Ақпараттық технология бүгінгі күн талабы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:36, доклад

Описание работы

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ақпаратты технологияның білім саласына әсері
2.2 Ақпаратты технологияның жалпы қоғамда алатын орны
ІІІ. Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша

Работа содержит 1 файл

Жоспар.docx

— 24.18 Кб (Скачать)

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

    2.1 Ақпаратты технологияның  білім саласына әсері

    2.2 Ақпаратты технологияның  жалпы қоғамда алатын орны

ІІІ. Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстан  Республикасында  ақпаратты технология өте қарқынды дамуда. Бұған бір  себеп  тәуелсіз  еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ тарауы, 18-ші бағытының 7-ші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17-ші бағыттың 3-ші тармақшасында «он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. 
 
        Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.

 
         Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық.

         Ал жалпы қоғамдағы  ақпаратты технологияның ең бастыларына күнделікті тұрмыста қолданып жүрген телефондар, ұялы телефондар, компьютерлер, теледидарлар, терминалдар, банкоматтар, роботтар жатады.

Негізгі бөлім.

2.1  Ақпаратты технологияның білім саласына әсері

 
         Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда.Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.

2.2 Ақпаратты технологияның  жалпы қоғамда алатын орны

         Ақпараттық технология (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.Ақпараттық технология — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Телефондар

           Ақпаратты технологияның бірі, күнделкті қолданыстағы телефон болып табылады. Жиырмасыншы ғасырда кез келген ауылда байланыстың қажетті бір түрі радиостанциямен жабдықталмағаны ересек адамдардың естерінде шығар. Техникалық прогресс бір орында тұрып қалмайды, бүгінде әр үйде радиотелефон бар. Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтафонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.Қалта телефонының және бір еліктіргіш тұсы — ұялы агент. Онымен қазір бәрі шұғылданады. Бұл агентке компьютермен де, кішкентай телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің барлық адамымен танысуға болады. Осы турасында танысымнан естігенімдей, топта 26 оқушы болса, оның 12-сі сабақтың үстінде агентте отырады екен. Сондағы бар жазатындары — бір-бірімен танысу. Оқытушы сабақ бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек болып жатса, студент бала партаның астынан ұялы телефон арқылы агентте отырады. Міне, көрдіңіз бе, титімдей телефонның қаншама нәрсеге залалын тигізіп отырғанын.

 Компьютерлер

Күнделікті өмірде компьютердің алуан түрін қолдансақ та, көбінесе ақпараттық технологиядан бейхабар қарапайым халық олардың байыбына бара бермейді. Сондықтан осы блог арқылы осы компьютердің ,бірнеше  түріне қысқаша түсінік беріп  өтеміз. Компьютердің өлшеміне, мүмкіндігіне және басқа да қасиеттеріне қарай  суреттейтін бірнеше атаулары бар. Көпшілік компьютер деп қолданушының тышқан және пернетақта арқылы енгізген ақпаратын экранда көрсететін жабдықты айтады. Негізі компьютер деп ішінде микропроцессоры бар әрбір жабдықты айту керек. Төменде әр түрлі өлшемде, әр түрлі мақсатта қолданатын компьютердің 10 түрімен таныстырып өтеміз:

1. Дербес компьютер (PC - Personal Computer) – бір адамның жалпы пайдалануы үшін арналған компьютер. Ең басында PC микрокомпьютер ретінде танылған, себебі ол бизнес компанияларда қолданатындай ірі көлемде емес, керісінше кіші көлемде қолданылған.

2. Үстел компьютері (Desktop) – қолға алып жүруге арналмаған белгілі бір орында қолдану үшін орналастырылатын компьютер. Үстел компьютерінің қуаты ұзаққа жетеді және ішінде көп ақпарат сақтау мүмкіндігіне ие.

3. Ноутбук (notebook, laptop) – экран, пернетақта, процессор, қатты диск және т.б. қосымша жабдықтарды бір жерге жинаған орташа қатты кітаптан үлкенірек шағын компьютер.

4. Нетбук (netbook) – ноутбуктан да кішірек шағын компьютер. Бағасы да ноутбуктан арзан болады, Қазақстанда шамамен 30 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін әр түрлі нетбуктар табуға болады. Дегенмен нетбуктардың ішкі компоненттері ноутбуктарға қарағанда әлсіздеу болады.

5. PDA (Personal Digital Assistants) – ақпаратты сақтау үшін қатты дискпен қоса флэш-жад қолданушы интергралды компьютер. PDA-да мәлімет енгізу үшін пернетақта болмайды, оның орнына сенсорлы экран қолданылады. Салмағы өте жеңіл, қалтаға салуға өте ыңғайлы және үлкендігі смартфон телефондардың көлеміндей.

6. Жұмыс станциясы (Workstation) – бұл да үстел компьютері, бірақ жай үстел компьтеріне қарағанда процессоры күштірек, қосымша жады және топтық тапсырмаларды, мысалға 3D графика, ойындар жасау сияқты кеңейтілген мүмкіндіктерді өз ішіне қамтиды.

7. Сервер – желі ішінде басқа да компьютерлерге қызмет көрсету үшін оңтайландырылған компьютер түрі. Әдетте серверде өте күшті процессор, ірі көлемде жад және үлкен қатты диск болады.

8. Мейнфрейм (mainframe) – ірі көлемдегі бір бөлменің не бір қабаттың өлшеміндей орын алатын алып көп функционалды компьютер.

9. Суперкомпьютер (Supercomputer) – жүз мыңдаған немесе миллиондаған доллар тұратын бір компьютерлік жүйені және көптеген өндірістік компьютерлер жинағын өз ішіне алатын компьютер түрі. Ең атақты суперкомпьютерлерді Cray компаниясы шығарады екен.

10. Киілетін компьютер (Wearable Computer) – компьютер даму тарихындағы соңғы жаңалықтардың бірі. Күнделікті өмірде жиі қолданатын компьютердегі қосымшалар электрон пошта, мәліметтер базасы, мультимедиа, күнтізбе және т.б. қол сағатқа, ұялы телефонға, көзілдірікке және тіпті киімге де орнатылған.

Теледидар – телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіруезі теледидар әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескопты теледидарлардың орнын сұйық кристалды, плазмалы теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидарлардың ең озық түрі болып саналады.

Терминал арқылы төлем жасап, садақа беруге қалай қарайсыз? Елімізде қайырымдылық жасаудың ерекше жүйесі енгізілді. Енді кез-келген азамат төлем терминалдары арқылы садақа беруіне болады. Қаржыны «Зекет» қайырымдылық қорының есеп-шотына аудара аласыз. Бұл жүйе Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Одан жиналған қаражат қайырымдылық шараларына және діни кітаптарды басып шығаруға жұмсалмақ. «Зекет» қорының директоры : «Рамазан айында қайырымыдылық садақаларын, зекеттерін жүйелі түрде бір орталыққа жинап, шариғатқа сай тиісті жерлерге тарататын ұйым болады. Сол жиналған қаражат, халықтың бірігіп жинаған қаржысы арқылы еліміздің көптеген әлеуметтік, әсіресе діни саладағы шешіміне жол табады деп сенеміз».Бұл жүйенің бір ерекшелігі, терминал арқылы аударылған, ақшаны бақылап отыруға болады екен. Яғни, қор қызметкерлері күнделікті жиналған қаражаттың түбіртегін алып, тіркеп отырады. Осы арқылы, аударылған, ақшаның мақсатты жұмсалуына жол ашылмақ.

Банкомат көптен бері қолма-қол ақша алуға немесе карт-шоттағы қалдықты сұрауға арналған қарапайым құрылғы ретінде ғана қолданылмайды.  
- Банкомат арқылы мобильді байланыс операторларының қызметтерін төлеу – санаулы минут ішінде мобильді телефон шотын - өзіңіздің, сондай-ақ жақын адамдарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың телефон нөмірлерін олардың қайда жүргеніне қарамастан толтыруға болады. 
- ПИН-кодты ауыстыру – енді пин-кодты ауыстыру карт-шоттарыңыздың қосымша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей жылдам әрі ыңғайлы қызметке айналды. Бірнеше минуттың ішінде Банк желісінің кез келген банкоматында Банк шығарған карточкаларыңызға кез келген тез есте сақтай алатын сандарды орната аласыз. Егер пин-кодыңыз басқаларға белгілі болса – оған бола алаңдаудың қажеті жоқ – жай ғана АТФБанк банкоматына барып, пин-кодты ауыстыру жеткілікті.

Роботтар Қазақстанда  да даму үстінде. Мысалы :Өскеменде роботтар көрмесі өтті. Жұрттың назарына адамға қолғабыс бола алатын роботтар мен Гиннес рекордтар кітабына енгізілген гуманоидтар ұсынылды

 
 




"Вилли"  роботы үйді күзетуге қауқарлы. Тіпті бала да баға алады. Тіпті бұл роботтар да шаршайды екен. Өте ашулы роборапторға саусақ шошайтуға болмайды, тістеп алады.

Билеуден алдына жан салмайтын робобилдер, ақылды, әрі, елгезек робоанниматроник-шимпанзе жане тағы басқа гуманоидтер жиналғандарды  әсте таң қалдырды. Мысалы, Гиннес кітабына енгізілген әлемдегі ең кішкентай адам теңдес робот бар. Оның бойы 16 см. Түймедей құрылғы 200-га тарта бағдарламаны орындай  алады.

Көрмеде тұрған робот-андроидттар  елімізде сатылмайды. Алайда Жапония, АҚШ сияқты елдерде мұндай роботтардың  құны бір мың доллардан асатын көрінеді.


Информация о работе Ақпараттық технология бүгінгі күн талабы