Халықаралық құқық

Автор: o***@yandex.ru, 25 Ноября 2011 в 23:06, лекция

Описание работы

Халықаралық құқық дегеніміз – ынтымақтастықпен қауіпсіздік бейбітшілікке жету мақсатында, халықаралық құқық субъектілері тарапынан туындайтын, мемлекетаралық қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтық принциптермен нормалардың жиынтығы. Халықаралық құқықтың негізгі қайнар көздері ретінде халықаралық әдет-ғұрыпты, келісім шартты және халықаралық ұйымдардың шешімдерін атауға болады. Халықаралық құқық деген атау тарихи жолмен пайда болған. Орта ғасырда мемлекетаралық қатынастарды реттейтін құқық жүйесін құру қабілеттілігі туындағанда, заңгерлер керекті терминді Рим құқығынан іздеген. Рим құқығы жүйесінде мемлекетаралық қатынастарды реттейтін қатынасты дәл анықтайтын термин болмағанмен, онда “халықтар құқығы” деген түсінік бар болатын. Уақыт өте келе осы термин өзгеріске ұшырап, жаңа “халықтар арасындағы құқық” немесе “халықаралық құқық” деп аталатын болды.

Работа содержит 1 файл