Windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:32, курсовая работа

Описание работы

Windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану
Терезелермен орындалатын негізгі операциялар
Бұған дейін айтылғандай , Windows жүйесіндегі кез келген программа терезе ішінде орындалады, сол себепті тереземен атқарылатын амалдарды (көлемін өзгерту, экран бетінде жылжыту, терезені үлкейту және кішірейту) орындай білу қажет.
Терезенің аумағын өзгерту
Терезенің көлемін кез келген бағытта өзгерту мүмкіндігі бар. Тышқан курсорын терезенің төрт жақтауының кез келгеніне орналастырғанда, ол тілсыздық күйіне келеді.Тышқан курсоры өзінің сыртқы бейнесін өзгертісімен, яғни екі жақты көлденең тілсыздыққа айналысымен, терезенің енін өзгерте аламыз. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, терезенің тік жақтауын солға не оңға жылжыту («ал да, тасы» принципі бойынша) керек. Тышқанның батырмасын жіберсеңіздер, терезе енінің өзгергенін көресіздер.Ал терезенің ұзындығы мен енін қатар өзгерту үшін, тышқан курсорын терезенің төрт бұрышының біріне, яғни қабырға сызықтары қиылысқан жеріне алып бару керек. Бұл сәтте курсор екі жақты көлбеу тілсызық түріне келеді де, ол өз кезегінде терезе аумағын алдыңғы айтылған тәсілмен бірдей екі бағытта өзгерту мүмкіндігін береді.
Терезенің орнын ауыстыру
Терезенің экран бетімен жылжытып, оның орнын ауыстіыру үшін курсорды тақырып жолына алып барамыз. Мұндайда курсордың сыртқы пішіні өзгермеу тиіс, бірақ бағыттауыш тілсыздық ұшы көк тіктөртбұрышқа түскенде ғана операцияны орындауға болады. Ол үшін тышқан батырмасын басып, оны сол басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, «ал да, тасы» принципі бойынша курсорды жаңа орынға жылжытамыз. Курсорды жіберген сәтте терезе жылжып барған жаңа орында бекітіліп сақталып қалады.

Работа содержит 1 файл