қалдырды. Оның атақты туындысы-«Сикст мадоннасы» Меккедегі қара тас арабтар үшін қандай киелі болса, «Сикст мадоннасы» еуропалықтарға да сонда йқасиетті дүние. Рафаэль өзінің әйгілі болған шығармалары «Афины мектебі», «Конестабиле құдай-ана», «Парнас» және басқаларында гуманиз идеяларын кейінен насихаттап адамның әлі де ашыла қоймаған рухани  мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады.

     Адамзат қоғамына мәңгілік рухани  азық болған шығармалардың авторы, тасқа тіл бітірген теңдесі  жоқ мүсінші, тамаша қыл қалам  шебері, сәулет өнерінің сарбазы,  өнердің қай саласының болсын  майталманы-атақты Микеланджело  еді. Оның өнерінің ішіндегі қай туындысын алсаңыз да алдымен адамды, оның ақыл-парасатын, оның бойындағы ізгілік қасиеттерді аңғарамыз. Микеланджелоның атақты мүсіндері- «Давид», «Моисей», «Бұғаудағы құл», «Өлім халіндегі құл», және т.б. қатар «Құдай ана Дони», «Кашино түбіндегі шайқас» сияқты суреттерінде қасірет шеккен халықтың қилы тағдыры, оның азаттық үшін күресі, ана жүрегі, ана махаббаты, сәулелі болашақ пен өмірдің санды көріністері нанымды берілген. Оның атақты «Давид» мүсіні туралы Вазарий таңдана былай деп жазды: «Микеланджелоның» қолынан шыққан Давидтің алып мүсіні қазіргі кез бен ежелгі дүниеде Грекия мен Римде жасалған мүсіндердің даңқын тартып алды. Шындығында да, тұла бойы ерлік пе күшке толы, өз ісінің әділдігіне сенімді, қуатты да сүйкімді Давидтың мүсіні азаттық аңсаған еолдің айбынды батырының,табиғат күштерін бойына жинақтаған ұлы адамның бейнесі болатын. «Давид» мүсіні дүниеге келген күн- Италия да ұлттық мейрам болып жарияланды, бұл өнер туындысына, жалпы өнер атаулыға деген халықтың асқан құрметі болатын.

     Италияның даңқын асырған ұлы суретшілердің бірі-Джотто ди Бон доне (1276-1337) болды. «Иуда ишараты»-талантты суретшінің ең әйгілі шығармасы. Көп адам қатысқан бұл композициядағы басты тұлғалар-Христос пен Иуда. Христос бейнесінен ізгіліктің, адамгершіліктің, сабырлылықтың белгілерін байқайтын болсақ, ал екінші бір кейіпкер Иуданың бойынан бір көргенде-ақ озбырлыұ пен сатқындық қасиеттерін жақбай танимыз. Екі жүзділік, күншілдік, зұлымдық сияқты жағымсыз қылықтар кейіпкердің жүзінен де, қимылынан да айқын көрінеді, Ізгілік пен зұлымдық арасындағы ымыраға келмейтін күрес-шығарманың негізгі идеясы. Орасан зор шеберлікпен жазылған бұл туынды Джоттоның есімін бүкіл Италияға йгілі етті. Көзінің тірісінде-ақ ол «Флоренцияның ұлы азаматы» деген ұлы абыройлы атаққа ие болды. Қайта жаңғыру кезеңінде талай өнер саңлақтары өздерінің өшпес туындыларымен әлемді таң қалдырды. Егер орта ғасырларда әлемнің кіндігі-Құдай деп саналса, ендігі жерде адам құдай дәрежесіне көтеріліп, мадақталды. 

Информация о работе Қайта жаңғыру мәдениеті