Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 07:27, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.ор.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ПОРТФЕЛЬДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........4
1.1. Инвестициялық портфельдің типтері мен қалыптасу қағидалары..............4
1.2 Инвестициялық операциялар және портфельдің тиімділігін өлшейтін негізгі көрсеткіштер......................................................................................................12
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ...................19
2.1 Портфельдік инвестицияларды басқаруда қалыптасқан проблемалар......19
2.2. Портфельдік инвестицияларды басқаруды жетілдіру жолдары................22
3. «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының инвестициялық қызметі................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
Қолданған әдебиеттер...........................................................................................33

Работа содержит 1 файл

КІРІСПЕ инв.docx

— 226.87 Кб (Скачать)

 

2-кестеде көрсетілген қаржы  активтері портфелдерін қалыптастыру  жəне құрылымдау ең аз инвестициялық  тəуекелдері кезінде активтердің  орташа алынған мақсатты кірістілігіне қол жеткізудің жоғары ықтималдылығын қамтамасыз ету үшін, Қордың активтері мен міндеттемелерінің гэп талдауын интеграциялай отырып, активтердің əр түрлі сыныптары арасында кірістілік пен тəуекел арасындағы тарихи өзара байланысын белгілеу бөлігінде аналитикалық зерттеулер негізінде жасалады.

Инвестициялық тəуекелдерді басқару 

Инвестициялық тəуекелдерді басқару  инвестициялық портфельді диверсификациялау  мен тəуекелдерді хеджирлеу арқылы жүзеге асырылады.

Қордың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету жəне кірістілік пен тəуекел  арасындағы оптималдық балансына қол  жеткізу - инвестициялық тəуекелдерді басқарудың басты міндеті болып  табылады.

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру  кезінде Қор мынадай мүмкін тəуекелдерді: нарықтық, оның ішінде бағалық, валюталық, пайыздық, сондай-ақ елдік, кредиттік, құқықтық, өтімділігін жоғалту тəуекелін  басқарады.

 Бұл тəуекелдерді басқару тұрақты негізде жүзеге асыралады, жəне оған тəуекелдерді басқару бойынша түрлі əдістемелерді жəне үлгілерді қолдану жəне ауқымды талдау жүргізу арқылы тəуекелдерді бағалау, өлшеу, бақылау жəне мониторингі кіреді. Ауқымды талдауды жүргізуге мынадай процедуралар кіреді: эмитенттер жəне олардың қаржылық құралдары туралы ақпарат жиналады, макро- жəне микроэкономикалық деңгейлердегі қаржы-экономикалық жағдай бақыланады, инвестициялық портфель құрылымының мерзімдері, валюта түрлері, экономика секторлары, жағырапиялық орналасуы бойынша талдау жасалады. Тəуекелдерді басқару бойынша əр түрлі əдістемелер мен үлгілерді қолдануға мынадай процедуралар: VAR (value-at-risk) үлгі көрсеткішінің есебі, стресс-тестингтер жəне бэк-тестингтерді жүзеге асыру, дюрация көрсеткіштерін есептеу, нарықтағы бағалар күрт өзгерген кезде ықтимал шығындардың алдын алу үшін инвестициялау лимиттерін, оның ішінде стоп-лосс («stop-loss») лимиттерін есептеу жəне белгілеу; қаржы құралдарының эмитенттері бойынша лимиттерін есептеу, жекелеген қаржы құралдарына зейнетақы активтерін инвестициялаудың ең жоғары рұқсат етілген көлемін есептеу кіреді.

Зейнетақы активтерін инвестициялау  кезінде диверсификациялау жəне хеджирлеу

Экономикалық жəне қаржылық жағдайлардың кері цикликалық өзгерістері  нəтижесінде туындайтын инвестициялық  тəуекелдерді төмендету үшін, Қор  уəкілетті органның талаптары шегінде 1-кестеге сəйкес активтерді үлестіру арқылы инвестициялық портфелдің диверсификациясын  жүзеге асырады, сондай-ақ зейнетақы  активтері есебінен уəкілетті органмен рұқсат етілген туынды қаржы құралдарын сатып алу арқылы тəуекелдердің  хеджирленуін жүзеге асырады.

Хеджирлеудің негізгі  талаптары:

1) Хеджирлеу объектісінің, хеджирлеу құралының құнының  бірдейлігі;

2) ұйымдастырылмаған нарықта  хеджирлеу мəмілесі бойынша контрагент  ретінде «Standard & Poor's» агенттігінің  халықаралық шкаласы бойынша  «ВВ-» төмен емес рейтинг бағасы  бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің  бірінің дəл осындай деңгейдегі  рейтинг бағасы бар, бірақ уəкілетті  органның қолданылып жүрген талаптарынан  төмен емес рейтингі бар қаржы  ұйымы.

3) қажет болған жағдайда, Қор бір мезгілде хеджирлеудің  бірнеше құралдарын пайдаланады. 30. Зейнетақы активтерін хеджирлеу,  зейнетақы активтері есебінен  сатып алынған қаржы құралдарының  хеджирлеу саясатын айқындайтын  Қордың ішкі құжатына сəйкес  жасалады.

Хеджирлеу мақсатында Қор  мынадай қаржы құралдарын қолданады: осы Инвестициялық декларацияның 6-тармағында сипаттамасы келтірілген, форвард, фьючерс, своп, опцион.

Инвестициялық қызмет талаптары  мен шектеулері

Зейнетақы активтерін инвестициялаудың талаптары жəне шектеулері зейнетақы  активтерін басқару бойынша инвестициялық  қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының  заңнамасымен, осы Инвестициялық  декларациямен, сондай-ақ Қордың ішкі құжаттарымен белгіленген.

Эмитенттерге жəне олардың  зейнетақы активтері есебінен сатып  алуға рұқсат етілген қаржы құралдарына  талаптар, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескерілген Қордың ішкі құжаттарымен белгіленеді.

Осы Инвестициялық декларациямен  белгіленген жəне Қазақстан Республикасының заңнамасының шектеулерімен белгіленген инвестициялау лимиттері арасында айырым (арту) пайда болған жағдайда лимиттің ең аз мəні қолданылады.

Комиссиялық сыйақы алу саясаты 

Комиссиялық сыйақыны алу  Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қордың ішкі құжаттарына  сəйкес жүргізіледі.

Қордың алатын комиссиялық  сыйақы шамасы Қор басқармасымен:

1) Инвестициялық кірістен  он бес пайыздан;

2) Зейнетақы активтерінен  айына 0,05 пайыздан жоғары емес  шекте белгіленеді. 

Зейнетақы активтерінен комиссиялық  сыйақы, зейнетақы активтері портфеліндегі  қаржы құралдарының сатып алу  жəне нарықтық құны арасындағы ең аз сомадан  алынады.

Қордың комиссиялық сыйақысының  шамасы Қазақстан Республикасының  заңнамасымен белгіленген тəртіпте мерзімді баспасөз басылымдары арқылы салымшыларды міндетті хабарландырумен  жылына бір рет өзгеруі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚ «ЖЗҚ «ГНПФ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ҚЫЗМЕТІНЕ АЙ САЙЫНҒЫ ШОЛУ (2011жылғы 1 наурыз)

 

ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІНІҢ КІРІСТІЛІГІ


 

 

Шартты Зейнетақы Бірлігі (ШЗБ) құнының өзгеруі салымшылардың  жинақталған зейнетақы қаражатының  кірістілігін сипаттайды.

Қордың ШЗБ құны ақпан  айында 0,25% өсті, бұл жылдық 0,41% тең.

 

 

 

 


 

 

 

 

2011 жылдың басынан бастап  Қор ШЗБ құны 0,29% өсті бұл жылдық 2,22 % тең. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТИВТЕРДІҢ СЫНЫПТАРЫ БОЙЫНША  ИНВЕСТИЦИЯЛАР ПОРТФЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

2011 жылғы қантар айының  аяғындағы жағдай бойынша зейнетақы  активтерінен 51,13%  жоғары сенімді 

мемлекеттік бағалы қағаздарға және халықаралық қаржы ұйымдарының  бағалы қағаздарына салынған болатын.

Инвестициялар портфеліндегі  корпоративтік облигациялардың  үлесі 27,42% құрайды, олардың басым  бөлігін қазақстандық компаниялар  шығарды. Олардың ішінде ҚР Үкіметі  кепіл беруші болып табылатын  облигациялар да бар.

Қор зейнетақы активтерінің барлығынан 1,26% акцияларға инвестициялады.

Қор зейнетақы активтерінің 17,99% ҚР белгіленген талаптарына  жауап беретін банктердің банктік  депозиттеріне орналастырды. 

Ақша мен авто РЕПО үлесі 2,21% құрайды.

 

 

сома, мың. тг.

үлесі

Халықаралық қаржы ұйымдарының  бағалы қағаздары 

5 218 592

1,35%

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бағалы қағаздары 

147 345 173

37,99%

Шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 

45 725 595

11,79%

Қазақстандық компаниялардың акциялары

4 873 652

1,26%

Шетелдік компаниялардың акциялары

0

0,00%

Қазақстандық компаниялардың немесе кепілдік компаниялармен кепілдендірілген облигациялары

84 354 764

21,75%

Шетелдік компаниялардың облигациялары

21 980 183

5,67%

Қазақстандық банктердегі  депозиттер

69 760 533

17,99%

Аффинирленген асыл металдар

0

0,00%

CASH және Репо

8 575 423

2,21%

Бүкіл инвестициялық портфель

387 833 915

100,00%




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Инвестициялық портфель туралы теориялық көзқарастардың даму үдерісінен елдегі қаржы рыногының қандай да бір даму ерекшеліктерімен анықталатын  инвестициялық портфель туралы кең  ауқымды теориялық тұжырымдар қалыптасты.   Қазіргі кезеңдегі экономикада  бұл санаттар тек инвесторлардың қызмет ету аясымен шектеле отырып, тар мағынада қолданылады. Осыған байланысты, бұл жұмыста бағалы қағаздар жиынтығынан, депозиттік салымда және инвестициялық  жобаларға қаржыландыру құралдарын білдіретін инвестициялық портфель ұғымына кең ауқымды түсінік  берілді.

Экономикаға қазақстандық, сондай-ақ шетелдік инвестиция тарту  үрдісі өзінің одан әрі дамуы үшін инвестициялық басқару саласын  мемлекеттік қолдау мен реттеудің  бірқатар шараларын жүзеге асыруды  талап етеді. Инвестициялық үрдістерді ынталандырудың мемлекеттік шаралары жергілікті және жоғарғы билік органдарының ынталандырушы шараларынан қалыптасады. Олардың өзара ықпал ету дәрежесі мемлекеттік инвестициялық саясаттың  тиімділігін анықтайды.   

Инвестициялық басқару саласындағы  мемлекеттің ролін күшейту жеке инвестицияларды ынталандыру мен  нарықтық еркіндікті сақтай отырып, мемлекеттің  узақ мерзімді  саясаты мен нақты  іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруға  бағытталады.

Қазақстандағы жалпы инвестициялық  ахуалды саралай келе инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық негізді қалыптастыру әлуетті  инвесторларға қызмет көрсететін аймақтарда ақпараттық кеңес беру орталықтарын құру, инвестициялық мүмкіндіктерді таныту шараларының аясында индустриалды-инновациялық сектор салаларын дамыту, шетелдік инвесторларлың мүддесін қорғауға бағытталған  кепілдіктер және инвестицияларды  мемлекеттік ынталандырудың экономикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, әдістемелік  және әлеуметтік шараларын жетілдіру  қажет.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

 

1) Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен

2)  Аналитическая  информация  о   состояниирынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценныхбумаг Казахстана. N° 1. 2006г,

3) Косжанов.Т.Н. “Промышленная  и  инвестиционнаяполитика в  долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005г,

4) Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006г.

5) Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар

6) МаулимбердинаС.Т.  “Рынок    ценных    бумаг” вводенме в проблему. //Саясат, 10-11,2006г.

7) Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы ғылым 1999 жыл. 479-492б

8) «Ақша, кредит, банктер»Ғ.С. сейтқасымов,Алматы, 2006.

9)www.fingramota.kz

10) www.gnpf.kz

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстары