Кәсіпорынның инновациялық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 08:38, доклад

Описание работы

Инновациялық қызмет көпшілік жағдайда ғылыми, техникалық идеялардың жүзеге асырылуымен, нарық сұранысына сәйкес нақты өнім мен технологиялардың өңдеулерімен байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметті басқару механизмінің экономикалық жетілдіруді қалыптастырудың қажетті негізгі шарты инновациялық кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
I БӨЛІМ. ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.
1.1. Инновацияның мәні, белгілері және түрлері..............................................5
1.2. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері................................................7
1.3. Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу................................................12
II БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ.
2.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен алғышарттары......17
2.2. Ұйым және инновациялық қызметті қаржыландыру...............................20
2.3. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық қызметі.................................................................................................................25
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА ЖОЛДАРЫ.
3.1. ҚР-ның инновациялық қызметінің маңызы және саясаты......................29
3.2. ҚР-ның инновациялық қызметін сақтандыру ісі......................................34
3.3. Инновациялық қызметтерді басқарудағы жаңа тәсілдері.......................37
Қорытынды..........................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................42

Работа содержит 1 файл

Айнур курсовой.docx

— 72.60 Кб (Скачать)

Төртінші буын: 1980 жылдардың  ортасы ─ қазіргі уақыт. Бұл алдыңғы  қатарлы жапондық модель. Интегралданған топтың параллельді қызметіне және сыртқы көлденең және тік байланыстарға  назар аударуымен ерекшеленеді. Мұнда параллельді қызмет маңызды. Әр түрлі бағыттардағы іс-әрекетті орындау негізінде бірнеше топ мамандары бойынша бір уақытта жұмыс жасау қарастырылады.  Бұл тапсырмаларды шешуді тездетеді.

Бесінші буын: қазіргі уақыт  ─ болашақ. Бұл стратегиялық тораптар, стратегиялық интеграция, байланысты орнату моделі. Бұның басқалардан  ерекшелігі, параллельді процеске жаңа функциялардың қосылуында. Бұл есептеу  техника жүйесін, информатиканы  қолданудағы ҒЗТКЖ-нің енгізу процесі  және солардың көмегімен стратегиялық байланыстар орнатылады.

Инновациялық идеялардың пайда болуы жаңа ғылыми нәтижелерді  пайдалану мүмкіндігі фундаментальды кезеңде және іздестірушілік зерттеулерінде, қолданбалы зерттеулерде, өңдеулерде жүзеге асады.

Жаңа техниканы жасау  және меңгеру процесі  жаңа ғылыми білімдерді алуға бағытталған фундаментальды зерттеулерден (ФЗ) басталады.  ФЗ-ның  мақсаты ─ құбылыстар арасындағы  жаңа байланыстарды ашу, табиғаттың даму заңдылықтарын түсіну. ФЗ теоретикалыққа және іздестірушілікке бөлінеді.

Теоретикалық зерттеулердің  нәтижелері ғылыми  жаңалықтарда , жаңа түсініктерді ұсыну мен дәлелдеуде, жаңа теорияларды жасауда көрініс  табады. Іздестірушілікке негізгі міндетті қамтитын  идеялар мен технологиялардың жаңа прициптерін ашудағы зерттеулер жатады. Іздестірушілік ФЗ қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандырудың жаңа әдістерін  экспериментальдік тексерумен және дәлелдеумен аяқталады. Барлық іздестірушілік ФЗ академиялық мекемелерде, ЖОО-да, сонымен қатар ірі ғылыми-техникалық өнеркәсіптік ұйымдардағы  жоғары ғылыми білікті персоналдарында жүргізіледі.

Инновациялық процестің  келесі кезеңі ─ қолданбалы ғылыми-зерттеушілік жұмыстар. Олардың орындалуы теріс  нәтижелерді алумен байланысты болып  келеді. Қолданбалы ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды жүргізуге құралдарды салу кезінде тәуекелділік пайда болады. Егер инвестициялар инновацияда  тәуекелділік сипатта болғанда, олар тәуекелді инвестициялар деп  аталады.

Тәжірибелі-конструкторлық және конструкторлы-жобалау жұмыс  кезеңдері жаңа өнім түрін өңдеумен байланысты. Ол эскизді-техникалық жобалауды, жұмыстық конструкторлық құжаттамалауды шығаруды, тәжірибелі нұсқаларды сынауды  және жасауды қарастырады.

Тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар (ТКЖ) техникалардың, материалдардың, технологиялардың жаңа нұсқаларын жасау  үшін қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін  қолдануда көрініс табады. ТКЖ  ─ бұл ғылыми зерттеулердің қорытынды  сатысы және зертханалық жағдайлар  мен экспериментальдық өндірістерден  өнеркәсіптік өндіріске өзгеше түрде  өтуі. ТКЖ-ға мыналар жатады: инженерлік объектінің белгілі конструкциясын өңдеу, жаңа объектінің нұсқаларын және идеяларды өңдеу, технологиялық  процестерді өңдеу.

Инновациялық жобаның  күрделілігіне байланысты (жаңа өнім түрін меңгеру және өңдеу) инновациялық қызметтің бастапқы кезеңінде шешілетін  міндеттер әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ірі инновациялық жобаларды  меңгеру және өңдеу кезінде ғылыми-зерттеулер жұмыс нәтижелерінің жүйелік  интеграциясы жүзеге асады.

Бастапқы кезеңдегі жұмысты  атқарушылары болып ғалымдардың  шығармашылық ұжымдары, ЖОО-дың,  университеттердің, институттардың, мемлекеттік және ғылыми-техникалық орталықтардың (ҒТО) инженерлі-техникалық жұмысшылары  табылады.

Инновациялық қызметтің  нәтижесінің тәжірибелік жұмысын  жасау нарықтық кезеңде жүзеге асады, бұл нарыққа енгізуді, нарықты  кеңейтуді, өнімнің жетілуін және төмендеуін қамтиды.

Өндірістің алдын алу  сатысында тәжірибелі және экспериментальды жұмыстар жүргізіледі. Ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді жүргізуге  қажетті  экспериментальдық жұмыстар арнайы құрал-жабдықтарды қамтамасыз етуге, жасауға, жөндеуге бағытталған.

Өнеркәсіптік өндіріс  сатысы екі кезеңнен тұрады: жаңа өнім өндірісі және оны тұтынушыларға  жеткізу. Біріншісі ─ бұл тұтынушылардың сұранысымен анықталатын, материалданған жетістіктердің ғылыми-техникалық өңдеудегі  тікелей қоғамдық өндірісі.  Екіншісі ─ жаңа өнімді тұтынушыға жеткізу.

Инновациялық процестің  ҒТП-тен айырмашылығы, ол енгізумен  аяқталмайды, яғни жаңа өнімнің нарықта  бірінші пайда болуы және қызмет көрсетуі. Бұл процесс енгізуден  кейін де тоқтамайды, өйткені тарату (диффузия) шаралары бойынша жаңалық  әбден жетіледі, тиімдірек болады, бұрын белгілі болмаған тұтынушылық  қасиетті иемденеді. Бұл оған жаңа  нарық пен қолдану саласына және жаңа тұтынушыларға жол ашады. Осылайша, бұл процесс нарық талап ететін өнімдерді жасауға, қызмет көрсетулерге бағытталған және тығыз біртұтас ортада жүзеге асатын: оның бағыттылығы, қарқындылығы, мақсаттары әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты және онда ол қызмет атқарады, дамиды.

Инновациялық ортаның  әр түрлі деңгейлерінде пайда  болатын диффузды процестердің мәні жаңалықтар мен жаңалық енгізудің  тепе-теңдік күйде таралуының ғылыми-техникалық, өндірістік, ұйымдық-экономикалық қызметтердің іскерлік циклмен және қызмет көрсету  сферасымен анықталады. Соңында диффузды процестер қоғамдық өндірістегі  жаңа технологиялық тәртіптерге  басымдылық жағдайды алуға мүмкіндік  береді.                                                                       Сонымен бірге экономиканың құрылымдық қайта құрылуы жүзеге асады.

 

1.3. Инновация әсерлерін  бағалау және өлшеу.

Инновацияның әсерлеріне техникалық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және инновациялық процестің  басқа нәтижелері жатады.

Инновация әсерлері мен инновациялық процестің тиімділігін бағалау  келесі шектеулер мен рұқсаттамаларға  негізделген:

    • инновация әсерлері бөлек кәсіпорын деңгейлерінде бағаланады және өлшенеді;
    • өлшеуде экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б. әсер түрлері қарастырылады;
    • кәсіпорын инновациялық жобаға инвестицияланған құралдарды қайтарып алуға сенеді, яғни қаржылық нәтиже инновация табыстылығының соңғы белгісі болып табылады;
    • әсерлерді өлшеу үшін сапалық және мөлшерлік әдістер қолданылады;
    • әсерлер инновациялық процестің барлық кезеңдері бойынша өлшенеді және бағаланады, инновация идеяларынан бастап коммерциялық іске асырудың бастапқы кезеңімен аяқталады;
    • инновациялық процестің барлық қатысушылары жағынан кезең бойынша әсерлерді өлшеу мен бағалау жүзеге асады;
    • алынған инновация нәтижелерін салыстыру үшін өлшенетін көлемдердің барлығы қарастырылады.

Инновацияны жүзеге асыру  кезінде пайда болатын нәтижелер  әр түрлі деңгейлер мен бағыттарда өлшенуі мүмкін. Жалпы екі негізгі  деңгейді қарастыруға болады: микро  және макродеңгейде. Микродеңгейде, яғни кәсіпорын деңгейінде, бөлек инновациялық жоба бағаланады, бұл жаңа өнім жасауды, енгізуді немесе қызмет көрсетуді, технологияларды, жоспарлау жүйелерін, есептеуді  және т.б. қарастырады. Бір кәсіпорын  деңгейінде жүзеге асатын кешенді жобалар  сериялары бағаланатын болса, онда макродеңгейлік бағалауды айтуға болады. Бұл жерде, саладағы лидердер болып  табылатын ірі кәсіпорындар туралы айтылған.  Макродеңгейге әр түрлі  саладағы кәсіпорындар мен кооперация шеңберінде іске асатын инновациялық жобалардың кешендерін  жүзеге асыру  нәтижелері жатады. Салалық немесе халықшаруашылық бағытындағы инновациялардың  іске асуы кезінде пайда болатын  әсерлер макродеңгейде бағалануы  және өлшенуі керек.

Макро және микродеңгейлер арасындағы аралық кәсіпорын деңгейінде бірнеше техникалық тектес және өзара  байланысты синергетикалық әсерлердің жетістіктерін қамтамасыз ететін инновациялық жобалардың өңделу нәтижелері болып  табылады.


 

 

 

Тікелей

Тікелей емес

Тікелей

Тікелей емес

Жүйеліктер

Индивидуалды

Объект бірліктері үшін ерекше түрде анықталады

жаңа технологияларды  меңгеру, оқу

айналысты жоғарлату

бәсекелестердегі сату көлемінің  төмендеуі

экологиялық

ғылыми қабылдау

ноу-хау

табысты көбейту

әсекелестердегі шығындардың  көбеюі

әлеуметтік

өзін таныту

патенттер,артықшылықтар

шығындарды төмендету

 

басқарушылық

 

әлсіз орындарды табу

нарықтың өсім үлесі

     

 

4-сурет. Инновациялық  қызмет әсерлерінің түрлері.

Жоғарыда айтылғандай, инновация  процесінің барлық нәтижелер түрлері  бағалану және өлшену қажет.

Техникалық әсерлер. Инновациялық жобалардың әр қайсысына техникалық әсерлердің өзіндік ерекше өлшеуіштері  анықталуы керек. Мысалы, техникалық инновация процесі кезінде сенімділік, беріктілік, тезқозғалғыштық, уақыт  мерзімдік және т.б. берілген сипаттамалар жүзеге асуы мүмкін.

Басқарушылық инновация  сферасындағы техникалық әсерлерге, мысалы, шығындардың пайда болу орындарына байланысты олардың дәл есептеулерін көтеру, құжат айналым уақыттарын қысқарту және т.б. жатқызуға болады. Тікелей техникалық әсерлерді объективті бағалау зерттеушілердің, инженерлердің, технологтардың және инновацияның объектісі  бойынша басқа мамандардың көмегі арқылы алынуы мүмкін.

Тікелей әсерлермен қатар  тікелей емес әсерлер болады. Тіпті  егер инновация жоспарланған техникалық әсерлерге жетпесе, жаңа өнім, қызмет, әдістер мен амалдарды меңгеру  аймағында оқытулық әсерлер пайда  болады. Сонымен қатар, бөлек ноу-хау  және артықшылықтарды тіркеуді патенттеу  жүзеге асуы мүмкін, сонымен бірге  техникадағы әлсіз орындарды, технологияларды, кәсіпорын ұйымдарын білу қарастырылады.

Экономикалық әсерлер. Шешім  қабылдау сатысында инновацияның экономикалық тиімділігін бағалау есептемелерін  және инновацияның жүзеге асудағы коммерцияның бастапқы фазасында бағаланатын  экономикалық әсерлерден айырып білу керек. Біріншілері ─ инновацияның ең қолайлы баламаларын таңдауда қолданылады, екіншілері ─ кәсіпорын  қызметтерінің нақты жағдайларын  қоса алғанда, таңдалған баламаларды  жүзеге асырудағы нәтижелерді бағалау  үшін қолданылады.

Экономикалық әсерлерді  техникалық әсерлер сияқты тікелей  және тікелей емес деп бөлуге болады. Тікелей әсерлерге пайда өсімін, айналыстың жоғарлауын, нарық өсімін, шығындардың төмендеуін және т.б. жатқызуға  болады. Қарастырылған экономикалық әсерлер түрлерін белгілі уақыт  аралығында және де өнім бірлігінде де өлшеуге болады. Өлшеу әдісін таңдау инновацияның түріне байланысты.

Тікелей емес экономикалық әсерлер ең алдымен бәсеке аймағында  көрініс табады: бәсекелестердегі сату көлемінің төмендеуі, бәсекелестердегі шығындардың жоғарлауы және т.б.

Басқа әсерлер. Жүйелік және индивидуалды аймақтағы әсерлерді  бағалай және тани білу керек. Инноваторлардың  сәттілігінің индивидуалды аспектілерінде маңызды орынды жариялауда қабылдау,  беделді премия алу және т.б. алады. Қазіргі кезде жаңа өнімдерді  және технологияларды жасау саласында  қоршаған ортаға зиянды әсер етудің төмендеуі  инновацияның сәттілік көрсеткіші болып  табылады.

Инновацияның жүзеге асырудың әлеуметтік нәтижелері ретінде жаңа жұмыс орындарын жасауды, жұмыс  жағдайын жақсартуды, жаңа басқару  әдістерін енгізу арқылы ұжым арасында адамдық қатынастарды жасауды айтуға болады.

«Инновация табысты ма немесе табысты емес пе?» деген  қорытындының дұрыстығы табыс көрсеткішінің  қандай уақытта өлшенгендігіне байланысты. Мысалы, инновациялық процестің жүзеге асырылуындағы тікелей экономикалық әсерлер өлшенетін болса, онда өнімді шығарғаннан кейін өлшеуді жүргізу  керек. Бұл жерде жыл ішінде белгілі  бір сату көлеміне жеткеннен кейін  өлшеуді бір жылдан, екі жылдан кейін жүргізу керек.

Инновациялық әсерлерді  өлшеу мен бағалауда маңызды  орынды бағалау субъектісін таңдау алады. Оның сайма-сайлығы, толықтылығы, аспектілері, әділдік деңгейін  бағалауды  кім жүргізгеніне  байланысты.  Инновацияның табыстылығын бағалау  субъектілерінің түрлері 5-суретте  көрсетілген.

 


 

 

 

 

 

 

       

         5-сурет. Инновацияның табыстылығын бағалау субъектілерінің түрлері.

Инновация әсерлерін өлшеу  концепциясы инновациялық процестің  барлық кезеңдерін реттілік түрде қамтуына негізделген. Осы концепцияға сай  өлшеуді процесс алып жүреді, ал нәтижелер басқарушылық шешім қабылдау үшін қолданылады. Кезеңнің аты, аралық нәтижелердің түрлері, сандық өлшеуіш, бағалау субъектілері 1-кестеде көрсетілген.

                                                                                                1- кесте.

Информация о работе Кәсіпорынның инновациялық қызметі