Шыңғыс-ханның шабуылы және қыпшақтардың тағдыры

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 18:27, курсовая работа

Описание работы

Шыңғыс-ханның шабуылы және қыпшақтардың тағдыры

Работа содержит 1 файл

Семестровы.doc

— 121.00 Кб (Скачать)

    АЛМАТЫ  ЭНЕРГЕТИКА және БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

    Радиотехника  және байланыс факультеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Әлеуметтік  пәндер кафедрасы 
 
 
 

    Қазақстан тарихы 

    №1 семестрлік жұмыс 
 

    Тақырып: Шыңғыс-ханның шабуылы және қыпшақтардың тағдыры 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                      Орындаған: Ильяс Айдос

                                                           Группа: БРк-11-03

    Сынақ кітапшасының №113218

                                                               Тексерген: Раджапов  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Алматы 2011

    ЖОСПАРЫ:

    І КІРІСПЕ.............................................................................................................3

    ІІ  НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    а) Темучин (Шыңғыс-хан) басқарған монғол мемлекетінің саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, нығаюы....................................................................4

    ә) Шыңғыс-ханның шапқыншылығы, Орта Азия мен қыпшақ даласын жаулап алуы, ұлыстар, Алтын Орда...........................................................................6

    б)         Жаулап алудың зардаптары, қалалардың қирауы...............................11

    ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................14

    IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................15 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігі жарияланғаннан бастап-ақ  біздің ел Президенті Н.Ә.Назарбаев  қазақ тарихы пәніне ерекше назар аударды. Ол 1998 жылдың неліктен «Халықтар бірлігі және ұлттық тарих жылы» деп жариялануы туралы айта келіп: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы – бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» - деген деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл - ... туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат ... өзінің ата – бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз» деген болатын.

    Тарихты білу әрбір адамға қажет. Сонда ғана адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс анықтай алады.

    Тарихтың  маңызы туралы дүние жүзіне белгілі ойшыл ғалым Әбу-Насыр әл Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын», - деп айтып өткен жолдардан менің семестірлік жұмысымның,  «Шыңғыс – ханның шабуылы және қыпшақтардың тағдыры» деген тақырыбымның өзектілігі айқындала түседі. Халқымыздың ежелгі тарихын білуді мақсат етсек, Шыңғыс-хан және оның ізбасарлары кезіндегі түркі, монғол халықтарының тарихынан аттап өте алмаймыз. Себебі, монғол халықтары ежелгі заманнан бүгінге дейін түркілермен тағдыры бір болып, қилы кезеңдерді бастарынан бірге кешірді. Мен «Шыңғыс – хан кім?», «Монғолдардың шабуылы тұсындағы қыпшақтар тағдыры», «Шапқыншылық зардаптары» деген тақырыптар төңірегінде мағлұматтар жинап, кішігірім өзімнің зерттеу жұмысымды жүргіземін. Бұл маған кез – келген, жүрегі елім деп соғатын, қазақ көкейінде жүрген: «Шыңғыс-хан бізге кім?», «Бізде монғолдардың қаны бар ма, бізге қандай жақындығы бар?» - деген сұрақтарға жауап табуыма мүмкіндік береді. Тақырыпты алудағы мақсатым, міне, осыдан айқындалып тұр. Шыңғыс – хан шапқыншылығы кезінде оған табынған халықтар «моғул» немесе «монғол» деген атты қабылдап алған. Монғол нәсілі – көне заманда қалыптасқан адамзат қауымының аса үлкен нәсілдерінің бірі. Бүгінгі монғол нәсілі негізінен шашының қара, тік, қалың, көзінің қара, қоңыр түсті, бет, дене түгінің аз, жоғарғы қабығының қыртысты, эпикантусты, бетінгің жалпақ, мұрын сүйегінің аласа, мұрнының кішкентай болып келуімен сипатталады. Осы айтылған сипаттауларда қазақ ұлтына да тән, ұқсас белгілер бар. Бұның өзі өз алдына үлкен де қызық сұрақтар, мәселелер тудырады.

    Қыпшақ  даласын ұзақ ғасырлар бой билеген  Шыңғыс-хан және оның ұрпақтарының қазақ тағы да басқа түрік тілдес елдердің тарихында өздерінің үлкен іздерін қалдырып кетті. Сондықтан мен мақсатымда айтып өткендей семестрлік жұмысымда «монғол елінің құрылуы», «шапқыншылықтар тұсындағы қыпшақ тағдыры», «соғыс зардаптары» деген тақырыптар төңірегінде ой толғап, басқару жүйесіне кішігірім зерттеуімді жүргіземін.  
 
 
 

    НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

    а) Темучин (Шыңғыс-хан) басқарған монғол мемлекетінің саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, нығаюы.

    Моңғол  тайпалары әлеуметтік–экономикалық  дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.

    ХІІ–ХІІІ  ғасырлардың межесінде монғол қоғамында  феодалдық қатынастардың қалыптасу  процессі жүріп жатты. Бұл қоғам  екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар – монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол кей деректерге қарағанда белгілі монғол билеушісі ноян Есугэй (Есікей) бахадур отбасында кейбір мәліметтер бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы дүниеге келіпті. Монғол аңызына сүйенсек Темучиннің әкесі қият – борджигин руынан екен де, шешесі – қоңыраттың қызы екен. Әкеден ерте айрылып Темучин жастай көп қиыншылық көріп өсті. Ер жете келе сенімді жігіттерден қол жиып, ержүрек жауынгер деген атаққа ие болып, көшпелілер үстінен билік жүргізу үшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайында негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.

    Темучиннің  мәртебесін көтеруде оның керейттер ұлысының билеушісі Тоорил Ван ханмен ынтымақтасуы маңызды рөл атқарды. Керейттер ханының наймандармен, монғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучиннің атағы шыға бастады, ол соғыстарға Ван – ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғыс – хан белсене қатысты. ХІІ ғасыр ақырында Орта Азия далаларының ықпалды көсемдері дәрежесіне көтерілді.

   1185 жылы Ван хан, Тимучин және монғол тайпасы джаджираттан Джамуха Селенга өзенін сағалаған меркіт ұлысын талқандайды. Жеңіс Темучиннің құдіретін арыттырып, оны басқа да белгілі билеушілер қатарына қосты, Тимучинге жалайыр, барлас, тағы басқа рулар қосылды. Тимучин өзінің қолдаушысы Ван ханға қызмет етуін жалғастыра түсті. 1194 жылы Ван ханды наймандар көмегіне сүйенген інісі Эрхэ Хара керейттер ұлысынан қуып шықты. Ван хан таңғұттар еліне Шығыс Түркістандағы ұйғырлар мен қарақытайлар арасына паналайды.

   1198 жылы Ван хан және қазіргі Манчжурия территориясындағы Чжурчжей мемлекетімен тізе қосқан Темучин татар ұлысына жорық ұйымдастырып, оны тас – талқан етті.  

   Шыңғыс  – хан керейттер мен наймандар  ұлыстарының билеушілерін талқандаған  кезде ол Орталық Азия далаларындағы  бірден – бір құдіретті қолбасшыға айналып, мұны саяси тұрғыдан баянды етті. 1206 жылдың көктемінде Онон өзенінің сағасында Шыңғыс – ханды жақтайтын көшпелі шонжарлардың құрылтайы өткізіліп, сонда ол тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ақ ту желбіреген жағдайда салтаннатты түрде ұлы хан деп жарияланды. Сонымен бірге құрылтай Темучинге Шыңғыс – хан атағын бекітіп берді, бұл оның өз есімінің орнын басты. Темучин – Шыңғыс-хан  былай деп мәлімдеді: « Мен ... түрлі мемілекетті ақиқат жолына бағыттап, халықтарды өзімнің біртұтас билігіме қараттым». Мүмкін, ол Батыс пен Шығысқа жасаған жорықтарының нәтижесінде өзінің қандай шыңдарға шығатынын білмеген де болар, атап айтқанда, қашқан наймандар мен меркіттерді қуалай отырып, оларды 1208 жылы Ертіс жағалауында екінші рет талқандады.

   Бірлесіп  қимылдаған меркіттер мен наймандар  тобы 1209 жылы ұйғыр билеушісі өз иелігіне өтуге әрекет жасаған кезінде тас – талқан етті. Соның салдарынан олардың жолдары екі айрылды.

   Талқандалудан аман қалған найман тайпаларын Күшілік  – хан Жетісудағы қарақытайлар иелігіне әкетті, ал меркіттер Орталық Қазақстан далаларындағы қыпшақтарға қашты. Наймандардың едәуір бөлігімен Жетісуға ығысқан Күшілік – хан онда қалыптасқан күрделі жағдайды пайдаланып онда қалуға тырысты.

   Аласапыранның басты кінәлілері Шығыс Түркістандағы  Тұрфан князьдігінің ұйғыр билеушісі  және қарақытайларға вассалдық тәуелділікте болған Жетісу қарлұқтар мен қаңлылардың мұсылман билеушілері еді. Бір сыпыра уақыт бойы Жетісу мен Шығыс Түркістанның жергілікті князьдіктері қарақытайлардың жоғарғы билігін таныды, бірақ ХІІ – ХІІІ ғасырлар шебінде іс жүзінде тәуелсіз болып алды. Сондықтан қарақытайлардың гурханы (билеушісі) найман жауынгерлерін бағынбайтын вассалдарын басып – жаныштау үшін пайдаланбақшы болып үміттенді. Гурханның сеніміне кірген Күшлік – хан 1210 жылы гурханды тахтан тайдырып, мемлекеттегі билікті басып алды, бірақ гурханды өлтіруге батылы бармай оған биліктің сырттқы белгілерін қалдырды. Күшілік қарлұқтарды, қаңлылар мен ұйғырларды өзіне бағындыруға ниеттеніп, оларға қарсы ойран салған шабуылдар жасады.

   Осындай жағдайда қарлұқтардың Арслан – ханы, Іле өзенінің аңғарларындағы Алмалықтың билеушісі Озар(Бұзар), ұйғыр билеушісі Баршық арт-тегін наймандардың жауы Шыңғыс – хан манғолдарынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Арсылан – хан мен Баршық арт-тегін өз иеліктері шегіндегі қарақытай наместниктерін өлтірді.

    1206 жылдың көктемінде Онон өзенінің  сағасында Шыңғыс – ханды жақтайтын көшпелі шонжарлардың құрылтайы өткізіліп, сонда ол тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ақ ту желбіреген жағдайда салтаннатты түрде ұлы хан деп жарияланды. Сонымен бірге құрылтай Темучинге Шыңғыс – хан атағын бекітіп берді, бұл оның өз есімінің орнын басты. «Шыңғыс-хан» – деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Онда Темучин – Шыңғыс-хан  былай деп мәлімдеді: « Мен ... түрлі мемілекетті ақиқат жолына бағыттап, халықтарды өзімнің біртұтас билігіме қаратам».

    Осылайша  Орталық Азияда құдіреті күшті Шыңғыс-хан империясы құрылды.

    Шыңғыс-хан  құрған мемлекеттің негізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципі алынды. Бүкіл территориясы мен халқы  оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратын кешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.

    Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты мақсаты – ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделерінен шығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу.

   Бұл билеушілердің 1211жылы Шыңғыс – ханға бағынғаны қытай, монғол жіне мұсылман (араб-парсы тілдеріндегі) жазбаша деректемелерінде анығырақ айтылады.

   1211 жылы Жетісуға монғолдардың алғашқы  келуі сол оқиғалардың салдарынан болған еді. Бірақ ол ұзақ уақыт болған жоқ, өйткені Шыңғыс – хан оларды солтүстік Қытай жеріндегі Цзинь империясымен соғысуға кері шақырып алды.

    1216 жылы бұл науқан ойдағыдай аяқталғаннан кейін монғолдар Батысқа қарай жылжуын қайтадан бастады. Шыңғыс – хан өзінің үлкен ұлы Жошыға қыпшақтарға қашып барған меркіттерді қыруға, ал сенімді қолбасшыларының бірі Жебе – ноянға Күшлік – ханды жазалауға бұйырды. 1218 жылы Күшілік - хан талқандалды да, монғолдар оның Жетісудағы иеліктеріне кірді, оларды христиан наймандар мен буддистердің қысымынан қатты зардап шеккен жергілікті мұсылман тұрғындары қуана қарсы алды.     

    ә) Шыңғыс-ханның шапқыншылығы, Орта Азия мен қыпшақ даласын жаулап алуы, ұлыстар, Алтын Орда. 

    Шыңғыс-хан  шапқыншылығы тұсындағы Қазақстан, қыпшақ даласы жайында құнды деректердің көбін бізге араб, қытай, парсы саяхатшылары мен тарихшылары жазып қалдырған.

    Араб  жазушысы Ибн-Васылдың айтуы бойынша, 1229 – 1230 жылдары қазіргі Батыс  Қазақстан территориясында «татарлар (манғолдар) мен қыпшақтар арасында соғыс жалыны лаулаған». Ол 1237 жылы тағы қайтаанды. Әсіресе, қыпшақ Бачман басқарған топ көп қарсыласады. Оларға қарсы ұйыдастырылған әрекет туралы «Юань-ши» басқа қытай деректері мен ХІІІ-ХІV ғасырлардағы парсы тарихшылары да айтады.

    Саяхатшы  ибн Баттутаның еңбектері де осы дәуірге сай келеді. Ол Танжер (Мағриб) қаласында туып, сонда білім алып, қазылық қызмет атқарған.  “Тухфат ән-нузар фи ғараиб әл-әмсар уә аджаиб әл-асфар” (“Қалалардың таңқаларлық ғажайыптары мен саяхат тамашасына тамсанушыларға тарту”) атты кітабында өзінің сапарлары жайында баяндайды.

    Еңбекте сол замандағы Ресейдің оңтүстігін мекендеген ортағасырлық қыпшақтардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, қыпшақ даласының территориясы, монғол шапқыншылығы тұсындағы қыпшақтардың тағдыры жайлы бағалы дерек келтірген мағлұмат аламыз.

Информация о работе Шыңғыс-ханның шабуылы және қыпшақтардың тағдыры