Қазақ диаспорасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:36, реферат

Описание работы

«Қазақ диаспорасы» құбылысы соңғы уақытта еліміздіе әлеуметтік, гуманитарлық зерттеулер объектісіне айналуда. Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді, этникалық ауқымды бағдарларға теориялық сипат жасауға негіз болады.
Кеңес дәуірі кезеңінде ұлт саясаты үлкен бұрмаланумен жүргізілліп келгені белгілі. Көптеген халықтар өзінің ұлттық, ұлыстық дамуында тоталитарлық жүйенің қыспағын көріп келді.

Содержание

1. Кіріспе
2. Қазақ диаспорасы
3. Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептері
4. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
5. Өзбекстандағы қазақтар
6. Еуропадағы қазақтар
7. Моңғолиядағы қазақтар
8. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

казак диаспорасы.docx

— 42.33 Кб (Скачать)

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Қазақ диаспорасы 
  3. Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептері
  4. Шетелдерде қазақ  диаспорасының қалыптасуы
  5. Өзбекстандағы қазақтар
  6. Еуропадағы қазақтар
  7. Моңғолиядағы қазақтар
  8. Қорытынды

 

                                           Кіріспе

    «Қазақ диаспорасы» құбылысы соңғы уақытта еліміздіе әлеуметтік, гуманитарлық зерттеулер объектісіне айналуда. Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді, этникалық ауқымды бағдарларға теориялық сипат жасауға негіз болады.

Кеңес дәуірі кезеңінде ұлт  саясаты үлкен бұрмаланумен жүргізілліп  келгені белгілі. Көптеген халықтар өзінің ұлттық, ұлыстық дамуында тоталитарлық жүйенің қыспағын көріп келді.

    Қазақ халқы Ахмет Жұбанов айтқандай «мың өліп, мың тірілген» халық. Күлтегін, Білге қаған, Елтеріс ұаған билеген көк түрік заманындағы көк сүңгілі қақтығыстар, әлем әмірші болуға ұмтылған Шыңғыс хан тұсындағы ат сауырынан қан кешкен алтапат шайқастар мен жоңғар шапқынышылығы кезіндегі жойқын соғыстар, қалаберді қандыбалық Ресейге бодан болғаннан кейінгі жолбарыс жүректі Кенесары хан мен арыстан білекті Науырызбайдың, Исатай – Махамбеттің, Сырымның, Жанқожаның, Есеттің ұлы азаттық жолындағы көтерілістері ен даланы еркін жайлаған ержүрек қазақ халқының үнемі қанатын қырып, қатарын селдіретумен болған.

    Қазақ тарихындағы ең қайғылы кеңес үкіметі орнағаннан кейін басталады. Патша жарлығына қарсы 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің соңы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерісіне ұласты. «Жаным – арымның садағасы» дейтін қазақтар енді ақ және қызыл болып екіге жіктеліп, тағыда жауына жем болды. Азамат соғысы аяғы 1921 жылы ұлы жұтқа келіп тірелді. Жалғыз атын қонағына сойып беретін ақпейіл қазақ өзі ашығып жатса да орталыққа вагон – вагон азық – түлік жөнелтті.

    1932 жыл. Бұл қазақ халықының арғы – бергі тарихындағы ең қаралы жыл. XX – ғасыр басында дүние жүзі түркі тектес халықтары ішінде осман түріктерінен кейін 2 – ші орынға шыққан өскелең халық зорлықпен жүргізілген голощекиндік коллективтендіру кезінде тең жартысынан астамынан айырылды. Бұл бір халыққа бағытталған геноцид ішіндегі тарихта өте сирек кездесетін қанды қырғын еді. Қазақ халқының жартысынан астамы ажал құшағына беріліп, бұл зұлматты да соңына тастап, тарих көшімен ілгері жылжыды.

    1937 жыл. Кеңес империясын толықтай үрей билеп, әлемдегі ең үлкен державаның бас көтерер азаматтары сталиндік репрессия құрбандары болды. Осында террор қазақ жерінде 1926 жылдан басталып, Ж. Аймауытов сияқты боздақтар 1929 жылдың өзінде – ақ ату жазасына кесілді. Ақтар мен қызылдардың қырғынынан енді ғана ес жинаған халыққа тағы бір соққы 1937 жылғы репресия болды. Толық емес мәліметтер бойынша сталиндік қанды қырғын тырнағына кілең сайдың тасындай 70 мыңға жуық қазақ қайраткерлері ілінген. Бұл тарихи оқиғалар қазақтардың басқа республикаларға, шет елдерге кетуіне себепші болғандығы бізге анық.

    1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде «досына – адал, дұшпанына – қатал» қазақ халқының қару ұстауға азаматтары майданға жіберілді. Олардың 350 мыңы қайтадан оралмады. Қазақтардың қайта оралмауы сол мекендерге қазақ диапорасының құрылуына әкелген.

    Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл он жеті жыл толады. 1991 жылдан бастап республика тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады. Өткен он жеті жылдық мерзімде көптеген жұмыстар жүзеге асырылды; еліміздің шекарасы, төлқұжатымыз да мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді, ата-заңымыз қабылданды, демократиялық плюрализмнің құрылымдары пайда болды, ұлттық ақшамыз айналымға түсті, еліміздің қарулы күштері құрылды, жаңа елордамыз бой көтерді т.с.с. Қазақстан қоғамы бұрын-соңды болмаған елеулі өзгерістерді, әлеуметтік трансформациялануды бастан кешті. Соңғы жылдарда ғасырлар бойы ата бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізіп, өз қандастарымызбен мәдениетімізді да-жақты зерттеуге ұмтылудамыз. Осыған байланысты қазақ диаспорасы зерттеп, зерделеу қолға алынды.

    Ұзақ жылдар бойы әкімшілік – әміршілік жүйенің қыспағы мен асыра сілтеулер салдарынан ұмыт бола жаздаған ұлттық болмысымызды, тарихымызды білуге еліміз егемендік алғаннан кейін ғана жол ашылды. Соңғы жылдары жақын және алыс жатқан елдердегі қазақ диаспорасы тарихын: саяси-әлеуметтік, мәдени, демографиялық жағынан зертттеуді көптеген ғалымдар қолға алды. Қазіргі таңда интеграция мәселесі, қазақтардың санын көбейту мәселесі мемлекеттік деңгейдегі ең өзекті мәселердің бірі болып келеді. Сондықтан осы мәселелерге байланысты көптеген шаралар қолға алынуда. Ал ғалымдардың тұрғысынан сараптама беру, дүниетанымы ғылыми зерттеулер мен диаспоралогияға байланысты монографиялар жарыққа шыға бастады. Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігі бүгінгі күні қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік, тарихи, рухани және ғылыми жаңаруларға байланысты анықталады.

     Бір кездегі тұтас қоғам бөлініп-жарылудың аз-ақ алдында тұрды. Солшылдар, оңшылдар, неше түрлі ұлтшылдар – бәрі де елдің қоғамдық және экономикалық құралымының қандай болмағы керектігі туралы айтып жатысты. Бәрі де әлеуметтік, ұлттық, экономикалық әділеттіліктің қалпына келуін талап етісті. Әйтсе де оны әркім өзінше түсінетін – және бәрі де: әлеуметтік жеңілдіктер мен теңдікті қайта оралтуды талап ететін коммунистер, рынокты абсолюттендіру мен парламенттік республиканы жақтайтын либералдар, ата-бабаның қаны сіңген туған жерде қазақтардың ерекше құқы болуы керек деп мәлімдейтін ұлтшыл-патриоттар, өздерінің артықшылықтары – орыс тілінің мемлекеттік мәртебесі мен қос азаматтықты сақтау үшін күресетін орыс – славян қозғалысының активистері, бәрі де өзінше дұрыс айтатын. Жеке-дара алғанда олардың уәждері кәдімгідей иланымды естілетін, алайда бәрі қосыла келгенде әбден шатысқан және кереғар түйінге айналатын, ол түйін барған сайын тарыла келіп, жаңа туған мемлекеттілікті тұншықтыру қаупін төндіретін.

    Жақында ғана «кеңестік шинельден» шыққан, әлемнің баламасыз бір бейнесі мен ортақ құндылықтар жүйесі танылған адамдар бостандыққа қолы жеткеннен кейін де жұрттың бәріне бірдей жағатын біртұтас кереғарлықсыз ақиқаттың болмайтынын түсіне алмай-ақ қойды. Шынтуайтында, елдегі сол ауан тоталитарлық қоғамдық құрылыстың қирауына қайта құрудан кейінгі көзқарастың жалғасы еді. Қоғамға ондаған жылдар бойғы үн-түнсіз төзімнің өтемақысы қажет.

    Шындығында да қазақтар мың өліп мың тірілген халық. Міне, осы халық ХХ ғ. 90-шы жылдары қыран бүркіт көтерген күн сәулелі көк туын Біріккен Ұлттар Ұйымы сарайында желбіретіп, еркін дамудың жаңа сатысына көтерілді. Бұл халқымызға жаңа қуат, соны серпін берді. Тамырын тереңінен алатын алып бәйтерек сияқты ұлы халық жапырағын жайқалтты. 1992 жылы маусым – мамыр айларында дүниенің төрт бұрышындағы қазақтардың саны он жарым миллионға жетті.

    Қазақ қазір жер бетіндегі өскелең халықтарының бірі. Оның демографиялық даму мүмкіндігі зор. Тәуелсіздік алған елімізге шет елден ағылған ұлы көштің алды ата мекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр.

Қазақстан Республикасының  Президенті өзінің «Қазақстан – 2030»  жолдауында: «…ұлттық қауіпсіздіктің маңызды приоритеттерінің бірі демографиялық  және миграциялық саясат» - деп көрсетіп берді. Бұл дегеніміз қазіргі таңда жақын және алыс жатқан елдердегі қазақ диаспорасына да тікелей қатысы бар екендігін біз білеміз. Сондықтан тарихи демографияның, оның ішіндегі жақын және алыс жатқан елдердегі қазақ диаспорасын зерттеу қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелердің бірі.

    Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын шет елдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады. Кезінде қазақ жерінен әр түрлі себептермен көшіп кеткен немесе шекаралардың сан түрлі саясаттарға байланысты өзгеріп, өзеріксіз басқа елдердің азаматтары болып қалған қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» деген атау да берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриант» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен кұннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының біршама бөлігі (30%) өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүріп жатыр.

    Жалпы қазіргі кезеңде жаһандану процестері әлеуметтік-этникалық кеңістіктің барлық салаларын қамтуда. Сондықтан мемелекетіміз жаңарған кезеңде қазақ диаспорасы мәселесіне бетбұрыс жасап, оған тереңірек көңіл бөліп, жан-жақты сараптау, зерттеу тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

 

Қазақ диаспорасы   

    Қазақстан Республикасынан  шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы  сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Ортталық Азиямемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн. деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға,Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн. адам. Қазақ диаспорасышоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қ. д. жартылай этн., мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.

 

Қазақ диаспорасының  қалыптасып, дамуына қатысты саяси  себептер


     18 ғ-дағы жоңғар-қазақ соғыстары, қазақтардың Ресей үстемдігіне қарсы 18 – 19 ғ-лардағы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары, патшалық билік барысында Қазақстанда Столыпиннің агр. саясаты, Орт. Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, елде кеңес өкіметінің орнауы және азамат соғысы, ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қатысты жүргізілген геноцидтік саясат. Шығыс Түркістандағы (Шыңжаңдағы) қазақтардың қытай өкімет орындарына қарсы ұлт-азаттық күресі, 2-дүниежүз. соғыс; экон. себептер: Ресейгеқосылғаннан кейін және кеңестік ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі көшпелі жүйесінің күйреуі, 1960 – 1990 ж. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне еңбек көші-қоны, кеңестік жүйе күйрегеннен кейін нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасында орын алған уақытша тұрақсыздық; діни себептер: патшалық және кеңестік билік кезеңдерінде мұсылмандардың тауап ететін қасиетті жерлері болып саналатын Мекке мен Мәдинаға діндарлардың хажылық сапарменбаруының қиындауы, әсіресе, кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде дін басыларының: имам, қожа, молда, ишандардың, тақуа діндарлардың қуғынға ұшыратылуы, дін жолын ұстаушылардың, тіпті дінге сенушілердің қыспаққа алынуы.

Қазақ диаспорасының ата  жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 ж. солт.-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңт.-батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Бүгінде құрамалар қазақ-өзбек арасында қалған ирредент-маргиналдар болып саналады. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қ. д-ның әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, сарытабан сүргін болған көшпенді қазақ тайпалары солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай жөңкіле көшкен. Отаршылдық тудырған үркіншілік кезеңі шамамен 1650 жылдан 1916 жылға дейін жалғасып келді. Қытай мен Моңғолияға қарай қазақ жұртының үркіншілігі, әсіресе, азамат соғысы жылдары кең өріс алды. Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардия шылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. Алты жылға созылған (1916 – 21) ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары (1930 – 1934) 1,9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солт-нде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған. Қазақстан дүниежүз. қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының, ҚР-мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақ диаспорасы біздің мемлекетіміздің қазақтар тұратын елдермен сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.[1]

   Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы


    Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Алайда өкінішке қарай, қазақтардың бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамында болып шықты. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады.

Қазақтардың Қазақстаннан тыс  жерлерге лажсыздан қоныс аударуы  ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып  келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің  ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып  жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.

Көптеген ұлт-азаттық  көтерілістері аяусыз басып-жанышталғаннан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті.

   Өзбекстан


    Өзбекстан Республикасы Статистика орталығының ресми мәліметтері қазақтардың санын өте төмендетіп, 1 млн.-ға дейін жеткізіп отыр. Алайда қазақтардың саны 1 млн. 660 мың адам деп сеніммен айтуға болады, бұл шетелдегі қазақ диаспораларының үштен бірін құрайды. Олардың Өзбекстандағы жинақы тұратын жерлері Қарақалпақстан, Ташкент қаласы, Ташкент, Навои, Жызақ, Сырдария және Бухара облыстары. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзбек тарапына азаматтық алудың оңайлатылған тәртібі туралы келісім жасауды ұсынған болатын. Алайда Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі қолданылып жүрген ішкі заңдарына сілтеме жасай отырып оны кейінге қалдыруды ұсынып, оны қараудан бас тартты. «ҚР Азаматтығы туралы» Заңға қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін бұл мәселе шешілді. Мамандардың болжамы бойынша Отанына оралғысы келетін обасылар саны таяу жылдарда күрт өсіп, көшіп шығу жаппай бұқаралық сипат алуы мүмкін Мектептерде қазақ тіліндегі оқу құралдарының жетіспеуіне байланысты 2002 жылы Елшілік ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе ӨР Халыққа білім беру министрлігіне 5 млн. теңгенің оқулықтарын берді. 2005 жылы алыс және жақын шетелдегі, соның ішінде Өзбікстан, қазақ диаспорасының балалры үшін 5 сынып үшін 18 699 дана, 9-сынып үшін 19 300 дана оқулық пен оқу-әдістемелік кекшн жіберілді. Өзбекстанның білім беру министрлігі қазақ мектептеріне арналған оқулықтар шығаруды ұйымдастырды, алайда оқулықтардың жетіспеуінен және өзбек мектептерінің латын әліпбиіне көшуінен қазақ мектептері қысқарып жатыр. Көрші Өзбекстанда тұратын қазақтардың проблемалары аз емес, бұл ана тілінде білім алумен байланысты проблемалар, ана тіліндегі мерзімді баспасөздерге жазылуға шектеу қою, мәдениет, әдебиет, өнер саласындағы проблемалар, әдеуметтік-экономикалық проблемалар. Өзбекстанның аудандары мен қалаларында Қазақстан телевидениесінің хабарлары біртіндеп экраннан түсіп қалуда. Білім беру жүйесінде де өз қиындықтары бар, қазақ тіліндегі оқулықтар жетіспейді, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны жыл өткен сайын қысқарып келеді, Өзбекстанның жалпы білім беретін мекемелері латын графикасына көшуі білім алуға қосымша қиындықтар туғызады. Диаспораның 60%-дайы ауыл тұрғындары. Олар мақта мен күріш егеді, мал шаруашылығымен, соның ішінде қаракөл қойын өсірумен айналысады. Қалалықтар негізінен білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету және басқа да материалдық емес салаларда жұмыс істейді. Этникалық қазақтардың мемлекеттік билік органдарындағы өкілділігі лауазымды ұлтпен салыстырғанда өте төмен. Республиканың қазақтар тығыз орналасқан өңірлері – Қарақалпақстанда, Ташкент, Навои облыстарында диаспора өкілі басшылардың саны соңғы жылдары елеулі қысқарды. Оларды басшы орындардан, жалақысы жоғары немесе беделді лауазымдардан босатып жатыр. Қазақ диаспорасы бұларды өздерінің әлеуметтік, саяси құқықтарының бұрмалануы деп қабылдайды, сондай-ақ биліктегілердің мұндай әрекеттері республикадағы, әсіресе қазақтар жинақы тұратын жерлердегі әлеуметтік шиеленіске әкеп соғуы мүмкін. Тұрмыстық деңгейдегі этникааралық жанжалдар санының артуы осының жанама дәлелі бола алады. Диаспораның әлеуметтік мәртебесінің төмендеуі, оның материалдық жағдайының нашарлауы, тіршілік етудің көптеген салаларындағы кепілді құқықтардың жоқтығы – ауыр тиетін процесс, алайда оны республикадағы қазақ халқын ғана шеттету деп қарамау керек. Бұл объективті процесс, өтпелі кезеңмен байланысты және ұлтына қарамастан елдің барша халқын қамтиды. Әлеуметтік мәртебесінің төмендегеніне қарамастан қазақ этносының жоғары бейімделу мүмкіндіктері оған жаңа жағдайда да қоғамдағы өзінің орнын табуға көмектеседі.

Информация о работе Қазақ диаспорасы