Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 17:42, доклад

Описание работы

1914 жылдан басталған және оған патшалық Ресей де қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр – қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық – зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақстнда бірінші кезекте Сырдария облысның солтүстік – шығыс аудандарында, Жетісу облысының онтүстігінде және басқа бірұатар облыстарда қазақтардың жерлерін жаппай тртып алу жалғасып жатты.

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт.doc

— 64.50 Кб (Скачать)

                        

                  Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс            

 

       1914 жылдан басталған және оған патшалық Ресей де қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр – қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық – зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақстнда бірінші кезекте Сырдария облысның солтүстік – шығыс аудандарында, Жетісу облысының онтүстігінде және басқа бірұатар облыстарда қазақтардың жерлерін жаппай тртып алу жалғасып жатты.Тек Жетісу облысының бір өзінен ғана соғыстың алғшқы үш жылы ішінде 1800 мың десятина ең таңдаулы жайылымдық және егістік жерлер тартыпалынды, ал осы жерлердің шын қожалары - қазқтар шаруашылық жүргізуге жарамдылығы аз мүлде жармсыз шөл және шөлейт аудандарға күштеп көшіріліп жіберілді. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуліктерге, дін басыларын, қазқ әскерлері мен Ресейден және Украиндан қоныс аудрған шаруаларға үлестірілді. 1916 ж ортсына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн. Десятинаға жетті. Соғыс шикізатты, азық – түлік, малдың және басқа материалдық байлықтардың орсакн зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты қазақ халқының иығына жаңа ауыртпалықтар түсті: міндетті түрде ет тапсырылды, мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды,әрбір үйден жаңа соғыс салығын алу енгізілді,земстволдық салымдар және болыс басқарушыларын бағып – қағуға арналған байболыстық алымдар, сондай – ақ жол үшін төленетін және басқа салықтар мөлшері артты. Жергілікті халыққа салынатын салықтар соғыстың басталуымен байланысты 3 – 4 есе, ал жекеленген жағдайларда – 15 есеге дейін өсті 1916 ж таптық және ұлттық езушіліктің, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпы – ұлттық дағдарыстың пісіп – жетілу процесін тездете тсті. Соның жрқн бір көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын дерлік қамтыған 1916 ж ұлт – азаттық көтеріліс болды.Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік - экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни орталық езгінін күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекшілерді қанау, өлкенің қазақ және басқа бұрыннан тұрған жергілікті халықтары жөнінде царизмнің жүргізіп жатқан орыстандыру саясаты, соғықа байланысты қалың халық бұқарасы жағдайының күрт нашарлап кетуі, міне осыған алып келеді.Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 ж 25 маусымда- ғы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің 19 – дан 43 жасқа дейінгі «бұратандылық» еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Мемлекет әжетіне еріксіз алынандарды әрекеттегі армия қимыл жасап жатқан аудандарда қорғаныс құрылыстары мен әскери байланыс жолдарын салу жұмыстарына пайдалану жоспарланды.Қазақстан мен Орта Азияндан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан – 87 мың адам еріксіз алынуға тиісті болды.Шілденің басында Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Халық қаһарының соққысын алдымен тылдық жұмыстарға баратындардың тізімін тікелей жасаушы болыс басқарушылары, ауыл ағамандары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі қызметкерлері алды. Қазақтардың метрика куәлігінің жоқтығын пайдаланып, олар тізімге жасы нешеде екенін қарама, өз беттерінше кедейлерді енгізіп, ал байлардың балаларын пара бергені үшін шақырудан босатып отырған. Тізімдер жасау жүиесі іс жүзінде осындай жаппай парақорлық пен қызмет бабын теріс пайдаланушылық туғызды.Оның үстіне патша өкіметі орындары лауазымды адамдарды, болыстық, селолық және ауылдық басқарушылардың, жергілікті тұрғындардан шыққан полецейлік төменгі шендегілерді, имамдарды, молдаларды, майда несие мекемелерінің есепшілері менбухгалтерлерін, жоғары және орта оқу орындарының оқушыларын,үкіметтік мекемелер шенеуніктерін және дворяндық, құрметті азаматтық құқықпен пайдаланатын адамдарды армияға алудан босатты.Патшаның қатал жарлығына және жер – жерден оны орындаудағы әіділетсіздік тәсілдерге қатты ашынғн еңбекшілер қолдарына не түссе, сонымен қаруланып патша өкіметінің өкілдеріне, болыстық басқарушыларға, ауылдық ағамандрға, полицерлерге, қазақтарға, шенеуніктерге: «адамдар бермейміз» дегенайқаймен тарпа бас салып, сазайын тарттырды. Олар болыс басқарушыларының, ауыл ағамандарының кеңселері мен үйлерін өртеді, осылай ету арқылы тылдық жұмыстарға алынудан арыламыз деп аңғырт ойлап, іс жүргізу қағаздары мен әскерге шақырлатыңдардың тізімдерін жойды.Стихиялық қозғалыстар бірте – бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Торғай мен жетісу оның танылған жетекшілері А.Иманов, Ә.Жангелдин, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ө.Саурықов, Ж.Мәмбетов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.Көтерілістың бүкіл қазақстанды қамтып, царизмнің әскери-отарлаушылық және кең көлемді орыстандыру саясатына қарсы әрі белгілі бір дәрежеде ауылдардың бай-феодалдық басшы топтарына қарсы бағытталған ұлт азаттық қозғалысына ұласты.Осымен бірге бұл көтеріліс халық шаруашылығының дағдарысына және халықтың қайыршылануының ең шекті шегіне алып келген мипериалистік соғысқа қарсы бағытталды.Осы жағынан ол Ресей жұмысшы табы мен шаруаларының революциялық күресімен қабысты. 1916 ж көтерілістің басты мақсат қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұдан бұрынғы барлық күресіне қортынды жасайтын ұлттық және саяси азаттыққа жету болды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай - ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілері болды. Оған қазақ халқының өзге топтарының (байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай - ақ демократиялық интеллигенцияның өкілдері де қатысты.Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 ж ұлт - азаттық қозғалысы көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан оның оңтүстік облыстарын (Жетісу және Сырдария облыстары) айтпағанда бір ұлттық сипатқа ие болды.Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай - феодалдық басшы топтардың белгілі бір бөлігі, сондай - ақ жергілікті әкімшілік деп аталатының шенеуніктері патша жарлығын сөзсіз қолдады және оның басты жүзеге асырушалары болды. Қазақ интеллигенциясының батыл өкілдері (Боқин,Ниязбеков,Жүнісов) патша жарлығына қатал қарсы шықты, сөйтіп халықты қарулы қарсыластық көрсетуге шақырды, ал Қазақ газетінің төңірегіне топтасқан либералдық - демократиялық интеллигенцияның жетекшілері (А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,М.Дулатов) тартыншақтық позиция ұстанды.Олар еңбек армиясына адам алу жөнінен асықпауға, алдын - ала дайындық шараларын жүргізу керектігіне патша әкімшілігін көзін жеткізуге талай рет тырысып бақты, ал сонымен қатар, қарусыз халық царизмнің қатал жазалау шараларының құрбандарына айналатынын негізді түрде ескеріп , жарлықтың орындалуына қарсылықты көрсетпеуге шақырды.Көтерілістің аса ірі орталықтары Жетісу мен Торғай жері болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында-ақ бұқаралық сипат алды. Барлық жерлерде найза-сүңгілермен, аңшылық мылтықтармен, суық қарулармен қаруланған көтерілісшілердің жасақтары ұйымдастырылып жатты. 17 шілдеде Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Патша үкіметі орындары мұнда ірі әскери күштерді жеткізе бастады, әскери горнизондарды нығайтты, қазақ және қырғыз көтерілісшілерінің жазалау үшін Жетісудың қоныс аударған халқының дәулетті топтарынан қарулы жасақтар құрып жатты. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауларында, Салымсы станциясы маңында, Қастек , Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Лепсі оязының Садыр Матай болысында және басқа жерлерде болып өтті. Қыркүйек пен қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілердің едәуір бөлігі табан тірескен шайқастармен шегінуге, сөйтіп, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды.Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып- жаншылған кезде Торғай даласында ол күш алып, күннен-күнге өрістей түскен еді. Басшылығында А.Иманов пен Ә.Жангелдин тұрған Торғай көтерілісі ең қажырлы және ұзаққа созылған көтеріліс болды. Архивтік құжаттар дәлелдейтіндей, көтерілістің ең шырқау тұсында оған қатысушы жасақтарда 50 мыңдай адам болған. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден А.Иманов ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлінген жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды. Әрбір бөлімшенің басына тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы қойылды. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А.Иманов көтерілісшілердің сардарбасы -бас командашысы болып сайланды, оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. А.Имановтың көтерілісшісі әскерлері бақылауындағы аудандарда төменгі ауылдық- болыстық әкімшілік басқару қызметінен шын мәнінде шеттетілді, азаматтық үкімет көтерілісшілердің қолына өтті. А.Иманов пен ол басқаратын әскери кеңес арнайы тағайындалған адамдарға (ел бегі) көтерілісшілерді азық түлікпен және аттармен қамтамасыз ету тапсырылған тыл қызметін ұйымдастырды, ұстаханаларда қолдан жасалатын мылтықтар,қылыштар,қанжарлар, найзалар және басқа қарулар әзірлеу ісі жолға қойылды. 
22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршауға алды. Қаланы қүрсау бірнеше күнге созылды. Сол арлықта қалаға қарай үш бағыттан генерал - лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы келе жатты.Патша жазалаушыларының басым күштері жақындап қалған туралы хабар алып,көтерісшілер Торғайды қоршауын қойды және патша әскерлері отрядтарының алдынан шықты. 16 қазанд А .Иманов бастаған жалпы саны 12 мыңға жуық адамнан құралған сазбаздар Топқойма почта станциясы ауданында подполковник Катоминнің жазалаушы отрядтарына шабуылжасады.Көтерілісшілердің негізгі бұқарасы адам күшін сақтап қалу мақсатында қараша айының екінші жартысында Торғайда 150 шақырым жерге әкетіліп,Батпаққара ауданында шоғырландырылды. Осы арада 1916 жылы қараша айының екінші жартысынан бастап, 1917 жылы ақпанның орта шеніне дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалып тұрды. Көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасындағы айқастар Татырда, Ақшығамда, Доғал үрпек, Күйікте болып өтті. А.Имановтың штабы орналасқан Батпаққара ауданындағы ұрыстар шиеленісті. Ол ұрыстар 1917 ж ақпан айының екінші жартысында кең құлаш жайды. Сол шайқастарда А.Имановтың көтерілісшілері ақпан буржуазиялық- демократиялық революциясын қарсы алды.Қазақстанның басқа аймақтарында көтерілісшілерге патша жазалаушы отрядтарының басым күштерімен кекілескен ұрыстар жүргізуге тура келді. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 кавалерия жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады. Ал, Торғай көтерілісшілеріне қарсы патша өкіметі құрамына 17 атқыштар ротасы, 18 казактар жүздігі , 4 кавалерия эскадроны, 18 зеңбірегі, 10 пулеметі және басқалары болған экспедициялық корпус жіберді. Алайда жазалаушылар тура ақпан революциясына дейін көтерілісті сол бойы басып- жаншй алмады. Тек царизм құлатылғаннан кейін ғана Торғай облысындағы көтеріліс тиылды. Жетісудағы көтерілісті басу үшін 8750 найзалы 95рота , 3900 қылышты 24 жүздік, 16зеңбірек пен 47 пулемет жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ және қырғыз ауылдары жойылды, бейбіт тұрғандар құдалаушылыққа ұшыратылды. Патша өкімет орындары сондарына түскен 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың жергілікті тұрғындарының 1/4 бөлігі Қытайға қашуға мәжбір болды.Тек генерал- губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімдерімен Түркістан өлкесінде1917 ж 1 ақпанына дейін өлім жазасына 347 адам, каторглық жұмыстарға 168, түрмеде тұтқындалуына 129 адам кесілді. Ал оның сыртында сотсыз және тергеусіз атылып, жазалаушылар мен қоныс аударған селолар тұрғындарынан жасақталған отрядтардың қолдарынан қазақ тапқандары тағы бар.1916 ж көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық тарихында ерекше орын алды. Имперализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында А.Иманов пен көтерілістің басқа басшылары халықты өз уақытында Сырым Датұлы, И.Тайманов, М.Өтемісұлы, К.Қасымұлы мен Н.Қасымовтың басшылығмен болған ұлт азаттық қозғалысынан кейін бірінші рет 1916ж көтеріліс кең байтақ өлкенің барлық бөліктерін қамтып, бүкілқазақстандық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және импералистік саясатқа қарсы бағытта өрбіді. Халықты ұлттық және саяси азат ету жолындағы көтерілістің басты міндеттерімен салыстырғанда бұл көтерілістің таптық жағы екінші кезектегі мәселе болып шықты.

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым 

                                  министірлігі

          Құлан ауыл шаруашылық колледжі

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                  

            Қазақстандағы 1916 жылғы

                 ұлт-азаттық көтеріліс    
 
 

                

             Орындаған:Абдықадырова А.

              2курс.1топ «ЕжА» 

                         Тексерген:Қалықұлова М. 
 
 
 
 

                 Құлан 2011 жыл

Информация о работе Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс