Қазақстандық экономиканың келешегі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 17:52, реферат

Описание работы

Орта Азияның жүрегінде көліктік, әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыстардың қиылысында орналасқан Қазақстан өткен тарихы мен мәдениеті бай қазіргі заманғы көп ұлтты қоғам болып табылады. Қазақстанда, әлемде көлемі жағынан 9-шы орынды алатын, халқының саны 16 миллионнан асатын елдің аумағында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады.
1991 жылы тәуелсіздікті алған сәтінен бастап Қ

Работа содержит 1 файл

Қазақстандық экономиканың келешегі.docx

— 29.79 Кб (Скачать)
 
 

Қазақстандық экономиканың келешегі

Орта  Азияның жүрегінде көліктік, әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыстардың қиылысында орналасқан Қазақстан өткен  тарихы мен мәдениеті бай қазіргі  заманғы көп ұлтты қоғам болып  табылады. Қазақстанда, әлемде көлемі жағынан 9-шы орынды алатын, халқының саны 16 миллионнан асатын елдің аумағында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады.

1991 жылы тәуелсіздікті алған сәтінен бастап Қазақстан қабылданған бірқатар әлеуметтік,экономикалық және саяси қайта құрулардың нәтижесінде аймақтағы тез экономикалық өсуді бастан өткізді.2000 жылдан бастап ІЖӨ өсімінің орташа қарқыны шамамен 8.5% құрай отырып, әлемде экономикасы тез өсіп келе жатырған елдердің арасынан орын алады және сөзсіз Орта Азияның басқа мемлекеттерінен ойдай озып кетті.

Күшті макроэкономикалық көрсеткіштерінің біріне Қазақстанның өзінің барлық қарыздарын Халықаралық валюта қорына 2000 жылы,мерзімінен жеті жыл бұрын өтеуін, бұрынғы  кеңестік республикалардың арасында алғашқы  болуын жатқызуға болады.Қазақстан  2001 жылы ЕО-тағы нарықтық экономикалы елдің мәртебесі ұсынылған ТМД-дағы алғашқы мемлекет болды.2002 жылы,наурыз айында, американдық сауда министрлігі Қазақстанда американдық сауда нарығы бойынша нарықтық экономикалы елдің мәртебесін берді.Мәртебедегі өзгерістер валютаның айырбасталымдылығы, жалақының нормалары,шет елдердің инвестицияларына ашықтығы және өндіріс құралдары мен ресурстарды бөлуді мемлекеттік бақылау саласындағы нарықтық экономиканың тәуелсіз реформаларымен танылды.2002 жылы қыркүйек айында Қазақстан Moody’s халықаралық рэйтингтік агенттігінен инвестициялық топтағы несиелік рэйтингті алған ТМД-дағы алғашқы ел болды.2005 жылдың қаңтар айында экономикалық әріптестік және даму жөніндегі ұйым Қазақстанды тәуекелдер тобының бесіншісінен төртіншісіне дейін орнын ауыстырып,Қазақстанның экспорттық тәуекелін бағалауды өзгертті.БҰҰ-ның өмір сүру деңгейінің әлемдік рэйтингінде келтірілген деректері бойынша,Қазақстандағы білім беру деңгейі әлемдік орташа деңгейден жоғары ілемнің 72елінің арасында  
 
 

білім беру деңгейінің индексі бойынша  Қазақстан жаңа мыңжылдықтың басында  35 оында болды.Және де бұл көрсеткіші бойынша әлемнің Швеция,Люксембург,сингапур сияқты дамыған елдерін басып озып,Италия,Жапония мен Швейцарияға жақындады. 

Инвестициялар

Бүгінде,халықаралық  сарапшылардың бағалауы бойынша,Қазақстан  әлемнің шет елдік инвестицияларды  тарту индексінің рейтингі бойынша  2007 жылы 141елдің арасынан 23-ші орынды иеленді.Дүниежүзілік “Doing business” банкының рейтингі бойынша ҚР 2008 жылдың ішінде жоғары қарай он орынға көтерілді(80-нен 70-ке).

Тікелей шет елдік инвестициялар Қазақстанда,инвестициялардың басты көзі ретінде ЕО елдерімен  бірге,Орталық Азия экономикасына  құйылған барлық капиталдың шамамен  80%-ін құрайды.

Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің деректері  бойынша,1993 жыл мен 2008 жылдың аралығындағы қоса алғандағы кезеңде тікелей шет елдік инвестициялардың(бұдан әрі - ТШИ) Қазақстандық экономикаға құйылуы шамамен 166 млрд. АҚШ долларын құрады.2008 жылдың ішінде ТШИ-дың жалпы құйылуы 19.8 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қазақстанның негізгі инвестор елдері:АҚШ-32 млрд. АҚШ доллары(Қазақстанда ТШИ-дың жалпы құйылу көлемінің 19.2%),Нидерланды – 30 млрд. АҚШ доллары(18.1%),Ұлыбритания-14.1 млрд. АҚШ доллары (8.5%) болып табылады.

Экономикалық  қызметтің түрлері бойынша ТШИ-дың  жалпы құйылуының құрылымында тікелей  инвестициялардың негізгі салымдары  бұрынғысынша геологиялық барлаулар  мен іздестірулерді жүргізу жөніндегі  қызметке жүргізілді,оған ТШИ жалпы  түсімдерінің сомасының 41.9%-ы тиесілі(40.3%-2007 жылы),шикі мұнайды жіне табиғи газды өндіруге-22.2%(31.6%),сондай-ақ қаржылық делдалдыққа-15.7%(2.9%).Жалпы алғанда 2008 жылы  
 
 
 

республиканың мұнайгаз саласына ТШИ-дың құйылуы 8.5 млрд. АҚШ долларынан асты,бұл базалық кезеңмен салыстырғанда бес пайызға артты.

Қол жеткізілген  көрсеткіштер Қазақстанда қалыптасқан ,жетілдірілген инвестициялық заңмен,инвестицияларды  қолдаудың тартымды шараларымен,сондай-ақ экономикалық және саяси тұрақтылық пен қолдау көрсетілетін қолайлы  бизнес-климатқа байланысты.

Қолайлы инвестициялық климаттың болуынан басқа инвесторлардың инвестицияларды  салу туралы шешімді қабылдауына  әсер ететін негізгі факторлардың бірі - өткізу нарығының көлемі болып  табылады.Энергетикалық ресурстардың және сыйымды нарықтардың болуы  Қазақстанды экспортқа бағыт  ұстанған өндірісті дамыту үшін және ыңғайлы базаға айналдырылуы үшін тиімді.

Қазақстандағы инвестициялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздері 2003 жылы 8 қаңтардағы “Инвестициялар туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі,ол өтпелі экономикалы елдердегі ең үздік заңдардың бірі ретінде танылған.Бұл Заңда халықаралық практикадағы инвесторлардың құқығын қорғаудың барлық кепілдіктері көзделген,мысалы,табыстарды пайдаланудың кепілдіктері,мемлекеттің қарамағына алу және иеліктен айыру кезіндегі кепілдіктер,келісім-шарттардың тұрақтылығының кепілдіктері және басқалары.Сондай-ақ, Заң Қазақстан экономикасының басым бағыттағы салаларында жүзеге асырылатын инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің шараларын да көздейді,олар отандық,сонымен бірге шет елдік инвесторларға да тең дәрежеде қолданылады.

Жергілікті  заңнамамен қатар,қазіргі уақытта  Қазақстан басқа мемлекеттермен инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы 42 келісімді бекітті.

Инвестициялық саммит

Алматыда  ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар  кеңесі мен  
 
 

«Интернэшнл геральд трибьюн» газетінің ұйымдастыруымен  төртінші қазақстандық инвестициялық  саммит өтіп,оған Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.Екі  күнге созылған басқосуды ашылу  салтанатында Елбасы құттықтау сөз сөйледі.

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздікке  қол жеткізген жылдардан бері Қазақстан экономикасына 108 млрд. Доллар инветиция тартылғанын мәлім етті.Бұл- Орталық Азияда тартылған инвестицияның 80 пайызын құрайды.

Қазақстан Халықаралық даму менеджменті институты  индексі бойынша 2008 жылғы көрсеткіштен 2009 жылы 3позицияға көтерілді.Қазіргі таңда Қазақстан ТМД-ның экономикасы мығым елдерін артқа тастап,әлем бойынша 33-ші сатыға табан тіреп тұр.Қазір біздің елімізде шетелдік капиталдың қатысуымен 20мың кәсіпорын жұмыс істейді.біз шетелдік инвесторларды еліміздегі Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға ,экономиканың өзге салаларына инвестиция салуға шақырамыз.Қазір жаңа кәсіпорындарға зор мүмкіндіктер жасалуда.Біз экономиканы,еңбек ресурстарын серпінді дамытуды көздеп отырмыз.Осы ретте Қазақстанда инвесторлардың меншігін қорғайтын заңдар өзінің күшіне толығымен енді.Мұның барлығы тұрақтылық пен елімізде бизнес жүргізудің сәттілігімен байланысып жатқаны белгілі.Дағдарысқа қарамастан ағымдағы жылдың соңғы төрт айында жалпы ішкі өнім 7 пайызға ұлғайғаны осының айқын дәлелі.

Саммитке  әлемнің түкпір-түкпірінен келген ірі  компаниялардың өкілдері Қазақстанға  инвестиция салудың қаншалықты пайдалы  екеніне көздері жете түсті.Осы  ретте жиынға «Самұрық-Қазына» әл-ауқат  қоры, «Роял Дотч Шелл», «БиДжи груп», «ДжейТиАй», «Эйр Астана», «ЭйчЭсБиСи» банкі,Шотландияның Корольдік банкі, «Дойче Банк», «Эрнст энд Янг» компаниясы, «СиЭнЭн» компаниясы қатысқанын айта кетуіміз керек.Шараның өтуіне мұрындық болған «Интернэшнл геральд трибьюн» басылымы – әлем елдері қоғамдық пікірді қалыптастырушы басылым ретінде танылғаны белгілі.Саммиттің жұмысында «Самұрық-Қазына:индустриялық-инновациялық даму жолында», «Инвестицияны қолдау үшін индустриялық базаны құруды заңдық қорғау», «Мұнайгаз өнеркәсібі:инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер және заңдық өзгерістерге көзқарас», «Тау-кен өндіріс кешені және металлургия,тауарлық металл өнімдері», «Қазақстанның қаржы  
 
 

секторы:тұрақты  нарық және шетелдік инвесторлар  үшін мүмкіндіктер», «Қазақстанда инвестициялаудағы  тәуекел мен тиімділік» деген  тақырыптар төңірегінде маңызды  талқылаулар өткен.Сондай-ақ,ірі  компаниялар бірқатар келісімдер мен  меморандумдарға қол қойып,ынтымақтастықтың аясын кеңейте түсті.Осы ретте  KCM,EBRD және ADM Capital арасында «Kazakhstan Capital Restructuring Fond C.V.» қорын құру туралы келісімін,ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Korea Electric Power Corporation»және «Samsung C&T Corporation»арасында энергетика саласы бойынша келісімге қол жеткізгені еліміз үшін маңызды болып отыр.Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясы «Alstom» пен «Transmashholding» компанияларымен елімізде бірлесіп заман талабына сай магистральді электровоздар жасау туралы меморандумға қол қойғанын ерекше атап кетуге болады.

Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Даму және Қайта Құру банкінің президенті Томас Мировпен кездесіп,екіжақты экономикалық қарым-қатынас мәселесін сөз етті.Банк басшысы Қазақстанның экономиканы  қайта жаңғырту және диверсификациялау  бағдарламасына қолдаудың жалғасатынын мәлім етті.Ол биылғы жылы банктың  Қазақстан экономикасын қолдау үшін бөлінетін қаржысы 850 млн. Долларға ұлғайғанын тілге тиек етті.

Инновация

Бiздің елдiң инновациялық индустрияландырылуы - дамудың жалғыз ғана дұрыс жолы. Елімізде инновациялық жүйенi дамытуға арналған барлық алғышарттар бар: ғылыми әлеует, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсiпкерлiк. Бұл технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың құруын, ғылыми зерттемелерге гранттердің бөлінуін, сонымен бірге өндірісте инновациялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттiк-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тәсілдерінің кеңінен қолдануын көздейді.

Бiздiң қор осы уақытта венчурлық инфрақұрылымды дамытатынын ескертіп кету қажет: мемлекеттiк-жекеменшік әріптестік қағидалары негізінде  
 
 

отандық инвесторлармен бiрге құрылған Қазақстанның алты венчурлық қорында әрiптес болып табылады. Қазақстандық венчурлық қорлардағы еншiсі – 49 пайызға дейiн жетеді. Олардың инвестициялық саясаты келешекте экспорттың әлеуетке иеленетін перспективті салаларда жобалар iздестiру және оларды тартуға бағытталған.

Мысалы, бiздiң тәжiрибе-конструкторлық зерттемелерiмiздiң бiрi – кәушiктi гидридтеу катализаторы. Бiз оның коммерцияландыруы бойынша үлкен жұмыс өткiземiз. Мұндай технология арнайы синтетикалық кәушiктiң өндiрiсiнде, негiзiнен екi елде ғана - Германия мен Жапонияда қолданылады. Бiздiң ғалымдарымыз бiрнеше рет арзан, бiрақ сапа бойынша жол бермейтiн аналог жасаған. Катализатор жоғары сапалы резина, шиналар және басқа да бұйымдар өндiрiсi үшiн қажеттi. Шығарылатын өнiм төмен және жоғары температураларда әрі өте агрессивтi ортада жұмыс iстеуге қабiлеттi екенін атап өту керек. Бізде зерттеменің коммерцияландыруының екі жолы бар: патентті мүдделі компанияларға сату немесе өзіміздің технологиялық патентiмiзді беру жолымен резина-техникалық бұйымдар өндiрiсі зауыты құрылысына (мысалы Ресейде) үлескер болып кіру.

Индустриалды-инновациялық дамудың алдағы бес жылда венчурлық және инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша өз жұмысын жалғастырады. Ұлттық инновациялық жүйені әлемнiң бiр елiнде де нарық өз еркімен қалыптастырмаған, оның себебі жекеменшік сектор тарапынан бастамашылықтың болмауы және тәуекел етуге бармауы деп атап өту керек. Сондықтан, жүйенiң белсендi қатысушысы (локомотиві) рөлiн атқару, мемлекетке тап болып қалады.

Индустрияландыру  жоспарына сәйкес, қуаттарын кеңейтуге әлеуеттілік, экспортқа бағытталыным, инновациялылық сияқты талаптарға жауап беретiн бәсекелестікке лайықты жобаларға қолдау көрсетіледі. Инновациялық экономиканы дамыту үшін  қандай жобалар ұсыныла алады?!

Егер ғылыми зерттемелер туралы айтылса, онда төрт жыл ішінде бiздiң қор қаржыландырған 48 ТКЗ-ға 502 миллион теңгеден астам сомаға гранттар бөліндi. Бiздің елде сондай-ақ шетелде қызығушылық танытатын фармацевтика, мұнай-химия, металлургия өнеркәсiбі салаларында  
 
 

жобаларымыз бар. «Санда АБК» ЖШС фосфоры бар қалдықтан натрий гипофосфитi мен фосфор қышқылын шығару технологиясын зерттеп табу бойынша жұмыс iстеп жатыр. Натрийдің гипофосфитi - хромдау және беттердi никельмен қаптауға қажеттi реагент. Бiздiң ғалымдарымыз осы реагенттi қалдықтардан алудың үнемдi және экологиялық таза әдiсiн ойлап таба алды. Никель жамылғысы барлық жерде қолданылады. Мысалы, әуеғарыш, автомобиль өнеркәсiптерде және өндiрiстiң басқа да салаларында. Осы жобаға қытайлық компания қызығушылық танытты, олар бізге оны, яғни осы әдісті, алдымен патенттеп, ал содан соң Қытайда өндiрiс ашуға ұсынып отыр.

Сонымен бірге  жаңа катализатордың зерттемесі бар, оның көмегімен мұнай өнiмдерiнен автокөлiктерге арналған синтетикалық майлар шығаруға болады. Бұл өте ұтымды жоба, бiрақ бiзде әзірше дәл осындай өнiм өндiру үшін тиісті инфрақұрылым болмай тұр. Осындай катализатордың көмегiмен Қазақстан импорттық майларды қазіргідей сатып алмай, оларды керісінше өзі жасап шығара алатын еді. Бұл катализатор бiздiң елдің маргарин және май өндіруші азық-түлiк кәсiпорындарында да сынақтан өтіп жатыр. Егер тәжiрибе-өнеркәсiптiк сынақтар бiздiң өндiрушiлерiмiздiң талаптарын қанағаттандырса, кейiннен оны тағамдық өсiмдiк майын гидридтеуiнде қолдануға болады.

Біздің тағы бір бағытымыз – химия өнеркәсiбi, минералдық тыңайтқыштар мен құрылыс материалдар өндiрiсi салаларындағы инновациялық жобалардың қаржыландыруына қатысуымыз. Мысалы біздің «Агрофос-Оңтүстік» жобалау компаниямыз, фосфоры бар зиянды қалдықтардан аммонийленген суперфосфат өндiрiп шығаруға мүмкiндiк беретін техникалық шешiмдi қолданысқа енгiзуде. Осылайша, Шымкент маңындағы экологиялық жағдайды жақсарта тұра, біз сонымен бірге ауыл шаруашылығы үшiн қажеттi минералды тыңайтқыштарды жасап шығара аламыз.

Информация о работе Қазақстандық экономиканың келешегі