Ақпарат жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 15:58, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.

Содержание

І.Кіріспе бөлім
1.2. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
1.3. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.2. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.3. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4. Математикалық жабдықтау
1.5. «Cалық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты
есептеу және төлеу тәртібі.
2.2.Салық төлеушілердің міндеттемелері және жауапкершілігі
2.3. Программалық жабдықтау
2.4.Бағдарламалық жабдықтау құрылымы.
2.5. Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы
ІІІ. Қорытынды бөлім
3.1. Қорытынды
3.2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Акпараттык жуйе.DOC

— 205.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

                        Жоспар

 

 

І.Кіріспе бөлім

1.2. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы 

   1.3. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

1.4.1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар

   1.4.2. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

1.4.3. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар

   1.4.4. Математикалық жабдықтау

1.5. «Cалық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдауң ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы.

ІІ.Негізгі  бөлім

            2.1.Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты                                        

                    есептеу және төлеу тәртібі.

            2.2.Салық төлеушілердің міндеттемелері және жауапкершілігі

 2.3. Программалық жабдықтау

            2.4.Бағдарламалық  жабдықтау құрылымы.

            2.5. Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы

ІІІ. Қорытынды  бөлім

              3.1.  Қорытынды

              3.2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің  көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.

Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде  және Қазақстан Республикасының  Салық заңнамалары мен Кодексі  арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды. Қазақстан республикасының Салық комитетінің Қаржы министрлігіне қарайды. Алматы бойынша Салық комитеті алты аудандық Салық комитетін басқарады. Қаржы министрлігінен келген барлық нұсқаулар осы Алматы қаласы бойынша Салық комитетіне келеді, ал ол нұсқауларды аудандық Салық комитеттеріне таратады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден  тұратын күрделі модель. Салық  жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Біздің басты мақсатымыз салық жүйеснің механизмінің жұмысының тиімділігін арттыру. Осыған орай ЭЕМ базасында экономикалық талдауды  автаматтандыру барынша объективті қажеттілік болып тұр. Ол  сапалы ақпаратты қызмет процесінің қожалық іскерлігіне ЭЕМ – нің техникалық өркендеудің дамуына осы заманғы экономиканың даму айналымының  артықшылықтарына негізделген.

Берілген жұмыстың негізгі  мақсаты қаржы аналитигінің ақпараттық жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол оның жұмысын жеңілдетуін қамтамасыз етіп кәсіпорынның қаржы мүлкін талдауға мүмкіндік береді.

Берілген  жұмыстың шарты  мынандай: «Алматы қаласы бойынша  Салық комитетің қызметімен танысу, талдау  ақпаратының сараптамалық жүйесіндегі кемшіліктерді анықтау, жаңа ақпараттық жүйені жобалау, ақпараттық жүйені жобалауда негізгі міндеттерді айқындау.

Бұл жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың 1-бөлімінде  «Алматы қаласы бойынша Салық  комитетініңң сипаттамасы берілген, ұйымның негізгі атқарылатын салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжау көрсетілген ақпараттық жүйе негізінде «талдау және болжауң бөлімінің жұмыс орыны қарастырылады, сондықтан оның, іскерлік өрісі, салық және басқа да міндетті төлемдердіңбюджетке түсуін талдаудағы ұйымдастыру жұмыстарын  жүргізу қарастырылады. Сонымен қатар, экономикалық ақпаратты сараптау жүйесін талдау және оның кемшіліктерін айқындау, негізгі қамтамасыздандыру түрлері мен ақпараттық жүйедегі міндеттерді көрсету, бағдарламалық құралдардың сипаттамасы мен осы берілген комплексті сұрақтарды шешу және олардың кемшіліктерін  анықтау баяндалады.

Екінші бөлімінде ақпараттық жүйенің орындайтын комплексті  есептердің қойылымын құру көрсетілген, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжаудың ақпаратты базасын ұйымдастыру және  комплексті  сұрақтарды  шешілу  жолдары келтірілген.  Бағдарламалық   жабдықтаудың  құрылымы,  ақпараттық жүйе  құрудағы  қолдану ережесі  берілген  және  ақпараттық жүйені пайдаланудағы  ережелерді  жеңіл   шешуге   мүмкіндік  береді.

Үшінші  бөлімде   АЖ  жасаудағы  кеткен  шығынның   бағасы  және  оның  нәтижелілігін   анықтау    қарастырылған,  сонымен  бірге  нәтижені   талдау,  негізгі   ақпараттық  өнімді  таратудағы  негізгі  міндеттерді  қолдану,  салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжаудың  комплексті   есептерді  шешудің  технологиясын  өркендетуге   ұсыныс  пікір  айтылған.  

 

1.2. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы

 

Ақпараттық жүйені құрудың  мақсаты Қазақстан Республикасының  Қаржы Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің жұмыс  істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде  индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Осы қатынастар жүзеге асқан кезде, яғни Қазақстан Республикасының территориясында шаруашылық әрекет еткен заңды немесе жеке тұлғалар мемплекеттік бюджетке салық төлеуге тиіс. Бұл сала соңғы озық технологияларды падаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, салық ставкаларын, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.

Бұл  талаптар мыналар:

Ақпараттық жүйелер  ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық жабдықтауға  қойылатын талаптар.

Ұйымдастырумен жабдықтауға  қойылатын талаптар

Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Программалық жабдықтауға  қойылатын талаптар.

 

1.3. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды  жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі  бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде  көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші  мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

 

1.4.1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Ақпараттың қолдануысыз  басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды  ұйымдастыру өте маңызды.

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.

Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.

Машина ішіндегі ақпарат  базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.

Ақпараттық  жабдықтау

2-кесте

Элементтер

Сипаттамалар

Ақпараттық технология

Мәліметтер базасында  негізделген

Мәліметтер базасы типі

Реляциондық

Кодтау жүйесі

Фасеттік жүйе

Ақпараттық қорғау

АЖ-мен жұмыс істеу  кезінде парольдер жүйесі қолданылады.


 

1.4.2. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Техникалық жабдықтау  – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді  қолданылатын техникалық жабдықтар  жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең  жеке операциялардың, олардың жиынтығының  орындалуы арқылы жүзеге асады.

Барлық операцияларды  үш сатыға топтауға болады:

Ақпаратты алу.

Ақпаратты түрлендіру.

Ақпаратты тұтыну.

Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.

Екінші саты – ақпаратты  түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.

Үшінші саты – операциялар  тобын және олардың бас қарушылық  шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.

Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар қолданылады:

Ақпаратты жинау және тіркеу;

ақпаратты өткізу;

машиналық тасығыштарды дайындау;

ақпаратты өңдеу;

ұйымдастыру техникасы.

Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.

Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.

Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық  тасығыштарға, оның ішінде магниттік  табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.

 

Техникалық құралдар кешені

3-кесте.

Техникалық құралдар атауы

Физикалық модуль

Сипаттамалары

ДЭЕМ Іntel Pentіum 4

Процессор

Зерделік сақтаушы құрылғы

МҚДЖ

Монитор

Перне  тақтасы

Тышқан

Іntel, 2.4MHz

 

512Mb

80Gb

19 дюймдік

105 батырмалы

2 баспалы

Принтер

Принтер

HP LaserJet

Факс – модем

Факс – модем

Sony – 42S

Телефон

Телефон

Panasonіk


         

       1.4.3. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Информация о работе Ақпарат жүйесі