Қазақстан және Дүниежүзілік сауда ұйымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 16:17, статья

Описание работы

Мақсаты: Оқушыларды көшеде жүруге тәрбиелеу.Жол ережесімен таныстыру,көшені қалай қиып өтуге,бағдаршамның қай түсіне өтуге болатынын түсіндіру. Оқушыларды байқампаздыққа,зейінділікке тәрбиелеу.

Работа содержит 1 файл

1-сабақ.doc

— 34.00 Кб (Скачать)

Көшеде  жүру ережесі 

Мақсаты: Оқушыларды көшеде жүруге тәрбиелеу.Жол ережесімен таныстыру,көшені қалай қиып өтуге,бағдаршамның қай түсіне өтуге болатынын түсіндіру. Оқушыларды байқампаздыққа,зейінділікке тәрбиелеу.  

Барысы:                                   Біз тұратын қаланы

Байқар  болсаң егерде-

Оны әбден  болады

Әліппемен теңеуге 

Құтты боп  әр қадамың

Күлсін  десең күнің әр-

Әліппесін қаланың

Ә,дегеннен біліп ал. 

Балалар,сендер жолда қалай жүру керек екенін білесіңдер ме? Жол тәртібін сақтай отырып,мектепке жету үшін қандай қауіпсіз  жолмен жүресіңдер? 

Оқушылардың көшеде жүру ережесіне байланысты білім  деңгейін тексеру.

Плакаттағы суретпен жұмыс жүргізу

Оқушыларды жол  ережесімен таныстыру

Ойын ойнату.

Жол үстінде  байқаған-аман болар апаттан-демекші, жолүстінде ойнауға болмайды.Жолдан өткенде алдыменсол, одан кейін оңға қарауды ұмытпаңдар.

Тұрған машина артынан қауіп төнуі мүмкін,жол  үстіне жүгіріп шығушы болмаңдар.

Сыныпты үш топқа  бөліп,плакаттағы сурет бойынша  әңгіме құрастырту.

Жолда жүру ережесі:

1.Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.

2.Көлік жүретін  жолмен жүруге болмайды.

3.Көшенің қиылысындағы  бағдаршамның қызылы жанғанда  жолдан өтуге болмайды.

4.Көшенің кез  келген жерінен өтуге болмайды.

5.Көлік жүретін  көшені бойлап жүруге болмайды.

                                      

«  ТРАМВАЙ» ойыны

Ойнаушылар қос-қостан ұстасып тұрады,ал бос қолдарымен ортадағы ұзын жіптен ұстайды.Бастаушы қолына жасыл,сары,қызыл дөңгелектер  ұстап он-он екі метр жерде тұрады.Егер бастаушы жасыл дөңгелекті көтерсе  «трамвай» алға жүреді, келесі жолы балалар айналып келгенде,қызыл не сары дөңгелек болса,онда тоқтап тұрады.Жасыл дөңгелек көргенде алға жылжиды.Алдын-ала белгіленген аялдамаларға тоқтап жолаушылар алуға да болады.

Енді балалар  өз беттеріңмен жүріп-тұруға дағдыланып,мектепке өздерің барып, өздерің келе аласыңдар  ма?

Олай болса  мына қағидаларды орындауға дағдыланыңдар:

Үйден мектепке, мектептен үйге дейін жүретін  қауіпсіз де қысқа жолды таңдап алып, осы жолдан бірнеше рет жүріп үйреніңдер.

Жолда жүру ережелерін үйренуге жалықпаңдар

Жарқыраушы тілімдерді пайдаланыңдар,ол сендерді жолдан өткенде  немесе жол жиегінде тұрғанда қауіпсіздендіре  алады. Жүргізушілер киімдегі немесе немесе мектеп сумкасындағы жарқыраған таспаны  күндіз де,кешке де анық көреді.Сендерді сақтандыруға ашық реңді киім көмектеседі.Бұл таспалардың арнйы флюоресцентті әсері бар:олардың жарық нұрын күні бойы оңай байқауға болады.Оған қоса,олардың сәуле қайтаратын дақасиетібар;жүргізушіге баланы кештің қараңғы кезеңінде байқау оңай,себебі таспа машина шамдарының сәулесін қайтарады.

Қорытынды.Балалар ,бүгінгі сабақтан сендер нені естеріңе сақтадыңдар? 

Жолдан қалай  өту керек екен?

Бағдаршамның  қандай пайдасы бар?

Қандай ескерту  белгілерін білесіңдер?

(Жаяу жүргіншілер өтетін жол,велосипед жолымен қиылысу,трамвай жолымен қиылысу, жол жұмыстары, тастар түсуі,шлагбаумы жоқ темір жол өткелі,балалар, тайғақ жол.)

Ал бүлдіршіндер, жол бойындағы алғашқы сапарларың сәтті болсын,кездейсоқ оқиғалардан  сақ бола алатындай сенімді болыңдар.Олай болса көшеде жүру ережелерін ұмытпай естеріңде сақтаңдар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Астана  қаласы

С.Мәуленов атындағы № 37 орта мектеп 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 

Мұғалімі: Татыгужинова К. Қ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Астана  

Информация о работе Қазақстан және Дүниежүзілік сауда ұйымы