Андронов мәдениеті
Реферат, 14 Октября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтайарасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинскқаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоуховенгізген.
Работа содержит 1 файл
андронов мадениети.doc
— 386.50 Кб (Скачать)Андронов мәдениеті
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтайарасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинскқаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоуховенгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібіржерлерінен табылып отыр.
Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі — қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.
Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен территорияда табылуына және оның үлкен кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады.
Ескерткіштері
Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар).
Орталық Қазақстан
Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
- Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында кремация (мәйітті өртев) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
- Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
- Кейінгі кезеңі — Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі — мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы −2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.
Солтүстік және Батыс Қазақстан
Солтүстік Қазақстан
жеріндегі қола ғасырын, соның ішінде
Андронов мәдениетінің ескерткіштерін
зерттеген ғалымдар - К. А. Ақышев, Ә. М.
Оразбаев, Г. Б. Зданович, С. Я. Зданович
және т. б. Солтүстік
Қазақстанның қола
ғасырының кезеңдерге бөлуді, Андронов
мәдениетінің сатыларын, олардың хронололгиялық
мерзімдерін Геннадий Борисович Зданович
көпжылдарға созылған Жабай-Покровка,
Боголюбово, Куропаткино және тағы да
басқа ескерткіштерде жүргізілген қазба
жұмыстарының негізінде анықтады.Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ
қорымы кеңінен
мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген,
дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары
бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қост
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу
Ескерткіштері — Таңбалы, Қарат
Шаруашылығы
Андроновшылар қоныстары
дала өзендері мен оның жағаларына
егін, бау-бақша салып қоныстанған. Т
Мал
өсіру маңызды
роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімш
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.
Ежелгі кеншілер
Кен өндіру б.з.-дан
үш мың жыл бұрын пайда болды.
Мысалы, Жезқазған осы кезде-ақ кен өндіріле
бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау,
отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ
әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері
жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп,
одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа,
кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып
күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-
Халық, қоғам, әдет-ғұрып
Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған.
Діні мен өнері
Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болды.
Тастағы суреттер
Қола дәуірінің
жартастар бетіне салынып, кілегей
қоңыр қабыршақпен жабылып