Шыңғыс-ханның шабуылы және қыпшақтардың тағдыры

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 18:27, курсовая работа

Описание работы

Шыңғыс-ханның шабуылы және қыпшақтардың тағдыры

Работа содержит 1 файл

Семестровы.doc

— 121.00 Кб (Скачать)

    1380 жылы Куликов даласындағы зор  шайқаста Алтын Орданың Мамай  бастаған қалың қолын орыс  князьдерінің жеңуі Алтын Орданың құлауын тездетті.

    XIV ғ. аяқ шенінде, яғни 1391 – 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын  Ордаға бас көтертпестей етіп  екі рет күйрете соққы берді.  Осыдан соң ол бірте – бірте  ыдырай бастады. XV ғасырдың басында  Тоқтамыс хан мен Едіге бидің  өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XV ғ бірінші жартысында онан бұлғарлар, казан (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моңғолдардан толық тәуелсіздік алды.

    Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға  қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады.

     

    б)  Жаулап алудың зардаптары, қалалардың қирауы. 

    Өзіміз  білетіндей ешқандай соғыс зардапсыз, үлкен шығынсыз болмайды. Сондай соғыс елдегі мәдениеттің дамуына, экономиканың өрлеуіне мейлінше үлкен зардап, қара халықтың өмірінде орны толғысыз қайғы алып келеді. Менің көзқарасым бойынша соғыс елдер арасында қиындықтар тудырып, қайғы – қасірет алып келмесе, ешқандай пайда бермейді. Манғол шапқыншылығы тұсындағы қыпшақтар жайындағы мағлұматтарды біз көбіне араб тарихшыларынан аламыз. Омаридың “Масалық әл-әбсар фи-мамалық әл-әмсар” (“Қалалар иеліктеріне көз жіберу жолдары”) атты энциклопедиясының жеке томдарында Шығыс пен Батыс аралығындағы өзі білетін барлық мемлекеттер жайлы жазылған. Мұнда Шыңғысхан шапқыншылығының Орта Азия мен Еділ бойына, Кавказға тигізген әсері, Дешті Қыпшақ жеріндегі қалалар мен сауда жолдары, қыпшақтардың орналасуы, әдет-ғұрыптары туралы әңгімелейді.

    Ибн әл-Асирдің 1232 жылға дейінгі саяси  оқиғаларды қамтитын тарихи еңбегінде моңғол шапқыншылығы, оның зардаптары жайында баяндалған. Ибн әл-Асирдің замандасы хорасандық тарихшы, Хорезмнің соңғы шаһы Жәлел әд-Диннің сарай хатшысы және өмірбаяншысы ән-Несауидің “Сират ас-сұлтан Жәлел әд-Дин Манкбурни” (“Жәлел әд-Дин Манкбурни сұлтанның өмірі туралы”) атты еңбегінде түркі тайпаларымен, соның ішінде қыпшақтармен тығыз байланыс жасаған Хорезмнің ішкі, сыртқы саясаты, монғол шапқыншылығы жайында құнды деректер келтіріледі. Шығармада Хорезм мен қыпшақ даласының достық қатынасы да, қарулы қақтығысы да баяндалады, қыпшақ қоғамының ішкі құрылысы, оның шаруашылығы, тұрмыс-жағдайы жайында мәліметтер бар.

    Шыңғыс-хан  әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған  елдер үшін өзінің зардабы жағынан  ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың  экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті.

    Моңғолдардың  жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» - деп жазды.

    Жергілікті  халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс - хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті.

    Жетісуда  шаруашылықтың құлдырауы. Моңғол феодалдарының  үстемдігі орнағаннан кейін туған  ауыр зардаптарының әсері ешбір  ұрыссыз – ақ басып алынған  Жетісу жерлеріне күшті тиді. Бірақ, жазба деректемелер мен археологиялық мәліметтер Жетісудағы қала мен отырықшы – егіншілік егісінің едәуір бүлінгенін, егістік үшін игерілген жерлердің өлкеде моңғол үстемдігі орнығаннан кейін алғашқы ондаған жылдарда – ақ жайылымға айналдырғанын дәлелдейді.

    Француз королі IX Людовиктің моңғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі Рубрук моңғол шапқыншылығынан кейін 30 жылдан астам уақыт өткен соң, 1253-1255 жылдары Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып болғандығы туралы алғашқылардың бірі болып дәлелдемелер қалдырып кеткен.

    Ұлыстар құрылғаннан кейін Жетісуға моңғол көшпелілердің қалың топтарының келіп қоңыстануы салдарынан егіс танаптары, өңделетін жерлер күрт азайып, экономиканың көшпелі мал шаруашылығы секторы отырықшылық сектор есебінен күшейе түсті.

    Елді  мекендерді қирату, егістікті малға  таптату, бау – бақшаны, ирригациялық жүйелерді жойып жіберу, отырықшы – егіншілікпен шұғылданатын халықтың қырылып, босып кетуі, оның көрші  қалалармен және егіншілікпен шұғылданатын өлкелермен, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстанмен экономикалық байланысының күрт азаюы – осының барлығы Жетісудағы шаруашылықтың құлдырауына және қалалардың өмір сүруінің экономикалық негізінің әлсеруіне әкеп соқты.

    Тоқырау мен материалдық жағынан ғана әсерін тигізіп қоймай, Қазақстан жеріндегі халықтардың қоғамдық жағынан рухани мәдениетінің дамуына үлкен кесел келтірді. Өйткені моңғол қоғамының даму деңгейі Қазақстандағы дамудың деңгейінен әлдеқайда төмен еді. Әскер күшіне сүйенген, жаулаушылыққа сай құрылған көшпелі әскери феодолизмнің шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына тәжеу жасады. Әсіресе, жаңадан халық болып қалыптасып келе жатқан халықтың құрамының шырқын бұзып, қазақ мемлекеттігінің пайда болу процесін екі ғасырға кешеуілдетті. Бұл шапқыншылық Қазақстан жеріне алым – салықтың ауыр зардабын, қайғы – қасіреттің, золық – зомбылықтың күшін орнатты.

    Зерттеушілердің айтуынша салықтың 20 шақты түрі болған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Бұл семестрлік жұмысты жазу барысында  мен өз алдыма қойған мақсаттым мен  сұрақтарыма қажетті деңгейде жауаптар алдым. Зеріттеу нәтижелері төмендегідей  анық мағлұматтар алуға және белгілі бір дәрежеде тақырыпты қорытындылауға мүмкіндік береді:

    1. Шынғыс-хан – шындығында тарихта болған; соғыс өнерін, ел басқару ісін өте жоғарғы дәрежеде игерген; алдына қойған мақсатына жете білетін; көреген, батыр қолбасшы; ақылды, ұшқыр ойлы хан.
    2. Монғолдардың қыпшақ даласына жасаған шабуылдарының нәтижесін екі түрлі көзқарас тұрғысынан талдауға болады:

    а) Жақтаушылар: Монғол басқыншылығының апатты зардаптарымен бірге кейбір жағымды жақтары да болған. Монғол өкметтері сауда – саттық пен халықаралық байланыстардың дамуына жағдай жасады, жер – жердің бәрінде пошта және көлік қатынасы қызметін енгізді. Монғолдар бір орталыққа бағынатын өкімет идеясын әкелді, бұрын ұйымдаспаған тайпалардың басын қосады. Көшпелі өмір тәртібін Шыңғыс-ханның заңдар жинағы – «Ясасына» сәйкес келтіре бастайды. Кейін «Ясаның» кейбір нормалары қазақ заңдарында белгілі дәрежеде пайдаланылды. Мемлекеттің әлеуметтік ұйымы мен түрлерінің көптеген нормалары монғол дәуірінен кейін Қазақстанда пайда болған мемлекеттерде қажетке асырылды. Монғол жаулаушылығы Қазақстан жеріндегі этникалық процестер барысына да әсер етті.

    б) Қарсы шығушылар: Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік және этникалық дамуын тежеді. Монғолдардың шапқынылығы салдарынан өндіргіш күштер әлсіреді. Көптеген қалалар қиратылып, орта ғасырлық қала мәдениетіне үлкен зиян келтірілді. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі отырықшылық өмір мен егіншілік мәдениетіне бұл ауыр соққы болып тиді. Бағындырылған халықтан алынатын алым – салық та ауыр және көп болды.

    3.  Барлығымызға айқын болғандай Шынғыс-хан өз заманында бүкіл Қазақстан жерін уысында ұстаған. Оның ұрпақтары Шынғыс-хан қайтыс болғаннан кейін, Монғол империясының құлдырауы барысында Қазақстан жеріндегі жаңа мемлекеттердің құрылуында маңызды істер атқарды. Құрылған жаңа хандықтардағы тахқа тек Шыңғыс ұрпақтары ғана отырды. Ендеше сол замандағы қапшақ даласын мекендеген қаңлы, найман, керей, тағы да басқа қазақ тайпаларының біздің арғы ата – бабаларымыз екенін ескерсек, онда Шынғыс-ханның бізге белгілі бір дәрежеде жақындығы, туыстығы бар деуіме әбден себеп бар.

    Бұл тек менің зерттеу нәтижелерім  мен зерттеуші ретінде айтқан пікірлерім. 
     
     
     
     
     

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

   
  1. Әл-Омари  «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т.
  2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. І том. – Алматы: «Атамұра», 1998.
  3. К. Аманжолов, «Қазақстан тарихы» - Алматы «Білім», 2004
  4. Джагфаров Н.Р. Монголо – татарское нашествие. Казахстан в составе Монгольской империи. – Алматы: АИЭС,  1998.
  5. Аль – Фараби. Избранные трактаты. – Алматы, 1994.
  6. Золотая Орда. Казахское ханство. Дешт-и-Кыпшак. Х-ХV века. –Алматы, 2004

Информация о работе Шыңғыс-ханның шабуылы және қыпшақтардың тағдыры